Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет58/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
Активтік операциялар – бұл несиелер беру.
Пассивтік операциялар – бұл ақша жинақтарын және банктің табыстарын жұмылдыру. Банктегі барлық салымдар депозиттер және жинақ салымдары болып бөлінеді.
Банктік қызмет көрсетулер – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру, валютамен және алтынмен байланысты операциялар, бағалы қағаздарды шығару және сақтау, трасталық (сенімгерлік) операциялар. Банктер кеңестер береді, ақпараттар ұсынады. Соңғы жылдары банктік қызмет көрсетулердің көлемі айтарлықтай өсті.
Банктік операциялардың барлық түрлері пайыз түрінде пайда алуға мүмкіндік беретін несиелік негізде (активтік және пассивтік) немесе өз клиенттері есебінен комиссиялық сыйақылар алу негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен, барлық операциялардан түсетін банктік пайданы маржа деп атайды. Маржа – активтік операциялар бойынша пайыздар мен пассивтік операциялар пайыздардың айырмашылығынан болатын банктік таза пайда. Банктік пайдадан басқа банктің табыс көздеріне инвестициядан, биржалық операциялардан түсетін табыстар және банктік қызмет көрсетулерден түсетін комиссиялық сыйақылар жатады.
Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары. Дамыған елдердің қазіргі банк жүйесі арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттарын да өзіне жатқызады. Кейбір жағ- дайларда бұлар үшінші деңгейлі болып табылады. Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары мыналар жатады: инвестициялық банктер, жинақ банктері, несиелік одақтар, сақтан- дыру компаниялары, зейнетақылық және инвестициялық қорлар. Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары халықтың шағын капиталы мен жинақтарын жұмылдырып, солар арқылы экономиканы инвестициялайды.


ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Ақша жүйесінің негізгі элементтері қандай?

  2. Ақша массасының құрылымы қандай?

  3. Ақша-несие саясаты дегеніміз не?

  4. Несиенің түрлері қандай?

  5. Банк жүйесінің құрылымы қандай?


ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет