Дипломдық ЖҰмыс бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту Алматы 2008 Жоспар


Геометриялық фигуралар және олардың қатынастары



бет12/18
Дата05.04.2022
өлшемі269,5 Kb.
#137928
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
dip -bastauysh-matematika-kursynda-qatynastardy-oqytu
sillabus nov i inkluziya
2.4. Геометриялық фигуралар және олардың қатынастары.

Геометриялық білімінің пайда болатын көзі біреу, ол тәжірибе. Ойын, әртүрлі жұмыс т.с.с. түрінде айналадағы табиғат, тіршілік жағдайларымен танысудан балалар геометрияның негізгі түсініктері туралы ұғым алады. Тәжірибе және бақылау, геометриялық білімінің бастапқы көздері болады.


Геометриялық білімінің пайда болуының екінші жолы логикалық ойлау болып табылады. Жоғарыда келтірілгендер геометриялық білімінің пайда болу көздері. Дұрысында, бақылау тәжірибе қандай оңай болғанмен де, қандай нақтылы түрде кездескенмен де, оқушы тіпті жеңіл желпі түрде болса да талқылап тексермей, логикалық жүйеге соқпай кете алмайды. Мысалы, шырпыдан салынған үщбұрыш пен квадратты салыстырғанда көрінеді.
Бастауыш сыныптарда геометрияны оқыту кезінде, әр материалға байланысты, геометриялық ойлау қабілетін дамыту барысындағы мүғалімінің ең негізгі мәселесі әдістемелік бағытты анықтап алу керек.
Геометриялық фигуралар және олардың қатынастары жөніндегі түсінік оны елестете білуге дейін жүргізіле береді.
Геометриялық фигуралардың әртүрлі модельдерімен танысу кезінде, оқушылар олардың материалына, түсіне, салмағына тэуелсіз жағдайларын ескере отырып, геометриялық фигуралардың жалпы қасиеттерін анықтайды.
Мұның барлығын да геометриалық объектілерге материалдарда қолдану нәтижесінде қол жеткізеді. Мысалы, сызғышты пайдаланып түзу сызық сызғанда, ол тек объект ғана емес, керілген жіп, екі жазықтықтың қиылысуынан пайда болған сызық (мысалы, қабырға жазықтығы мен еден жазықтығы) материалдық заттарды пайдалана отырып, оқушылар геометриялық елестетуді меңгере бастайды. 1 сыныпта қоршаған ортадағы материалдық заттармен, фигуралармен алғашқы таныстық және олардың аттарымен танысу кезеңі аяқталады. Оқушыларда бірте -бірте фигураларды оқу схемасы өңделе бастайды, оларға анализ және синтез жасау схемасы, сөйтіп, әрбір фигураның қасиетін меңгеруі жеңіл түрде жүреді.
Әдістемеде геометриялық фигураларды қою және қарама-қарсы қою тәсілдеріне ерекше орын беріледі. 1 сыныпта фигуралар жиыны ішінен шеңбер жиынын, кеп бұрыш жиынын және т.б. бөліп алуға көңіл аударылса, ал 2 - 3 сыныптарда фигуралардың қасиеттерін нақтылауға және классификациялауға мэн беріледі. Жазық фигуралар (шеңбер -көпбұрыш, дөңгелек -шеңбер және т.б.) иен кеңістік фигураларды (квадрат-куб, шеңбер, шар және т.с.с.) қою және қарама-қарсы қоюға ерекше назар аудару керек. Мысалы, кубпен таныстырғанда, оның нүктелерін, кесінділерін, көпбұрыштарын табуды көрсету қажет.
Оқушылардың 3 сыныпта геометриялық елестетуін қалыптастыруда фигуралардың қасиеттеріне сүйене отырып, олардың өзара орналасу қатыстығын қолдану. Мысалы, кесінді мен жазықтықтағы түзудің өзара орналасу қатыстығын (қиылысу) қолдану, оқушылардың кесідінің шектілігі мен түзүдің шексіздігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қалыптасқан геометриялық ұғымдарды қалыптастыруға негіз болып табылады.
Бастауыш математика курстарында оқып үйренудегі басқа материалдармен байланысыны ерекше айтқан жөн. Бұл байланыстың негізі болып сан мен фигура арасындағы қатынасты орнату мүмкіндігі. Бұл сан түсінігін қалыптастырудағы сан қасиеті, оларға қолданылатын амалдардан фигураны қолдану керісінше, геометриялық образдарды оқып үйренуден сан ұғымын қолдану.
1 сыныпта фигура модельдерін санау үшін қолданады. Кейінірек объекті ретінде фигура элементтері пайдаланылады. Мысалы, көпбұрыштың төбелері, қабырғалары. Сонымен қатар оқушылар кесінділерді ©лшеумен де танысады. Бұл кесінді мен сан арасында байланыс орнатуға септігін тигізеді. Ал 2 сыныпта кесінділер (нүктелер) және сандар арасында тікелей байланыс орнатылады. Ертеректе кесінділерді өлшеумен танысқандықтан натурал сан, санаудың ондық өлшемі (сантиметр-бірлік, дециметр, ондық, метр жүздік), сандарға амалдар қолдану (масштабты сызғыш сан, санау қүралы) сияқты түсінігін қалыптасытруда маңызы үлкен. Геометриялық фигуралар оқушылардың бірлік үлестерімен танысу кезінде де қолдану қажет.
Бастауыш сыныптың білімнің жаңа мазмұнына етуі, оқыту әдістері құрамының жаңаруы - бұл болашақ педагогикалық іздену үшін негіз болып табылады. Мұндай жағдайда пәнаралық байланыстық көлемі мәселелері маңызды роль атқарады.
Бастауыштың әртүрлі оқу пәндерін оқыту кезінде оқушылар сабақ үстінде қоршаған орта құбылыстары туралы, оның қасиеттері жайында нақтылай түсініктер алады. Мысалы, балалар графикалық сауаттылыққа үйрену үшін, таяқшаларды салады, торкөзді белгілейді және т.б.
Геометриялық фигуралар жайлы алған білімдерін бекітуде басқа пәндердің мүмкіндіктерін де айтуға болады. Мысалы, табиғаттану сабағында оқушылар горизонт сызығы және горизонтпен танысу кезінде, оларда дөңгелек және шеңбер женінде түсінік ала алады. Геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту болып табылады. Сондықтан да, геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту барысында оқушылар ткелей олармен практика жүзінде танысып жұмыстар жүргізу керек. Мысалы, балалар математика сабағында өлшеу және салу жұмыстарын атқарады. Еңбек сабағында формаларын илеп жасап, модельдерін қиып, ал сурет сабағында бейнелеу жұмыстарын атқару керек. Келтірілген мысалдардан, әртүрлі пәндерді оқи отырып, геометриялық формалар жайында білімдер жинақтайды. Олардың нақтылы және абстрактылы ойлау қабілеттері өңделеді. Сонымен қатар, геометриялық форма, геометриялық фигура, фигуралардың қасиеттері мен қатынастары туралы сапалы түрдегі түсініктері қалыптаса бастайды. Осы мәселелер түгелге жуық әдіскер A.M. Пышкалоның еңбектерінде қарастырылған.
Бастауыш математикасында геометриялық материалдарды оқытудағы негізгі әдіс теориялық - жиындық және фигураларды, онық қатынастары мен қассиеттерін оқытуда қарапайым логикалық -математикалық түсінік болып табылады. 1-3 сыныптардан -ақ бұрыштар жиыны туралы қарапайым классификацилау (түзу және түзу емес - 1 сыныпта, 2 сыныпта -түзу сүйір, доғал) үшбұрыштар жиыны (қабырғасы, бұрышы бойынша) көпбұрыштар жиыны (бұрыштар санына байланысты және т.б.
Геометриялық материалдарды оқыту мектеп курсының барлық оқу жылына бірдей етіп бөлінеді. Қазіргі 1 сынып математика оқулығы да осылай қүрылған. Геометриялық есептер мен жаттығуларға арналған. Заттардың ұзындығы, олардың кеңістікте езара орналасу мен қатынастары жайлы алғашқы түсінік беру.
Балалар мектепке дейінгі кезеңнің өзінде-ақ олар кеңістік туралы қоршаған ортадағы әртүрлі заттардың формасы, өлшемі, және өзара орналасуы жайында кеп түсінік жинақтайды. Осы түсінік келешекте негізгі геометриялық түсініктерді, сосын ұғымдарды қалыптастыруда қажет негіз болып табылады. "Кубиктерден" (кубик құрамында призма, пирамида және т.б. көп бұрыштардан басқа да шар, күрделі формалы цилиндрлер кездеседі) әртүрлі қүрылыс салу кезінде, балалар заттардың өзара қатыстарымен: "жоғары" ,"төмен", "ортада", "астында", "үстінде", "оң жағы", "сол жағы", "арасында" және т.б. сөздермен кездеседі, сөйтіп заттардың салыстырмалы елшемдеріне:
" үлкен", " кіші" , "ұзын", "қысқа", және т. б . сөздерге көңіл аударады. Сонымен бірге ойын үстінде, практика жүзінде заттардың формаларымен, олардың жеке бөліктерімен танысады. Мысалы, дөңгелек (цилиндр) немесе доптың ( шар ) секіретін қасиетке ие екендігін, ал қорапша да (призма) мұндай қасиет жоқтығын балалар бірден - ақ аңғарады. Осы физикалық қасиеттерде балалалар интуитивті түрде дене формасымен байланыстырады. Балалар жинақтаған тэжирбе және терминдік зөздер кездейсоқ болғандықтан оқытудың міндеттерінің бірі жинақталған түсініктерді анықтау және сэйкес терминдерді меңгеру. Осы бағытта жүйелі түрде әртүрлі жаттығулар беру керек Заттар арасындағы қатынастар: "бірдей", "әртүрлі", "үлкен", "кем", және т.б. сөздер нақты заттармен (қағаз белігі, таяқша, доп, және т.б.) немесе солардың кескінімен (сурет, сызба) орнатылады. Осы қатынастарды түсіндірудегі мысалдарда негізгі белгілер "дәл" көрініс табуы қажет.
Салыстыру, мысалы, берілгені екі таяқшаның қайсысы "үлкен" деген сұрақты қойғанда, екі таяқшаның да қалындығы бірдей болу керек (немесе ұзындығы бірдей). Барлық кезде де екі затты салыстырғанда "салыстыру белгісі" айқын көріну қажет немсе оқушылар бірден ажарататындай болуы керек. Диаметрі мен түсі әртүрлі шарларды салыстыру оңай, ал шарлардың диаметрі әртүрлі болып түсі бірдей болған жағдайда қиын соғады (бірінші кезде). Бұл жағдайда оқушылар "Шарлар бірдей "(түсіне қарап) деп жауап береді. Оқыту барысында заттың геометриялық қасиетін оқыту барысында ол заттың қандай материалдан жасалғандығы, түсі ескерілмейді, оның өлшемі, элементтерінің өзара орналасуы, формасы ескеріледі.
"Бірдей" термині конгурентті (тең) деген мағынада бұл термин "тең" терминімен (мысалы, тең кесінділер) алмастырылады.
Көрсетілген қиындылардың қайсы "үлкен" ("кіші" деп сұрақ қоюға болмайды. Одан қайта, бұл қиындалардың қайсы жіңішке (жуан), қысқа (ұзын) деп қойған орынды.
Геометриялық фигура - бұл нүктелер жиыны, геометриялық фигураға жеке бір нүктеде , және шекті, шексіз алынған нүктелер жиыны да жатады. Сондықтан да, біз оларды абстрактылы дейміз.
Практикада біз, реальды заттардан жасалған фигуралардың модельдерін қарастырамыз. Мысалы, қаламсаптың ұшы нүкте болады және т.б. Заттардың формасы, қасиеті, өлшемі массасын ескермей, оны геометриялық фигура туралы түсінік аламыз.
Геометрия негіздерін оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін оқушылардың кеңістік түсінігін қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Геометриялық оқыту бұл оқушылардың ғылыми - дүние танымдық қабілетін артырудың бірден - бір жолы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет