3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар


– 1922 жылдардағы ашаршылық



бет8/10
Дата08.02.2022
өлшемі90,2 Kb.
#118264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1)
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1), 000645ac-ac14542e (1), 000645ac-ac14542e (1), Б лім бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар То санда ж
1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұр еді. 1921 – 1922 жылдар қатты құрғақшылықты, соның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. Ашаршылықтың туындауына Кеңес өкіметі қатаң жүргізген «әскери коммунизм» саясаты да әсер етті. Астық мол болған Семей мен Ақмола губернияларында орталықтың азық-түлік отрядтары өнімдердің барлық артығының 80%-ына дейінгісін алып кетті. Астық, ет, май т.б. да тартып алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Қазақстанның көпшілік аудандары ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазда қурап қалды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар күйіп кетті. 1920 – 1921 жж. ұзаққа созылған қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына (жұт) әкелді. Ашаршылық құрбандарының саны күннен-күнге көбейе берді. Ашаршылық отырықшы аудандарды да қамтыды. Мысалы, Орынбор губерниясының Дмитриев селосының 200-ге жуық әйелі көрші кенттерден жиналған әйелдерімен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты.
1921 ж. тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал, Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 ж-ң күзіне қарай ҚазАКСР-нің жеті губерниясының бесеуі: Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұшырады.
Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба т.б. аурулар да қатар келді. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі, аурулар арасындағы өлім санын көбейтті. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалар балалар үйіне бөлді. Егер 1921 ж. 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жалаңаш балалар саны Қазақ АКСР-нде 128 мың болса, 1923 ж-ғы 1 наурызда 408 мыңнан асқан. Қазақстан ОАК-нің төрағасы С.Меңдешовтың 1922 ж. 8 шілдеде І Қазақстан ОАК-нің ІІІ- сессиясында жасаған баяндамасында толық темес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұшырағандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 ж-ң соңында республика тұрғындарының саны 4 781 263 адам болған (оның 50,3 %-ы қазақтар болған).
Түркістанда аштық сорақылығына қарсы шыққан Т.Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етті. Түрікстан атқару комитеті Т.Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылды. Оның төрағасы болып Т.Рысқұлов тағайындалды.
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т.Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрыңғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған Кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.
Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Қазақ Орталық Атқару Комитеті де аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. Оның жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылды. Республикалық комисссияны Қазақ Орталық Атқару комитетінің төрағасы Меңдешов басқарады. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, аштыққа ұшыраған аудандар тұрғындарын астық, ет, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. Қазақ АКСР-не ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді.
Республиканың губерниялық және уездік атқару комитеттерінің жандарынан ашыққандарға көмек көрсету жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Алғашқы комиссия Торғай уездік атқару комитеті жанынан ұйымдастырылды. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу қорынан 500 пұт астық бөлді. 1922 ж-ң көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек көрсету үшін 7 губерниялық, губерниялық деңгейдегі 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, 1127 болыстық, ауылдық, селолық комиссиялар ұйымдастырылды. Комиссиялар жұмысы арқасында 1921 ж-ң күзінен аштыққа ұшыраған елді мекендерде тегін тамақтандыратын асханалар, қараусыз қалған балаларға балалар үйлері ұйымдастырылды. Бөкей губерниясында 15 мың аш адамға азда болса азық-түлік паегы берілді. Ақтөбе губерниясының Ойыл уездік атқару комитетінің шешімімен ауқатты, күйлі адамдар ашыққандардың бір бөлігін жатын жаймен, тегін тамақпен қамтамасыз етуге міндеттелді. Қазақстанның астық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті.
1922 ж. Қазақ АКСР-нің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде көмек көрсетті. 1922 ж-ң көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Орталық балалар комиссиясына елдің түрлі аудандарынан астық, азық-түлік түрлері, ақшалай көмек, сабын, мата, аяқ киім, дәрі-дәрмек берілді. Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрстеу жөніндегі Халықаралық Одақ т.б.), жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мысалы, Норвегия ғалымы, қоғам қайраткері Ф.Нансен ҚазақОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына консерві, кептірілген нан, медикаменттермен көмек көрсетті. Ақмола, Семей губернияларының, Түркістан АКСР-нің Сырдария, Жетісу губернияларының тұрғындарына, ашаршылықтан зардап шеккен көшпелі, жартылай көшпелі аудандарға көмек ретінде 6 927 ірі мүйізді қара мен ұсақ мал берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет