1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»


Оқылым Тапсырма Мәтіндерді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10] мәтін



бет7/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ, РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ

Оқылым


Тапсырма
Мәтіндерді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]


  1. мәтін


Дінмұхамед Қонаевтың бала күнгі арманы
Өзі жастайынан тау-кен инженері болуды армандағанын айтады. Ақыры осы арманының жетегімен инженерлік кәсіпті таңдады. Бұған сол заманда қазақтар арасынан инженердің шығуы сирек болғаны әсер еткен. Сондай-ақ, ұлт қайраткері тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевты бала күнінен ерекше құрмет тұтқан. Бертін келе оның отбасы мүшелері мен баласы Ескендірмен етене жақын араласқан.
Димаш Ахметұлы осылайша еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту және Лениногор қорғасын-мырыш комбинатында қызмет істейді. Бірте-бірте қызметте жоғарылап, ғылым академиясының президенті болып тағайындалады. Бұдан өзге партия-кеңес органдарында, Қазақстан компартиясының орталық комитетінде қызмет етеді.
10 жылға жуық қазақ КСР министрлер кеңесінде төрағаның орынбасары, 27 жылдай Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК саяси бюросының мүшесі болады.
Дінмұхамед Қонаев ұзақ жыл қызметтен кейін зейнетке шыққан шағында визитка жасатқан екен. Осы кішкене төртбұрышты қағазға аты-жөні мен "тау-кен инженері" екенін ғана жаздырады. Сонда айналасындағылар қайраткердің қарапайымдылығына қатты таңғалған. Өзінің бұл шешімін "Оның бәрі — өтпелі де кетпелі, ал "тау-кен инженері" деген

  • өмірлік нәрсе", — деп жауап берген екен.



  1. мәтін


Әйел қалалық советтің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.

    • Ммммм .... маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті. Қайтейін .... , менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді, – дейді.

Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.
Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз – пәтеріңіз өзіңізге тиеді, – дейді де Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан қалалық советке тартады.

    • Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, – дейді ол бағана қолына ордер ұстатқан қызметкерге келіп. – Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерде бұрын уәде етілген адамдарға БЕРІҢІЗ!

Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып береді. Қалалық совет қызметкері қалбалақтап:

    • ..... ааааа Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді. Сіз пәтер сұраған соң сол екеуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік...

    • МОЛЧАТЬ! – дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп. – Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!

    • Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

    • Ол солдаттың АНАСЫ ҒОЙ!.. Енді ұғынықты ма сізге?




1-мәтін

2-мәтін

Тақырыптары







Қандай стильде жазылған?







Тілдік қолданыстар (ауызекі және көркем сөйлеу)







Құрылымдық ерекшеліктері (кіріспе, негізгі, қорытынды
бөлімдері)











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет