Дипломдық ЖҰмыс бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту Алматы 2008 Жоспар



бет15/18
Дата05.04.2022
өлшемі269,5 Kb.
#137928
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
dip -bastauysh-matematika-kursynda-qatynastardy-oqytu
sillabus nov i inkluziya
Сабақтың тақырыбы: Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жуан - жіңішке, қалың - жұқа, жалпа - жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір - бірінен ажырата білуге үйрету:
Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру .
а)математикалық жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.
ә) сабаққа қажет құрал - жабдықтарды дайындау.
II. Жаңа сабақ мазмұны:
а) жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағатардың жуандықтарын салыстыратынын қабарлайды.
Ағаш пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімедейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан -жіңішке ұғымдары мен таныстырады.
ә) Оқулық пен жұмыс.
Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жіңішке екнін ажыратады. Енді сол ағаш кескінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кескінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі -жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтайды.
Жеңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақты мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызығыштың жалпақтығы салыстырылады. Тапқышпек тапсырмасындағы балалардың кимдері (қалың-жұқа) үстел бетінің жалпақтағы, аяғының жуандығы салыстырылады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде көрсөтілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған заттарды қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшерімен, әрі тор көзбен есептеп жетілдіреді.
Ойындар.
«Өз пәтеріңе жайғас », «Өз үйінді тап», «қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.
Қорытынды.
Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың - жүқа, жалпақ -жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дүрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет