Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Статистика»



бет1/7
Дата04.11.2023
өлшемі70,5 Kb.
#189801
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-19066
ИП-МВТПОнк-21-1-Махаматдин Ф. (1), Экономикалық дамудың кластерлігін принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, физика 10сынып, Мадина

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

«Статистика» пәні бойынша


СӨЖ
Тақырыбы: «Ұлттық шоттар жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіштер»
Орындаған:


Тексерген:

Алматы, 201_ ж.




Жоспар:

1. Өндіріс шоты


2. Аралық тұтыну
3. Табыстардың құралу шоты
4. Салыстырма (өткен жылғы) бағаларға қайта бағалау

Ұлттық шоттар жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіштер

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын Ұлттық шоттар жүйесі 1993 жылғы ҰШЖ тұжырымдамаларына негізделген. Ол нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде тұрған елдің экономикасын ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып құрылған.


Ұлттық шоттар жүйесінің мәні экономика салаларының ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі сатыларындағы дамуының жинақтап қорытылған көрсеткіштерін есептеп шығаруға және осы көрсеткіштердің бір-бірімен өзара үйлесуіне саяды. Ұдайы өндірістің әрбір сатысына арнаулы шот немесе шоттар тобы сәйкес келеді. Осылайша, өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының қозғалысын, сондай-ақ өндіруден пайдалануға дейінгі қосылған құнды бақылап отыру мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтер шотын, өндіріс шотын, табыстарды бөлу және пайдалану шоттарын, жинақтау шоттарын есептеу жүзеге асырылған.
Тауарлар мен қызметтердің шоты өзіндік жиынтық кесте болып табылады. Ол басқа да барлық шоттар сияқты екі бөліктен тұрады: «ресурстар» бөлігінде тауарлар мен қызметтердің шығарылымы және импорты, өнімдерге және импортқа салынған салықтар, өнімдерге арналған субсидиялар, ал «пайдалану» бөлігінде – тұтынуға (аралық және түпкілікті) арналған тауарлар мен қызметтердің пайдалану көлемі, негізгі және айналым капиталының қорланымы, экспорт көрсетіледі.
Өндіріс шоты тікелей өндіру процесіне қатысты операцияларды қамтып көрсетеді. Бұл шотта экономика дамуының жинақтап қорытылған аса маңызды көрсеткіштерін – жалпы ішкі өнімді есептеп шығарудың негізін құрайтын қосылған құн анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет