БАҒдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері



бет4/11
Дата10.06.2017
өлшемі3,7 Mb.
#18709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді сабақ жоспарын құруға талдау жасауға үйрету.

  1. Мүғалімнің сабақ жоспарының үлгісін құру.

  2. Сабақты саралау схемасына талдау жасау.

  3. Сабақта кездесетін түрлі педагогикалық жағдаяттарды тауып, саралап пікір айту.

Әдебиеттер: педагогика оқулықтары, А.Е. Абылқасымова, Современный урок, Ахметова, 2003
СӨЖ – 1 сағат

  1. Аралас сабақ. Жаңа материалдарды беру сабақтарының құрылымының –схемасын жасау.

Әдебиеттер: педагогика оқулықтары.
СОӨЖ

Тақырып: Қазіргі кездегі сабақты ұйымдастыру.

Мақсаты: Қазіргі кезде оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын дамытуға ықпал жасайтын сабақтың дәстүрлі емес басқа оқыту формаларымен таныстыру.

  1. Қазіргі кездегі дамытпалы оқытудың оқушының шығармашылық әрекетін қалыптастыруға ықпалы.

  2. Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізудің мәні.

  3. Экскурсия сабақтарын өткізудің мәні, экскурсия түрлері.

  4. Факультативтік сабақтар, сабақтан тыс оқу формалары.

  5. Оқушылардың үй жұмыстары, ұзартылған күн тобындағы өзбетінше дайындық.

Негізгі әдебиеттер: 6,7,12,19,20

Қосымша әдебиеттер: 4,5,8



Әдістемелік нұсқау

Қазіргі кезде оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын дамытуда дамытпалы оқытудың, сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің, экскурсия, үй жұмысы, факультативтік сабақтардың атқаратын рөлін түсіну, олардың өткізу ерекшелігімен әдістемесін игеру.

СӨЖ – 1 сағат

Шағын жинақталған мектептегі жұмыс барысынан хабарлама дайындау.

Әдебиеттер: Бастауыш мектеп., Қазақстан мектебі. Журнал сандары

СОӨЖ

Тақырып: Оқушылардың өзіндік жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың жеке тұлға болып жетілуінде өзіндік жұмыстың маңызын, өзіндік жұмыс типтері және түрлерімен таныстыру.


  1. Өзіндік жұмыстың оқушының жеке тұлға болып қалыптасуында атқаратын рөлі.

  2. Өзіндік жұмыс типтері: үлгі бойынша орындау, реконструктивті-вараптивтік, эвриситикалық және шығармашылық.

  3. Өзіндік жұмыс түрлері: кітаппен жұмыс, жаттығулар, тәжірибелік лабораториялық жұмыстар, бақылау жұмысы, диктант, шығарма жазу, баяндама, реферат, бақылау, тәжірибе т.б.

  4. Өзіндік жұмыс түрлері бойынша тапсырмалар орындау (текст бойынша өзіндік жұмыс)

Әдебиеттер: 5,7,8,20

Қосымша: Коджаспарова Г.М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах, М.:,2006 139-141 б.



Әдістемелік нұсқау

Оқушылардың жеке тұлға болып жетілуінде өзіндік жұмыстың маңызын, өзіндік жмыс типтері, түрлерімен танысып оларды тәжірибеде, болашақ қызметте қолдап білуге дағдылану.

СӨЖ – 1 сағат


  1. Оқытудағы пәкаралық байланыс туралы баяндама даярлау.



Семинар №7

Тақырып: Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау, рөлін көрсету.

  1. Танымдық белсенділіктің мақсаты, міндеттері, мәні, зерттеген ғалымдар.

  2. Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптастыру жолдары (құрылымы)

  3. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдістері мен құралдары.

Әдістемелік нсқау

Мұғалімнің кәсіптік қалыптасуында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсенді түрде ұйымдастыра білудің қажеттілігін ұғыну, оқушылардың белсенділігін тудырудың әдіс, тәсілін, құралдарын тәжірибеде қолдана білуге ұмтылу, осы тұрғыдан дағдыларын қалыптастыру.



СОӨЖ

Тақырып: Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру.

Мақсаты: 80-90 жылғы озат тәжірибелі педагогтардың тәжірибелерімен және оларға ортақ идеяларымен таныстыру, оқушылардың белсенділігін тудырудағы рөлін айқындау.

  1. Педагогикалық жаңалықтар, озат тәжірибе, ынтымақтастық педагогика ұғымдарына түсініктеме беру. Озат тәжірибелі педагогтың Ш.А.Амонашвили, Е.Н.Ильин т.б. педагогика ғылымына қосқан үлестері қандай? Оларға тән ортақ идеялары қандай?

  2. Оқушылардың таным қызығушылығын, оқу іс-әрекетін белсендіру тәжірибелерін бағалау, саралау.

  3. Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың белсенділігін тудырудағы орны.

Әдебиеттер: 7,19,20

Қосымша: 3,5



Әдістемелік нұсқау

Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру әдіс, тәсілдері, формаларымен танысу арқылы тәжірибе жинақтау, студенттердің өздеріне ұнаған тәжірибеге толық сипаттама беріп, өз ойын дәлелдеу.

СӨЖ – 1 сағат

Қазақстанда озат тәжірибелі педагогтардың тәжірибесіне байланысты баяндама жасау (Р.Нұртазина, А.Ысқақов, К.Бітібаева т.б.)


Семинар №8
Тақырып: Оқушыларды ойын арқылы оқыту.

Мақсаты: Оқыту процесінде ойын түрлерін қолдану оқушыларға оқуға жағымды әсертуғызып, белсенділіктерін арттыратынын көрсету. Ойынды сабақта қолдану жолдарымен таныстыру.
Жоспар

  1. Ойын - іс әрекет түрі ретінде, ойынның атқаратын қызметі, ерекшеліктері

  2. Ойынның құрылымы, түрлері.

  3. Дидактикалық ойындарды қолдану жолдары.

Негізгі әдебиеттер.

  1. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. Под.ред. В.А.Сластенина М.: Асадема, 2000 стр.211-225

  2. Газман О.С. и др. В школу с игрой. М.:1991

  3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии-М.: нар.образование, 1998 стр.50-60

  4. Педагогические технологии под.ред В.С.Кукушкина – М.: - Ростов-на Дону, 2004, стр. 84-90

Қосымша әдебиеттер:

  1. Л.Д.Столяренко Педагогика, Ростов-на-Дону, 2003. стр.260-264

  2. Н.В.Басова Педагогика и практическая психология


СОӨЖ

Тақырып: Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі.

Мақсаты: іскерлік ойындарды өткізу әдістемесін үйрету. Мұғалімнің міндеті, рөлі.

  1. Іскерлік ойынды өткізу үлгілерін құру.

  2. Іскерлік ойындардың жақсы жақтары және кемшіліктері.

СӨЖ

Мамандық бойынша бір іскерлік ойынды дайындау.



СОӨЖ

Тақырып: Мотивтердің түрлеріне сипаттама, оларды топтастыру.

Мақсаты: Білім мазмұнын игеруде оқушылардың танымдық әрекетінде түрлі оқу мотивтерінің рөлін көрсету, оларды тудырудың қажеттілігін түсіндіру.


  1. «Мотив» деген не? Мотив рөлінде қажеттілік, қызығушылық, эмоция, ұстаным, идеал бір-бірімен байланыста бола ала ма?

  2. Абрахам Мослоудің қажеттілік теориясының мәні неде? Жеке тұлғаның өзін-өзі актуализациялаудағы пирамида моделін салу мақсаты.

Жеке тұлғаға байланысты қажеттілік түрлері

Эстетикалық қажеттілік, үйлесімдік, сұлулық

Өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі

Бағалау, құрметтеу, түсіну қажеттілігі

Қарым-қатынас жасау қажеттілігі

Өзін-өзі сақтау, сақтандыру қажеттілігі

Физиологиялық қажеттілік

Тамақтану, ұйқы, дем алу т.б.
Топқа байланысты қажеттіліктер

Ұжымдық мақсат

Қарым-қатынас жасау қажеттілігі

Қызығушылықтарға байланысты бірігу.


А.Маслау екі түрлі мотивацияны белгіледі:

Д – мотивациясы (дефицитті жеңу тамақтану т.б.)

Б – мотивация (дамуға ұмтылу). Екіншісі жеке тұлғаның (тұрмыс) қажеттілігін күшейтіп (Б) дамуына ықпал жасайды.
3. Мотивтер қалай қалыптасады? Мотивтер түрлеріне сипаттама.
Негізгі әдебиеттер:


  1. С.Л.Вигман Педагогика в вопросах и ответах М., 2005, 75-89 стр.

  2. Психология оқулықтары

  3. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1996

  4. Мұқытова Ж.Қ., Пазылова Г.Ш., Райымбекова А.Ж. оқу құралы, Көкшетау, 2006


СОӨЖ – 1сағат

(өткізу түрі: әңгімелесу, тренинг жүргізу)

Тақырып: Оқушылардың оқуының мотивтері, мотивтерді тудыру жолдары.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық әрекетінде, үлгерімінде мотивтердің атқаратын рөлін тудыру жолдарын көрсету.

  1. Оқушыларды не қызықтырады? (қарым-қатынас, қызығушылық, өзін-өзі көрсету, фантазия, шығармашылық, елестету, еліктеу). Мотив және қызығушылықтың өзара байланысықандай? Мотив түрлері: әрекетке итермелейтін және оқушыға қажетті, ішкі, сыртқы.

  2. Мотивтерді зерттеу әдістері: қолайлы жағдай тудыру, аяқталмаған сөйлемдер, әңгімелер сурет бойынша әңгіме т.б.

  3. Мотив және оқушының белсенділігі.

  4. Мотивтерді тудырудағы мұғалімнің рөлі.

  5. Тренинг. Оқушының жетістіктерін мотивациялау, оқушының жетілуіне кедергі жасайтын себептер. Мысалы: нақты мақсат қоя білу, өзінің мүмкіндіктерін есепке алу, өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктерін білу, нақты іс-әрекетті белгілеу, жұмысты жоспарлау, бағалау, саралау т.б.

Әдебиеттер:



  1. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М., 1990

  2. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1996

  3. Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах М., 2005

  4. Мұқытова Ж.Қ., Пазылова Г.Ш., Райымбекова А.Ж. Оқу құралы.,Көкшетау,2006-12-26


Әдістемелік нұсқау

Оқу мотивтерін зерттеу әдістерімен таныстыру, мотив тудыруда мұғалімнің рөлін, оқуға жағымды мотив тудыру жолдарын көрсету. Тренинг жүргізу арқылы оқушының жетілуіне кедергі жасайтын себептерді көрсету, тренинг жүргізу әдістемесімен таныстыру, дағдыларды қалыптастыру.


СОӨЖ

(миға шабуыл түрінде өтеді)

Тақырып: Үлгермеушіліктің алдын алу жолдары.

Мақсаты: Үлгермеушіліктің алдын алу жолдарын көрсету, үлгермеушілікті болдырмауды қарастыру.

  1. Өткенді қайталау. Үлгермеушілік деген не? Олардың болу себептері қандай? Зерттеген ғалымдар кімдер?

  2. Мұғалімнің жұмысына байланысты кемшіліктерді атау, алдын алу жолдарын белгілеу.

  3. Ата-аналардың тәрбиесіне байланысты кемшіліктердің алдын алу жолдары.

  4. Мектеп әкімшілігіне байланысты жіберілген қателіктердің алдын алу жолдарын көрсету.

Сабақтың соңында педагогикалық жағдаяттарды шығару, қорытынды жасау, плакатқа жазу, ең жақсы идеяларды белгілеу.

Әдістемелік нұсқау.

Топ 6 студенттен екі топқа бөлінеді, әрбір топта эксперттер белгіленеді. Олар жоспардағы мәселелер бойынша өздерінің идеяларын жазып, тақтада ілініп тұрған плакатқа барып жазады, реттерін белгілейді. өз ойларын дәлелдепқорытынды шығарады. Ол үшін өткен материалдарды қайталау қажет, және озат тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелерінен мысалдар келтіру керек.

Әдебиеттер:


  1. Педагогика оқулықтары және педагогикалық ізденіс, 23 лекция озат тәжірибелі педагогтар идеялары.

СӨЖ


В.Ф.Шаталовтың «Үштіктен қалай құтылдық» атты еңбегімен танысып, оның қолданған әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерімен танысып конспекті жасау, не реферат жазу.
СОӨЖ

(пікірталас түрінде өту)

Тақырып: Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа түрлері.

Мақсаты: Білімді тексеру мен бағалаудың жаңа түрлерімен таныстыру, ерекшеліктерін анықтау, пайдалану білігін қалыптастыру.

  1. Рейтинг тестік жүйенің өмірге келуі нелермен байланысты? Мақсаты қандай?

  2. Білімді бағалауда «5» балдық жүйенің кемшіліктері қандай?

  3. Рейтинг-тестік жүйенің қолдануы модульдік оқыту неге байланысты?

  4. Рейтинг-тестік бақылаудың қандай түрлері бар?

  5. Оқушылардың білімін бағалауда бүгінге дейін субъективизм (формализм) кездесе ме?

  6. Мұғалімдер баға қоюда қандай кемшіліктер жіберді?

  7. Білімді бағалаудың тәрбиелік мәні неде?

Қорытынды жасау, тест құру, шығару.
Әдістемелік нұсқау

Оқыту процесін дұрыс ұйымдастыруда білімді тексеру мен бағалаудың орнын анықтау, мұғалімнің рөлін көрсету, пайдалану жолдарымен танысу, дидактикалық талаптарды ескеру, тест құру жолдарын меңгеру.

СӨЖ – 2 сағат

Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау әдістері қандай? 343-350 беттегі информациямен танысып сұрақтар құрып кел.


СОӨЖ – 1 сағат

(пікіралысу түрінде өтеді)

Тақырып: Оқушы дамуының мониторингі

Мақсаты: Сабақта оқушының үлгерімін, белсенділігін тудыру үшін мониторинг жүргізудің қажеттілігін көрсету.

Өткенді еске түсіру:



  1. Мониторинг деген не? Оларды зерттеген қандай ғалымдар? Мониторингілеудің неше деңгейі бар?

  2. Оқушы дамуының мониторинг дегенді қалай түсінесіз? Мақсаты қандай? В.Беспалько оқушы дамуының неше деңгейін белгілеген? (репродуктивті, алгоритмдікэвристикалық, шығармашылық)

  3. Сабақта оқушы жамуының деңгейін анықтауда саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын (Ж.Қараевтың) қалай қолдануға болады?

Оқушы дамуының деңгейін график сызу арқылы көрсету.

  1. Мониторинг және рейтингтік бағалау бір бірімен қандай байланыста?

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ахметова Г. Мониторинг және бағалау ІІ Қ.М. №2, 2005, 38-43 б.

  2. Жакилина Т. Мониторингтік зерттеу ІІҚ.М. №7, 2005.

  3. Кобдинова Ж.У. Педагогическая технология уровневый дифференциации обучения в средней школе. Алматы, 2001, 37-39б.

  4. Тоқбергенова У. Оқу жетістіктерін бағалау ІІҚ.М., №8,2005

Қосымша әдебиеттер:



  1. Қазақстан мектебі №9, 1998, 26б., №1, 200, 22-28б., 2000, 11-13б. Қ.М. №8, 2005

СӨЖ – 1 сағат

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясымен танысып конспекті жасау. Ол үшін жоғарыда көрсетілген әдебиеттерді және Есмағамбетова А. (2005) дипломдық жұмысын пайдалану қажет.


Әдістемелік нұсқау

Оқушының үлгерімін жақсарту, белсенділігін тудыру үшін мұғалім өз қызметінде мониторинг жүргізу арқылы оқушының даму деңгейін үнемі қадағалап отыруын, керек жағдайда (үлгерімі төмендеген жағдайда) оқушының үлгерімін жақсартуға байланысты тез арада іс-әрекет жасап отыруын түсіну, ол үшін түрлі әдіс-тәсілдерді, технологияларды, мысалы: Ж.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану жолдарын білу керек екенін ұғыну.


СОӨЖ – 2 сағат

(дөңгелек стол түрінде өтеді)

Тақырып: Инновациялық бағыттағы мектептер.

Мақсаты: Білім беру саласында инновациялық идеяларды іске асыруда түрлі типті мектептердің рөлін көрсету.

  1. Инновациялық типтегі мектептердің мақсат, міндеттері

  2. Инновациялық мектеп түрлері, даму ерекшеліктері

  3. Инновациялық мектептердің болашағы қандай болмақ? Моделін құру, қорғау

Әдебиеттер:

  1. Баубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогикалық инноватика...

  2. Масырова Р.Р., Линчинская Т.А., Назарбаева С.М. Психолого-педагогические аспекты анализа урока в школах инновационного типа. Алматы, 1998

  3. Исмаилова С.К. Жауынбай организация педагогического процесса по инновационным технологиям ІІ Білім, Образование, №1, 2001

  4. Қыдырбаев Ұ. Инновациялық мектептердің білім берудегі алатын орны. ІІ Білім, образование, №46 20057 9-11б7

  5. Күзембаев Е. Мектеп, мұғалім, өмір немесе ауыл мектебі: кеше, бүгін, ертең. ІІ Білім, Образование, ?5 (29) 2006-12-26

Қосымша әдебиеттер:

  1. Шаталов В.Ф. Точка опоры М., 1987

  2. Педагогикалық ізденіс, Алматы, 1980

СӨЖ-1 сағат

Шығарма жазу – Ауыл мектебінің ертеңі қандай болмақ атты тәжірибелерден мысалдар келтіру.

Әдістемелік нұсқау

Қадіргі кезде білім беру сапасын көтеруде түрлі типтегі мектептердің инновациялық қызметтерінің мәнін, атқаратын рөлін түсіну, осы бағытта қызмет атқарып жатқан мектептердің тәжірибелерімен танысу, білу.



СОӨЖ – 2 сағат

(миға шабуыл жасау түрінде өтеді)

Тақырып: Мұғалімнің қызметінің инновациялық бағыттылығы

Мақсаты: Инновациялық бағытта қызмет атқару мұғалімнен ғылыми ізденісті, шығармашылықты дамытудықажет ететінін ұғындыру.

Студенттер 2 топқа бөлінін төмендегі сұрақтарға байланысты идеяларын ұсынады.



  1. Мұғалімнің инновациялық қызметінің мақсаты, мәні неде?

  2. Инновациялық белсенділік деңгейлері қандай?

  3. Инновациялық бағытта жұмыс атқаруға даярлықты қалыптастыру морделі.

Әдебиеттер:

  1. Бұзаубақова Қ. Инновациялық белсенділік деңгейлері ІІҚ.М., №7, 2005

  2. Садуова Ж.Н. Берентаева А.К., Садуов Б.Н. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану ІІ Білім, образование, №5 (29) 2006

  3. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: Инновационная деятельность. М., 1997

  4. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері, 23 лекция, Алматы, 1991

  5. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990

  6. Ильин Е.Н. Путь к ученику М., 1988


Әдістемелік нұсқау

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі екенін, ол үшін инновациялық белсенділік деңгейлері туралы білім, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін түсіну, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін білу.



СОӨЖ – 2 сағат

(пікірталас түрінде өтеді)

Тақырып: Дамыта оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы.

Мақсаты: Оқушының жан-жақты үйлесімді дамуына дәстүрлі оқытудан айырмашылығын, ұтымдылығын көрсету.

  1. Дамыта оқыту технологиясы қандай? Теорияға негізделген? Оның мәні неде?

  2. Дамыта оқытуда қандай оқыту принциптері басшылыққа алынады? Оқытудың принциптерінен айырмашылығы қандай?

  3. Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығы жайында таблица сызып көрсету.

  4. Дамыта оқытудың жақсы жақтары мен кемшіліктері неде?

  5. Дамыта оқыту оқушыларға уүш түсіреме? Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы. В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің технологияларынан айырмашылығы қандай?

Әдебиеттер:

  1. Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение. М., 1993

  2. Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности и методов начального обучения, основных на содержательном обобщении, 1992

  3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998

  4. Бұзаубақова Қ. Жаңа педагогикалық технологиялар ІІ Қ.М., №4, 2006, 5-8б.

  5. Кемешев Д. Инновациялық технологияларды қолдану тетіктері, ІІҚ.М., №6, 2006, 72-73б.

  6. Омарова С. Педагогикалық жаңа технологиялар. ІІ Қ.М., №7,8,2006, 14-16б.

Әдістемелік нұсқау

Дамыта оқытудың ұтымдылығын, айырмашылығын ерекшеліктерін дәстүрлі оқыту мен салыстыру арқылы көрсету.


СӨЖ – 1 сағат

Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушының іс-әрекет ерекшеліктерін анықтау.



СОӨЖ – 1 сағат

(әңгіме түрінде өтеді)

Тақырып: Оқытуды қашықтан басқару технологиясы.

Мақсаты: Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың мақсатын, ерекшеліктерін, қажеттілігін көрсету.

Студенттер төмендегі сұрақтарға жауап береді, оқытушы толықтырады, қорытынды жасалады, тест құрылады.



  1. Әлемдегі дистанциялық оқыту жүйесінің дамуы туралы не білесіз?

  2. Дистанциялық оқыту жүйесінің мақсаты қандай?

  3. Дистанциялық оқыту жүйесінің ерекшеліктері неде? Дәстүрлі оқытудан айырмашылығы қандай?

  4. Дистанциялық оқытуға жаппай көшуге мүмкіндік бар ма?

Әдебиеттер:

  1. Басова Н.В. Педагогика и практическая психология, Ростов на Дону, 1999

  2. Нұрмұханова Г. Жаңаша оқыту – уақыт талабы. ІІ Қ.М. №10, 2004

  3. Пед. Технологии под ред. В.С.Кукушина. Учебное пособие. М., Ростов на Дону, 2004, стр 274-323

  4. Пазылова Г. Қашықтан оқыту ІІҚ.М. М., 2005

СӨЖ – 1 сағат

Тақырып бойынша реферат, не баяндама дайындау.



Әдістемелік нұсқау

Қазіргі кезде дистанциялық оқыту технологиясының білім беру жүйесіне ену мақсатын, ДОЖді ұйымдастыру қажеттілігін көрсету. Ұйымдастыру барысындағы оқытушының, білім алушылардың қызметтерінің ерекшеліктерін білу қажет.



Семинар №9

Тақырып: Оқу процесінде оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастыру.

Мақсаты: Ынтымақтастықта оқытудың негізгі идеяларымен таныстыру, дәстүрлі оқытқан айырмашылығын көрсету.

  1. Ынтымақтастықта оқытудың шығу, даму тарихы, негізгі идеялары (бірге оқу)

  2. Ынтымақтастықта оқытудың түрлері

  1. STL – командада оқу идеясы

  2. (ажурная пила) «ара» әдісі

  3. топтық зерттеу жұмысы

  1. Ынтымақтастық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы.

  2. Ынтымақтастықта оқытуды ұйымдастыру әдістері.

  3. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің тәрбиелік мүмкіндіктері.

Әдебиеттер:

  1. Педагогика: оқулық. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы – Алматы: 2005-430б.

  2. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе учебной работы. М., 1991

  3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под.ред. вс Полот, М.,2001

  4. Педагогикалық ізденіс, Алматы, 1990

СӨЖ – 1 сағат

Педагогикалық процестегі ұжымдық танымдық іс-әрекет бойынша жаңа жарық көрген басылымдар бойынша ақпараттар дайындаңыздар.



Әдістемелік нұсқау

Ынтымақтастық оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеңіздер. Дәстүрлі оқытудан айырмашылығын, ұйымдастыру түрлерін, жолдарын көрсетіңіздер.



СОӨЖ – 1 сағат

(бірін-бірі оқыту түрінде өтеді)

Тақырып: Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.

Мақсаты: Педагогикалық процеске қатысушыларды өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу.

  1. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінің, зерттеген ғалымдар.

  2. Топтық жұмыстың құрылымы, бес деңгейі (И.Б.Пирвин)

  3. В.К.Дьяченконың, А.Т.Ривиннің ұжымдық оқыту тәсілі.

Әдебиеттер:

8,17,18,19

Қосымша әдебиеттер:

3,5


Әдістемелік нұсқау

Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру тақырыбы бойынша теориялық материалды қайталау іскерлік дағдыны қалыптастыру үшін СОӨЖ жоспарында көрсетілген сұрақтар бойынша әрбір студент оқу материалын порцияға бөліп, бірін-бірі оқыту арқылы материалды меңгеруі қажет.

СӨЖ – 1 сағат

Р.Штейнердің Вальдорф педагогикасы жайында конспекті жазу, негізгі идеяларын анықтау.

Әдебиеттер:

8 және Н.В.Басова Педагогика и практическая психология – Ростов на Дону, 1999, 108-111беттер.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет