Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


АДЫРАСПАНДАРДАН ҚАЛАЙ 
ҚҰТЫЛАМЫЗ 
немесе 
МОЙЫНДAУ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ 
 
 
     Адыраспандардан құтылу қиын деп жатамыз, ал 
негізінде оны қиындататын өзіміз. Бойымыз- 
дағы кемшіліктерден құтылудың жақсы тәсілдері бар: 
оның біріншісі және негізгісі мойындау. 
 
     Қызды киноға шақырмағандығың неден? Саған 
ұнамағандықтан ба? Әлде, өзіңе деген сенімсіздіктен бе? 
     «Екінші болма!» тренингін де, кітабын да дайындау 
барысында көптеген проблемаларды тыңдап, оларды 
халыққа айтып, жоғымызды жоқтап, шынайы көзбен 
қараудың бізге қиын түсетінін байқадым. Осы тренингпен 
бір қалаға барып: «Біздің қандай проблемаларымыз 
бар?», – деп сұрағанымда, екі адам орнынан тұрып кетіп 
қалғаны есімде. Сахнада тұрғанда, олардың көздерінен 
қандай да бір проблемалардың бар екенін естігісі 
келмейтінін байқадым. Қырсықтық туралы айтқан 
кезімде, орындарынан тұрды да, кетіп қалды. Сонда 
байқағаным, мойындау бізге қиын, ал мойындаудың 
қиын екенін мойындау, ол – үлкен ерлік. 
     Мойындау да оңай болып көрінгенімен, ерік-жігерді 
талап етеді. Себебі, мойындаудың артында әлсіздігіңді 
қабылдау, эго мен сасық көкіректің араласынан пайда 
болған менмендік сезімдер жатыр. Бұл айтылуы жеңіл, 
ал жасалуы қиын тәсіл, бәлкім оның себебі мойындаудың 
оңай болып көрінетіндігінде шығар. 
 

 
54
 
     Джим Коллинз
18
 «От хорошего к великому. Почему 
одни компании совершают, другие прорыва нет» деген 
кітабының отыз тоғыз бетін мойындау тақырыбына 
арнаған. Қарап отырсаң, кәсіпкерлікке қатысты кітап, ме- 
неджментке деген жаңа көзқарас тудыратын кітап, онда 
он  есе  дамыған,  табысты  болып  есептелген  компаниялар 
туралы айтылады. Ал осы он есе дамыған компания- 
лардың ортақ қасиеті, ол – мойындай алуында делінген, 
Сондықтан сен де, мойындау керек екенін қабылдасаң, 
әрі қарай оңай болады. Себебі, адыраспандардан құтылу- 
дың алғышарттарының бірі – осы мойындау. 
     ЕКІНШІ, адыраспандардың сені неден шектейтінін 
есепте. Жақсы бизнеске ақша салудың орнына, қыр- 
сығып, әріптесіңе мінезіңді көрсеткің келіп, шығынға 
әкелетін бизнеске ақша құйдың. Нәтижесінде банкрот 
болдың. Кімге, нені дәлелдегің келді? Нәтиже қандай? 
     ҮШІНШІ, рационалды ойлау жүйесін қос. Өзіңнің са- 
сық көкірегіңнің кесірінен сенің жеке көлігің жоқ, сон 
дықтан автобуспен жүресің. Ал негізінде, жарыңның аға- 
сы қарызға берем деген сол ақшаны алғанда, бизнесіңді 
дөңгелетіп, қарызды пайдасымен қайтарар едің. Кәсіпкер 
деген формада, жеке көлік те, туыстардың назары да 
өзіңде болар еді. 
     ТӨРТІНШІ, адыраспандармен күрес. 
     Еріншектікті жеңуге келетін болсақ, бұл оп-оңай. 
Ерініп тұрған Қуаныш пен ерінбей тұрған Қуаныштың 
арасы – әрекет. Егер ол әрекет жасаса, демек, еріншектікті 
жеңгені. Мен істеймін деп, ерінбей әрекет жасау бар-жоғы 
бес-ақ секунд уақытыңызды алады. «Momentum» деген 
түсінік бар. Ол 3
 
–7 секунд аралығы. Осы уақыттың ішін 
де шешім қабылдауың керек. Сондықтан ерініп тұрған 
кезің мен ерінбей тұрған кезіңнің арасы бес-ақ секунд, 
осыны ұмытпа. 
____________ 
18
Джим Коллинз
 
– америкалық бизнес-кеңесші, жазушы, зерттеуші. 
 
 
 

Еріншектіктен айрылу 
 
 
     Жылжымайтын мүлікпен айналысатын алпауыт 
компанияның иесі Дональд Трамптың
19
 1990 жылдары 
жеке берешегі 1 миллиард доллар болған. Бұны Дональд 
кітабында жазады. Сөйтіп, бір күні үйде теледидардың 
алдында отырғанда, мықты кәсіпкерлер мен банкирлер 
жиналған банкетке шақырылғаны есіне түседі. Барғы- 
сы жоқ, себебі үлкен қарызы бар, ал іс-шарада бизнес- 
мен достары да, кредиторлар да болады. Үйде отырып, 
ары ойланып, бері ойланып, «ақыры босқа отырмын ғой, 
бара салайын» – деп, әлгі банкетке барады. Бір бөлек 
жерде жасы келіп қалған, үлкен адам отыр екен. Сон- 
дағы адамдардан кішкене бөлектену үшін Дональд қарт 
адамның қасына отырады. Онымен әңгімелеседі, жақ- 
сы қарым-қатынас құрады, бір сөзбен айтқанда, уақы- 
тын жақсы өткізеді. Келесі күні таңертең Дональдты 
кредиторлары шақыртады. «Бекер бардым-ау кеше. 
Кредиторларым тойлап жүргенімді көріп, ерегісіп қал- 
ды ма?» , – деп іштей күмәнданады. Сөйтсе, кешегі 
отырыста оның қасында отырған қарт адам Дональд 
Трамптың ең үлкен кредиторы болып шығады. Содан ол 
Трамптың ой-өрісіне, өмірге деген көзқарасына, біліміне 
тәнті болып, оған көмегін көрсетіп, кризистен шығып 
_____________ 
19 
Дональд Трамп – америкалық мемлекет қайраткері, саясаткер және кәсіпкер. АҚШ-
тың 45-президенті. 

 
56
 
кетуіне септігін тигізеді. Үйінде ерініп, ештеңеге зауқы 
болмаған Дональд Трамп пен ерінбей отырған Дональд 
Трамптың арасындағы бес секунд уақыт бар еді, сол се- 
кундтар оның бар өмірін өзгертті. 
     Тағы да айтарым, кез келген жүйе тыныштыққа ұмты- 
лады. Мысалы, біздің ағзаға да ең ұнайтын нәрсе – жата 
беру. Сондықтан ұйықтағанда демаламыз. Ми – адам ағ- 
засындағы энергияның 8%-ын қалыпты жағдайда өзіне 
қорек етіп алып тұрады, ал егер сәл ойлансақ, 38%-ын, 
яғни ағзадағы энергияның 1/3 (үштен бір) бөлігін алады. 
Сәл жұмыс істесек, ойлансақ, қарнымыздың ашатын се- 
бебі осында, өйткені, ағза энергияны талап етеді. Біздің 
ағзаға мидың жұмыс жасауы қолайлы емес, екеуі сон- 
дықтан бір-біріне әрдайым қарама-қайшы келіп қалады. 
Ағзамыз энергияны сақтап қалу үшін, миды әрдайым ты- 
ныштыққа алып кетуге тырысады. Сондықтан миды ұй- 
қыдан шығарып тұру үшін «momentum» – бес-ақ секунд 
қажет. 
     Бір мысал келтірейін. Бенджамин Франклин – фи- 
лософ, ғалым, мемлекет қайраткері, оның портреті жүз 
доллар ақша белгісінде бейнеленген. Ол өзінің доста- 
рынан «қандай жаман мінезім бар?» деп сұрайды. Олар 
Франклинге он үш кемшілігін айтып береді. Бенджамин 
Франклин әр апта сайын бір минусымен күресіп, он үш 
апта бойы жаман мінездерін түзеп отырған. 
     Басқадан сұраудың жақсы жағы – минустарыңды өзің 
іздегенше, басқалардың айтқаны дұрыс, себебі, «сырт 
көз – сыншы». 
     Хэл Элрод
20
 өзінің әйгілі «Магия утра. Как первый час 
дня определяет ваш успех» (The Miracle Morning. The Not 
SoObvious Secret Guaranteed to Transform Your Life) деген 
кітабында осының тамаша жолын айтады. Ол күндердің 
бір күні өзін дамытуды алға қоюды шешкенін жазады. Сол 
күні отыра қалып, хат жазады. Электронды поштасына 
жиырма үш адамның адресін белгілеп барып тоқтайды да, 
әрқайсысына мәселесін баяндайды. «Өзімді дамытумен 
_____________ 
20
 Хэл Элрод – жазушы, «Магия утра» кітабының авторы. 

 
айналысқым келеді. Маған көмегіңіз керек. Мықты және 
әлсіз тұстарымды белгілеп берсеңіз», – деп шынайы 
пікір сұрайды. Әрине, бұл робот кұрастырған кұрғақ хат 
сияқты болмауы керек, жеке адамға деген жеке қарым- 
қатынасыңыз сезілуі тиіс. Бірақ ең бастысы, бұл әдіс 
жұмыс істейді. Өйткені өзің туралы шындықты сұрағанда, 
адамдар көп жағдайда, турасын айтады. Әрине, сын есту 
ешкімге ұнамайды. Алайда сын шын болса, дертке дауа 
болатындай күші бар. 
     Мен де осы жолдан өттім. Хат жазған жоқпын. Таныс- 
тарыма: «Мен туралы не ойлайсың? Кемшілігім мен ар- 
тықшылығым қайсы?», – деп сұрау салдым. 
     ЖІГІТТЕР ӘДЕТТЕ БІРІН-БІРІ АЯМАЙДЫ. «Ко- 
сягыңды» бетіңе жақсылап тұрып басады. Мысалы, 
тез сөйлеген соң алаяқ сияқты көрінуім мүмкін. Көп 
адам сенбейді екен. Бұл мен үшін ащы шындық болды. 
«Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген сол 
болар, сірә. Мектепте де, колледжде де мұғалімдермен 
жақсы араластым. Балалардың арасындағы әңгімелер 
олардың құлағына жетсе, автоматты түрде бәрі менен 
көретін. Қатысым болса жоқ да, бәрін жеткізетін жеңіл 
ауыз мен сияқты қабылдайды екен. Соның бәрімен кү- 
рестім. Жеңдім. Өзімді, ойымды, ниетімді қай ортада да 
сауатты түрде жеткізуге дағдыландым. 
     Кемшілік көп, комплекс болуы мүмкін, фобия болуы 
мүмкін, бірақ оның жеңуге болмайтыны жоқ. 
     Құдайдың бізге адыраспандарды бергені анық. Олар 
біздің бойымыздан бірден жоқ болып кетпейді. Сенім- 
сіздікті қолданатын болсақ, «бір нәрсені істейiн бе, әлде 
істемейін бе?», «бойымда ондай қасиет бар ма, жігерім 
жетеді ме?» деп сенімсіздік танытпай, бір жеңіске жетіп 
жатсақ, «бұл жақсылық, бұл жеңіс шынында да менен 
бе, әлде Құдайдан ба?» деп сенімсіздік танытайық. Қыр- 
сығатын болсақ, өзіміздің жүрмей жатқан тірлігімізге 
қайсарлығымызды қайрау үшін қырсығайық. Эгомызды 
қолданатын болсақ, білім, тәлім алғанда, тек қана өзіміз 
қолдану үшін, тек қана өзіміз ғана үйрену үшін, тек қана 

 
58
 
өзімізге пайдалы болу үшін ғана үйренейік. Біреуге айту 
үшін, біреудің аузын жабу үшін емес. Жалқаулық таныта- 
тын болсақ, біреуді жамандайтын кезде, біреуді кінәлай- 
тын кезде, біреумен жарысатын кезде жалқауланайық. 
     Егер адыраспандарды жеңбесең, сенің үйренгенің, 
ақылды болғаның, барлығын дұрыс істегеніңнің құны – 
бес тиын. Біз өзімізді жеңген сайын, елдің көбі ұмтыла- 
тын материалды құндылықтардың қалай келгенін өзіміз- 
ақ байқамай қаламыз. 
     Екі қабатты үйге, қымбат автокөлікке, он бес мей 
рамхананың иесі болуға емес, өзіңнің мықты, мінсіз 
нұсқаңа талпынсаң, соған жетсең, жақсы бір қосымша 
ретінде материалды құндылықтар өзі пайда болады. 
     Сонымен, минустарыңды түртіп ал, дұрыс қабылдай 
біл және олармен жұмыс жаса! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАНДАЙ СҰPАҚ ҚОЙСАҢ, 
СОНДАЙ ЖAУАП АЛАСЫҢ: 
НЕГE VS ҚАЛАЙ? 
 
 
     Түсініксіз тақырып болып көрінуі мүмкін, бірақ 
түптамырына жетсең, ұғасың. Біздің кейде қара- 
пайым сұрақты дұрыс қоя алмауымыздың өзі өмірімі- 
дегі маңызды оқиғалар мен шешімдерге әсер етеді. 
 
     Мойындаймын, «Неге?» деген сұрақтың пайдасы аз, 
берері де көп емес. Бізге қозғаушы емес, керісінше те- 
жеуіш ретінде әсер етеді. Алға жылжуымызға барьер 
кедергі болады. Алайда, бұл оның мүлдем керек емесін 
көрсетпейді. «Неге?» деген сұрақ керек, ол – алғышарт 
Бірақ, ол жеткіліксіз. 
     Эдуард де Бононың
21
 бірде Оңтүстік-Шығыс Азия ел- 
деріне барған саяхатында басынан кешкен келеңсіз бір 
жайт есіме түсіп отыр. Дастарқанға балықтан даярланған 
ас келеді. Одан кейін шұңғыл ыдыста сорпа беріледі. 
Copпаны ішуге кірісіп кеткен Эдуард мырза өзгелердің 
өзіне өзгеше қарап қалғанын байқайды. Сөйтсе, кейінгі 
алып келгені сорпа емес, балық жегеннен кейін қол жууға 
берілген су екен. Ыңғайсыз сезінген ол өзін ақтап алуға 
тырысып бір кітабында былай деп жазады: «Неге оны 
сорпа деп ойладым? Себебі, ыдыста су бар еді. Бәріміз 
білетіндей сорпа да судан жасалады. Сол үшін мен оны 
сорпа екен деп қалдым»,  дейді. Екеуінің негіз бастауы 
бір болғанымен, құр судың өзі сорпа (дайын өнім) бо- 
луға жеткіліксіз. Түрлі қоспалар керек. 
     Өз өмірімізде де «неге?» деген сұрақпен ғана шектелсек, 
«құр су» күйінде қалуымыз ғажап емес. «Неге?» сұрағына 
«Қалай?» да қосылғаны жөн. Неге дегеннен кейін келесі 
кезеңіне өте алу маңызды. Онсыз өнімнің шығуы екiталай. 
___________ 
21 
Эдуард  де  Боно  –  британдық  психолог  және  жазушы,  шығармашылық  ойлау 
саласындағы сарапшы. «Нестандартное мышление: самоучитель» кітабының авторы.
 

 
60
 
Анализ фазасынан түсіну және қабылдау фазасына шыға 
алмаған талай ғалымның мықтылығы қағаз күйінде түрлі 
еңбек болып қана қалып жатқан жоқ па? 
     «Қалай?» сұрағын бірінші кезекте өзімізге және өзге 
жағдайларда қоя алу – бәсеке қабілеттілігін арттыратын 
дағды. Бұны үйренген кезден бастап серпінді қозғалысқа 
ие боласың. 
     Өмірден алынған бір мысалмен бөлісейін. Сыныптас 
дос қызымның айлық жалақысы 180 мың теңге. «Ай- 
лығыңа ризасың ба?», – деп сұрасам, «Иә, көңілімнен 
шығады», – дейді. «Ендеше, мынаған назар аудар. Бірін- 
шіден, сен төрт тіл білесің. «Болашақ» бағдарламасы бой- 
ынша Батыста білім алдың. Екі сертификатың бар. Негізі, 
нарықтағы құның 500 мың теңге», – дедім. Егер ертең ауы- 
рып қалса, автокөлігін соқса, аяқ астынан үлкен сомада қа- 
ражат керек болса, ол сонда ғана: «Неге менің айлығым 
180 мың, негізі одан да көп табуым керек қой» – деп ой- 
ланатын еді. Бірақ ертең, бір проблема туындағанда ғана. 
     Осы менің айтқанымнан кейін ол: «Неге бастығым 
маған 500 мың теңге төлемейді?», – деген сұрақ қойды. 
Бұнда, біреуге «прокурор», өзімізге «адвокат» болмай- 
тынымыз есіңде болсын. «Қалай?» деген сұрақ қойып, 
бастығымыз бізге осындай жалақы белгілеуі үшін қалай 
жұмыс істеу керегін ойластырамыз. 
     Енді «Қалай?» сұрағының рөлі мен техникаларына 
тоқталайық 
     1. МАКСИМАЛДЫ ҮЛКЕН СҰРАНЫС. Қалай 200 
мың табамын деп емес, себебі, онсызда 180 мың тауып 
тұрсыз. Сондықтан 500 мың теңге деп алсаңыз болады. 
     2. ҚОЛЖЕТІМДІ. Дегенмен, ол сұраныс қолжетімді 
болуы керек. Мысалы, 1 миллион емес, 500 мың теңге. 
     3. ДӘЛ ЖӘНЕ ӨЛШЕНЕТІН. «Достарым неге оң- 
баған, таудың шыңында мені қалдырып кетті?», – деп 
емес, «Қалай мен жиырма күннің ішінде Шымбұлақтағы 
екінші комбидан бес минуттың ішінде түсемін?» (бес ми 
нут – тәжірибелі шаңғышылардың нормасы), – деп. 
     Екі ұғымның айырмашылығын түсінікті етіп ажырата 
алдым деп сенемін. 

ЖАЛПЫ СҰРАҚ C¥PAУ ТУРАЛЫ 
 
     Күнделікті өмірдегі кез келген қарым-қатынас 
сұрақ қою мен жауап алудан құралады. Алдыңа 
келген адам саған сұрақты қалай қойса, сен тура солай 
жауап бересің. «Дұрыс сұрақ – жарты жауап» деп бе- 
кер айтылмаған. Егер ол дұрыс сұрақ қоя алса, онда ол 
өзін қанағаттандырарлық дұрыс жауап алып кетеді. 
 
Сұрақ қою – ең оңай іс, себебі, еш кедергі жоқ. Сұрақ 
қоя салсаң болғаны. Ал пайдалы, көмекші және тежеуші 
емес, итермелеуші, жетелеуші сұрақ қою – ең қиын іс. 
     Біздің «Versus» академиясына кәсібімді бастаймын 
деп көптеген азаматтар келеді. Олардың қандай қабілеті 
бар екенін, немен айналысқысы келетінін біліп, тұлға 
ретінде алдыма келген адамды ашу үшін, оған дұрыс 
сұрақ қоя алмасам, оны дамытуға да, оның өзгеруіне де, 
бизнес ашуына да көмектесе алмас едім. Сондықтан да 
біз дұрыс сұрақ қоюды үйренуіміз керек. Балаң келіп, 
тағы бір ойыншық немесе смартфонның жаңарған түрін 
алып бер десе, «Бұл саған расымен де керек пе?», «Не 
үшін қолданасың?» деп сұрасаң, балаң шын мәнісінде де 
бұл маған қажет пе деп ойлана бастайды. Дұрыс сұрақ 
қоюды, ол сұраққа дұрыс жауап беруді кішкентай кезден 
үйрету керек. 
     Өзіңді, өмірді, айналадағы адамдарды кінәлай бер- 
мей, «табысты болуға лайықтымын ба?», «бұл жолы не 
істедім?», «не істей аламын?», «қалай дамыдым?» деген 
сұрақтарды қою арқылы, мәселенің негізгі себебіне же- 
тесің. Бәлкім, дөңгелетіп алып кете алмай отырған ісіңді 
жүргізе беріп, бір орынды таптай бергеннен гөрі, салаң- 
ды ауыстыру керек шығар? Осындай сұрақтардың өздері 
адамның өмірін қатты өзгертеді. 
     Бір жігіттің оқиғасы есіме түсіп отыр. «Жас кезімде 
ойландым, бойым кішкентай, түріме келсем, Ален Де- 
Лон
22
 емеспін. Әдемі қыздардың барлығы бойы сұңғақ, 
___________ 
22 
Ален Делон – француз киноактері, театр актері, режиссер, продюсер, сценарист. 

 
62
 
спортпен айналысатын жігіттерге қарайды. Басқалардан 
ерекшеленбесем, көш соңында қалып қоямын. Бола- 
шақта бәсекеге қабілетті бола алмай қаламын» деп ой- 
лайды.  «Өзімді  қалай  өзгертуім  керек?»  –  деген  сұрақ 
қойып, қазіргі таңда ол үлкен жеңістерге жетті, бірнеше 
кәсібі бар. 
     Келіссөздер кезінде де үлкен адамдардың дұрыс сұрақ 
қоя алмауының себебінен, мықты іскерлік келісімдердің 
жасалмағанын білемін. Оған қоса екі тарап бір-біріне 
өкпелі болып қайтады. Негізінде, адамның қандай екенін 
үш-ақ сұрақпен анықтап алуға болады дейді, бұл тура 
лы жазылған кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып бе- 
рейін. «Versus» академиясында оқып жүрген кәсіпкер 
жігіттермен осы тәсілді қолданып көруді жөн көрдік. 
Арамыздағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездес- 
пекші еді. Сол кездесу барысында қойылатын бірінші 
үш сұрақты анықтадық. Біріншісі: «Сіздің бұған дейін 
осындай салаға ақша салған тәжірибеңіз болды ма?»
 
– 
деген сұрақ болды. Бұл сұрақ арқылы алдыңда отырған 
адаммен әрі қарай сұхбат жүргізу, бизнес жасау керек пе, 
керек емес пе екенін анықтап аласың. Себебі, тәжірибесі 
жоқ адаммен бизнес бастау қиындау болады, ал бұны 
келісімге келіп алғаннан кейін емес, келіссөздің бірінші 
минутында-ақ анықтай аласың. 
     Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шыға- 
руға, оған басын байлауға құмар болады. Ал Google онда 
не үшін? Сен оған қандай сұрақ қойсаң, ол соған байла- 
нысты жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы ақпа- 
рат алуға, көптеген мәселенің шешімін табуға болады. 
Бар болғаны, не керек екенін түсіну, сұрақты дұрыс құ- 
растыру және ақпаратты пайдалана білу. 
 
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP TІЗІМІ 
     • Роб Фитцпатрик. «Спроси маму. Как общаться с 
клиентами и подтвердить правоту своей бизнес-идеи, 
если все кругом врут?». 
     • Даниел Канеман. «Думай медленно... Решай быстро». 
     • Регина Бретт. «Будь чудом. 50 уроков, которые по 
могут тебе сделать невозможное». 

 
 
 
IV ТАРАУ 
 
 
ЖЕНІСКЕ БАРАР 
ЖОЛДАҒЫ БАРЫЕРЛЕР 
(КЕДЕРГІЛЕР) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
64
 
ҚАБЛЕТТІ АНЫҚТАУ: 
ЖОҚТЫ ҚУАЛАМАЙ, 
БАРДЫ ДАМЫТУ 
 
     Ауылда өстік қой. Малды өрістен күтіп алу, жем- 
шөбін дайындау қалыпты шаруа болатын. Сиыр 
жоғалғанда оны іздеуге шығамыз. Темір жол бар. Темір 
жолдан өткеннен кейін жол екіге айырылады. Оңға ке- 
тесің бе, солға кетесің бе деген таңдау болады. Сиыр- 
дың қайда екенін білмейсің, елу де елу. Сонда өзіміз ойлап 
тапқан GPS жүйесі болатын. Екі қолыңмен екі қасың- 
ды жұласың. Қай қолыңда көп шықса, сол жаққа қарай 
жүресің. Сол сияқты, Құдай да бізді жаратқанда әрқай- 
сымызға GPS берген. Оның аты — қабілет. Ұйымдас- 
тырушылық қабілет, жинақылық пен ұқыптылық, бір 
жұмысты соңына дейін жеткізетін қайсарлық, кейбір 
адамдар техникаға, детальдарға құмар, кейбірі сөзге 
шебер, кейбірі математикага жүйрік. Кейбір адамдарда 
талгам бар. Олардың дизайнга икемі болады және оны- 
сы киген киімінен-ақ белгілі. 
 
Осы дүниелер адамның болашағын анықтайды. Оның 
ән салатыны мен би билейтіні емес. Мысалы, Стив 
Джобс
23
 компьютер данышпаны емес. Есесіне талғамы 
өте жоғары адам болды. Соның арқасында ІT саласын- 
дағы аңызға айналған компанияны құрды. Оның өнім- 
дерін талғам ерекшелеп тұратын. IPhone, IPod, IPad, 
IMac – Appleдің кез келген өнімі әлі күнге эстетикалық 
тартымды дүниелер. Немесе Тиньковты
24
 алып қара. Ол 
____________ 
23
 Стив Джобс – америкалык өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының 
негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болған. 
 
24
 Олег Ориевич Тиньков – ресейлік бизнесмен. Ресейдегі «Техношок» тұрмыстық 
техникалар дүкені желісінің негізін қалаушы. Тinkoff Bank Директорлар кеңесінің 
құрылтайшысы және төрағасы болған. 
 
  
 

табиғатынан эпатажға жақын болған. Және барлық биз- 
несінде сол эпатаждығы оның фишкасына айналды. 
     Бір қызығы, бізде кішкентай кезiмiзден математика- 
мыз бес, ағылшынымыз үш болса, ағылшымызды да- 
мытуға күш салатынбыз. Джи Ди Мейер
25
 «Аджайл для 
себя: система личных достижений в работе и жизни» 
(Geting Results the Agile Way: A Personal Results System 
for Work and Life) деген кітабында адамның дамуына сеп- 
тесетін он бағдар береді, соның бірі «Артықшылықтар 
кемшіліктерден маңызды» дейді. Өз тәжірибем бойынша . 
да солай, жеңіске жеткен адамдар, өзің мықты қырын 
дамытқандар. Бұл – заңдылық. 
     Мысалы, біздің компанияда маркетинг менің қолайы- 
ма жағады. Елдің алдында сөйлеу маған ыңғайлы. Ұйым- 
дастыру оңай. Бірақ қаржылық операциялар, деталь- 
дарға кіру – өте қиын. Ертеректегі ата-аналардың логика 
сына салатын болсақ, қазір мен маркетингтік икемділік- 
ті шегеріп, финансқа, бухгалтерияға көңіл бөлуім керек. 
Алайда ол менен өте үлкен күшті талап етеді және нәти- 
жесі де жақсы болмауы мүмкін. Сондықтан бұл жұмыс- 
тармен өзімнің бауырым Дархан Шонбай айналысады. 
Оның қолынан келеді, табиғатынан детальдарға сақ. 
Мен сыртқы келбетін қараймын, ол астарына үңіледі. Біз 
маркетинг дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қазір өнімнің 
өзі ғана емес, оны қандай қорапқа орап беріп, жеткізіп 
отырғаның да бірдей маңызды. 
     Қысқасы, өзіңнің мүмкіндіктеріңді есепте. Қай ісің 
үшін әдетте мақтау естисің? Қай істі өзгелерден жақсы 
істейсің? Артықшылығың неде? Мүмкін кеңседе қатар- 
дағы қызметкерсің, бірақ талантты аспаз шығарсың? Де- 
мек, аспаз болсаң, жеңіске жылдамырақ жетесің. Жара- 
тушы ешкімді де құр қол қалдырмаған. Әр адамға өзін- 
ше қабілет пен талант берген. Біреудің бауырсағы дәмді 
біреу жақсы сөйлейді, біреу жақсы жазады. Басқаша айт- 
қанда, не нәрсеге икеміңнің барын білу саналы түрде 
өзіңді скринингтен өткізу маңызды. 
____________ 
25
 Джи Ди Мейер – «Microsob» компаниясында үлкен бөлімшелерді басқарған. «Аджайл, 
для себя: система личных достижений в работе и жизни» кітабының авторы. 

 
66
 
 
QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында өткен «Үміткер» 
реалити-шоуында Данияр Тоқтағұл деген қатысушы бол- 
ды. Шымкенттің жігіті. Шоу барысында дарыны мен қа- 
білетінің арқасында талай адамдарды жарыс барысында 
құтқарып, жартылай финалға дейін жетті. Біз оны «Rumi 
Group»-қа жұмысқа алдық, бәлкім, өзі күтпеген қабілеті 
үшін. Себебі, ол жобаға мейрамхана бизнесін меңгеру 
үшін келген және шоуға дейін Шымкентте пиццерияда 
пиццар болып жұмыс істеген. Ал біз Даниярды жақсы 
сурет сала алатыны үшін және де интерьерге деген қы- 
зығушылығы үшін алдық. Қазір, ол біздің жоба менед- 
жеріміз. Енді сұрақ: «Шымкентте бір жігіттің сурет салу 
қабілеті мен интерьерге қызығушылығы сұраныс бойын- 
ша нешінші орында болуы мүмкін?». Меніңше он алтын- 
шы орында болар. Ал егер, сұраныс одан да жоғары бол- 
са, осындай қабілетпен ол Шымкентте пиццерияда жұ- 
мыс істемес еді ғой. Оның бұл қабілеті екі айдың ішінде 
пайда болған жоқ, Даниярдың бойында бұл қабілет бұған 
дейін бар еді. Алайда, ол қабілет бағаланбаған. Саған 
жеткізейін деп отырғаным да осы. Адам өз бойындағы 
қабілеттерін толығымен қолданып, оны карьераға немесе 
бизнеске қолдана алуы керек. 
     Сыртқы көріністі емес, ішкі көрінісімізді ойлауымыз 
керек. Кішкентайымнан тез сөйлейтінім бар, оған көн- 
дік, мойындадық. Оған қоса, «көп сөйлейсің» деп те ай- 
татын. Халық арасында бұндайларды «мылжың» дейді. 
Енді, ақыры көп сөйлейді екенсің, табиғатында бар нәрсе 
болғаннан соң, сөздің көлемін өзгерте алмасам да, сапа 
сын өзгертуге бел будым. Сапалы, мағыналы көп сөйле- 
сең, онда «шешен» дейді. Шенмен мылжыңның ара 
сындағы кішігірім айырмашылық – сөйлеген сөздің са- 
пасында болып тұр. Сондықтан сапаға көңіл бөлуді жөн 
көрдім. Кейде бойымыздағы бар қасиетті кемшілік емес, 
артықшылык деп түсінсек, оның бізге тигізер пайдасы 
көп болады. Минусты плюске айналдырудың бір кере- 
мет жағы осы болар. 
     Қабілетіңіздің басқалардан өзгеше болғанын кемшілік 
 

 
 
 
 
     Өкініштісі, қазіргі таңда адамдар қолынан келетін 
істі анықтап, одан ләззат алып, жақсы нәтиже көрсе- 
туді алға қоймайды. Оны мына суреттегі «Жастарды, 
сонымен бірге ауыл жастарын жұмысқа орналастыру 
мен жұмыспен қамтылуға бағытталған іс-шаралар- 
дың барысы туралы» анықтамалықта көрсетілген 2017 
жылы өткізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі- 
нен көруге болады. Тіптен, кейбіреулері жеңіске алып 
баратын өз ісіңе деген сүйіспеншілігің емес, басқа фак- 
торлар деп ойлайды екен. 

 
68
 
деп қабылдамаңыз. Керісінше бір түрлі, өзгеше болу- 
дан қорықпаңыз. Ғалымжан Молданазар алғаш таны- 
ла бастағанда, адамдардың көбі оны қабылдаған жоқ, 
«ыңылдап қалған» өлең айтады деп сынады да, ал қазір 
Молданазардың концертінде адам лық толы, жаңа бей- 
небаяндары мен әндерін де тағатсыздана күтеді. Молда- 
назар бір түрлі, басқалардан ерекше болуға қорықпаған. 
Димаш Құдайбергенов те өз қабілетін анықтай алған 
ерекше адамдардың қатарында. Димаштың бір са- 
йысқа қатысқаны туралы ютубта жүрген видеоны көр- 
ген шығарсың. «Даусың қыздікі сияқты», «Соншама 
шыңғыра бермеші» деген талай сынға ұшыраған Димаш, 
Қытай елін бір бағындырды, одан соң бүкіл әлемді дүр 
сілкіндірді. Ол да басқаларға ұқсамайды. 
     Белгілі психолог Каплан былай жазады: «Соңғы отыз 
жылда тұлға дамуын зерттеп, мынадай қорытындыға кел- 
дім: адамдардың үміті мен ұмтылысына жетуінің кілті 
жеңіске жету емес, одан гөрі ішкі потенциалды ашу мен 
пайдалануға күш салуда. Бұл жолды тандаған соң жеңіс 
туралы өз түсінігіңіз қалыптасады, басқалардың жетегін- 
де кетпейсіз, қоғам стереотиптерінің қамауында қалмай- 
сыз. Көпшілік үшін бұл – ауыр сынақ. Өйткені өзіңізді 
танып, түсініп, сыртқы факторлардың көбінен абстрак- 
циялануға тура келеді. Адам бұл сатыдан өтсе, бейне бір 
қорғаныш қабыршағына ие болғандай болады. Бұл адам- 
ды басқалардың менсінбеушілігі мен болымсыз әңгімесі- 
нен қорғайды». Демек, бәрі де ішкі потенциалға тіреліп 
тұр. Соны анықтап алмай, бір жүйеге де келе алмайсың. 
Менің байқауымша, өмірде, қоғамда жеңіске әкелетін бес 
негізгі фактор бар дейді. Олар: сұлулық, байлық, таныс, 
дарын (талант), білім. Бірінші төрт фактор адамға байла- 
нысты емес. Сұлу болып туады, бай ата-ананы, дарынды, 
мықты таныстарды біз сұрап алмаймыз. Біреуде ол бар, 
ал біреуде жоқ. Ал бесінші фактор – білім, бұл өз қолы- 
мызда. 
     Адам дүниеге келгенде, «барлығын жасай аламын» де- 
ген ойда болады. Мен де кезінде футбол командасының 
жаттықтырушысы бола аламын, мұғалім бола аламын, 
 

кәсіпкер бола аламын деп ойлайтынмын. Бірақ, уақыт 
өте келе «шынымен, қайсысы менің қолымнан келеді?» 
деп ойланасың, сөйтіп, істей алатын ісің 50%-ға азаяды. 
Одан соң, осының ішінен «қайсысы шын мәнісінде маған 
ұнайды» деген сұрақ қоясың. «Ақша таба аламын ба, таба 
алмаймын ба?» деген сұрақ туындайды. Мұғалім болғым 
келді, болып көрдім, бірақ әрі қарай жұмыс жасаудан бас 
тарттым. Себебі, 60 000 теңге айлықпен күн көру мүмкін 
емес екенін сен де білесің. 
 
 
 
 
     Айтайын дегенім, өзіне ұнайтын, қолынан келетін 
іспен айналысатын, ол үшін жақсы ақша табатын адамға 
мотивация керек емес. Ал егер «Маған мотивация керек» 
деп айтсаң, демек, дұрыс нәрсе жасап жүрген жоқсың. 
Егер саған ол ісің ұнамаса, мотивация алсаң да, алмасаң 
да, істеген ісіңнен ләззат алмайсың және қалағаныңша 
ақша таппайсың. 
     Майерс-Бриггс типологиясы бойынша ситуациядағы 
ориентир жасау шкаласы Sensing/ Сезіну мен Intuition/ 
Интуиция (SI): біріншілер өздері сезіп, білген дүниелер 
ден әлем туралы ақпарат жинайды: тәжірибеге, фактілер 
мен детальдарға сүйенеді. Екіншілер теориялар, схе- 
малар мен әсерлерге, болашақ мүмкіндіктерге көбірек 
мән береді. Шешім қабылдауға негіз Thinking/ Oйлану 
мен Feeling/ Сезіну (TF): біріншілер логика мен объек- 
тивтілікке көбірек мән береді, екіншілер сезімге сүйенеді. 
 

 
70
 
Шешімді қабылдау әдісі жағынан Judging/ Пайымдау мен 
Perseption/ Қабылдау (JP): біріншілер өз пікірі жөнінде 
салмақты да берік, екіншілер иілгіш, жұмсақтау, бейім- 
делгіш келеді. Осы төртеудің әр түрлі комбинациясынан 
адам мінезінің сипаттамасы шығады. 
     ESTJ
 
– реалист, администратор, ENT – командир, 
кәсіпкер, ISTJ – организатор, инспектор, ESEJ – оқы- 
тушы, тәрбиеші, энтузиаст, ENTP – өнертапқыш, арман- 
даушы, іздеуші, т.т. 
     TOMAS тесті. Біз «Rumi»-де әр адамның жеке қа- 
білетіне анализ жасау үшін «Tomas тестін» қолданамыз. 
Ол төрт фактордан тұрады, әрбір фактор адамға жеке өзі- 
не ғана арналып жасалады. 
     БІРІНШІ – басымдылық «D» деп белгіленеді. 
     EKIHШІ – басқа ортаға әсер етуі, «І» деп белгіленеді. 
     ҮШІНШІ – тұрақтылық, «S» деп белгіленеді. 
     ТӨРІНШІ – аналитиктер, «C» деп белгіленеді. 
     Төрт фактор диск ретінде жазылады. Осы 4 фактор  
бойынша 24 сұрақ қойылады. Осы сұрақтар арқылы 
адамның жеке қабілеті анықталады, жеке анализ жаса- 
лады. Оны белгілі бір шкала арқылы анықтайды. Егер 
шкала жоғары болса, ол жоғары фактор, шкала төмен 
болса төменгі немесе қосалқы фактор деп аталады. Бұл 
тест жұмысқа адам алар кезде өте тиімді, мысалы, саған 
менеджер керек болса, тұрақты және беделді адам алған 
абзал, егер бізге белсенді сату маманы немесе мотиватор 
керек болса өз дегенін істете алатын беделді адам керек
ал егер орындаушы керек болған жағдайда тұрақты адам- 
ды жұмысқа алу қажет. 
     1-Басымдылық қасиеті (D) – ол адамдарды басқару- 
ды ұнататын, өз сөзін жүргізе алатын және ойын үнемі 
айтқысы келіп отыратын адамдар. Ол адамдардың жұмыс 
орындары ретсіз жатады, өз дегендерін басқаларға істет- 
кісі келеді. Көбінесе шапшаң қимылдайтын, шыдамсыз 
адамдар. Адамдармен қарым-қатынаста бірбеткей. Адам- 
мен сөйлескенде көзіне қарап тұрып сөйлеуден қысыл 
майды, конфликтіні жақсы қабылдайды, бірақ тұрпайы. 
Басқа адамдардың көңіліне қарамайды, өзгелердің жұ- 
мысы іш пыстырарлық болса, тура айтудан тарықпайды. 

Нақты мақсаты бар адамдар. Бұл адамдардың ең үлкен 
қорқынышы – өздері қойған мақсаттарына жете алмай 
қалуы. Басқа ортамен жұмыс істеген кезде, өз ойларын 
ашық айта алады, сонымен қатар бұл адамдармен жұмыс 
істеген кезде оларға қатты бақылаудың керегі жоқ. Жұ- 
мыстарын жақсы істейді, тек шамалы биліктің болғанын 
қалайды. Сіздің компанияңызға бұл адамдардың әкелетін 
пайдасы – жаңалық енгізетін болсаң тез қабылдап, жақсы 
нәтиже шығара алады. 
     2-Әсер ету факторы (I) – олар сырттан қарағанда 
тәртіпті, ұқыптылықты ұнатады. Ортаға тез сіңіп ке- 
теді, ойын ашық жеткізе алады, үнемі болмаса да өзіне 
көңіл бөлгенді қалайтын қызметкерлер. Басқа фактор- 
ларға қарағанда қозғалыстары өте ширақ. Жылы шырай- 
лы адамдар, мотивацияны көпшілік алдында да немесе 
жеке мақтау сөз естігенде алады. Олар негізі белсенді 
сату маманы, бұл жұмысты оңай атқарады, шартты оңай 
жасасады, тендерге жұмыс істейтін адамдар. Оларға жұ- 
мыс беретін болсаң көп нәтиже күтіп қажеті жоқ. Себебі, 
олар жоқ деп те, істеймін деп те айтпайды. Негізінен бұл 
адамдар арманшыл келеді, көп сөйлегенді жақсы көреді, 
ортада ерекшеленіп жүргенді ұнатады. 
     3-Тұрақты адамдар (S) – жайлы аймақтарда жүріп 
үйренген адамдар. Алға ұмтыла бермейді, өзгерістерден 
қорқады, баяу сөйлейді, бірақ ойын анық жеткізе алады. 
Бір орында 20-30 жыл жұмыс істеп жүре беру де мүм- 
кін. Бұл адамдарға үлкен сеніммен ұзақ уақытқа жұмыс 
тапсыруға болады. Олар үшін ең маңыздысы – отбасы. 
Киген киіміне көп мән бере бермейді. Қорқынышы – өз- 
герістер. Өзгеріс болған жағдайда, көбі стреске түсіп ке- 
теді, конфликтіге жақын емес, жақсы ұйымдастырушы- 
лар, жақсы қызметкерлер, егер айтқаныңды ұзақ уақыт 
бойы екі етпей орындайтын қызметкер керек болса, дәл 
осы фактордағы адамдар лайық. 
     4-Бейімделу факторы (С) – олар бір жаққа бару үшін 
бүге-шігесіне  дейін  дайындалатын,  бірақ  көзге  тік  қарауға 
қорқатын,  дегенмен,  өзінікі  дұрыс  екенін  білсе,  өз  дегенінен 
қайтпайтын  адамдар.  Негізінен  қағазбен  жұмысты  жақсы 
жүргізетін заңгерлер, бухгалтер. Бірақ өздеріне сенімсіз, 

 
72
 
ойларын ашық жеткізе алмайтын адамдар. Фактор S және 
С  олар  бір  нәрсе  істесе  оны  толық  зерттеп  барып  шешім 
шығарса, қалған екі факторлар өзгеріске тез үйренеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет