Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»



бет12/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жалпы дене белгісі. Жүйріктің басы бұланның басындай, төрт' сирағы бұғының сирағындай қылтасы кең, тірсегі арһардың тірсегіндей, танауының тесігі үлкен, алдыңғы мойыны сәл жуандау (қол мойын), шідерлігі жуан арқасы көтеріңкі және садақтай иілген, Жауырыны қиғаш жағынан сәл жалгіақтау, қабырғасы ұзын, шыгыңқы, арасы жиі болып келеді. Қарыны сәл жуандау, ең соңғы қабырға мен жамбас арасындығы кеңістік тарлау шақпақ етті болып бітеді,- дейді. Жалпы қыл сағақ, қамыс құлақ, құлан жал, сымпыш құйрық, бота тірсек, құйма тұяқ бөліп келді екен.

Жылқы түстері.

Қазақ ортасында жылқының түсіне байланысты сөздер өте көп. Қазақ бабаларымыз саһараны таңдағанда осы жылқы малы үшін таңдаған болар, еебебі мың мыңдаған үйір - үйір жылқыны санап шығу еш мүмкін болмас. Сондықтан да өнерлі қазақ қалқы жылқыны түсіне қарап түгендеген және санын да түсіне қарай есептеген. Тәжірибелі жылқышылар мыңдаған жылқыны атпен бір аралап шыққанда, песі бар, несі жоғын анықтаған. Жылқы түсі 200-дің үстінде деген жорамал бар. Негізінен былайша, екі топқа жіктеген :



Қылаң дегені - ақ, боз, ақбоз, қасқа, сұр, шаңқан, шаңбоз, тарлан, ақтарлан, бозтарлан, (оның қүлапұшық, кершабақ, темешкер, кербесті, керіат, жамбыкер, ақауыз, тайқасқа, сұржебе,- деген ат атаулары баршылық).

Бараң дегені - қара, қоңыр, құла, кок, қызғыл, күрең, бурыл, жирен, торы, күлгін, шабдар, сары, т.т. (қарақасқа, қарақұс, көкбәрі, кекжайдақ, тайкөк, көкойнақ, көкқарға, көктін, көкбесті, көкжарлы, сарбауыр, саржорға, қызыл, нарқызыл, телқоңыр, қоңыртөбел, күрең, ардакүрең, арһаркүрең, жиренқасқа, торықасқа, күлгін, күлгінсары,т .6. деп те атайды.)

Баранға жіктеген өң-түстері табиғаттағы кемпірқосақ түсінің негізінде деуге болады. (Көнекөз ңарияііардан сурастырып, әліде жинақтай берген жөн).



Жылқы жеріне қарай өседі.

Арқа жерінде «аузымен кұс тістеген» бірнеше тұлпарлардың тұқымы болғаны белгілі екен.

Солардың бірі - Бексейіттің Кераты.Бұл Жарылғап батырдың досы Тама Тыныс батыр жоңғарлармен болған бір ұрыста қолға түсіп, тұтқыннан мініп қашқан тұлпардан тараған тұқым екен, Кер тұлпарды кезінде Жарылғап батыр тақымына басқан. Қазақстанньтң 40 жылдығына орай өткізілген дүбірлі тойда мәреге оқ бойы алда келген Тауықтың Қарасы деген сәйгүлік осы Кердің тұқымы екен. Ақшатауда Нұреке деген ақсақалдың немерелерінің қолында Кердің тұқымы әлі бар көрінеді.

Арқа жеріне көп тараған тағы бір сәйгүлік - Сазаибай батырдың жау қолынан алған Көкжайдақ тұлпардың тұқымы. Өзі өлеңін білсе де жанындағы серігі Кәрсон Орынбай батырға «біздің елде бір қатын буаз шығар, мендей бір ұл туар, тұлпарды қайтармаңдар» деп сәлем айтқанда осы Көкжайдақтан тұқым алуды көксеген ғой, есіл ер.

Тағы бір тұлпар - Түйтенің Көкшағыры. Өмір бойы алысып та, достасып та өткен Керней Бәубек батыр мен Қуандық Алшағыр батыр қыз алысқанда келген Жыланкөз деген жүйрік аттың тұқымы. Көнекөз қарттардың айтуына қарағанда бұл тұқым Асанқайғының Албан жеріне тастап кеткен Шаңқанбоздарынан тараған деген сөз бар екен.

1929-жылы Шет ауданының бөлек шаңырақ көтеруіне орай өткізілген тойы Шетшоқы тауының терістігіндегі «Аудан қонған» Деген жазықта өткен. Сол тойда Құсайынның Тыртықкөк деген аты бірінші келген. Сондай-ақ Күржібайдың Көгі, Құласы деген айтулы жүйріктер болған. Жұмажан ақсақалдың жаратуымен күні кешеге дейін үлкенді - кішілі бәйгілердің алдын бармей келген.

Атақты Сұркөжек, Апақтың Құласы да дүйім жұртқа мәлім болған текті тұлпарлар.

Ырғай тұлпардың тұқымы Тарақты Сапақ байдың жылқысынан тараған екен. (Шет ауданы. А. Айтжантегі әңгімесінен.)

Шіркін-ай, дерлік бір тусы аты аталған батыр бабаларымыздың ру, ата, тектерінің ескеріліп,бізге толық жетпеуі. Бұл асылдарды жәй ғана айта салардай, бізге құрдас емес қой. Тектіден туған тектілерді білгеніміз жөн емес пе?! (Б. Т.)

Пырақ сөзін білеміз бе?

Қазақ ауыз әдебиетінде батыр бабаларымыздың мінген аттарына асыл сөз теңеуін қолданып, «арғымақ», «тұлпар», «сәйгүлік», «дүлдүл», «пырақ» дегсн ұғымдар жиі айтылған.

Қалқымыз «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», — деген. Иәки «тұлпар, асқан жүйрік», -- деген мағына береді. Ал «пырақ» (арабша Бурақ), «дүлділ» (арабша Дүл-дүл) сөздері тілімізге ислам дінінің келуімен келген, әрі де араб тілінен енген,- дейді ғұламалар. Бурақ Мүһаммед пайғамбар ғ.с. «Мирадж» түні жеті қат аспанға көтеріліп, Аллаһ тағаланың алдына барғанда және қасиетті Иерусалимге сапар шеккенде мінген қанатты жануары. Діни аңыздар бойынша бұл қасиетті жануар оған дейін басқа пайғамбарға қызмет қылған екен. Пырақты Аллаһ тағала пайғамбарларға әдейілеп аспаннан түсіріп отырады екен. Алғашқы мұсылман дәстүрінде Бурақ - ақ, не шулан түсті, денесі жылқыға ұқсас, адам басты, алдыңғы аяқтарында қанаттары бар жануар түрінде сипатталған. Ғылыми еңбектерде «Бурақ» сөзі түрлі ереже өзгерістеріне қарай «пырақ» болып өзгеріске енген деп, тұжырымдайды.

Дүлдүл һазірет Әлінің талай шайқасқа мінген жүйрігі. Ерлігімен аты шығып, мұсылман арасында әулие саналатын һазірет Әлінің мінген қасиетті аты да қасиетті сипатқа ие болып, тұлпардың символына —рәмізіне айналды.

Сөйтіп, пырақ, дүлдүл сөздері жүйріктің (символы) рәмізі, батырдың аттарының теңеулері (эпитеті) болып қалыптасқан.

Тұлпарға тағзым

Македония патшасы Филип керемет арғымақ Буцефальды әкелгенде Ескендір 12 жасқа жаңа толған кезі екен. Жалына қол апартпайтын шу асауды үйретіп, тақымға басу туралы ой, ешкімге келе қоймаған болатын.

Жасынан зерек, болашақ жаһангер Ескендір Буцефальдің өз көлеңкесінен үркетінін аңғарады. Сөйтіп, атты күнге қарсы бұрып қойып еді, жануардың үркектігі сап басыла қалады.

Ескендір кәнігі жылқышылардың көмегімен атты ерттеп мініп, бастықтырады. Буцефаль Зұлқарнайынның ең сүйікті тұлпарына айналады. Ол әбден қартайып өлген шақта Ескендір оның құрметіне тұтас бір қала салдырып, Буцефальдің атын

береді. Міне,тұлпарға тағзым осындай - ақ болар.

Ақылды мал.

Жылқы — ақылды мал. Шекарадағы әскерлердің аттары бетен кісіні жанына жолатпайды. Мұндай аттардың кейбіреуі жасырынған жауларды исінен сезеді. Олардың тығылып жат-қанжеріне шекарашыларды өздері бастап апаратыны да болған.

Жылқы - ерекше күшті мал. Ол ыстыққа да, суыққа да төзімді. Қазақстанның көп жерлерінде жылқы қыс бойы далада жайылады. Жылқы қасқыр сиякты жауынан да қорғана біледі.

Қасқырды айғырлар теуіп, тістеп маңайына жолатпайды. Олар үйірінен қасқырға бірде бір жылқы бермейді.



Жеті қазынаның бірі - жылқы.

Қазақ қалқының даласында сан ғасырлар бойы еткен жаугершілік заманда, басына сан мәрте һауіп тенгенде, батыр азаматтарды құс қанатты пырақтары аман алып қалған кездер көп болған. Ол заманда жылқысыз жаяу болса, жаяу адамның қолынан не келер еді. Сондықтан, қазақ жылқыны ер қанаты дегі, жанындай жақсы көрген. Ат дүбірі естілсе, бойдағы қаны тулайтын қазақ, атты бәйгіге қосып, көкпарға салады, күнделікті шаруаға баппен пайдаланады, жай күйіне қарап, баптап ұстайды. Қазіргі кезде екінің бірі ат ұстамайтын кездің өзінде, ежелгі дәстүр ат жарыстарын, атпен шынығу сайыстарының түрлерін жандандырып, қайта жаңғыртуда.

Жылқы малын қалық қазынасының бірі етіп санауында үлкен философиялық мән жатыр. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алмас қылыш, берен мылтық, ұшқыр тазы жігіттің бес қаруы болып есептеледі. Соның ец басында жан-жануардың ең ақылдысы, адамға жақыны - жылқы.

Қалықтың жылқы туралы ертегілері, аңыздары, мақал-мәтелдері, өте көп. Оның басты ссбебі. жылқы мінсе көлік, сатса бұйым. ішсе ас. Қазақ малып баға да, бағалай да білген. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жақсы аттарды, дүлдүл жүйріктерді, ақылды жануарларды Ертарғынның Тарланынан, Қобландының Тайбурылынан, Ақанның Құлагерінен көзге елестегіп, түсінік табамыз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», - деген нақыл бұның дәлелі. Тайбурылды Құртқа баптап, алты жасқа дейін қараңғыда, құлағын тығындап ұстап, Қобландыға мінгізеді.

Қазақ жылқыны түріне, түсіне қарап түгендеген. Өз иелігіндегі малына иелік ету үшін, тек түсіне қарап емес, ен, таңба да сала білген.

Жылқы түсіне байланысты әдет-ғұрыптар да, жөн жоралғылар да, көне замандарда қалыптасқан және ете қызықты, тарихи оқиғалармен астасып жатыр. Мәселен боз түсті жылқыларды қадірлеу ғұрпы боз биенің сүтіне шомылса, адам бойындағы ауру-сырқау, қайғы-қасірет кетеді деп ырымдайды.Әлі күнге дейін балаға анасының алдындағы өтелмес парызы барын айтқанда «Осы шешеңді боз биенің сүтіне шомылдыратын жөнің бар ғой»,— деген сөздің барын естуге болады.

Ел, жер тағдыры сынға түскен шешуші ұрыстар алдында билер ақбоз атты құрбандыққа шалып, әскерге ақ жол тілеген.

Екі ел арасындағы соғыс тоқталып, бітімге келген жағдайда ақбоз бие сойылып, қанына екі жақтың елшілері сұқ саусақтарын матырып, енді ешқашан алакөз болмаймыз, — деп анттасқан. Ақбоз ат сойып, ант беріп. куә болу қазақ салтында, хх-ғасырдың басына дейін жеткен. Жеңістің қабарын білдіру үшін ақбоз атты ал жеңілістің қабарын білдіруге баран атты( қара атты)жаушы жіберілген. Бұл салт-дәстүр О.Сүлейменовтың «Ақжаушы мен қара жаушы» өлеңінде жақсы келтірілген. Ақбоз атты адам айбынды керінеді, ақбоз түс жеңіетің символын

білдіреді. Ақбоз атты қүрбандыққа шалу көптен көріспеген туысы келгенде, түрлі жаугершілікте жоғалып кеткен туған-туысы табылса, жеті атадан соң қыз алысқанда, наурыз мейрамы басталғанда, немесе жылқы шығынға ұшыраған жағыдайда орындалады.

Сондай-ақ қазақта атақты адамдар жайында «ол қара көктің тұқымынан ғой»,- деген де сөз бар. Мысалы Құнанбай «Біз қаракөктің тұқымымыз»,-дейді екен. Қызыл тілді шешен, ақындарды «қаракөк шешен», «қаракек ақын»,- деп, мадақ- таған. Байлар ерекше көрінуі үшін қаракөк түсті құлынның терісінен тон тігіп киген. Сондай-ақ, тек, байлықты көрсету үшін емес, сәннің де, серіліктің де, ғұрыптың да жоғары деңгейі десе де болар бай ұлы құлынжарғақ киген (құлынжарғақ - бие ішіндегі құлын бес-алты айлық болған кезде жарып алынып, тігілген мәуіті-мақпал масатыдай жұмсақ, жұлдыздай құбылып тұратын жұқа, жарғақ тон).

Ат қасиет иесі, деген сенімге байланысты көптеген ырымдар бар: Бала туғанда, ұлдың кіндігін шүберекке орап, айғырдың жалына байлап қоятын болған, себебі ұлдарының төрт түлікті өргізген дәулетті адам болғанын тілегені. Шебер, оң қолынан өнер тамған ісмер болсын,- деген тілекпен қыздың кіндігін сандыққа салған. Қырқынан шыққан соң баланы атақты адамдардың, қаракөк ақындардың, қызыл тілді шешендердің, баһадүр батырлардың үзеңгісінен өткізген. Жүйрік тұяғының таңбасы қалған жерді «періштенің ізі»деп атаған. Мұндай жерден бір уыс топырақ алып, шүберекке орап, бала жастығының астына салған, немесе суға қосып, баланы шомылдырған. Жылқының жал-құйрығының қылы адамды жын-шайтаннан, бәле-жаладан, қауіп-қатерден қорғайды, деген ырым бар.

Жылқының жалынан, кекілінен қыл алып, бала мойнына тұмар жасап таққан, бесікке жал, құйрығының қылын байлап қойған.



Мұның бәрі адамға зияны жоқ, таза тілекпен

туындаған дәруіштей даналықтар болса керек.
Тұл қайыру ғұрыпы

Қазақ ғұрыпында қайтыс болған кісіге ас берерде сойыс малын күні бұрын даярлайды. Ер тоқымын теріс қаратып салады, иесінің киімдерін,қару жарағын іледі, төбесіне бас киімін қойып, киіз үйден кесіліп алынған арқан мен буып байлайды. Аттың құйрық жалын кеседі. Мұндай атты «тұлданған қаралы ат» дейді. Атты тұлдау қайтыс болған адамға құрмет белгісі болып саналады. Қаралы атты семірту үшін еркін жайған, ұрылар да зауалынан қорқып, ұрламаған. Ондай атқа салт мініп жүруге болмайды. Ат жылқы ішіне бір жылға жіберіледі. Жыл уағында марқұмға ас беріліп, жоқтау жыры айтылады. Тұл қайыру қалыптасқан дәстүр бойынша ер азаматтарға ғана қатысты орындалады. Жасы жетіп, ақ өліммен өлген ақсақалдардың, тек, мінген аты тұлданса, орта жастағылардың қару жарағы, ер-тұрманы, киім кешегі баспанасы түгел тұлданған. М.Қашқаридің түркі сөздігінде «Жаман тілді бектен гөрі жалғыз тұл игі»,- деген мәтел бар екен. Тұл аттың еті әдетте, тек, мәшһүр адамдарға ғана таратылған, қаралы жиынға жиналған ру басылары және билердің атақтарына қарай да таратылған. Еттің шамалы бөлігін туысқандары қайтыс болған адамның қабір басына апарып қалдырады. Егер жолаушы, не кездейсоқ адам бұл етті алса, марқұм үшін пайдалы болып саналған. Тұлдау ғұрыпын далалық этнографиялық экспедиция уақытында Баянауыл ауданында X1X ғасырдың жәдігері Күлік батырының күмбезі ішіне батырдың дулығасы мен найзасын қойған. Ал Ұлытау өңірінде Базарбек күмбезінде алдыңғы қасбетіне батырдың найзасы қойылған екен. Сондай-ақ ел аузындағы аңыз бойынша Едіге батыр бірде үлкен шайқастан жараланып ел жұрты не қыламыз деседі. Өзінің әлсірегенін сезген Едіге, менің ағымды ерттеңдер, қару-жарағымды сайлаңдар,сосын «Әруақ, жау шапты !» деңдер, атым қай жерге барып тоқтаса мені сол жерге жерлендер, деп аманат айтса керек. Жергілікті қалық аттың қу бас сүйегі кейінгі жылдарға дейін Едіге тауының басында жатқан еді деп, еске алып отырады.

Осы өңірге белгілі Бағаналы елінің аға сұлтаны Ерден Сандыбайұлы қайтыс болудан бір жыл бұрын айтулы Сағымсары атының өлгеніне қайғырып, оны Қарағанды өзенінің басына апарып адамша жерлейді. Өзі қайтыс боларда ақтық сөзінде: «Мені сол Сағымсары ат жатқан жерге жерлеңдер»,-деген екен.

Жайсаңбай да Бағаналы еліне XIX ғасырдың 50-жылда- рында байлығымен танымал болған адам. Ол бес мыңға жуық жылқы ұстаған, көші-қоны осы өзеннің жағалауы болса керек. Қайтыс болар алдында, еліне айтқан аманатында, «Мені осы өзеннің жағасына жерлендер ең құрмаса жылқыларымның суға келген аяқ дүбірін естіп жатайын»,- деп өсиет айтқан екен.

Тұл қайыру ғұрыпын көрген Н.П.Рычков былай баяндайды: «после раздачи призов обязанностью наставника является показать народу принадлежащие покойному ценнейшие вещи. Тут же должен при этом стоять на показе любимый конь покойного в самом полном лучшем своем уборе, покрытой черной попоной.

На других лошадях раскладываются лучшие платья, его военное снаряжение, богатые ковры и кибитки. Все эти вещи по порядку одна за другой привязываются к натянутой веревке, а рядом стоят жены умершего, утопающие в слезах.

Замысел всей этой церемонии заключается в том, чтобы показать собравшемуся люду,как много имущества сумел приобрести за свой век, и этим вселить в уме народа высокое о нем мнение.

Ортағасырларда тұл атты иесімен бірге жерлеген. Бұл дәстүр якуттарда да бар екен, иаки өлілердің әлемі олардың заттары мен малдарына берілуі тиіс болған. Сібір қалықтары да, адам өмірі өз жалгасын табады, - деген ұғыммен оларды ол и дүниеге барлық қажетті заттарымен аттандырған.Бұл дәстүрде өзгеріске түсіп, тұл атты, енді соймай, қайтыс болған адамның күнәсін мойнына алатын адамдарға таратылды. XIX - ғасырда бұл дәстүр өзгертіліп, енді ысқатты оқыған (құран көтерген) молдалар алатын болды.

Көшпелі қалық үшін ат оның қанаты, қасиетгі малы. Қазақ дәстүрінде ат иесін о дүниеге шартты түрде шығарып салады.Тұл ат қашанда космогониялық түсінік бойынша қайтыс болған адамды шығарып салушы.

Жылқы жайлы басқа да жорамалдар бар, көптеген оба, қорғандардан көсемдермен бірге алтын бетперде кигізіп жерленіен арғымақтар табылған.

Құладүз тақырда аттың шекесін жастанып жатса, жыланнан, жын-шәйтаннан қорғайды,-деген ырым бар. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жылқының пірі-Қамбар ата жылқының ғана иесі емес, бие сүтінен алғаш рет қымыз дайындаған адам, деп есептелінеді. «Мың қойға — шопан, мың жылқыға — Қамбар» деген. Мал сүмесін (сүт тамағы) татқан қазақ жылқы атасы Қамбардан тілеу тілеген.

Жылқы пірі, иесі Қамбар ата, «Мінген атың алатаң*,

Тілегенге өзің бер ақтан бата. Менең туған баласың,

Үйір үйір жылқыны шұрқыратып, Адал болса тастай ма

Ойдан қырдан арқансыз әкеп мата. Анасы мен атасын».

Жалқы туралы сөз мәйегі де көп:

«Арғымақ атқа міндім деп, ата жұртты ұмытпа»

(Н.Назарбаев)

«Алтын дөдеге ат байлар».

«Жылқының сүті - шекер, еті - бал».

«Жылқы тұяғының дүбірі мен кісінеуі, құлындарының шұрқырауы - нағыз симфония» (БТС)

«һәзірет Әлінің дүлдүлі Пырақ Пайғамбарға болған шырақ». (Б.Т.)

«Жал-құйрығы қаба деп, жабыдан айғыр салма, жаугершілік туғанда жағыдайлап мінер ат болмас».

«Ат болатын тай саяққа үйір келеді».

«Ұрыншақ тай жаз жарға, қыс қарға жығады».

«Алуан - алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады»

«Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше» «Алып анадан туады, тұлпар биеден туады».

«Артқы айылы берік болса, арық тулап не қылар»

«Үйіріне жеткенше түлпар асығады, ұясына жеткенше сұңқар асығады»,

«Жүйрік атқа жел қамшы».

«Жеріне қарай жылқы өсер»

«Құнарлы жерде құлын тай»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

«Жылқы етін жемесе, қазақ қайтіп жетілер»(Б.Т.)

«Жылқы етін жемеген боркемік, қымызын ішгіеген жілігі майсыз, бойы мыртық, салмақсыз келеді»(Б.Т.)

«Өзің не жеп ессең, балаңа да соны беруге тырыс, Себебі бала ағзасы мен қанасында (вена қан тамыры) сіз қолданған тағам нәрінің қажеттілгі міндетті түрде туары анық» (Б.Т.)

«Жылқы еті — жаным. Жылқы сүті - қаным» (Б.Т.) «Жабыны жауға мінбе жалы бар деп, жаманмен жекжат болма малы бар деп»

«Анаңды боз биенін сүтіне шомылдыратын жөнін бар»

Жылқының естілігін адамға теңеп:

«Адам жылқы мінезді»,

«Тіл білмеген надан,мінген аты шабан»

«Тай күнінде бас бермеген,құнанында құрық салдырмайды»деген
Жылқы түлігі туралы мақал-мәтелдер

Аттан тай озады,атадан бала озады.

Жабыдан тұлпар шықпайды.

. Қаска айғырдын баласы қаска тумаса да төбел туады.

. Айғырды аладан салсақ, атты аладан мінесің, айғырды

құладан салсаң, атты құладан мінесің.

. Бір биеден ала да туады, құла да туады

. Алып - анадан, ат - биеден аруана-түйеден.

. Жаксы ат картайса да жүрісінен танбас, жаксы кісі қартайса да ақылынан танбас.

. Жаксы ат пен жақсы жігіт көптікі.

. Ат сүрінбей жер танымас, ер сүрінбей ел танымас.

. Ат айналып казығын табар, ер айналып елін табар.

. Ат еріңді келер, ер мұрынды келер.

. Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,ер жігіт бірде малды,бірде малсыз.

. Арғымак аттың кұйрығы әрі жібек, әрі, кыл, ер жігіттің белгісі әрі мырза, әрі құл.

. Жылқының да жылқысы бар, казанаты бір бөлек, жігіттін де жігіті бар,азаматы

бір бөлек.

. Ерге лайық ат туар.

. Мың қойға - шопан, мың жылқыға - Қамбар.

. Бесті аттың бетінен сакта.

Бәрімізде біліп-білмей сезінетін ерекше бір күшті, оның тоқсан тоғыз есімінің бірі — Аллаһ тағала деп қабылдаймыз. Осы ғажап өмірді, салауатты саһараны, таңғажайып табиғатты, жан - жануар, құс базарын, балық, шаян, жайынды (кит), алып мүсін шатқал тасты бәрін-бәрін жаратып, адамға бағындырып бергені әр жүрекке аян, иағни барлығы Аллаһның адамға берген қазынасы, байлық берекесі. Ол байлықтың санына 0жету мүмкін емес. Сондықтан қазақ көптікті, немесе шексіздіктің баламасы іспетті жетіге теңеп, «жеті қазына»дейді, Аллаһның берген

жеті қазынасы. Сондықтан киелі жылқы, дүлдүл, сәйгүлік жеті қазынаның бірі, ер қанаты болып есептелінеді.



Жылқы жайлы жұмбақтар да бар

Көкке шаншып құйрығын Мінсең қанат,

Келеді шауып жүйрігім Сүті дәрі,

(құлын). Еті тамақ (жылқы).



Жылқы түсі

Құла - құлагер, құлапұшық, құлайғыр.

Қоңыр - телқоңыр, қоңыртөбел

Күрең- күреңторы, күреңқасқа, ардакүрең

Жирен - жиренқасқа, жорғажирен

Қызыл - нарқызыл

Боз - бозжорға,

Сұр - сұржекей, сұржорға, сұржебе

Торы - торықасқа, тортөбел, торыайғыр

Бурыл - тайбурыл, қарабурыл

Шұбар - байшұбар

Қарақасқа - тайқасқа, жиренқасқа

Ақ — ақтабан, ақбоз, ақбозат; ақмаржан, ағауыз, аклақ, ақмоншақ, ақжалкүрең

Сары - сарыат, сарбауыр, сағымсары

Көк - көкшолақ, көкбесті, көкжал, көкжарлы, көкбөрі,

көкжайдақ, көксұғанақ, тайкөк, көкойнақ, көктін,көкқарға, көққөнен, көкбесті

Қара: - қарасерке, қарагер, қарақасқа, қарақұс, меңдіқара,

Кері: - кербесті, кершабақ, темешкер, кертөбел



Жылқы атауы

Құлын - жылқының алты тайға дейінгі төлі.

Жабағы-алты ай мен бір жасқа дейінгі төлі.

Тай бір жастан екі жасқа дейінгі (еркек,ұрғашы)төлі

Құнан –үш жасқа аяқ басқан жылқы.

Байтал-үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.

Дөнен - төрт жасар еркек жылқы.

Бесті - бес жасар еркек жылқы.

Айғыр - үйірге түсетін аталық жылқы.

Сәурік-жаңадан үйірге қосылмай,әлі құлындамаған жас бие.

Қулық - тұмса құлындаған жас бис.

Бие - аналық жылқы.

Мама бие - үйірдегі кексе, сақа бие.

Қасаба - көп жасаған мама бие.

Саба бие-көп құлынды бие.

Ту бие-бірнеше жыл қатарынан құлындамаған семиз бие

(сере қазы береді).

Бедеу бие-құлындамаған бие.

Ақта (болған) - піштірген жылқы.

Қазанат-сұлу-да сәнді,әрі мықты қазақ жылқысы.

Көбең - аз уақыт бос жіберіп, ет алдырып, мінетін семірген көлік- ат

Жұнт-(түркі тілінде)семіз,күйлі жылқы (жұнтай).

Бәсіре - баланың ен салған күлынының ат болғаны

Алатаң –қыстан күйлі шыққан жылқы

Ат тұлдау-марқұмның атының жал-құйрығын күзеп,жылы өткенде(асында)сояды.

Ереуіл-ұзақ жортуға,шыдамды, мықты, берік ат.

Сәйгүлік - шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.

Саңлақ - ұшқыр, жүйрік жылқы.

Күлік - әдейілеп жаратпай-ақ бәйгіден келетін жүйрік.

Арғымақ-дене бітімі келісті, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.

Тұлпар - аса төзімді батырлар мінген жылқы.

Жабы - қазақ жылқысының байырғы тұқымы.

Пырақ - Пайғамбардың аты, иаки қанатты тұлпар (аңыздарда айтылады).

Дүлдүл — аңыздарда Мұхаммед пайғамбар мінген қасиетті ақ қашырдың атауы, кейде Әзірет Әлі мінген ат деп те айтылады.

Суын - аңызда айтылатын су жылқысы.

Дөрбіт — аяғы жуан, мықты, құйрық жалы қалың жылқы.

Ласқар бие-он сегіз, он тоғыз, жиырмажасында құлындаған бие.

Құтпан - құтты қасиетті жылқы, жалды айғыр, жанына ерген саяғын теппей, құлағын жымып жинайды.

Таура - жабайы жылқы.

Дертке шипа іздесең.

Жылқының қазы-карта, жаясы әртүрлі суықтан пайда болған ауруларға мың да бір ем.

Көкжөтел, өкпе ауруына жылқының өкпесін шала пісіріп жегізеді.

Биенің сүті, қымызы өкпе ауруларына дәрі. Сынықты қайта таңу үшін жылқы сүті, сорпасы, майы арқылы сынған сүйекті қайта айырады.

Тай терісіне оранып, ауру адам жел-құздан айығады.

Жылқы жүрісіне байланысты ерекшеліктер.

- Аяң, өгіз аяң, сылбыр аяң, бір қос аяң, сары аяң;

- ырғақ, қара жүріс;

- бүлкіл, құлан бүлкіл;

- желіс, бөкен желіс, сау желіс, сар желіс;

- текек, жортаң, шөқыту, майшоқырақ;

- шабыс, ағынды шабыс,шаң ілеспес;

- жорға, жол жорға, үш аяқ жорға, су жорға, төкпе жорға, тайпалған жорға, су төгілмес жорға, жорға-жүйрік, жорға-жортаң.



Жасына қарай жылқы атауы:

6 айдан 1 жасқа дейін - жабағы

1 жастан асқаны - тай

2 жастан асқаны - құнан

3 жастан асқаны - дөнен

5 жасары - бесті

6 жасары - алты жасар

18-19 да құлындаса - ласқар бие

20-21 ге келгенін - кетеу, дейді.

Жылқы екі жасында тісейді.

Дана бабаларымыз малдың төресі жылқыны жақсы білген. Оның жасын тісіне қарап айырған. Жылқы екі жасынан бастап тісейді. Бұл жастағы жылқы малын құнан дейді. Осы екі жасында тісеп, қазы бермейтін жылкыны алсыр дейді.

Бабаларымыз жиырмадан асқан жылқыға қатты қараған. Өйткені оның да өзіндік сыры бар. Жылқының жиырма төрт жасқа толғанын кетеу дейді.

Бұл жастағы жылқы да қазы бермейді. Сондықтан аталарымыз «жұт — жетеу, қалғаны -екеу, біреуі -алсыр, біреуі - кетеу,- деген. «Кетеуі кеткен» деген мәтел осыдан айтылған болар.

Жылқы малының тісі әр алты жыл сайын өзінің қалыбын елеулі түрде өзгертіп отырады екен.

Жылқы түлігінде кездесетін аурулар

мен қалық арасында оны емдеу әдістері.

Талақ. Жылқының көк бауыры өседі.

Емдеу әдісі, Белдеменің қанатынан үш елі тастап, арнаулы бізді сұғады.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет