Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Статистика»


Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары



бет6/7
Дата04.11.2023
өлшемі70,5 Kb.
#189801
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-19066
ИП-МВТПОнк-21-1-Махаматдин Ф. (1), Экономикалық дамудың кластерлігін принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, физика 10сынып, Мадина
Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары – қоғамдық ұйымдардың үй шаруашылықтарына тегін ұсынылатын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстары. Бұған тағы да білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қызметкерлеріне тегін көрсететін қызметтері қосылады.
Капиталмен жасалатын операциялар шотының негізгі рөлі - операция барысында институционалдық бірліктер-резиденттер сатып алатын немесе өткізетін қаржылық емес активтердің құнын, сондай-ақ жинақтау және күрделі трансферттерге байланысты капиталдың таза құнының өзгеруін көрсету.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы резиденттік бірліктердің негізгі капитал объектілеріне оларды өндірісте пайдалану жолымен болашақта жаңа табыс құру үшін қаражат жұмсауы болып табылады.
Материалдық айналым құрал-жабдықтары қорының өзгеруіне өндірістік қордың, аяқталмаған құрылыстың, алып-сату үшін дайын өнімдер мен тауарлардың өзгеруі кіреді.
Берілген кезең ішіндегі қор құнының өзгеруі баға ықпалын жою үшін қаралып отырған кезеңдегі орташа рыноктік бағаларда бағаланған кезеңнің басы мен аяғындағы босалқы қорлар құнының арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады.
Күрделі трансферттер активтерге (қолма-қол ақша және материалдық айналым қаражатынан басқа) меншік құқығын немесе оларды бір институционалдық бірліктен екіншісіне сатып алу үшін қаражатты өтеусіз беру болып табылады. Күрделі трансферттер әдетте операцияға қатысушылардың активтерді сатып алуымен немесе шығуымен байланысты бір жолғы және шамасы жағынан елеулі операциялар болып табылады. Олар капиталға салынатын салықтарды, инвестициялық субсидияларды, өзге де күрделі трансферттерді қосады.
Таза кредит беру (+) немесе таза қарыз алу (-) қаржыға жатпайтын активтерді таза сатып алуға жұмсалған шығыстармен салыстырғанда қаржыландыру көздерінің асып түсуі немесе тапшылығы болып табылады. Тұтастай экономика деңгейінде таза кредит беру немесе таза қарыз алу елдің «басқа елдердің» иеленуіне беретін немесе «басқа елдердің» елге беретін ресурстар санын көрсетеді.
Таза экспорт экспорт пен импорт арасындағы айырма ретінде есептеп шығарылады және оған Қазақстанның шет елдермен, ТМД елдерін қоса, сауда айналымы кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет