3-сынып Мазмұны Ұзақ мерзімді жоспар 3



бет7/16
Дата28.11.2019
өлшемі2,22 Mb.
#52706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
2 Оқу жоспары Әдебиеттік оқу 3-сынып
Ахмет Байтурсынов, Bala Qorgau жобасы, карар 11


Аты-жөні

Қай қала?

Қандай жетісктері бар?











Үй тапсырмасы: Қазақстандық құсбегілер жайлы мәліметті кестеге толтыру



Өмір кезеңдері туралы әдеби емес кітаптар: А.А.Иващенко. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. – Әдебиеттік оқу.Хрестоматия. құраст. З.Муфтибаев Алматы: Алматыкітап баспасы, 2015.-128б.

Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев. Өлеңдер, ертегілер. – Алматы: Жалын, 1989

Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматияы. 3-кітап.

Арман –ПВ баспасы Құрастырған Шеген Ахметов

Ең керемет дәм (ертегі,әңгімелер). «Олжас» баспасы. Құрастырған: Байбота Қошым-Ноғай, 2015ж.

83-84-бб


Қанекей Жармағамбетов

Сәбит Мұқанов шығармалар жинағы

Ә.Табылдиевтің шығармалары

Ана тілі, Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған.оқулық. Т.Әбдікәрімова Алматы; Атамұра,2010.-352бет

https://www.youtube

Абай Құнанбаев «Күз» бейнебаян: Хикмет ТВ


Балаларға арналған энциклопедия

https://www.youtube.com/watch?v=H09tJ5LY7b8


mp3co.co/.../rmanazy_Asa_kik_Sayn_Zhalmyshev_dombyr.
Сәуірбек Бақбергеновтің шығармалар жинағы

Толымбек Әбдірайымның шығармаларынан

Түсіндірме сөздік, энциклопедиялар

https://www.youtube:



Тірі табиғат туралы қысқаша фильм немесе Балапан телеарнасындағы «Айя мен Әли» мультфильмінің «Жайлауда» бөлімі
Жоғарғы жағында нақты сұрақ жазылған А3 форматында қағаз, әр топқа әр түстіқалам немесе, маркер




«Әдебиеттік оқу» (Т1) пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып

2-тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Бұл тарау өткен сыныптар мен алдыңғы бөлімнен алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар қарапайым оқиғаларды жоспарлап, баяндай алады және өз ойын жазбаша түсіре алады. Әдеби және әдеби емес мәтіндердің айырмашылығын тәжірибелік, ақпараттық жұмыс тәсіліне сүйене отырып анықтайды. Мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу дағдыларын жетілдіреді. Көркем шығармаларды тақырыптық бағытта жетілдіреді (пікірін білдіруге және оны дәлелдеуге, шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз ойын толық, жүйелі айтуға, жазуға дағдыланған). Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды үйренген. Оқушылардың оқу сауаттылығы коммуникативтік дағдылармен (дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән берілген) ұштастырылған. Оқушы тәжірибесінде (мәтіннің басқа әдеби емес мәтіндерден айырмашылығын ажырату дағдыларын үйренген, т.б.) түрлі әрекет формаларын қолданған.

Мәнмәтін

Тарау бойынша іздеу, өңдеу, басқару секілді оқу әрекеттерін басты назарда ұстайды, оқу танымдық, ұлттық мәдениет негізгі білім мен тәрбие алу бағыты ретінде қарастырылады. Тарауда жүйелі, нақты оқылым түрлері жүргізілуі қажет. Тақырыпқа сәйкес оқушылар әңгімелер мен өлеңдерді оқушы тәжірибесіне сүйене отырып талдау, болжау, жоспарлау дағдыларын жетілдіруі тиіс. Мәтінмен жұмыста (мұқият тыңдатып, сол әңгімелер мен өлеңдер қалай аяқталатынын болжау үшін мүмкіндіктер берілуі тиіс) оқушылардың қызыға орындайтын белсенді әдіс- тәсілдерінен оқу әрекеттерін құру қажет. Тарауда (мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу дағдыларын меңгеру жалғастырылады және оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру практикалық тұрғыда меңгертіледі. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, әдеби шығарманың жанрын анықтауға, сөйлеу барысында тыңдарманның назарын аударуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі) оқушыларды әлеуметтік, функционалды сауаттылыққа үйрететін тәсілдемелер қолданылады.

Қысқаша шолу

Тарауда игерілетін білім мен оқу әрекеті дағдысының тұрақталуы мен тәжірибесі оқушылардың өмірлік, тұрмыстық мәселелерді шешу тәжірибесіне икемделуіне бағытталуы тиіс. Жеке, топтық, ұжымдық зерттеу әрекеттерінің жоспарлы, мақсатты жүйесі нақтыланады: оқушылар фильмдердегі, анимациялардағы және әңгімелердегі кейіпкерлерді салыстырып, шығармашылық жұмыстар жасайды (кейіпкерлерінің сипаттамаларын жазады). Түрлі дереккөздерден ақпарат алып, қолдану, оны зерттей отырып, тиісті мәліметтерді теріп әңгімелеу жүргізу арқылы жаңа дағдыларды қалыптастыруы керек.




Оқу бағдарлама

сына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну


2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

1.2 Шығарманы мазмұндау

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша өз пікірін айту

3.1 Шығарманың жоспарын құру

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

3.4 Қатені табу және түзету


3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/ мазмұндау, сахналау

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру


3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фотосуреттер қолдану

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету


Жақсылар шарапаты








(Ө) Оқушыларға А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқу ұсынылады. Өлеңнің мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді немесе аудиодан тыңдатуға болады.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой–

Бес асыл іс көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз....


(Т) «Кубизм» әдісі бойынша мұғалім көмегімен мәтін мазмұнын терең түсіну әрекетін ұйымдастырылып және сұрақтарға жауап беру қадағаланады.

Оқушыларға әр қырындағы тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Оқушылардың өз ойын еркін айтуға және бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.


(Ұ) Әр топ оқушылары С.Бегалиннің (Ертегіні ел аузынан жазып алған) «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісін «Рөлдік ойындар» арқылы жалпы мазмұнына жетеді, кейіпкерлердің сөзін теріп оқу арқылы түйіндейді.

Ажалдан құтқарған асыл сөз

Ерте кезде бір хан шеру тартып келе жатады. Бір шөлейт, сусыз далаға кездесіп, әскері де , аттары да шөлдейді. Осылай зарығып келе жатқанда, алыста бір кішкене бұйрат көрінеді.

Хан жігіттеріне:

-Адырлы жер ауыз сусыз болмайды, барып қараңдар,-дейді.

Шапқыншылар адырдың үстіне шықса, қойнауында бір қора қой жайылып жүр екен. Жігіттер қойдың шетіне келсе, мосқал тартқан қойшысы бар екен. Қойшыны кісі ғұрлы көріп амандаспайды. (жалғасы бар...)



(МК, Т) Әр топ оқушылары мұғалімнің көмегімен жоғарыда келтірілген А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі мен С.Бегалиннің (Ертегіні ел аузынан жазып алған) «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегінің көркем мазмұнынан әдеби кейіпкерлерді «Семантикалық картаға» салып, сол арқылы жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.

Бұл әдіс оқушылар танысқан мәтіндерге байланысты білім деңгейлерін салыстыру мен ерекшеліктерін анықтау үшін тиімді. Семантикалық картада мәтін мазмұны бойынша үш немесе төрт объектіні талқылаудан бастайды. Дұрыс деп санаған әр объектінің қасында қосу белгісін қояды.



(Т) К.Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін «ДЖИГСО» әдісі арқылы оқушыларға түсініп оқу беріледі. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

Абай шаңырағы

Абай үйін өзінің кқзі тірісінде қалпынан өзгертпей ұстау міндетін Күнжан алды. Қыс бойы уық, керегесінің кеткенін қайта жөндетті. Ағашын қызыл күрең сырмен боятты.Шымшилерді тоқыттырып, бауларын ызғызды. Біркелкі ақ жүннен киіз басқызды. Басқұр, дөдеге, желбау, таңғыштарды шебер әйелдің қолына берді.жаз келіп, жайлауға шыққанша бітірулерін тапсырды. Үйдің сыртқы жабдығын реттетті. Алаша, сырмақ сияқты төсеніштердің де таңдаулыларын іріктеді. Жаңадан жасалатын бұйымдарды да Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді. Осындай жабдықтарды әзірлеткен Күнжан Абайдың сүйікті қонысы Ботақан ошағына көшіп, қонаға жетіп еді.(жалғасы бар...)

(Т, Ө) Әр топ «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы киіз үй жабдықтарының суреттері бойынша жабдықтар атаулары туралы білігін байқатып, өз ойын жазбаша түсіру тапсырылады.

Үй тапсырмасы ретінде киіз үй жабдықтарының атауын жазып, ажыратып келуді ұсынуға болады.


Адамдық борышың

(Ұ, Т) Оқушылар И.А.Крылов Аударған Ахмет Байтұрсынов «Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалын іштей түсініп оқып немесе бейнебаянды көруге болады. Мұғалім «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы мысалды өз сөзімен толық мазмұндадатады. Оқушылардан шығарманы неше бөлікке бөлуге болатынын сұрауға болады. Бөліктерге тақырып қойып, жоспар құрастырады.

Аққу, Шортан, һәм Шаян

(мысал)


Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Тартады Аққу көкке, Шаян – кейін,

Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.

Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады.

Тартса да бар күштерін аямай- ақ,

Асылы, жүк орнынан қозғалмады.

Оншама ол жүк артық ауыр емес,

Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,

Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірін көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Оқушылар шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынып, суретке сәйкес мазмұнын айтады.

(ҚБ)

-суреттерді қолданып, мысалдың мазмұнын айтты

Дескриптор :

- мысалды жүйелі мазмұндайды;

- сөйлеу барысында иллюстрацияларды орынды қолданып, өз ойын айтады.
) «Ұқсастық пен даралық» әдісі арқылы жоғарыдағы мысал бойынша оқушылардың сөзбе-сөз және болжалды мәлімет арқылы кейіпкерді сипаттайтын ақпаратты анықтап, бағалау мен салыстырылу ұсынылады.
(Ұ,МК,ОТ,Т) Оқушыларды топтарға бөліп, оқылған М.Бекжановтың «Сауысқан» ертегісінің мазмұнын өз сөзімен толық мазмұндайды немесе ертегі мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін қолдана отырып қысқаша мазмұндау ұсынылады.

Сауысқан (ертегі)

Тыным таппай сүйреңдеп сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті, тіптіас-су ішуден де қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан Тырнаға жалыныпты,

-Тырнашым, тілімді емдеп бере гөр! Сен ауруды шөппен емдейді дейді ғой.

- Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын! – дейді Тырна.

- Ә, солай ма! – деп, Сауысқан ашуға мінеді.

Ендеше, маған өкпелеме, жаман атыңды бүкіл орманға жайып, гулейтін бәлем!

Сауысқан Қабанға барып арыз айтады.

- Менің көмегім керек болған екен ғой саған, ә? Ендеше әкел сүйреңдеген тіліңді суырып алайын. Өзіңе де жақсы, біздің де құлағымыз тынышталады,- дейді Қабан:

«Сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты» деген сөз бүкіл орманға тарап кетіпті. Кешкісін сауысқан тіпті сөйлей алмай қалады.

- Енді саған ешкім де көмектесе алмайды! –дейді Үкі.

- Неге?-дейді Сауысқан мұғайып.

- О баста тіліңе ие болуың керек еді. «Сатып алған аурудың емі табылмас» деген осы.



(Ө;ОТ;МК)«Лездеме» әдісін қолданып, оқушы тыңдарманның назарын аударту үшін сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданып, сөзді атамай бір минут ішінде түсіндіріп беруі қажет.

«ББҮ» стратегиясын пайдалана отырып иллюстрация, әдеби кітаптардан, мультфильмдерден әңгімедегі кейіпкерлерге ұқсас кейіпкерлерді тауып талқылау ұсынылады.

«ББҮ» стратегиясы бойынша басқа дереккөздерден анықталған кейіпкерлер бойынша ақпаратты сызба түрінде кестеге орналастырып ұсыну үшін алдын ала үлгісі беріледі. Шығарма мазмұнына сәйкес дереккөздер оқушыларға беріледі. Әр оқушы өзінің парақшасында тиісті ақпаратты тауып белгілейді.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











(ҚБ) Оқушылар «Сауысқан» ертегісін түрлі тәсілдерді қолданып мазмұндауы бағаланады. Сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады.
Бағалау критерийлері:

- кейіпкер іс-әрекетін І жаққа өзгерте алады;

- мәтін мазмұнын білед;

- шығарма рөлге бөліп оқиды



(ОТ;Т;МК)Төле бидің шешендігі мәтінін «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы алдыңғы ұқсас шығармаларды салыстыра отырып көркем-бейнелі сөздерді қолданып, өз ойын, сезімін білдіру ұсынылады.

Төле бидің шешендігі

Атақты билер Арқаға жиналыпты. Айтқан мезгілден Төле би кешігіп келеді. Оған шамданған қарт билер:

- Төле би келсе, орнымыздан тұрмайық,-деп уәделеседі. Бірақ Төле би келгенде орындарынан тұрып кетеді. Тек бір-екі би ғана тұрмайды. Төле би көпшіліктен кешіккені үшін кешірім сұрайды. Әлгі тұрмай қалған билердің бірі сөзден ұту үшін, сынай сұрақ қояды:

- Бақ дегеніміз не?

Байлық дегеніміз не?

Бала дегеніміз не?

Төле би орнына отырмай, түрегеп тұрған бойда:

-Бақ - ұзатылған қыз,

Байлық – еритін мұз,

Бала –артта қалған із.

Өмірдің адамға ең жақын сыйы –

Сыйласқан сіз бен біз,-дегенде, билердің бәрі орындарынан тұрып, құрмет көрсетіпті.



(Т) «Мозайка» әдісі арқылы әр топ Төле бидің шешендігі мәтінін бөліктерге бөледі, ат қояды, жоспар құрады.

(ҚБ) оқылған шығарма бойынша жоспар құру бағаланады:

Дескриптор:

- Шығармадағы оқиға жүйесін анықтады;

- бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойды; .


(Ө) Қ.Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін мәнерлеп оқу тапсырылады. Ол үшін алдымен мұғалім өзі оқиды. Жеке оқуға уақыт береді. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқытады.
Жақсы мен жаман
Қайыр күтпе баладан

Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың?

«Екі» болса алғаны-

Бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

Орынды емес бұл аса.

Келсе сөзі анайы,

Мақтамас бұл баланы.

Жала жапқан басқаға-

Барып тұрған масқара...

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болған да.

Кім мақтанса көбірек,

Жасайды мінез жөні жоқ.

Ерінсе қол жуғанға,

Нассың дейміз мұндайға.

Мұнша уақыт санарлық

Бар екен ғой жамандық.

Бәрі жақсы баланың.

«Беске» оқиды сабағын.

Айналайық баладан

Көгершінді аяған.

Адал болса досына,

Азаматың осы да.

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдаймыз мұнысын.

Әділ болсаң ойында,

Жақсы мінез оның да.

Күтсе бала әжесін,

Жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда

Ойнар аттың жалында...

Өзі түйме қадаса,

Мұндай бала тамаша.

Уәдесін сақтаған

Баланы жұрт мақтаған.

Болады әрі санауға,

Жақсылық көп қалайда.



(ҚБ)

- өлеңді мәнерлеп оқиды;

- өлеңдегі кейіпкерлер мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай алады.
) Б.Әділовтің «Жақсы мен жаман» мысалы (47 мысалынан) «Ой қозғау әдісі» бойынша кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
(Т; МК; ОТ) «Суретті домино» әдісін пайдалана отырып А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалын оқу ұсынылады. Мысал мазмұны бойынша суреттерді мұғалім топтарға таратып береді. Оқушылар суреттерді өз біліміне сүйеніп ретімен орналастырып, шығарманың тақырыбын анықтайды.

Екі шыбын

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,

Қайтты елге сабанымен кешке таман.

Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,

Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан ,

Астында өгізі бар сабан артқан:

«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,

Келесің ,сөйле,-дейді –сен қай жақтан? »

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,

Адамсып, маңазданып жөтеледі:

«Жер жыртып күні бойы, шаршап келем,

Мазалап сұрап саған не керегі?»

Адамды кейбір түрлі алып еске,

Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.

Біреудің я қайратын, я дәулетін

Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,

Өз әлін өзі білмей еттім дейді,

Біреудің шылауында жүріп текке

(Ж;ОТ;МК;Ө)Оқушыларға С.Жүнісовтің «Сақау бәтеңке» мәтінін «Түртіп алу» әдісімен іштей оқи отырып, түсініп оқу ұсынылады.

Сақау бәтеңке

Бөтен үйдің босағасына жаңа жеткен су жаңа бәтеңке жан-жағына тосырқай қарады. Өңшең ұсқынсыз,ескі-құсқы аяқ киімдер табалдырықтан төр үйге қарай шашылып жатыр. Табаны сөгіліп, тістері ырсиған салпы ауыз етік, бір жақ жамбасына қисайған құныс бәтеңке , қоншы бүктетіліп мыжырайған пима.

Қалай болса солай үйме-жүйме боп жатқан мұндай аяқ киімдерді бұрын көрмеген жаңа бәтеңке таң қалды.

Бір кезде оның тап алдында тұрған беті салтақ-салтақ , қисық өкше бір бәтеңке сөйлеп қоя берді.

-Әй, сен қайдан келдің, кімнің бәтеңкесісің?-Мен бе? - деді жаңа бәтеңкенің бір сыңары,- Мен Болаттың бәтеңкесімін, көрші ауылдан келдім. Ал, өзің ше?

-Мен, мен осы үйдегі Шолақ деген баланікімін,- деді бетін тыржитып.-Ал шыққан жерім- Алматы аяқ киім фабрикасы.- Онда жерлес болдық қой, -деді жаңа бәтеңке. (жалғасы бар...)



(Ө;ОТ;МК) «Бинго» ойыны арқылы кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау ұсынылады
Үлгі сұрақтар:

Жаңа бәтеңке қандай көрініске тап болды?

Шолақтың бәтеңкесінің жағдайы қандай еді? Сипаттап айт.

Олар жасалып шыққан фабрика қалай атады?

Шолақ қандай бала деп ойлайсың?

Әңгімеден қандай қорытынды шығарар едің?

Оқушылар жауабы дайын жауаптармен (лотодағы) салыстырылады. Кейіпкерлердің (бәтеңкелер) іс-әрекеті, мінездерінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып оқып, салыстырып бағалайды.
Үй тапсырмасы: Өз аяқ киім күту нұсқаулығын жасау тапсырылады.


Жақсы мен жаман

(Ұ;МК;ОТ) Оқушыларға Ы.Алтынсариннің «Мейірімді бала» әңгімесін оқу ұсынылады. Әңгіменің мазмұнын «INSERT» әдісі арқылы әңгімеден әдеби көркемдегіш құралдарды, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін табады. Мысалы, мейірімді бала, жас қыз, ескі заң, нашар қол.

Мейірімді бала

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны біреуге тұрғанда күнәлі төренің жас қыз баласы «Әкем үшін жауап беремін»,-деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.

-Тақсыр патшам,-деді қыз, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуға керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,-деп өзінің қолын көтерді. –Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала – шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.



Туындылардағы «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» зерттеуі

(Ұ) Екі не одан артық жағымды және жағымсыз кейіпкерлері бар қысқаша фильм немесе көркем фильмнен алынған үзінді көру. Аяқталар алдында фильмді тоқтату. Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжауды ұсыну. Ол үшін қандай сілтемелі көмек бар? Фильмді аяғына дейін көру. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге ынталандыру – не ұнады/ұнаған жоқ? Не қызықты болды? Фильм бір нәрсені естеріне түсіре алды ма?

Әр оқушы өзі таңдап алған кейіпкеріне өз арманын, сырын, сұрағын қиялымен жазды. Бұл әдіс оқушылардың өзіндік ойлау, қиялдау ерекшеліктерін көрсетті. Оқушы ізденіп, өз мүмкіндігін көрсетіп өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етті. Өз ойын айтуға еркіндік алған оқушы ашылады. Тақырыптың кейіпкеріне айналады, онымен бірге қуанады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады, жағымсыз жағына баға береді. Оқушылар жазған хаттарын автор орындығында оқиды


(МК, Ө) Оқушыларға өздері тамашалаған фильмдер бойынша таңдап алған кейіпкеріне өз қиялымен хат жазу ұсынылады.

(Ж, ҚБ) оқылған шығарма бойынша хат жазу өзара жұпта бағаланады:

- кейіпкер нақты таңдалады;

- кейіпкер жайлы өз ойын жеткізе алады;

- кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере алады,

- хатты сауатты жазады және қатесін түзейді.


Мәнерлеп оқу нұсқасын жоспарлаңыз. Мысалы, тақтаға бір шумақтың мәнерлеп оқу позициясының үлгісін беру, алфавиттік ретпен, жақсы мәнерлі оқитын оқушысының көмегімен бастау.

«Кубтың алты қыры бойынша өлең мазмұнын терең түсіну үшін қамтитын алты сұрақ пен болжамды жауапты алдын-ала дайындаңыз. Дайын жауаптарды әрекет барысында партаның үстіне немесе магнитті тақтаға орналастыру тапсырылады. Әр топ қол көтеріп, өз еркімен кубикті лақтырып, ондағы сұрақтарға жауапты дұрыс, анық, нақты жауап берсе, сол топқа ұпай қосылады.

Куб қырлары:

-салыстыр;

-зертте;

-суретте;

-дәлелде;

-қолдан;


-талда

  • Бес асылды атап бер

  • Бес қашық болатын істер

  • Талап,еңбек дегенді қалай түсінесің?

  • Мал шашпақ деп нені айтты?

  • Өсек пен өтірік асыл іс пе,неге?

  • Адам бойында қандай қасиет болу керек?

Нәфрәтлі, ғибрәтлі сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Мәтін бойынша ситуациялық сұрақтарды алдын- ала дайындалады. Ситуациядан шығу жолдарының нұсқасы ретінде теріп оқу ұсынылады (қойшы, уәзір, хан сөздері).

Мәтін мазмұнын әрі қарай терең түсіну үшін «Рөлдік ойын» ойнауға кейіпкерлердің бетперделерін (маска) алдын ала әзірленеді.

«Семантикалық карта» үлгісі





Авторлар

Мәтін

стилі


Кейіпкерлер

1




+




2







+
















































Сынып оқушылары шағын топтарға бөлінеді. Оқушылар нөмерін анықтайды. Нөмерлері бойынша жаңа топ құрады. Тапсырманың бір бөлігін сарапқа салады. Талқылап болған соң өз топтарына қайтып, өз тобына білгенін баяндайды. Шағын топтан бір адам шығып, сынып алдында жинаған мәліметтерді қорғайды. Әр топқа ортақ бір баға қойылады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен болжамды жауаптар алдын-ала дайындалады.

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді. 1, 2, 3, 4 сандарына саналады. Әр шағын топтағы 1 санды оқушылар бір топқа, 2 , 3, 4 санды топтар бір топқа жиналады. Әр топқа тапсырмалар беріліп, талданады. Бастапқы топқа жиналып, талқыланған сұрақтарды рет саны бойынша өз топ мүшелеріне түсіндіреді.

Мәтін мазмұны бойынша оқушылар шағын топта сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарды топтар – бір біріне қойып, ойлаырмен бөліседі.

Мәтін мазмұнына сәйкес киіз үй жабдықтарының суреттері алдын-ала дайындалады. Әр топқа суреттер үлгілері таратылады. Жоғарыда оқыған мәтін мазмұнымен байланыстырып, жабдықтар атаулары туралы өз ойларын жазады. Бұл жұмысты әр оқушы жеке орындауына болады.

Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеуді жоспарлаңыз. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушылар 4-5-тен топтарға бөлінеді топтағы әр оқушы өзіне қалаған санды таңдайды. Алдын ала мәтін бөліктері бойынша сұрақтар дайындалады. Сұрақ барлық топқа бірдей қойылады. Көршілері естімейтіндей етіп, топтар сұраққа жауапты талқылайды. 1 – 5 дейін санды таңдаңыз, топтың ішінде осы санға сәйкес келетін оқушы өз сөзімен жауап береді.

Мәтін мазмұнының бір бөлігі аяқталғанда фломастер мен парақ беріп иллюстрация жасау ұсыныдлады. Екінші бөлігі оқылып аяқталғанда сахналауға дайындық жасалады. Әр топқа мәтіннің бір бөлігін таңдауына қарай сахналау ұсынылады.

Мәтін мазмұны бойынша суреттер топтамасы дайындалады. Барлық топқа берілетін суреттер бірдей болу керек. Қима қағаздары арқылы немесе бағыттаушы сызықтар белгілеу арқылы доминоны құрастыру беріледі.



Мәтін көркем-бейнелі сөздерді алдын- ала тердіріп, сөйлеу барысында сол сөздерді қолдану керектігі айтылады.



Мысалдан кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін «Ұқсастық пен даралық» кестесіне салуда жалпы ұқсастықтарға мыналарды қамтуға болады.


ұқсастық

даралық

күшті кейіпкерлер (кейде стереотиптерге сай);




барысы, шыңы /шиеленіс,




қорытындысы;

кейіпкерлер өзгереді немесе оларға сабақ беріледі.

































Оқушыларға өз қорытындыларын кестеге жазу тапсырылады.




«Лездеме» әдісінің ережесі:

1. Топ оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөзін түсіндіру үшін бір минут беріледі:

2. Конверттен бір сөзді немесе иллюстрацияларды бір рет алады Сөздің өзін атамай түсіндіреді.

Үлгі: (тоған, мұрап, жер, тамшы, су, жыра, бұлақ, асау өзен, егіс т.б )

3. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді.

Оқушылар тобына ертегіні бөліктерге бөліп алдын ала дайындап қоюға болады. Әр топ өздеріне берілген ертегі бөлімімен танысып, І жаққа өзгертіп рөлге еніп сомдауға дайындалады. Әр топ шығарманың мазмұнын ретімен көрсетеді.

Үйге тапсырма: «Сатып алған аурудың емі табылмас» мақалын үлкендерден сұрап, түсініп келу.

Әдістің сипаттамасы: Мұғалім оқушыларды төртеуден топтарды жұптарға бөледі: А және Б, В және Г. 1 қадам А сұхбаттайды Б-ға, ал В сұхбаттайды Г-ға. 2 қадам керісінше. 3 қадам әр оқушы өз жұбы талқылаған Сұхбатта алдындағы оқиғаларды салыстыра отырып өз ойын, сезімін білдіру керек.

Мұғалім барлық сыныпты шағын топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Бастапқыда барлық топқа жалпы тапсырма беріледі. Талқылау барысында әр топта бір оқушы өз мәтін бөлігі бойынша сарапшыға айналады, жоспар құрады, кейін сарапшы басқа топта оқушылармен жоспарды талқылайды.


«Пікір алаңы» әдісі бойынша «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» «Өмірде осындай жағдайға кезіктіңдер ме?» ой қозғаудың түрткі сұрақтарын ұйымдастыру, соның нәтижесінде мәтіннің мазмұны бойынша оқиғаларға сүйеніп оқыған шығарма бойынша өз пікірін білдіреді.

Оқушыларға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетіңіз. Оқушыларға өлеңді іштей оқып шығуға уақыт беріңіз. Жақсы оқитын бірнеше оқушыға өлеңді мәнерлеп оқытыңыз. «Кездейсоқ таңдау»

әдісі бойынша оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушылар кейіпкерлерді салыстырып, мәтінге сүйене отырып өз ойларын айтады.

Б.Әділовтің «Жақсы мен жаман» мысалын оқып танысқаннан кейін, сұрақтар құрастырады. Кеййіпкерлеріне мінездеме беріп, салыстырады. «Екіжақты қолжазба күнделігін» толтырады.




Мәтіннен үзінді

Қорытынды













Алдын-ала тақырыпқа байланысты таныс әңгімелер, тақпақ, өлеңдерді айтып, оқушылардың қатысуына да мүмкіндік жасалуы керек. Оқушылардың мәнерлеп оқуға деген қызығушылықтары арттырылуы тиіс. Ол үшін сюжеті мен тілі қайталанып келетін мәтін таңдаңыз. Өлең оңай есте сақталатын, оқушылар жаттап, есінде тез сақталатындай оңай болуы тиіс. Мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді немесе бейнебаянды пайдаланады.

«Салыстыру» кестесі


Автор

кейіпкер

Мақал - мәтел










Қорытынды:

Түсініктеме: «Суретті домино» әдісі шығарма мазмұнына сәйкес сюжетті суреттер топтамасы.








Ескертпе: мысал мазмұнына сәйкес сюжетті суреттерді ретімен қояды немесе кейіпкерлерді қима қағаздарлан құрастырады
Оқушыларға мәтінді бөліктерге бөліп ұсынуға болады. INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды – деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге қолайлы. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.


«v»- білемін

«+» – білмеймін

«-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат)

«?» – мені таң қалдырды

























Лото дайындалады (сан, дайын жауап).

Мұғалім сандарға байланысты сұрақтар береді.

Мәтін мазмұнындағы кейіпкерлердің сипаттамалары алдын ала анықталады және оны шолу түрінде таныстырылады. Дауыстап түсініп оқуды жүргізу үшін келесі әрекеттердің бірін таңдап орындалады: тізбектей, шахмат бойынша, мұғалімнің нұсқауымен. Қабілетті оқушыға рөлге бөліп оқу әрекетін тапсыруға болады, қолдауды қажет ететін балаға нұсқаумен оқу ұсынылады.

«Еркін талқылау» әдісін қолдана отырып оқуға ұсынылады. Шығарманы оқи әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау отырып, талқыланады

Көптеген әңгімелерде, әсіресе, дәстүрлі хикаяларда оқырман түсінетін және оны тез арада қызықтыратын бейнелер болады, мысалы қызыл түс – ашу/қауіпті, қараңғылық – қауіп/зұлымдылықты, жарық пен жалын мейірімділікті, үмітті білдіреді. Осы бөлімде қараңғылық пен жарық жағымды мен жағымсыз бейнелер ретінде қолданылады. Батыл кейіпкерлері бар әңгімелерді таңдаңыз. Қараңғылық пен жарық киімдер, түстер және қоршаған орта арқылы көрсетіледі. Кейбір оқиға басындағы жағымсыз кейіпкер соңында жағымды кейіпкерге айналуы мүмкін. Шаблонды қайғылы кейіпкерлері бар әңгімелер мен фильмдерде стереотип болуы мүмкін. Стереотиптердің тез байқалуы оларды қысқа әңгімелер мен анимацияларда қолданудың тиімділігін көрсетеді.

Оқушыларды әртүрлі қабілеттеріне қарай жұптарға бөліңіз. Кейіпкерлердің сөздерін «сөз бұлттары», ойларын «ой бұлттары» және сезімдерін «жүректер» түрінде қағаз арқылы білдіру. Жұптарға кейіпкерлердің не айтқысы келгені, ойлағаны және сезінгені жайлы пікірлерін қағазға жаздырыңыз.

Қалыпты түсіру жоспары: алыстан түсіру, орта қашықтықтан түсіру, жақыннан түсіру не аса жақыннан түсіруді қамтиды. Оқушылардан түсіру тәсілінің қолдану себептері жайында ойлануын сұраңыз. Мысалы: Неліктен режиссер өз фильмінде басты назарды жақыннан түсіруге аударған? (Мысалы, бет көрінісі немесе ойын деталі).

Оқушыларға сызба түрінде қағаздың үлкен беттеріне басты кейіпкерлердің бейнелерін салуды (оқылған материалдар, нақты бір материал,) ұсыну. Суреттердің сыртына кейіпкерлердің белгілі қасиеттерін, ішкі сызбаға олар туралы не ойлайтындығын, не білетіндігін (олардың ойлауынша) жазуын ұсынуға болады. Жазбаша жұмыстың ортақ қатесін ортақ талқылауға болады.


https://www.youtube

Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» бейнебаян


Бояу қарындаштар мен парақтар

Сапарғали Бегалин (Ертегіні ел аузынан жазып алған), немесе Ертегілер әлемі кітабынан

К.Оразалиннің шығармалары

Ресурсқа киіз үй және жабдықтарының суреттері берілу керек

Ахмет Байтұрсыновтің шығармалар жинағы

https://vk.com/video241175404_168302229

Иллюстрация үшін қажетті фломастер мен флипчарттар

Шешендік сөздер

Б.Әділовтің «Жақсы мен жаман» мысалы (47 мысалынан)
А. Құнанбаев щығармалары

https://www.youtube

Абай Құнанбаев «Адам болам десеңіз» бейнебаян

Ақан Серінің «Жақсы мен жаман» өлеңі

massaget.kz сайтынан

А.Байтұрсынов шығармалары

С.Жүнісовтің шығармаларынан

«Білгеннің пайдасы» , 161-164-бб.

Кейіпкерлердің тиісті қысқаша сипаттамалары:
http://www.youtube.com/watch?v=lPV46lroCqQ

Өзге де әңгімелер топтамалары:


http://www.amazon.co.uk/Dark-Rising-Sequence-Greenwitch-Silver/dp/1442489677/ref=sr_1_1?s=books&ie=UTF8&qid=1371044533&sr=1-1&keywords=dark+is+rising+sequence



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет