3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар


«Әскери коммунизм» саясаты



бет6/10
Дата08.02.2022
өлшемі90,2 Kb.
#118264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1)
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1), 000645ac-ac14542e (1), 000645ac-ac14542e (1), Б лім бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар То санда ж
«Әскери коммунизм» саясаты. 1918 – 1920 жылдардағы Азамат соғысы қазақ халқына, Қазақстанның көп ұлтты еңбекшілеріне сансыз қайғы-қасірет әкелді. Өлкенің экономикалық жағдайын құлдыратты. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндірудегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Мал саны күрт азайды. Азамат соғысы жылдары жалпы мал саны 10,8 млн.-ға кеміді. Оның ішінде: 2 млн. жылқы, 6,5 млн. ұсақ мал шығынға ұшырады. Қазақ ауылдары мен қыстақтары материалдық жоқшылыққа ұшырады. Шаруалар, ауылдар мекендеген жерлерін тастап кетуге, шетелге кетуге мәжбүр болды. Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың күшейтілуі үрей мен ертеңгі күнге деген сенімсіздікті туғызды. Бірақ соған қарамастан, Қазақстан еңбекшілері күйзеліске, ашаршылыққа қарсы жанқиярлықпен күресе берді.
Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігін туындатты. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралар жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде бөлу болып табылады. Кеңес өкіметі В.И.Лениннің бұйрығымен «шаруалардың өндірген өнімінің өздерінің күнкөрісіне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің, қаланың пролетарлық тұрғындарының мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» алынуы тиіс болды. 1919 ж. қаңтарда Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі азық-түлік салғыртын енгізді. «Әскери коммунизм» идеологиясы ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық (жоғарыдан нұсқау) бөлу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделді. Мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістің енгізілуін білдірді.
Мұндай саясат, экономикалық организмді сауықтыруға ықпал етпеді, еңбек өнімділігін көтермей, керісінше, оны құлдыратуға жеткізді, онсыз да Азамат соғысынан күйі қашқан өндірісті онан әрі аздырып-тоздырды. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды, яғни шаруалардан «артық өнімді» (ең бастысы астықты) тартып алуды селолық кедейлер комиттері мен қарулы жұмысшы отрядтары жүргізді.
Астыққа мемлекеттік монополия мен салғырт ісі Қазақстанда 1920 ж-н бастап кең көлемде жүргізілді. Салғырт (ет салымы: шаруалардың малын тартып алу) әдісі мал шаруашылығында кеңінен қолданылды. Егін өсіретін шаруашылықтардан астық бір дән де қалдырылмастан түгелімен тәркіленді. «Артық астығы бар және оны астық құю пункттеріне тапсырмаған адамдар халық жаулары деп жарияланып, революциялық сотқа берілсін, кемінде 10 жыл түрмеге отырғызылсын, мүлкі тәркіленіп, қоғамнан қуылсын» деген В.Лениннің нұсқауы да болды.
Батыс Қазақстанда ақылға сыймайтын тапсырмалар белгіленді. Астық шығып жарытпаған Орал губерниясында 1920 ж. салғырт бойынша 1,5 млн. пұт астық тартып алынды, соның салдарына мұнда азық-түлік тұтыну тапшылығы 2-2,5 млн. пұтқа жетті. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жағдай осындай еді.
Соғыс салдары, құрғақшылық, ұтымыз экономикалық саясат ауыл шаруашылығының құлдырауын туғызды. Егіс алқабы қысқарды, астықтың жалпы өнімі 3 еседен астам азайды. Мал шаруашылығы саласы да өте ауыр жағдайда қалды. Батыс Қазақстан (Орынбор губерниясы, Ақтөбе облысы, Бөкей Ордасы) 1,4 млн. адам аштықтан қырылу шегіне жетті.
Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына, бүліктерге әкелді. 1920 ж. Қазақстанның көптеген өңірлерінде шаруа нарзылықтары «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Большевиктерсіз Кеңестер үшін!», «Ерікті саудаға жол берілсін!»,-деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты. Батыс Қазақстанда өздерін «Әділетті қызыл армия» деп атаған шаруалардың қарулы отрядтары бүлік шығарды. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды. Бұл бас көтерулерді билік аяусыз қанға бояп басты. Қазақстандағы көтерілісшілердің кейбір бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Бүкілодақтық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның (ВЧК) есебінде олар «банды-кулактардың әрекеті», «контрреволюциялық баскөтерулер» деп бағаланды.
Бірақ, большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Оның үстіне большевиктер «әскери коммунизм» саясаты уақытша, Азамат соғысы жағдайында амалсыз жүргізілген деп үнемі сендіргенімен, ол аяқталғаннан кейін де жалғастырылды. Енді Азамат соғысы аяқталғаннан кейін шаруалар бұл саясаттың тоқтатылуын талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет