Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым



бет11/15
Дата19.11.2019
өлшемі1,19 Mb.
#52088
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Muzyka Metodika 5 Kaz-1 (2)


Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі көбірек ұнады?

№ 5-6 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көңілді ырғақтар»
Мақсаты: Музыка сипатын ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту. Көңілді әуенге қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: қарапайым шығармалардағы эмоционалды мазмұндарды ажыратады; ән орындайды.
Түсінеді: бидің вальс, полька, халық биі сияқты жанрлары болатынын.

Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды.
Қолданылатын көрнекті құралдар: би жанрлары, бишілердің суреттері бейнеленген иллюстрация, балалар музыкалық аспаптары - бубендер мен металлофондар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: би – танец – dance.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына көнілді әуенімен кіреді. Жүру, жүгіру.


  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Биімді қайтала» (үнтаспада, педагогтің таңдауымен).
Балалар шеңбер бойымен тұрады, үнтаспада «Буги-буги», «Егер саған ұнаса» т.б.
би әуендері ойналып, ортаға шыққан бастаушы-«бишінің» қимылдарын дәл қайталау. Музыка тыңдау: «Вальс» Қ. Шілдебаев, «Полька» М. Красев, «Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев).
Балаларға би туралы мәліметтер беріп, бидің түрлерінен үзінділер тыңдату.
Билер ұлттық билер, көңілді полька биі, шыр айнала билейтін вальс болып бөлінеді. Вальс биінде жұптасып, қалықтап айналып билейді, полькада аяқты тізеден көтере жеңіл секіреді, ал «Қамажай» – қазақ халқының ұлттық биі екендігін түсіндіру.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу. Ән айту: «Мен өнерлі баламын» (М. Омаров)

Ән орындау кезінде айғайламай, бір-бірін тыңдап, үндесе айтуды қадағалау.

Таныс «До-ре-ми» әнін (Ө. Байділдаев) қайталау, сөздерін анық, таза орындауға үйрету.

Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені).
Би қимылдарын еске түсіру, еркін, өз беттерімен орындауға баулу. Ойындар, хороводтар: «Ән салған кім? (А. Райымқұлова) Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Балалардың ойынға белсене қатысуларын қадағалау.

Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.


Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
24

  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды.


  • Бүгінгі күніміз өте көңілді болды.

  • Бәрің өнерлі екенсіңдер, жарайсыңдар!

№ 7-8 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Біздің аспаптар»
Мақсаты: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату.
Міндеттері: Ұлттық домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Балалардың музыка аспабына деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әннің дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады.
Түсінеді: регистр деген не екенін.

Қолданады: ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды.

Қолданылатын көрнекті құралдар: Құрманғазының суреті, балалар музыкалық

аспаптары: бубендер мен металлофондар, нота хрестоматиясы.



Полилингвальді компонент: аспаптар – инструменты – instruments.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (В. Дешевов).
Әуенді тыңдап, ырғақты сезіне жеңіл жүруге дағдыландыру.

Марш екпінімен тізені көтере адымдай басу, бірге қимылдауды үйрету.



1-2 такт. Шеңбер бойымен қозғалмай тұру.

3-18 такт. Әуенінде шеңбер бойымен адымдай басып, жүру.
Әуен екінші рет қайталанғанда 3-16 тактіде шеңбер ішіне бұрылып тұрып, бір орында адымдау.
Музыка тыңдау: «Балбырауын» (Құрманғазы).

Композитор туралы мағлұмат беру, суретін көрсету. Құрманғазының күйлеріне тоқталу.

Күйдің шығу тарихын айтып беру.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Балдырғандар әні» (Г. Жотаева).

Әнді орындап, сипаты мен мазмұнына мән беріп, талдап, әңгімелеу.

Әнді орындау кезінде бір-бірін тыңдап, үндесіп айтуға көңіл аудару.

Таныс «Мен өнерлі баламын» әнін (М. Омаров) қайталау, әнді үйренуді жалғастыру.

Жеке және хормен айту.
Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш», «Жұптасу биі» (чех халық әуені).
Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай).
Педагог шығарманы орындайды. Жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажыратуды үйретеді. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.


  1. Рефлексия

25

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.



  • Қандай музыкалық аспаптарда ойнадыңдар?




  • Кімге қандай музыкалық аспаптар ұнады?

№ 9-10 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі серуен»
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау. Музыка тыңдау арқылы күз көріністерін сезіне білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп, ән орындайды.
Түсінеді: музыка сипатына сәйкес қимылдарды өзгерту.

Қолданады: музыкалық аспаптарда жеке және бүкіл топпен ойнайды.

Қолданылатын көрнекті құралдар: күзгі бақтың суреттері, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: әуен – мелодия – melody.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).
Марш екпінімен тізені көтере адымдай басуды, бірге қимылдауды үйрету.

Педагог балалармен күзгі серуен туралы әңгіме өткізеді.



Музыка тыңдау: «Қазан» (П. Чайковский).

Балаларға музыканы тыңдатып, күздің қандай құбылыстарын елестете алғанын сұрау.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Күзгі әуен» (А. Досмағанбет).
Педагог әнді орындайды. Әннің мазмұнына көңіл бөліп, күз көріністерін елестету, шумағын жәй, сабырмен орындау.
Үйренген «Балдырғандар әні» әнін (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш», «Билеп үйренейік» жинағынан). Би қимылдарын үйренуді жалғастыру, еске сақтауға үйрету.

Ойындар, хороводтар: Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева).
Ойын шартын түсіндіріп, атрибуттарды пайдаланып ойнау. Қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай). Балаларды музыкалық ұрмалы аспаптарында әуен ырғағымен еркін ойнауға үйретуді жалғастыру.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі ұнады?

26

№ 11-12 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күз – жомарт»

Мақсаты: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру.
Міндеттері: Күйші Тәттімбет шығармашылығымен таныстыру. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айтуға үйрету.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажыратуға дамыту. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту. Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғампаздығын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: күйді тыңдайды, ажыратады, әндерді орындайды, музыкалық тіркестерге
сәйкес қозғалыстарды өзгертеді.
Түсінеді: күй жанрының ерекшеліктерін.
Қолданады: музыкаға сәйкес қимылдар және би қимылдарының элементтерін орындайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күйші Тәттімбеттің портреті, күзгі жайлауды бейнелейтін суреттер, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: жомарт – щедрая – generous.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына көңілді, екпінді музыка үнімен кіреді.
Үнтаспада көңілді әуен (педагогтің таңдауы бойынша).

Күй тыңдап тамаша,

Әуенге ілесіп,

Түрленіп, иіліп,

Билейік жараса! –

деп балаларға өз беттерінше таныс би қимылдарын орындап, билеуді ұсынады.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Жеңіл би» (Т. Ломова).
Балалар шеңбер бойында аяқтың ұшымен жүгіреді де, тоқтайды. Орындарында тұрып серіппе жасап, шеңбердің ортасына жиналып, қолдарын шапалақтайды да, артқа шегінгенде аяқты топылдатып қимылдар жасайды.
Музыка тыңдау: «Саржайлау» (Тәттімбет). Күй өнері туралы түсінік беру.

Күй – халық музыкасы. Балаларға жұмбақ жасырып, тапқырлықтарын сынайды.

Ұзын мойын, екі ішек.

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп,

Күй шығады күмбірлеп. (Домбыра)

Күйді домбыра аспабында орындайды. Күй тыңдауды ұсынады.
Музыка тыңдай отырып балалардың көз алдына не елестете алғанын сұрақ-жауап арқылы талдау жасау. Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерін көрсету. Ән айту: «Күзгі әуен» (А. Досмағанбет).
Өткен оқу қызметінде үйренген әнді әрі қарай жалғастыру.

Күз көріністерін елестете отырып әнді баяу, сазды етіп орындау.


Таныс «Балдырғандар әнін» (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
27

Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» «Билеп үйренейік» жинағынан).

Би элементтерін еске сақтауға, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.

Ойындар, хороводтар: «Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев).

Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар шеңбер бойымен жүріп,


ән мәтініне сай қимылдар жасайды. Ойынға белсене қатысуға, әуен ырғақтырын ажырата білуге үйрету.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балалардан бүгінгі оқу қызметінде қандай музыка тыңдағандарын, үйренген әннің аталуын, мазмұнын сұрау. Балаларды мадақтау.

№ 13-14 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр»
Мақсаты: Музыканың сипатын түсініп, эмоцияларын көрсете білуге дағдыландыру. Міндеттері: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің шаттық күйін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: шығарманың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады, әндерді орындайды.
Түсінеді: музыка өзгерген кезде ойын қимылын да өзгертуді.
Қолданады: мәнерлі қимылдарды орындайды, ойынға қатысады, қолшатырмен би билейді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттер, қолшатырлар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: жаңбыр – дождь – rain.
ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.




  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңд. Т. Ломова).
Балалар музыканы тыңдайды, көңілді ырғақпен тізені жоғары көтеріп секіреді, серіппе

жасайды, шапалақтайды, аяқ топылдатады.



Музыка тыңдау: «Жаңбыр шақыру» (Д. Ботбаев).

Әуендегі жаңбыр дауысын, тамшылардың дыбысын балаларға сезіндіру.


Күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттерін көрсету. Күз ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Жауын жауған кезде тағы қандай құбылыстардың болатынын сұрап, жауаптарын толықтыру. (Найзағай жарқылдап, күн күркірейді).
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев).

Педагог өлең жолдарын оқиды.

Күркіреді күн, күн,

Терезелер шың, шың,

Жауды жаңбыр төк-төк,

Шелек-шелек көп, көп.


28

Жон арқаңды тос, тос,

Күнбағыс, тез өс, өс.

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әуеннің сипатын, екпінін, көңіл күйін ажырату. Балалардан жаңбырдың қандай пайдасы бар екенін сұрау. Әнді көңілді, жеңіл айтуға жетелеу.
Үйренген «Күзгі әуен» әнін (А. Досмағанбет) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Көңілді қолшатырлар биі» (педагогтің таңдауымен үнтаспада). Қолшатырдың көмегімен балалар жаңбырдан қалай қорғанатынын би қимылдары арқылы көрсетуге тырысады.
Ойындар, хороводтар: «Күн мен жаңбыр».

Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Музыка әуенінің ауысуына балалардың тез бейімделуін қадағалау.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі ҰОҚ-да не ұнады?




  • Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар екен?

№ 15-16 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Сабантойды тойлаймыз»
Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.
Міндеттері: Қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажырату. Музыка сипатына сәйкес қимылдар орындау.
Ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу.

Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.

Балаларға сабантой мерекесінің мазмұнын таныстыру.

Мерекелік көңіл күй сыйлау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды.
Түсінеді: қарапайым музыкалық терминдерді.
Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды. Қолданатын көрнекті құралдар: күйші Дина Нұрпейісованың портреті; «Сабантойда» атты тақырыптағы суреті, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: мереке – праздник – celebration.
ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді, аяқты нық басып, музыка ауысқанда жеңіл әуенмен аяқтың ұшымен жүгіреді.


2.Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).

Шығарманың 1-бөлімінде балалар зал ішінде шеңбер бойымен екеуден қол ұстасып,


жай жүреді. Әуеннің 2-бөлімі орындалғанда зал ішінде біреуден жеңіл секіре басып шашырап жүреді. Әуен рет 2-3 рет қайталанады.
29

Балалармен сабантой туралы әңгіме өткізіп, ол мерекенің қандай кезде болатынын, не үшін тойланатыны туралы мәлімет беру.


Суреттерден әңгіме құрастыру, балалардың тіл байлығын жетілдіру.

Музыка тыңдау: «Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова).

Күйді тыңдай отырып алған әсерлерін ортаға салу, күйдің мағынасын түсіндіру.

Д. Нұрпейісова туралы мәлімет беру, портретін көрсету.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Сабантой» (Е. Хасанғалиев).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір-бірін тыңдай отырып, айғайламай, дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен айтуға үйрету.
Үйренген ән «Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Көңілді қолшатырлар биі» (педагогтің таңдауымен үнтаспада).

Би элементтерін мәнерлеп орындауға үйрету.

Еске сақтауға, ырғақты сезіне орындауға қалыптастыру.
Ойындар, хороводтар: «Теңге алу» – қазақтың ұлттық ойыны.

(Күй «Адай» Құрманғазы, үнтаспадан).

Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Балаларды ептілікке, батырлыққа, табандылыққа баулу.

Ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай кезеңі сендерге көбірек ұнады?

№ 17-18 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Елтаңбасы елімнің»
Мақсаты: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру.
Міндеттері: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Балаларды музыка арқылы бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: шығарманы тыңдайды, сипаттайды; дауысқа күш түсірмей ән орындайды.
Түсінеді: қарапайым музыкалық терминдерді.
Қолданады: мәнерлі қимылдарды және би қимылдарының элементтерін орындайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: рәміздер суреттері немесе слайд арқылы көрсету; нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: елтаңба – герб – emblem.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» (Л. Бетховен).
Көңілді әуен ырғағына сәйкес шеңбер бойында би қимылдарын орындау.
30

Музыка тыңдау: «Аққу» (Н. Тілендиев, үнтаспа).

Балалардан музыка тыңдай отырып көз алдарына не елестеткенін сұрау.


  • Күй қалай орындалды, күйдің көңіл күйі қалай? Рәміздер суреттері немесе слайд арқылы көрсету. Рәміздер туралы әңгіме өткізу.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу. Ән айту: «Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров).


Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.

Ән орындау кезінде иықты көтермей, денені тік ұстау керектігін еске салу.


Әнді айғайламай, дауысқа күш түсірмей, орташа дауыспен, аккомпанементті ести отырып айту керектігін естен шығармау.
Үйренген ән «Сабантой» (Е. Хасанғалиев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Асатаяқ биі» қыздардың қатысуымен («Билеп үйренейік» жинағынан).
Ойындар, хороводтар: «Аспаптардың дауысын ажырату». Ойын ойнап көрейік, Көңілденіп жүрейік.
Аспаптардың дауысын Ажыратып көрейік.

Педагог ойын шартын түсіндіреді.




  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі ҰОҚ не ұнады?




  • Үйренген әніміздің қалай аталады?




  • Қандай музыка тыңдадыңдар?

№ 19-20 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Гүлдене бер, Нұр-Сұлтан»
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауды дамыту. Балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән орындайды, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айтады.
Түсінеді: ән айту дағдыларын, ережелерін.
Қолданады: халық би қимылдарының элементтерін, музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерінің иллюстрациялары; ойыншық домбыра; нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: астана – столица – capital.

ҰОҚ барысы
31

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларды марш ырғағымен күтіп алады.
«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай).

Әуенінің сипаттамасына сәйкес ырғақтық қимылдарды мәнерлеп жасауға үйрету.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Құстар» (Т. Ломова)
Балаларға өз қалауы бойынша таныс би қимылдарын орындауды ұсыну.

Би шығармашылығына баулу, мәнерлеп билеуге үйрету.

Балаларды интерактивті тақтадан елордамыз Нұр-Сұлтан қаласымен таныстырып,

ондағы көрікті жерлерді атап көрсету.


Биік ғимарат – Бәйтерекпен таныстыру.

Музыка тыңдау: «Асқақта, Астана» (А. Әлиев).

Тыңдаған ән туралы балалардың әсерін тыңдау.



  • Музыка қандай көңіл күйде жазылған?

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Астана» (А. Досмағанбет).
Әннің сипаты, екпіні, мәтіні туралы әңгімелеу. Жаңа әнді еркін, айғайламай, табиғи дауыспен бір-біріне құлақ сала тыңдап қосыла айтуға үйрету.
Үйренген ән «Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Асатаяқ биі» қыздардың қатысуымен. («Билеп үйренейік» жинағынан).

Айналма, ашамай, сырға, толқын, ирек, буын би элементтерін мәнерлеп жасауға үйрету.

Ойындар, хороводтар: «Мен күйшімін».
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Ойынға ойыншық домбыра аспабы қолданылады. Балалар шеңбер бойымен отырып, бастаушы «күйші бала» күйге ілесе домбырада «ойнайды». Күй тоқталғанда, шеңберде отырған қай бала бірінші орнынан тұрса, сол бастаушы-«күйші» болады.
Ойын шартын сақтап, белсене қатысуларын қадағалау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет