Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Статистика»



бет5/7
Дата04.11.2023
өлшемі70,5 Kb.
#189801
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-19066
ИП-МВТПОнк-21-1-Махаматдин Ф. (1), Экономикалық дамудың кластерлігін принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, физика 10сынып, Мадина
Қолдағы табысты пайдалану шоты үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін үй шаруашылықтары, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) өздерінің қолда бар табысын түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстар мен жинақтау арасына қалай бөлетіндігін көрсетеді.
Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарынан, мемлекеттік мекемелердің дербес тауарлар мен қызметтерге, ұжымдық қызметтерге түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарынан, сондай-ақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарынан құралады.
Бұндай топтастыру түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарды кімнің қаржыландыратынын көрсетеді.
Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарына үй шаруашылықтарының барлық сауда кәсіпорындарынан, қала базарларынан және ұйымдаспаған (көшедегі) сауда арқылы, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарынан, көлік, байланыс кәсіпорындарынан, қонақ үй, ақылы мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінен тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ өзі үшін өндірілген (жекеше қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдері, жеке меншік үйінде тұруы бойынша шартты есептелген қызметтер) және еңбекақы ретінде заттай нысанда алынған тауарлар мен қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығыстар жатады.
Мемлекеттік мекемелердің дербес тауарлар мен қызметтерге түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары мемлекеттік мекемелердің жеке тұтынуға арналған тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарынан тұрады. Мұндай шығыстар Мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік мекемелердің ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарына жекелеген үй шаруашылықтарының емес, тұтастай қоғамның немесе халықтың жекелеген топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, Мемлекеттік бюджет есебінен қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар қызметі кіреді. Бұл көрсеткішке қорғанысқа, жалпы мемлекеттік басқаруға, шоссе шаруашылығы, сондай-ақ рыноктық емес ғылымға, коммуналдық шаруашылыққа, ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін ұйымдар қызметіне жұмсалатын шығыстар қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет