Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Статистика»



бет7/7
Дата04.11.2023
өлшемі70,5 Kb.
#189801
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-19066
ИП-МВТПОнк-21-1-Махаматдин Ф. (1), Экономикалық дамудың кластерлігін принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, физика 10сынып, Мадина
Бағалау принципі. Жүйеде ағымдағы бағадағы бағалау негізінен операцияларда пайдаланылатын бағалар бойынша жүзеге асырылады.
ЖІӨ-ні өндіру және пайдалану өнімді өндіру немесе пайдалану жататын кезеңде басым болған ағымдағы рынок бағаларында бағаланады.
Экономиканың әртүрлі салаларында өндіріс құрылымы мен табыстың құралуына салықтар мен субсидиялардың түрлі ставкаларының ықпалын жою үшін салалық көрсеткіштер негізгі бағалар бойынша бағалауда келтіріледі.
Негізгі баға – өндірушінің тауар мен қызметтің бірлігіне алатын, өнімге және импортқа салынатын кез келген салықтар қосылмаған, бірақ өнімге және импортқа берілетін субсидиялар есептелген бағасы.
Рыноктік емес тауарлар мен қызметтер рынокта өткізілетін осындай тауарлар мен қызметтердің рыноктік бағасын пайдаланып, егер оны белгілеу мүмкін болса, немесе рыноктік баға жоқ болған жағдайда өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағаланады (атап айтқанда, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметі де осылай бағаланады).
Ағымдағы бағалардағы барлық көрсеткіштер, соның ішінде материалдық айналым құрал-жабдықтары қорының өзгеруі мен негізгі капиталды тұтыну көрсеткіштері қаралып отырған кезеңдегі орташа бағаларда есептеледі.
ҰШЖ бойынша есептеулерде шығарылым, аралық тұтыну, пайда және материалдық айналым құралдарының өсуі холдинг пайдасынсыз (залалынсыз) есептеледі, ол өнімнің қорда тұрған кезеңінде оған бағаның өзгеруі нәтижесінде құралған өнім құнының шамасын көрсетеді. Инфляция жағдайында холдинг пайдасы (залалы) айтарлықтай елеулі болуы мүмкін.
Салыстырма (өткен жылғы) бағаларға қайта бағалау өндірілген жалпы ішкі өнім бойынша да, сол сияқты оны пайдалану көрсеткіштері бойынша да жүргізіледі. ЖІӨ өндіру көрсеткіштерін салыстырма бағаларға қайта бағалау қос дефляторлау әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл орайда салыстырма бағалардағы қосылған құнның шамасы салыстырма бағаларда бағаланған шығарылым құны мен аралық тұтыну құнының арасындағы айырма ретінде шығады.
Шығарылым мен аралық тұтынуды салыстырма бағаларға қайта бағалау екі әдісті пайдалану арқылы жүргізіледі:
- есепті кезеңдегі деректерді тиісті баға индекстерімен ағымдағы бағаларда дефляторлау;
- базистік жылдағы деректерді нақты көлем индекстерімен немесе заттай индикаторлармен ағымдағы бағаларда экстраполяциялау.
ЖІӨ-ні пайдалану көрсеткіштерін салыстырма бағаларға қайта бағалау үшін тиісті баға индекстері (тұтыну бағаларының индексі, күрделі қаржы жұмсалымы бағаларының индексі және т.б.) және заттай индикаторлар қолданылды.
ЖІӨ индекс-дефляторы – ағымдағы бағаларда есептелген ЖІӨ-нің, өткен кезеңнің салыстырмалы бағаларында есептелген ЖІӨ-нің көлеміне қатынасы. ЖІӨ дефляторының тауарлар мен қызметтер бағасының индексінен айырмашылығы, ол баға өзгеруінің нәтижесінде еңбекақының, пайданың (аралас табыстарды қоса) және негізгі капиталды тұтынудың, сондай-ақ таза салықтардың атаулы жиынының өзгеруін сипаттайды.


Қолданылған әдебиеттер

1. Әміреұлы Ы. , «Статистиканың жалпы теориясы» оқу құралы, Алматы, Экономика 1998


2. Кесікбайұлы Ө., Өскенбайұлы М., «Статистиканың жалпы теориясы» оқу құралы, Алматы, Ғылым 1998

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет