3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар



бет1/10
Дата08.02.2022
өлшемі90,2 Kb.
#118264
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1)
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1), 000645ac-ac14542e (1), 000645ac-ac14542e (1), Б лім бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар То санда ж

3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар.



  1. 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезеңіндегі Қазақстан. ІІ Бүкілқазақ съезі және Алашорданың құрылуы.

  2. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында.

  3. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы. Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.



1. 1917 жылғы Қазан төңкерісі (революциясы) кезеңіндегі Қазақстан. ІІ Бүкілқазақ съезі және Алашорданың құрылуы.
Ресейдегі 1917 ж. Қазан төңкерісі. Ресей астанасындағы (Петроградтағы) Қазан төңкерісі (революциясы) – ХХ ғасырдағы дүниежүзілік тарихтағы маңызды оқиғалардың бірі. Ақпан төңкерісінен кейін Ресей империясының қол астындағы халықтардың өзін-өзі басқару және демократиялық, азат мемлекет құруға мүмкіндігі болса, енді Қазан төңкерісі нәтижесінде билікке большевиктердің келуі елде Азамат соғысы мен тоталитарлық саяси жүйенің орнауына әкелді. Қазақстан Кеңес империясының отарлық шет аймағы ретінде қала берді.
Монархияның ауыр мұрасы, төніп келе жатқан ашаршылық пен күйзеліс, Уақытша үкіметтің халықтарға – бітім, шаруаларға – жер, жұмысшыларға – фабрика, аз ұлттарға – теңдік, Ресей азаматтарына нақты кепілді құқықтарды бере алмауы, ұсақ буржуазияшыл бұқара арасында анархиялық пиғылдардың өршуі – жалпыұлттық дағдарыстың пісіп жетілгенін көрсетті. Халық 1917 ж. Ақпан революциясы нәтижесінде құрылған буржуазиялық Уақытша үкіметті немесе Кеңес үкіметін (большевиктер, пролетариат диктатурасын) таңдауы тиіс болды. 1917 жылдың күзінде бүкіл Ресейде бұқараның Уақытша үкіметке деген наразылығы өсіп, большевиктерді қолдауы байқалады. Шілдедегі Корнилов бүлігінің талқандалуы контрреволюциялық күштерді әлсіретті. Большевиктердің беделі өсіп, олардың Кеңестердегі ықпалы артты. Бүкіл елде Кеңестерді большевиктендіру басталды. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған «Барлық билік Кеңестерге берілсін!» деген ұранды қайта көтерді. Бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. Большевиктердің ұрандары: бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттың өзін-өзі билеуі сияқты жалпыадамзаттық идеялар болды.
Уақытша үкіметтің беделінің төмендеуі және елдегі іс жүзіндегі өкіметсіздік жағдайында 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта большевиктер басқарған жұмысшылар, солдаттар мен матростардың қарулы көтерілісі басталып, келесі күні олар астананың аса маңызды объектілерін басып алды. 25 қазан (7 қараша) күні таңертең Петроград кеңесінің әскери-революциялық комитеті Уақытша үкіметтің құлатылғанын және барлық биліктің толығымен Кеңестерге өткенін хабарлады. Осылайша, астанада Кеңес өкіметі орнай бастады.
Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері: «Бітім туралы» және «Жер туралы» болды. Олар 1917 ж. 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде қабылданып, жеке меншік жер жойылып, оның мемлекеттік меншікке айналдырылып, шаруаларға берілетіндігі, Ресейдің Бірінші дүниежүзілік соғыстан революциялық жолмен шығатындығы жарияланды. Бұл декреттер аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің большевиктік жаңа билікті бірден қолдап шығуына ықпал етті. ІІ съезде Кеңес өкіметінің жоғарғы органы Бүкілхалықтық Орталық Атқару Комитеті сайланды, В.И.Лениннің басшылығымен Кеңес үкіметі – Халық Комиссарлары Кеңесі құрылды.
Кеңес үкіметінің ұлт саясатының негізгі принциптері айтылған маңызды құжаттың бірі – «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында» (1917 ж. 2 қараша) Ресей халықтарының теңдігі мен егемендігі, өзін-өзі билеу құқығы, тіпті бөлініп, өзін-өзі басқаратын жеке мемлекет құруға құқығы бар деп жарияланды. Сондай-ақ ұлттық, ұлттық-діни шектеуліктер мен артықшылықтар, Ресейдегі аз ұлттар мен этникалық топтардың еркін дамуы жарияланды. «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» (1917 ж. 20 қараша) деген Кеңес үкіметінің үндеуінде мұсылмандардың ұлттық және мәдени мекемелері, әдет-ғұрып, діни наным-сенімдері еркін дамып, оларға қол сұғылмайтындығы жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет