1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»


Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметі туралы айта аласызба?



бет4/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ, РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ
Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметі туралы айта аласызба? Қандай бағыттар бойынша жұмыс істейсіз?

- .... мммм Бүгінгі таңда Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады және отбасын нығайту мен қазақстандықтардың әл- ауқаты бойынша ЖҮЙЕЛІ және КЕШЕНДІ жұмысжолға қойылған. Біздің орталықтың қызметі қоғамдық отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некенің маңыздылығын қолдауға және дамытуға бағытталған. ӨЙТКЕНІ, отбасын құрып қана қоймай, сенім, шыдамдылық, түсіністік пен өзара қолдауға негізделген бүкіл әлемді қалыптастыру МАҢЫЗДЫ.




1-мәтін

2-мәтін

Тақырыптары







Тілдік қолданыстар







Стильдік ерекшелігі







Көтерілген мәселе









Жазылым


Отбасыңыздың бір мүшесінің ерекшеліктерін сипаттап, стильдік және жанрлық ерекшелігін сақтап, мінездеме құрастырып жазыңыз. Жазылым жұмысында орфографиялық нормаға сай жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерге назар аударыңыз.
[10]

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар
қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.
Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері жеткіліксіз, ойын көбіне жалпылама жеткізеді. Талқылау кезінде қойған сұрақтары
жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер
мен оқшау сөздерді орынды қолдана алмайды.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде сөйлейді. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары толық қалыптаспағандықтан, ойы шашыраңқы. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі.

Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Пікір білдіру

5

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде мәтіннен қажетті ақпаратты ала отырып, өз пікірін дәлелді жеткізеді. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын
білдіруде ақпараттарды орынды қолдана алады.

4

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілдік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде мәтіннен қажетті ақпаратты ала отырып, өз пікірін білдіреді. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын білдіруде ақпараттарды қажетінше
қолданады.

3


Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде мәтіннен кейбір ақпаратты ала отырып, өз пікірін білдіреді, себебін дәлелдеуі жеткіліксіз. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын сипаттама түрінде білдіреді, сәйкесінше ақпараттарды
қанағаттанарлық деңгейде қолдана алады.

2

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде өз пікірін білдіреді, дәлелдер келтіре алмайды. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын қысқаша білдіреді, сәйкесінше ақпараттарды өңдеусіз қолданады.

1

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты қандай да бір көзқарас пен позициясының жоқтығы байқалады.
Көбінесе мәтін ақпаратын қайталаумен шектеледі.

0


Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген
мәселені, стилі мен тілдік ерекшеліктерін түсінбейді.

Көтерілген мәселені назардан тыс қалдырады.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, логикалық бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ логикалық бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұны толық ашылмаған. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары стиль (ауызекі, көркем сөйлеу) талаптарына сәйкес келе бермейді. Ойдың логикалық жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет