Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет6/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Заманауи зерттеулер институты ішкі және сыртқы саясат, экономика, мәдениет, тарих және философия, халықаралық қатынастардың әртүрлі аясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, сонымен қатар ғылыми және оқытушы мамандарды даярлау және қайта даярлауда, алынған ғылыми нәтижелерді қолдану және оларға негізделген әдістерді университеттегі оқыту тәжірибесіне, арнайы және қосымша білім беру жүйелеріне енгізу бойынша ұсыныстар дайындауда қатысады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРК
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің инновациялық паркі – бұл ғылымның, білімнің, өнеркәсіптің бірігуі, инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамның, өнеркәсіптің жоғары технологиялық проблемаларын шешу мақсатында құрылған университет бөлімі. Ол 2011 жылы 11 қазанда университеттің Ғылым Кеңесінің шешімімен құрылды.
ЕҰУ-НІҢ ИП-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ:
▪ Өнеркәсіптің жоғары технологиялық проблемаларын шешу ▪ Балама энергетиканы дамыту
▪ Техногендік салымдарды кәдеге жарату
▪ Жаңа материалдар шығару
START-UP
04.09.2014 ЕҰУ-де «Стартап» аймағының тұсауы кесілді.
ЕҰУ инновациялық паркіндегі Start-up аймақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында құрылған теңдесіз құрылым. Оның мақсаты жас ғалымдарға бастапқы кезде дұрыс жөн сілтеу мен тез дамуға көмектесу болып табылады. Онда технология, энергетика, баламалы қуат көздері, экология, индустрия, жаңа материалдар құру мен әлеуметтік сектор саласындағы жобалар іске асырылады.
Алайда оларды іріктеу кезінде оқу орнының түлектеріне, студенттеріне, магистранттарына, қызметкерлеріне басымдылық беріледі. Инновациялық парк директоры, Владимир Кимнің айтуынша, «Start-up жобалар аймағы»
ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ұлыбританиядағы халықаралық тәуелсіз рейтинг агенттігі «QS – World University Rankings» бойынша әлемдік 17 мың университеттің ішінен 2009 жылы – 600-дікке, 2010 жылы – 500-дікке кірген болатын. Сонымен қатар, 2014 жылы ТОП-400 ең үздік университеттің құрамына кірді. Бұл рейтинг – ЕҰУ-дың Орталық Азия аймағындағы ең үздік университет екенін, ал ТМД-дағы осы деңгейдегі 5 университеттің бірі екенін айқындайтын көрсеткіш. Біздің алдымызда жүз жылдан астам тарихы бар Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск университеттері мен елу жылдан астам тарихы бар Новосібір мемлекеттік университеті тұр.
ЕҰУ-да еуропалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтасу «Эрасмус Мундус» және «Темпус» сияқты Еуропалық Одақтың білім беру бағдарламалары шеңберінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ отандық ЖОО арасында «Темпус» бағдарламасына қатысу көрсеткіші жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
ТЕМПУС – Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі.
2012 жылдың желтоқсанында Еуропалық комиссия тарапынан Орталық Азия аймақтарына арналған ТЕМПУС IV жобасын қаржыландыруға байқау жарияланған болатын. Күрделі байқау жобасы нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Еуропалық комиссия тарапынан қаржыландыруға іріктелінді. Жобаның жалпы бюджеті 1 300 000 еуроны құрайды, жобаның бас үйлестірушісі Барселонаның Автономды Университеті (Испания) болып табылады.
ТЕМПУС бағдарламасының басты мақсаты – ЕО және серіктес елдерінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық аймағын құру. Осы мақсатқа жету үшін бағдарлама аясында нақты мәселелер шешіледі:
Бұл жоба Болон үдерісі шеңберінде қатысушы елдердің жоғарғы білімдерін модернизациялауға, сонымен бірге ЕО, Шығыс Еуропа елдерінің және Қазақстанның ғылыми институттары, өндірістері және жоғарғы оқу орындары арасындағы тығыз ынтымақтастықты орнатуға бағытталған.
Жобаға қатысушы елдер құрамына әлемнің 14 елінен 56 ұйым кіреді. Комитет жұмысына Франция, Италия, Грекия, Болгария, Румыния, Молдова, Ресей, АҚШ және Қазақстан елдерінен серіктес жоғары оқу орындары қатысуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет