Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Статистика»


Шығарылым есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтықты құнын көрсетеді. Тауар өндіруге



бет2/7
Дата04.11.2023
өлшемі70,5 Kb.
#189801
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-19066
ИП-МВТПОнк-21-1-Махаматдин Ф. (1), Экономикалық дамудың кластерлігін принципі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, физика 10сынып, Мадина
Шығарылым есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтықты құнын көрсетеді.
Тауар өндіруге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, құрылыс сияқты салалар кіреді.
Қызмет көрсетулерді өндіруге көлік, байланыс, сауда, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, банктер көрсететін қызметтер және т.б. қызметтер жатады.
Аралық тұтыну есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құнына тең. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтыну құрамына кірмейді.
Аралық тұтыну құрамына қаржы делдалдығының (банктердің) жанама-өлшемді қызметін тұтыну жеке жайғасым болып енеді.
Жалпы қосылған құн салалар деңгейінде тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады. «Жалпы» термині өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құны көрсеткішке қосылатындығын көрсетеді.
Өнімдерге салынған салықтарға мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар кіреді. Өнімдерге салынатын салықтарға қосылған құн салығы, акциздер, отынға салынатын салық және басқалары кіреді. Импортқа салынатын салықтар – бұл шетелдерден әкелінетін тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар.
Өнімдерге салынған cубсидиялар – кәсіпорындарға олар тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін өндірген жағдайда Мемлекеттік бюджеттен берілетін ағымдағы өтеусіз төлемдер.
Жалпы ішкі өнім өндіріс сатысында жалпы қосылған құнды салалар бойынша жиынтықтау жолымен алынады. Жалпы ішкі өнім рынок бағасы бойынша есептеп шығарылады, яғни өзіне өнімдерге және импортқа салынған таза салықтарды қосады. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді. Бұл – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Табыстардың құралу шоты институционалдық бірліктердің – тауарлар мен қызметтер өндіруге тікелей қатысатын резиденттердің бастапқы табыстарын төлеуді көрсетеді.
Институционалдық бірлік, егер елдің аумағында оның экономикалық мүдделер орталығы болса, яғни ол, әдетте бір жылға теңестірілетін ұзақ уақыт кезеңі ішінде экономикалық қызметтің немесе операциялардың қандай да бір түрімен айналысса немесе айналысуды ойласа, онда ол ел экономикасының резиденті болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет