БАҒдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері


тақырып Оқушылардың оқуын мотивациялау



бет3/11
Дата10.06.2017
өлшемі3,7 Mb.
#18709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

тақырып Оқушылардың оқуын мотивациялау.

Оқушылардың танымдық әрекетінде, үлгерімінде мотивтердің атқаратын рөлін тудыру жолдары.

Мотив және қызығушылықтың өзара байланысы. Мотив түрлері: әрекетке итермелейтін және оқушыға қажетті, ішкі, сыртқы.

Мотивтерді зерттеу әдістері: қолайлы жағдай тудыру, аяқталмаған сөйлемдер, әңгімелер сурет бойынша әңгіме т.б.

Мотив және оқушының белсенділігі.Мотивтерді тудырудағы мұғалімнің рөлі.Тренинг. Оқушының жетістіктерін мотивациялау, оқушының жетілуіне кедергі жасайтын себептер.



12. тақырып. Оқушылардың үлгермеушілігі, үлгермеу себептері

Үлгермеушіліктің алдын алу жолдарын көрсету, үлгермеушілікті болдырмауды қарастыру.

Үлгермеушілік деген не? Олардың болу себептері . Зерттеген ғалымдар .Мұғалімнің жұмысына байланысты кемшіліктерді атау, алдын алу жолдарын белгілеу.Ата-аналардың тәрбиесіне байланысты кемшіліктердің алдын алу жолдары.Мектеп әкімшілігіне байланысты жіберілген қателіктердің алдын алу жолдарын көрсету.



  1. тақырып. Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау, бағалау

Білімді тексеру мен бағалаудың жаңа түрлерімен таныстыру, ерекшеліктерін анықтау, пайдалану білігін қалыптастыру.Рейтинг тестік жүйенің өмірге келуі.Білімді бағалауда «5» балдық жүйенің кемшіліктері.

Рейтинг-тестік бақылаудың түрлері .Оқушылардың білімін бағалауда бүгінгі кездесетін формализм.Білімді бағалаудың тәрбиелік мәні.




  1. тақырып. Мектепте білім беру саласының мониторингі

Сабақта оқушының үлгерімін, белсенділігін тудыру үшін мониторинг жүргізудің қажеттілігін көрсету. Мониторинг . Оларды зерттеген ғалымдар. Мониторингілеудің деңгейі.

Оқушы дамуының мониторингісі. Мониторинг және рейтингтік бағалаудың бір- бірімен байланыста.



  1. тақырып. Оқытудың педагогикалық технологиялары.

Технология туралы ұғым, артықшылықтары. «Әдістеме» және «технология» ұғымдарының айырмашылықтарына сипаттама.Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.Оқытудағы технологиялық процестерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары. Педагогикалық технологиялардың мәнін ашу. Дәстүрлі технология және оның негізгі белгілері. Оқытудың дәстүрлі формасының даму тарихы. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары. Дамытп оқыту технологиясының мәні мен сипаты. Педагогикалық жаңалықтар, озат тәжірибе, ынтымақтастық педагогика ұғымдарына түсініктеме беру. Озат тәжірибелі педагогтың Ш.А.Амонашвили, Е.Н.Ильин т.б. педагогика ғылымына қосқан үлестері. Оларға тән ортақ идеялары.Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың белсенділігін тудырудағы орны.



  1. тақырып . Педагогикалық инновациялар.

Білім беру саласында инновациялық идеяларды іске асыруда түрлі типті мектептердің рөлі. Инновациялық типтегі мектептердің мақсат, міндеттері. Инновациялық мектеп түрлері,

даму ерекшеліктері. Инновациялық мектептердің болашағы. Инновациялық бағытта қызмет атқаруда мұғалімнен ғылыми ізденісі, шығармашылық дамуы.Мұғалімнің инновациялық қызметінің мақсаты, мәні.Инновациялық белсенділік деңгейлері.Инновациялық бағытта жұмыс атқаруға даярлықты қалыптастыру моделі.





  1. тақырып . Оқу процесінде оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастыру.

Ынтымақтастықта оқытудың негізгі идеяларымен таныстыру, дәстүрлі оқытқан айырмашылығын көрсету.Ынтымақтастықта оқытудың шығу, даму тарихы, негізгі идеялары.Ынтымақтастықта оқытудың түрлері.STL – командада оқу идеясы.

(ажурная пила) «ара» әдісі. Топтық зерттеу жұмысы. Ынтымақтастық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы.Ынтымақтастықта оқытуды ұйымдастыру әдістері. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің тәрбиелік мүмкіндіктері.




  1. тақырып . Оқушылардың ақыл -ой әрекетін қалыптастыру жүйесі

Оқытуда уақытты аз жұмсай отырып, оқушылардың сапалы түрде түсініктерімен әрекеттерін қалыптастыру.Негізгі ұғымдарға: бағдарламалық оқыту, интериоризация, экстериоризация, сана іс-әрекет қайталау, еске түсіру түсінік беру. Оқушылардың ақыл-ой әрекетін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясы.Оқытуда оқушылардың ақыл-ой әрекеттерін сапалы түрде аз уақытта қалыптастыру жолдарын, әрекеттің психиканың дамуымен байланысын байқау, бұл оқыту теориясының мәнін түсіну, бағдарламалық оқытумен байланысын байқау.


  1. тақырып . Оқушылардың ұжымдық танымдық іс әрекетін ұйымдастыру (ҰОТ, КСО).

Педагогикалық процеске қатысушыларды өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу.Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік, зерттеген ғалымдар.

Топтық жұмыстың құрылымы, бес деңгейі (И.Б.Пирвин).В.К.Дьяченконың, А.Т.Ривиннің ұжымдық оқыту тәсілі.




Семинар №1

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.

Мақсаты: қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты ерекшеліктерін анықтау, негізгі ұғымдардың мәнін ашып көрсету.

  1. Білім беру саласындағы өзгерістер, реформалар. ҚР мемлекеттік саясатының принциптері.

  2. Білім беру жүйесі туралы түсінік. Үздіксіз білім беру жүйесі, мектеп үздіксіз білім берудің негізгі буыны түрлі типтегі мектептер.

  3. Білім беру деңгейлері, сатылары.

Негізгі әдебиеттер: № 1,2,6,7,19

Қосымша әдебиеттер: №4,8

Әдістемелік нұсқау
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде өтіп жатқан күрделі өзгерістердің мақсатын ұғыну, негізгі ұғымдарды Мұқытова Ж.Қ., Пазылова Г.Ш., Райымбекова А.Ж. жасаған әдістемелік құралдарынан, педагогикалық энциклопедия сөздігінен, білім беру заңынан жазып алу.

Білім беру деңгейлерін, сатыларын, түрлі типті мектептерді белгілеу.


СОӨЖ

Тақырып: Қазіргі кездегі білім беру жүйесі.

Мақсаты: Білім беру жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, тексеру, бақылау. Өзін-өзі тексеруге арналған төмендегі сұрақтарға жауап беру.
I Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін атаңыз?

2. Білім беру жүйесі деген не?

3. Үздіксіз білім беру жүйесі дегенді қалай түсінесіз?

4. «Мектеп» деген ұғымды қалай түсінесіз?

5. Мектептің қандай түрлері бар?

6. Шағын жинақталған мектеп дегенді қалай түсінесіз?

. Лицей мен гимназияның айырмашылығы неде?

8. Қосымша білім беру деген не?

9. Элитарлық білім дегенді қалай түсінесіз?

10. Кәсіптік мектеп деген қандай оқу орны?
II. Тақырып бойынша 21 тест шығару.

Бірін-бірі тексеру арқылы.


СӨЖ - 2 сағат

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін дәптерге жазу. ҚР орта білім беру тұжырымдамаларын оқу, конспектілеу. Білім беру жүйесінің ұлттық моделін құру туралы мақалаларды қарастыру қажет. Қазақстан мектебі, білім, образование журнал сандарынан.


Әдістемелік нұсқау

Білім беру саласындағы күрделі өзгерістердің өтуіне байланысты өмірден мысалдар келтіруарқылы мемлекеттік саясаттың принциптерін іске асыру жолдарын анықтау. Білім сапасын көтеруге байланысты мектепте, ЖОО болып жатқан жаңалықтардан мысалдар келтіру. Білім беру Заңы, т.б. мемлекеттік құжаттардың шығуын, ондағы басты мақсаттардың орындалуын аңғару.

Негізгі әдебиеттер: №1,2,19

Қосымша: 4,8

СОӨЖ - 2 сағат
Тақырып: 12 жылдық білім беруден күтетін нәтиже.

Мақсаты: 12 жылдық білім беруде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жаңаруы, білім беру сапасының жетілуі өзін-өзі еркін бағдарлы ұстайтын, өзін-өзі іске кірістіре отырып, дамыта алатын, өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, жоғары білімді, мәдениетті, бәсекелестікке қабілетті, ұлттық, отандық рухы жоғары маман, жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік беретінін ұғындыру.



  1. СОӨЖ тақырыбы бойынша нақты күтетін нәтижелерді анықтау. 12 жылдық тұжырымда, семинар сабағында қолданған әдебиеттерге сүйеніп.

  2. Тест құру, әдістемелік (19) құралмен жұмыс атқару.

СӨЖ - 2 сағат



  1. 12 жылдық тұжырымдамасы бойынша қысқаша конспект жасау.

  2. Болашақта «Мен қандай маман боламын» атты шығарма жазу


Семинар №2

Тақырып: Мектепте 12 жылдық білім беруге өтуде педагогикалық процесті ұйымдастыру ерекшеліктері

Мақсаты: 12 жылдық білім беруге көшудің мақсатын, қажеттілігін, өту жолдарын көрсету.

  1. 12 жылдық білім беруге көшу мақсаты қажеттілігі.

  2. 12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беру жүйесінен айырмашылығы, 12 жылдық мерзімге ауысуға ықпал ететін факторлар

  3. 12 жылдық білім беру мазмұны

  4. 12 жылдық мектеп құрылымы

Негізгі әдебиеттер:



  1. Қ.Р. білім беру туралы Заңы, Алматы, 1999

  2. Қ.Р. 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Алматы, 2003

  3. Қ.Р. 2005-2010 ж. дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Алматы, 2004

  4. Қ.Р. 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2001

  5. Садықов Т.С. Әбілқасымова А.Е. Методология 12 летнего образования. Учебное пособие – Алматы, Ғылым, 2003-164с.

Қосымша әдебиеттер:

Қ.М. Білім-образование журналдар саны. Мысалы, Мәдиева Қ 12 жылдық білім беруді жүзеге асырайық. // Қ.М., №7, 2005



Әдістемелік нұсқау:

Қазіргі кезде әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің маңызы зор екенін түсіну. Оқушы үшін тигізетін оң әсерлерін байқау, білім беру мазмұнының ерекшелігін, мектептердің, мұғалімдердің дайындықтарын өту барысын білу. Білім алу барысында студенттің болашақта 12 жылдық мектепте жұмыс істеуге даяр болуын ұғыну.



СОӨЖ - 1 сағат

Тақырып: 3. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде.

Мақсаты: Дидактикалық педагогикалық ғылымдар жүйесінде атқаратын мақсат, міндеттерінің ерекшеліктерін белгілеу, басқа ғылымдармен байланысын, даму тарихын, жеке әдістемелермен байланысын көрсету.

СОӨЖ төмендегі сұрақтар төңірегінде пікірлесу, кеңес беру түрінде өтеді.



  1. Дидактика пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Негізгі ұғымдарына сипаттама беру.

  2. Дидактиканың даму тарихына көз жүгірту.

  3. Дидактиканың жеке әдістемелермен байланысы.

  4. Оқытудың түрлері.

Әдістемелік нұсқау

Дидактика педагогиканың маңызды бөлігі екенін түсініп дәлелдеңіз. Оның даму тарихына көз жүгіртіп, үлес қосқан педагогикалық идеяларын, еңбектерін атаңыз. Я.А. Коменский «дидактиканың атасы» болып саналатынын себебін көрсетіңіз. Оның ілімінің негізіне «пансофия» алынады. «Пансофия» деген не? Дидактиканың жеке әдістемелермен байланысын дәлелдеу үшін мысалдар келтіріңіз.

СӨЖ - 2 сағат

Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегімен танысып, дидактикалық көз қарастары, идеялары туралы конспект жазу.

Негізгі әдебиеттер: 4,5,6,7,10,12,13,14

Қосымша: 4,7,8



Семинар №3

Тақырып: Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Мақсаты: Оқыту процесі оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі жолы, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін процесс екенін ұғындыру. Оқыту процесінің методологиялық негіздерімен таныстыру.

  1. Оқыту процесі және оның қызметі, мәні, құрылымы.

  2. Оқыту процесі – оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру процесі.

  3. Оқыту процесінің қозғаушы күші.

Негізгі әдебиеттер: 3,4,5,6,7

Қосымша әдебиеттер: 1,3,5


Әдістемелік нұсқау

Оқушыларға білім беруде оқыту процесінің атқаратын рөлін, атқаратын қызметін көрсету. Оқыту процесінің мәнін, құрылымын, қозғаушы күштеріне тоқталып, оқытудың педагогикалық психологиялық негіздерін білу, оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру маңызын ұғу қажет.



СОӨЖ – 1 сағат

Тақырып: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудағы мұғалімнің рөлі.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда мұғалімнің шеберлігінің, ізгілік бағытының рөлін көрсету.

  1. Қазіргі кезде оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалім қандай рөл атқарады?

  2. Оқуға жағымды мотивтерді қалыптастырудың маңызы.

  3. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары, формалары.

СӨЖ -2 сағат

  1. Оқыту процесін ұйымдастыру жолдары, формалары туралы жаңа мақалаларды оқып, аннотация жазу.

  2. Оқыту процесінде оқушылардың оқуға қызығушылығын анықтау әдістерін қарастыру, табу.

Негізгі әдебиеттер:3,4,5,6,7

Қосымша әдебиеттер: 1,3,5



Әдістемелік нұсқау

Қазіргі кезде оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда мұғалімнің атқаратын рөлін түсіну, болашақ мамандықты игеруде бұл мәселеге зор көңіл бөліп жетілу. Оқытудың педагогикалық психологиялық негіздерін білу, оқушылардың оқуға қызығушылығын қалыптастыруда жағымды мотивтерді тудырудың маңызын ұғыну



СОӨЖ – 2 сағат

Тақырып: Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру

Мақсаты: Проблемалық оқыту оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, белсенділігін тудыруда атқаратын ролін түсіндіру, оқулықтан проблемалық оқытудың күшті жақтарын, кемшіліктерін анықтау.

  1. Сабақта студенттер төмендегі сұрақтарға жауап іздестіреді:

  1. Проблемалық оқытудың мақсаты қандай?Кімдер зерттеген?

  2. Проблемалық оқыту қалай ұйымдастырылады, қалай басталады?

  3. Проблемалық оқытуда мұғалім қандай рөл атқарады?

  4. Проблемалық оқыту қандай кезеңдерден, деңгейлерден тұрады?

  5. Проблемалық оқытудың күшті жақтары, кемшіліктері қандай?

  1. Тақырыпқа байланысты тест құру, кроссворд шығару.

Негізгі әдебиеттер: №4,5,6

Қосымша қазақстан мектебі:№8,2002ж., №6, 2003

СӨЖ – 3 сағат

Жоғарыда көрсетілген мақалалар бойынша аннотация жазу, педагогика пәнінің бір тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтарды ойластырып дәптерге жазып келу.

Әдістемелік нұсқау.

Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Ол сұрақ оқушының сана-сезімінде қиындық туғызып, бірақ шамасына лайық болуы қажет. Бірінші кезеңде проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою болса, екінші кезеңде ізденіс жолына түседі, үшінші кезеңде жаңа білімді меңгереді. Мұғалім дұрыс бағдар жасайды. Сонымен бірге проблемалық оқытудың жақсы жақтарын, кемшіліктерін анықтаған жөн.



СОӨЖ – 2 сағат

Тақырып: Оқыту заңдылықтары мен принциптері

Мақсаты: Оқыту процесінде жүргізуде заңдылықтары мен принциптердік өзара байланысын, атқаратын рөлін түсіндіру

  1. Оқыту заңдылықтары туралы түсінік, оларға сипаттама беру, атқаратын рөлін анықтау.

  2. Оқыту процесінде принциптер қалай іске асады, олар бір-бірімен қандай байланыста? Мысалдар келтіру.

  3. Оқыту принциптері заңдылықтары бойынша кроссворд шығару, тест құру, шығару.

СӨЖ – 1 сағат

Көрнекілік принциптерге атақты педагогтар қандай мән берді? Мысалдар келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер: 3,4,5,6

Қосымша әдебиеттер: 1,3,5

Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегі

Әдістемелік нұсқау

Тақырып бойынша педагогика оқулықтарынан оқыту принциптері және заңдылықтары туралы мәліметтер алу, олардың оқыту процесінде атқаратын рөлін анықтау, уақыт талабына сай өзгеріп отыратындарын білу, олардың ара-қатынастары жылжымалы кейде заңдылықтар принциптерге ауысып отыратынын түсіну. Я.А.Коменскийдің оқыту процесіне енгізген принциптерін белгілеу.

Қазіргі кезде білім беру сапасын көтеруге дидактикалық принциптердің ықпалы қандай? деген сұраққа жауап беру.
Семинар №4

Тақырып: Білім беру мазмұны

Мақсаты: Білім беру мазмұнының оқыту мақсатымен байланысын көрсету, білім беру мазмұнын құрайтын ғылым негіздері және білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттармен таныстыру. Білім мазмұнының өзгеру себептерін анықтау.

Жоспар


  1. Білім беру мазмұнының жаңаруына әсер ететін факторлар. Негізгі ұғымдарға сипаттама.

  2. Білім беру мазмұнына байланысты түрлі теориялар.

  3. Білім беру түрлері. Білім мазмұнын құрайтын бөлімдер.

  4. Білім беру мазмұнын құруда басшылыққа алатын принциптер.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


СОӨЖ – 2 сағат

Тақырып: Білім беру мазмұнын ашатын нормативтік құжаттар.

Мақсаты: Білім беру мазмұнын оқушыларға жеткізуде, оқыту процесін дұрыс ұйымдастыруда нормативтік құжаттарды дұрыс қолданудың қажеттілігін, олардың атқаратын қызметін түсіндіру.

Тапсырма


Әрбір құжаттарға сипаттама беру, бір-бірімен тығыз байланыста болуын анықтау. «Педагогика және психология» мамандығына қатысты стандарт, оқу бағдарламасы, оқу жоспарларымен танысу, мектеп оқу жоспарымен салыстыру, айырмашылығын анықтау. Апталық сағат санын не үшін білу керек?

Әдебиеттер: білім беру заңы, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарламалары.

СӨЖ – 1 сағат

Оқу жоспарына сүйене отырып, 5-6 сыныптарға арнап сабақ кестесін құру.



Әдістемелік нұсқау

Білім беру мазмұны «нені оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Білім мазмұнында не өзгеріп отырады, не үшін мұғалім білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттарды білуі керек, тағы басқаларын түсіну қажет.


СОӨЖ – 2 сағат

Тақырып: Қазіргі кездегі оқытудың белсенді әдістері.

Мақсаты: Оөушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың белсенді әдістерінің рөлін көрсету.



  1. Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі, қолданудың мақсаты.

  2. Белсенді әдістер түрлеріне сипаттама (миға шабуыл, іскерлік ойын, синектика, тренинг)

  3. Белсенді әдістерді қолдану әдістемесі.

Бірнеше түрін қолдану арқылы көрсету.

Негізгі әдебиеттер: 7,8,9,17,18

Қосымша әдебиеттер: Г.М.Коджаспарова. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах – М.:АИРИС пресс, 2006, 253 стр (145-146с)

Абылқасымова современный урок – Алматы.


СӨЖ – 2 сағат

......... оқытудың ынталандыру, мотивациялау әдістері.

Г.М. Коджаспарова екі топқа бөледі.

1-топ оқуға қызығушылық тудыру, ынталандыру әдістері, пед жағдаят тудыру, танымдық, театралданған ойындар, дискуссия т.б.

2 – топ оқуға жауапкершілікті, парызды қалыптастыру әдістеріне талап қою, жаттығулар, мадақтау, жазалау.

Әдістемелік нұсқау

Оқытуда оқушылардың белсенділігін тудыратын әдістердің мәні неде?, жиі-жиі қолдану мақсаты неде?, оқытудың басқа әдістерінен айырмашылығы қандай? Сұрақтарына жауап іздеу.

СӨЖ тапсырмасын орындауда Г.М. Коджаспарова оқытудың ынталандыру, мотивациялау әдістерін неге екі топқа бөледі, ондай бөлудің мәні неде? Деген сұрақтарға жауап беріп, әр топтағы әдістерге сипаттама беру қажет.
Семинар №5

Тақырып: Оқыту әдістері мен құралдары.

Мақсаты: Оқыту процесінде оқыту әдістері мен құралдарының атқаратын рөлін түсіндіру, нәтижеге жету үшін тиімді әдістерді таңдай білулеруне назар аударту.

Жоспар


  1. Оқыту әдістері мен құралдары туралы түсінік. Олардың айырмашылығы, зерттелу жәйі.

  2. Оқыту әдістерін топтастыруға әртүрлі көзқарастардың болу себептері.

  3. Оқыту құралына, жалпы сипаттама

  4. Әдістерді таңдаудағы құралдарды қолданудағы мұғалімнің шеберлігі.

Негізгі әдебиеттер: 5,6,7,12,14

Қосымша әдебиеттер: 3,5,7

СӨЖ – 1 сағат


  1. Оқыту әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздері дегенді қалай түсінесіз?

  2. Озат тәжірибелі педагогиканың еңбектерінен қандай әдістер қолдануда көрініс алғанын әңгімелеңіз?

  3. Тақырып бойынша 5 тест құру, таблица толтыру

Қосымша әдебиеттер: 3,4,5

Әдістемелік нұсқау

Түрлі әдістердің мәнін ашу, тәжірибеде қолдану жолдарымен танысу, оқыту процесінде атқаратын рөлін түсіну, әдістерді таңдауда мұғалімнің біліміне, шеберлігіне назар аудару, зерттеген ғалымдарды білу.


СОӨЖ – 2 сағат

Тақырып: С.Н.Лысенкованың оза оқыту әдістерінің мәні, ерекшелігі.

Мақсаты: С.Н. Лысенкованың педагогикаға енгізген жаңа идеяларының мәнін түсіну, педагогика ғылымына қосқан үлесін белгілеу.

Жоспар


СОӨЖ «Педагогикалық ізденіс» кітабынан С.Н.Лысенкованың тәжірибесімен толық танысу төмендегі сұрақтарға жауап табу:

  1. С.Н.Лысенкова кім? Ол туралы не білесіз? Қандай еңбектер жазды?

  2. «Оза оқыту» идеясын қандай тәжірибеде іске асырған?

  3. Оқытудың «үш кілті»-деп нені айтады?

  4. С.Н.Лысенкованың жаңалығы туралы өз ойың қандай?

  5. Жоспар құру.

СӨЖ – 2 сағат

С.Н.Лысенкованың еңбектерімен танысу, қысқа конспект жазу (С.Н.Лысенкованың өзі, тәжірибесі туралы ойларын жазып алу)

Негізгі әдебиеттер: 7,8,17,18

Қосымша әдебиеттер: 4,5
Әдістемелік нұсқау

С.Н.Лысенкованың оқыту технологиясы неге «Оза оқыту технологиясы» деп аталады, оның оқыту әдістемесінің мәні неде деген сұрақтарға жауап беру педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін түсіну.


СӨЖ

Тақырып: Я.А.Коменскидің дидактиканың дамуына қосқан үлесі.

«Ұлы дидактика еңбегінен конспект жасау. Оқыту теориясына кластық-сабақтық жүйені еңгізуі, оқыту принциптері туралы ой-пікірлері т.б. озық идеяларын жазып алу.

Әдебиеттер: Педагогика тарихы және Я.А.Коменскидің еңбектері.



Семинар №6

Тақырып: Сабақ тұтас жүйенің элементі

Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді сабақтың типтері, түрлері, құрылымы, оқытудың түрлі формаларымен таныстыру.

  1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік.

  2. Сабақ оқытудың, ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері, түрлері және олардың құрылымы.

  3. Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары.

  4. Сабақтың тиімділігін арттырудың жолдары.


Негізгі әдебиеттер:




  1. Әбиев Ж.Ә., Кудиярова А.М. Педагогика, Алматы, 2004

  2. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 2000

  3. И.Ф. Харламов. Педагогика. М., 1998ж.

  4. Педагогикалық энциклопедия сөздігі. Алматы, 1995ж.

  5. Т.Сабыров «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру», Алматы, 1999ж.

  6. М.Н.Скаткина. Дидактика средней школы. М., 1982ж.

Қосымша әдебиеттер:



  1. Р.Әлімқұлова. Сайыс сабақ. // ҚМ №3, 1994ж.

  2. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1989ж.

  3. Қазақстан мектебі журналдарының сандары.

  4. Меңжанова А. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі., Алматы, 1996ж.


СОӨЖ

Тақырып: Мұғалімнің сабақ жоспары

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет