Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет5/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
КОНФУЦИЯ ИНСТИТУТЫ
Конфуцзы Институттар жүйесін құру, оны дамыту білім және мәдени ағартушылық салаларындағы XXI ғасырдың аса маңызды дүниежүзілік жобаларының бірі болып табылады.
«Конфуцзы Институты» жобасы адам баласының мәдени прогреске жетуіне жердемдесуді басты бағыт ретінде алып отыр. Бұл жоба қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, сондай-
ақ, ақпараттық технологиялар негізінде ғаламшардың көне өркениеті Қытайдың жетістіктері мен тілін үйренуге жол ашады.
Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуцзы институтында жеке кітапханасы мен жеке киноклубы жұмыс істейді.
Кітапхана қоры Пекин қаласындағы Конфуцзы институтының бас кеңсесі ұсынған оқу материалдарымен жабдықталған. Мұның барлығы ҚХР-да басып шығарылған қытай тілі мен мәдениеті жайлы жаңа оқу құралдары. Оқу құралдарының жалпы саны 4 500 томнан аса кітап қорын құрайды.
Конфуцзы институтының киноклубына келер болсақ, тыңдармандардың ауыз екі сөйлеу тілін тез меңгеруде қытай тіліндегі фильмдер ұсынылады. Клуб мүшелері тек фильмдерді тамашалап қана қоймай, нақты кинотаспалар бойынша өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салады. Демек, бұл тәсіл қытай мәдениетімен етене танысуға және қытай тілін жетік меңгеруге зор мүмкіндік бермек.
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«Жастар» ҒЗО 2012 жылғы 27 сәуірде ҚР-ң елбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІХ сессиясында берілген тапсырмасына сәйкес әртүрлі жастар санаты арасында туындалуы мүмкін болатын әлеуметтік-саяси дауларды алдын ала анықтау және алдын алу үшін жастар ортасында терең зерттеулер, жастардың әлеуметтік жағдайына тұрақты мониторинг өткізу үшін құрылды.
«Жастар» ҒЗО жастар ортасында әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік саяси процестерді зерделеуге бағытталған зерттеу орталықтарының жалпыхалықтық тұғырнамасын құруға ұмтылады.
«ЖАСТАР» ҒЗО БАҒЫТЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:
• жастар арасында әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси зерттеулер өткізу;
• мемлекеттік жастар саясаты аясында өткізілетін ғылыми-зерттеу жобаларын және бағдарламаларын әзірлеуге және оларға сараптамалар өткізуге қатысу;
• жастар олардың субъектісі болып табылатын әлеуметтік-саяси институттардың қызметіне сараптық бағалау және дамуын болжау; • жастардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;
• әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мамандарын дайындауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысу;
• еліміздің салалық зерттеу ұйымдарын шоғырландыру;
• ғылыми, әдістемелік кітаптардың әзірленуін және басып шығарылуын ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет