1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»



бет6/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ, РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ
Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл





















Білім алушы







Мәтіннен қажетті

1

тақырыбын анықтайды;

1




ақпараттарды іріктеп оқиды


































қажетті жолдарды іріктейді;

1

























дәлелді пікірлерді ажыратады;

1

























қажетті мысалдарды іріктейді;

1



















Тақырыбына сай,

2

келісу не келіспеу эссесін жазады;

1




құрылымы жүйелі келісу-













келіспеу эссесін жазады
















неологизм, термин, диалект сөз,

1










кәсіби сөздердің қажеттісін













қолданады;













мәтіннен мысалдар келтіреді.

1













1



















Барлығы







8





Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»


Оқу мақсаты 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы

және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі


ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
6.4.3.1-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу
сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап


береді

• Ақпаратты өмірмен байланыстырады


• Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу


сөздерді анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну


Орындау уақыты 15 -20 минут


Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқып, жұбыңыздың мәтін бойынша сұрақтарына жауап беріңіз (2-3 сұрақ), көнерген сөздер, эвфемизм, дисфемизм және табу сөздердің астын сызыңыз.



Шоқтығы биік ғалым
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі Хақан – атақты Олжабай баҺадүрдің тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыз-әфсаналарын білген. Жай отындай жарқыраған, қағілез бала бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын оқып, жатқа білген. Хақанның шаңырағында қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан. Құймақұлақ Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады. Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді және көне жәдігерлерді тауып, мұражайға тапсырады. Ол жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Орталық Қазақстанды зерттейді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.



  1. Қазіргі уақытта Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдар немесе тарихи тұлғалардан сіз кімді айтар едіңіз? Өзіңіз тарихи тұлға деп есептейтін адам туралы қысқаша айтыңыз. Өмірмен байланыстырыңыз.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл





















Білім алушы







Көнерген сөз, эвфемизм,

1

мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға

1




дисфемизм, табу сөздерді




жауап береді;

1




анықтайды
















мәтіннен көнерген сөзді табады;

1














































эвфемизмді табады;

1

























дисфемизмді табады;

1

























табу сөзді табады;

1






















2

кейіпкер туралы ойын айтады;

1

























өмірмен байланыстырады.

1













1



















Барлығы







9





«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика Тарихи тұлғалар. Лексика




Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша жалпы және нақты ақпараттарға қатысты 2 сұрақ қойыңыз.

[10]



  1. мәтін

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.

  1. мәтін

«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет