Экологиялық білім беру жүйесін жаңашаландыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру



Дата26.08.2017
өлшемі118,14 Kb.
#29378
Экологиялық білім беру жүйесін жаңашаландыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қалдыбекова А., 3 курс, Жаратылыстану факультеті,

Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті


Кіріспе. Қазақ халқының салт-дәстүрінде табиғатпен тікелей араласуы өзінің әлеуметтік- тарихи тыныс тіршілігі болып қалыптасқан. Сондықтан да болар табиғатты аялап, аң мен құсын қадірлеп “киелі” санап, өзен-көлдерін ластамаған. Оны біз А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин еңбектерінен көреміз. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов “балаға ең жақын, ең қымбат туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді”-дейді. Әрине балаға өзін қоршаған табиғи ортасының сұлу көріністері арқылы оның табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта қандай саланың маманы болса да, ең бірінші кезекте табиғатқа кері әсерін тигізбейтіндей әрекет жасап, табиғатты аялап, оны жақсарту үшін түрлі әдістерді қолдану арқылы табиғатқа пайда келтірудің бір жолы – үздіксіз экологиялық білім беруді дамыту болып табылады [1].

Мақсаты. Бүгінгі таңда үздіксіз экологиялық білім беруді жетілдіру, экология пәні бойынша оқу-құралдарын жасап мектеп бағдарламасына енгізу. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр.

Әдісі. Экологиялық білім беруде – экологиялық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған, үздіксіз жүргізілген теориялық және практикалық сабақтар арқылы жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу жатады.

Елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуы орынды жағдай. Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады [2]. Жоғарыда аталып өткен үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін енгізу қоршаған орта мен адам арасында байланыс орната отырып, экологиялық проблемаларды шешудің тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймыз. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінде, ең бірінші - бала табиғат заңдылықтары туралы ілімді отбасынан алу керек, содан-соң балабақшада, мектептерде, университеттерде, мамандарды қайта даярлау орталықтарында және жұртшылық арасында жаппай экологиялық проблемаларды түсіндіру жұмыстары арқылы іске асыру керек.



Нәтиже. Мектеп оқушыларының экологиялық білім деңгейлерін анықтау мақсатында Кентау қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №19 политехникалық бағыттағы мектеп-лицейінің 5-ші және 8-ші сыныптарына тәжірибе жұмыстары жүргізілген. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ өту кезінде сыныптағы 25 оқушыны 2 топқа: а және б тобына бөліп жарыстырдық. Сабақ 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде түсіндірілген экология пәні бойынша оқушылардан тест алынды, екінші кезеңде сұрақ-жауап, ал үшінші кезеңде табиғат туралы мақал-мәтелдер дайындалып, төртінші кезеңде балаларға тапсырма берілді. 8 сынып оқушыларына арнайы “Табиғатты қорғау, болашақты ойлау” тақырыбындағы сабақ жоба түрінде өткізілді. Бұл жобада табиғат құрауыштарының қасиеттерінен бастап, экологиялық проблемалармен қатар оларды шешу жолдары да оқушыларға түсіндірілді. Бұл сыныпта 28 оқушыны 6 топқа бөліп, білім деңгейлерін тексердік. Тексеру барысында байқағаны: 6-шы топтың балалары алғырлық танытты, себебі олар берілген тапсырмалар бойынша үйде ізденген және өз ойларын ашық айтып, экологиялық проблемаларға өз бетінше баға бере алатындай оқушылардан құралған топ екенін дәлелдеді. Анықталғандай, жоғары сынып оқушылары болғандықтан оларды болашақтағы өз мамандықтарының қоршаған ортаға әсерінің қандай болатындығы толғандырды. Жүргізілген сынақ сабақтардың нәтижелері 1-ші суретте келтірілген.





Сурет 1 – Жүргізілген сынақ сабақтарының көрсеткіштері

Қорытынды. Сабақ өту барысында байқалғаны: біріншіден балалардың білім деңгейлері және сабақты қабылдау қабілеттері әртүрлі болды. Екіншіден сабаққа деген қызығушылықтары көрнекіліктерге және әртүрлі экологиялық проблемалар бейнеленген суреттерге байланысты артты.Үшіншіден балаларға логикалық сұрақ-жауаптар мен тапсырмаларды көптеп беру, олардың сана-сезімін күнделікті өмірде сол істерді жасауға бейімдейді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).

2. http://myunivercity.ru
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет