Дипломдық ЖҰмыс бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту Алматы 2008 Жоспар



бет16/18
Дата05.04.2022
өлшемі269,5 Kb.
#137928
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
dip -bastauysh-matematika-kursynda-qatynastardy-oqytu
sillabus nov i inkluziya
Сабақтың тақырбы: Жоғарғы. Төмен, Оң жақта. Сол жақта.
Алдында. Артында. Жанында. Астында. Үстінде. Соңында, Арасында. Ішінде. Бірінші. Екінші. Жыл-дам. Баяу.
Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңестіктік қатынастармен таныстыру, заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету. Балалардың кеңестік туралы ұғымдарын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оң, сол, жоғары, төмен ұғымдарына байланысты өлең тақырыптар арқылы бой сөргіту жаттығуын ұйымдастыру.
II. Жаңа материалдың мазмұны.
А) сабақты мектептің не балабақшаның спорт алаңынан саяхат жасаудан бастаған жөн. Ондағы балалардың іс әрекеті,
Орны жайлы әңгіме жүргізуге болады.
Сондай - ақ, сыныптағы заттардың орналасуы, оларды бір -бірімен салыстырғандағы орны сұрақ - жауап арқылы жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс
Оқулық дәптердегі суретте балалрдың іс-әрекеті мен орындары, доптардың орнына қарап сұрақ-жауап жүргізіліп жоғары, төмен, жанында, алдында, артында, оң жағында, сол жағында ұғымдары мен таныстырылады.
ІІ-суреттегі тұғырға қарап жүгіріп келе жатқан балалардың ретімен атау; бірінші, екінші, үшінші. Балалардың қимылдарына қарай жылдам, баяу екендігі айтылады.
III. Суреттегі ұл бала мен қыз баланың іс әрекетіне қарай
бетінде, үстінде астында ұғымдармен танысады.
«Шалқан» Ертегісінің мазмұны ашылып, мұндағы атасы, апасы, немересі, күшік, мысық, тышқаның орнын ажыратып, арасында, ортасында, соңында ұғымдарын түсінуді тереңдеттеді.
Дәптермен жұмыс.

  1. Торкөзді салып, бояу.

  2. Торкөздің оң жағындағысын-қызыл, сол жағындағысын көк
    түспен бояу.

  3. Торкөздің жоғарғы жағындағысын - жасыл, төменгі
    жағындағысын сары түспен бояу.

  4. Торкөздің оң, сол, жоғарғы, төменгі жағындағыларын әрбір
    бала өзіне ұнаған бояуды пайдаланып бояйды.

  5. Дөңгелектерді де өзіңе ұнаған бояумен боя.

6. Берілген геометриялық фигуралдарды ретімен салу.
Ойындар.
Жоғарыдағы ұғымдарды меңгерту мақсатында «Орнын тап», «қол соғу», «Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» ойындарын пайдалануға болады.
Қорытынды.
Балалар, бұл сабақта заттардың кеңестікте өзара орналасуы мен орнын ажыратып, ұғымдарды дұрыс пайдаланып, торкөзбен нақты танысып, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет