Дипломдық ЖҰмыс бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту Алматы 2008 Жоспар



бет14/18
Дата05.04.2022
өлшемі269,5 Kb.
#137928
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
dip -bastauysh-matematika-kursynda-qatynastardy-oqytu
sillabus nov i inkluziya
Сабақтың тақырбы: Биік. Аласа. Кең. Tap. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа.
Сабақтың мақсаты: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, ұзын - қысқа қатынастарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір -бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Пәнді оқытудың мақсаты - міндеттерін ұғындыру.
II. Жаңа сабақ мазмұны:
III. А) Жаңа материалды түсіндірмес бүрын сынып бөлмесінен,
ондағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).
Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, Ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т.с.с.
ә) Оқулықпен жұмыс
1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешілерінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екөндігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінөн биігірек, болмаса аласа т.б.
2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен
тротуардың ені ұзындығы қарастырылады. Көше кең. Тротуар тар.
3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады.
Олардың бірі-үлкен, екіншісі - кіші. Үлкенің бойы - кішісінен
(немесе інісінен) биік, інісінің бойы - аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ - жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп - футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажетті айтылады.
Доптар бір - бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын - қысқалығы, кең - тарлығы, үлен кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаштардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.
б) ойындар.
Бұл сабақта «Өз үйіңді тап», «Үй тұрғызайық», «Сипаттамасы бойынша тап» деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.
в) Дәптермен жұмыс.
Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптөрде берілген тапсырмалар орындалады. Онда торкөзді санап отырып, шыршаларды салып, биіктіктерін салыстыру қажет. Үйлердің қабырғасының еніне қарап кең таралығын анықтап, үзік сызықты бастыра жүргізді. Сол сияқты басқа берілген тапсырмалар осы үлгіні башылыққа алады. Жаңа ұғымдарды меңгертуде дидактикалық материалды, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланып, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады.
Қорытынды
Сонымен, бұл сабақта бала өзен қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік тынысынан биік - аласа, үлкен - кіші, кең - тар, ұзын - қысқа қатынастарын танып - біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет