Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Статистика»



бет4/7
Дата04.11.2023
өлшемі70,5 Kb.
#189801
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-19066
ИП-МВТПОнк-21-1-Махаматдин Ф. (1), Экономикалық дамудың кластерлігін принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, физика 10сынып, Мадина
Бастапқы табыстарды бөлу шоты резиденттер арасындағы (институционалдық бірліктер немесе секторлар) өндірістік қызмет пен меншіктен алынған бастапқы табысты бөлуді сипаттайды.
Меншіктен түскен табыстарға институционалдық бірліктердің қаржы активтерін, жерді және басқа қаржыға жатпайтын активтерді (жер қойнауы және басқа табиғи активтер, патенттер, лицензиялар және т.б.) пайдалануға беруіне байланысты алатын немесе төленетін табыстары кіреді.
Бастапқы табыстар сальдосы институционалдық бірліктердің – резиденттердің меншіктен өндіріске қатысуының нәтижесінде құралатын табыстарды сипаттайды. Олар бірліктер-резиденттер алған және төлеген барлық бастапқы табыстардың арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы негізде анықталған, яғни негізгі капиталды тұтынуды шегергенге дейінгі бастапқы табыстар сальдосы тұтастай экономика деңгейінде жалпы ұлттық табысқа тең. Таза негізде анықталған, яғни негізгі капиталды тұтынуды шегергендегі бастапқы табыстар сальдосы таза ұлттық табысқа тең.
Табыстарды қайталама бөлу шоты ағымдағы трансферттердің түсуі және табысталуы нәтижесінде секторлардың бастапқы табыс сальдосының олардың қолдағы табысына айналуын көрсетеді.
Трансферт бір институционалдық бірліктің екінші бірлікке орнына тауар, қызмет немесе актив түріндегі өтем алмай-ақ, тауар, қызмет немесе актив (қаржылық немесе қаржыға жатпайтын) беру операциясы. Трансферт ағымдағы және күрделі деп бөлінеді. Олар ақшалай және заттай нысанда жүргізілуі мүмкін.
Ағымдағы трансферттің мынадай негізгі түрлері бар: табысқа, байлыққа және т.б. салынатын ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударым, әлеуметтік жәрдемақылар, капиталдық сипаты жоқ ерікті жарналар мен сыйлықтар, айыппұлдар және т.б.
Институционалдық бірліктің түпкілікті тұтыну және жинақтау үшін қолда бар табысы қолдағы табыс болып саналады. Ол бастапқы табыстан минус ағымдағы трансферт ретінде берілген табыс, плюс алынған ағымдағы трансферттің сальдосына тең. Барлық институционалдық бірлік-резиденттердің қолдағы табыстарының сомасы жалпы ұлттық қолдағы табысқа тең.
Пайдалану сатысындағы жалпы ішкі өнім тауарлар мен қызметті түпкілікті пайдалану, жалпы қорлану және таза (импортты шегергендегі) экспорт сомасы ретінде есептеп шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет