Әож 908 (063) Қ68 Редакциялық кеңес: Техника ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет24/92
Дата11.11.2019
өлшемі10,09 Mb.
#51560
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
Байланысты:
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16
19 Асанбаева

 

110 


 

жерде  Сүгір руы мекендеген, Жаркӛл ауылында  Кӛтібақ руының  мекені болған «Атадан мал қалған-

ша, тал қалсын» дегендей, ауылдың зәулім теректері, ақ қайындары, талдарға қарағанда кӛз сүйсінді-

реді.  Ал  жерге  қарасаң,  тоғай  маңында  ӛскен  бүлдіргеннің  кӛп  түрін  кӛресін    әсіресе  кішкентай  қой 

бүлдіргендер  кӛп  кездеседі.  Құмжота  Жарықкӛлде  кәдімгі  бүлдіргендер  сай  маңында  бұлақтарға 

жақын жерлерде ӛседі. Бұлақтар сан қырыққа жуық. Кӛзі ашылмаған қайнар бұлақтарды да кездесті-

руге  болады.  Бұлақ  суы  сапалы,  «Tassay»  суынан  кем  емес  шипалы  тұщы.  Ауылға  келген  қонақтар 

міндетті түрде  бұлақ суын ӛздерімен бірге алын кетіп жатады. Кӛктемде жол бойы ӛскен қызғалдақтар 

бірнеше шақырымға созылып жатады. Шилі жерінің шӛбі шүйгін  малға жайлы, ӛрісі кең. Ӛзен мен кӛл-

дерде  балықтардың  бірнеше  түрі  бар.  Кӛктем  кезінде  құс  базары  басталады.  Наурызым  қорығының 

кӛлдері ауылға жақын болғандықтан  құстар  күндіз ауыл  егінінің ортасында  жайылып, кеш түсе кӛлге 

қайтады. Олардың ішінде аққу, тырна, қоңыр қаз, қараша қаз, үйректің бірнеше түрі бар. Күзде аңшы-

лар облысымыздың түпкір түпкірінен келеді, кӛрші Ақтӛбе облысынан, тіпті Ресейден де аңшылар құс 

аулауға келіп жатады. 

 

Шилі  ауылының  байырғы  тұрғындарының  айтуы  бойынша,  ӛткен  ғасырдың  20-30  жылдары  



Шилі ауылының тұрғындары кӛп қиын қыстау кезенді бастарынан кешкен. 

1930 жылдары Шилі, Құмжота, Жаркӛл ауылдары ӛз алдарына жеке ұжымшар болып егін егіп, 

мал бағып кеңестік үкімет қойған жоспарларын орындаған. 

1937-


1938  жылдардағы  репрессия  кезенінің  азабын  Шилі  ауылының  тұрғындары  кӛрген.  

Ауылдың  кӛптеген  білімді  оқыған  кӛкірегі  ояу  кӛзі  ашық  колхоз  басқармалары,  ауыл  мұғалімдерді 

«халық жауы» деген айыппен соттап, Сібірге жер аударған. Кері қайтіп оралғандар болған  жоқ.  

1941-


1945  жылдары  Ұлы  Отан  соғысы  басталған  ауылдың  кәмілеттік  жасына  толмаған  ер 

азаматтарының бәрін әскер қатарына  шақыртып майданға аттандырған. Ауылда қалған қарттар мен 

әйелдер, балалар «Бәрі  майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай еңбек еткен. Бір үйден 

кеткен ағайындылардан оралмағандар да бар. 

 

2011 жылы Ұлы Отан соғысынан қаза болғандарға арнап ескерткіш қойылған. 



  

1954-


1958  жылдары  тың  игеру  кезінде  ауылдың  ӛмірі  ӛзгеріп,  Ресей,  Украина,  Беларусия, 

Молдовиядан  кӛптеген  «тың  игерушілері»  келе  бастаған.  Содан  1961  жылы  үш  колхозды  біріктіріп 

орталығы Шилі ауылы болды. Кейін Шилі ауылы «Первоя Семилетка» деген кеңестік шаруашылыққа 

айналды. Кеңшарда 500-жуық отбасынан тұратын үш бӛлімшеге бӛлінген. Кеңшарда 18-24 мың гектар 

егістік  жер,  10  мың  гектар  шабындық  тоғай  бар  аймақтың  бір  шеті  Шолақсай  ауылы,  Қожа  ауылы, 

Наурызым  қорығы  шектесіп  жатқан.  Орташа  деңгейдегі  кеңестік  шаруашылық  болып  есептелген 

ауылдың шаруашлығында екі мыңнан астам ірі қара мал, 28 мыңға жуық қой болған. Ауылдан жазғы 

балалар дем алатын пионер лагері ашылған. 

 

 

Кеңестік  шаруашылық  құлдырап  ел  нарыққа  кӛшер  тұста,  Шилі  ауылы  да  әлеуметтік-эконо-



микалық дағдарысты бастан кешті. Пысықай «кәсіпкерлер» алаяқтық жасап, ауылдың шаруашылығын 

талан-таражға  салған.  Ауыл  тұрғындарының  кӛпшілігі  жұмыссыз  болғандықтан,  күн  кӛріс  қамымен  

ауылдан кӛшіп кетті. 

 

Жаңа  ғасырдың  басында  Шилі  ауылын  «Иволга  Холдинг»  ЖШС-тігі  қарауына  алып  егін  егіп, 



ауылдың тірлігіне жан біте бастады. Бүгінде ауылда 130-жуық отбасы тұрады.     Ауыл тұрғындарына 

қызмет кӛрсететін наубайхана, шатхана, аралас тауарлар сататын дүкен бар. 2013 жылы «Қызғалдақ» 

балабақшасы ашылды. Сонымен қатар қазіргі таңда «Иволга Холдинг»  серіктестігінің Шилі ауылында 

1200  бас    мүйізді  ірі  қара  мал  ұстайтын  ферма  ашты.  Нарықтық  экономиканың  бастапқы    тұсында 

ауылдың шабындық тоғайы кӛп жерлері  Сарымойын, Әлекбай, Таңатбай, Кеңшарық, Жаркӛл, Қарасу  

жерлері  Науырзым қорыңына аударылды. Наурызым қорығы ЮНЕСКО тізіміне енгізген. 

 

 

Шилі  ауылынан  шыққан  белгілі    азаматтарымыз  бар.  Олар  есімі  облысқа  белгілі  азаматтар: 



Әбенов  Арман  Тарғынұлы  Шилі  ауылында  туып  ӛскен.  Шилі  орта  мектебін  бітіріп,  Мәскеудегі  Тими-

рязев атындағы ауыл шаруашылық академиясын бітірген.  Бүгінде Қостанай  облыстық әкімшілігінде 

жұмыс  істейді.  Жаукие  Айдар  Кәкімбекұлы  Шилі  ауылында  туып  ӛскен,    қазіргі  кезде  ҚР  Қарулы 

күштер  саласындағы  бас  штабында  әскери  қызметте.  Кирик  Сергей  Витальевич  «Енесей»  Краснояр 

агромаш  холдингінің  бас  директоры.  Исмуханбетов  Әділбек  Әбілқайырұлы  «Қазақстан  темір  жолы» 

басқармасының  тӛрағасының  құқықтық  мәселер  жӛніндегі  орындасары.  Сыздықов  Рақымжан  Сәкен-

ұлы  «Болашақ» бағдарламасымен Түркиядан оқу бітіріп, қазіргі кезде ішкі істер министрлігінде жұмыс 

істейді.  

 

 

Шилі ауылының әлеуметтік-демографиялық келбетінің дамуына келсек, Еліміздің жаңдайы дұ-



рысталып экономикасы дамып келе жатқан кезде, Шилі ауылы да бір шама кӛркейіп келеді. Жаңа жұ-

мыс  орындары  ашылып  жеке  шаруа  қожалықтары  мал  ұстап  жағдайларын  дұрыстап  жатыр.  Қазіргі 

кезде ауылда 1-орта мектеп, 25 орындық балабақша, кітапхана, қонақ үй, наубайхана және намазхана 

бар.  


 

Шилі ауылының тумасы Асипов Дінмұхамбет Қонарбайұлы 2008 жылы әкім болып сайланды. 

Дінмұхамбет Қонарбайұлы осы уақытқа дейін қызметін абройымен атқарып келеді. Ауыл тұрғындары 

әкімнің қызметіне разы. 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

111 


 

 

Жергілікті тұрғындар әулие деп таныған әжеміз Жолшарақызы Қоянаққа 2012 жылы ас беріп, 



ескерткіші ашылды. Әжеміз ерекше қасиетті адам деседі. 

 

2012 жылы Ұлы Отан соғысынан оралмаған майдангерлерге арналған мәрмәр тастан ескерт-



кіш қойылған. 

 

Қорта  келер  айтпағымыз  еліміз  егемендік  алып  тәуелсіздік  салтанат  құрған  заманда  ауылы-



мызды кӛркейіп гүнденеді деп сенеміз. Үкіметіміз ауылды кӛркейтуге, жұмыс орындарын ашуға кӛптеп 

кӛңіл  бӛліп  келеді.  Тек  ауылым  деп  атқа  мінер  азаматтарымыз  кӛп  болса,  ауылымыздың  болашағы 

зор болуына сенемін.  

   


Ауыл болашағы бүгінгі  білімді ұрпақ  қолында. Келешекке үлкен сеніммен кӛз тастасақ біздің 

ауылымыз сәулетті асқан, дәулетті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. 

       

        


Ауылым  

Алтын бесік ауылым,  

Алтын дала мекенім,  

Сенде жүріп кӛркейіп, 

Ауаңнан сенің дем алдым.  

 

Мӛлдір бұлақ суыңнан,  



Деміне шипа аларсын, 

Батпақ шалғай жерінен,  

Бойыға қуат аларсын.  

 

Ауылымды мен жырлап,  



Бойымды тік ұстармын,  

Ауылымның кӛркіне, 

 

Кӛзім тоймай қарамын. 



Шилі менің ауылым,  

Шилідей жер таппадым,  

Киелі жер ауылым,  

Жырға қосып жазармын. 

  

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. 


Топонимика. Энциклопедический справочник. Т 58. – Алматы: ТОО «Аруна Lid», 2010, -816 б. 

2. 


Шилі ауылының байырғы тұрғыны Асипов Бауыржан Қонарбайұлының берген мәліметтер. 

3. 


Интернет ресурс:https.kk.wikipedia.org\wiki%D0%90%D1%8B%D0%BB 

 

 



 

 

 



ШЕЖІРЕ ДАСТАН – ҚОСТАНАЙЫМ 

 

Бірманова Қ.И. - Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» КММ директоры 

 

Мақалада  Қостанай  ӛңірінен  дарабоз  бабаларымыздың,  батырларымыздың,  ақын,  айтыс-

кер,  жазушыларымыздың  шығандары  туралы  айтылған.  Алғашы  қазақ  мектебін  ашын  -  Ыбырай, 

тұңғыш зерттеуші -  Шоқан, тіл саласында аянбай еңбек еткен –Ахмет сынды балаларымыздың 

туған  жері  жайлы  баяндалған.  Күннен-күнге  кӛркейіп  келе  жатқан  Қостанай  жерінің  сұлулығы, 

қонақжайлылы да сӛз қозғалған.   

Негіз сӛз: Қостанай, таланттылар, сұлу қала, туған жер, ата-баба, 80 жыл. 

 

              



Ұлан байтақ еліміздің түстігі мен терістігі, солтүстігі мен оңтүстігі тарихи тұлғаларға бай екенін 

мақтанышпен  айтқым  келеді.  Қазақстанның  Қостанай  ӛңірі  қасиетті  баһадүр  бабаларымыз,  дарабоз-

дарымыз  ӛркениет  жолында  негіз  қалаған  тарихи  алтын  тұғыр.  Бұл  балалар  әдебиетінің  атасы,  ұлт 

ұстазы Ыбырай  Алтынсарин, алаш жұртының аманатын арқалаған  поэзияның негізін салушы зиялы-

лар Ахмет, Міржақып, Шоқан, Бейімбет, Спандияр сынды ақын, жазушы,ғалым,ұлы ойшыл, қайраткер 

тұлғалар  дүниеге  келген  қасиетті  мекен.  Ұлтқа  ұйытқы  ұлы  тұлғалар.  Қостанай  қойнауы  дәнге  толы 

астықты  ел  барша  Қазақстанға  әйгілі.  Небір  жақсылар  мен  жайсаңдар,  от  ауызды,  орақ  тілді  шешен 

билер, жырау да Қостанайдан шығып, ӛмірде ӛзінің мұра қалдырған асылдың сынықтары да осы қа-

сиетті  мекенде  мәңгілік  тыныстап  жатыр.  Абыз  ақсақалдар  бас  қосқан  киелі  мекен.  Шежіре  дастан 


ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

112 


 

сонау  ғасырлардан  сыр  шертеді.  Қасиетті  десе  қасиетті-ау!.  Қостанай  келбеті,  мәуелі  жемісті  ағашы 

қандай  десеңші?!  Әуезді  әндер  нағыз  дүлдүлдер  ӛнерпаздардың  бірінен-бірі  ӛтеді.  Жасыл  желек 

жамылған,  кӛшелері  самаладай  жап-жарық.  Қонақжайлығы  бір  басқа,  қалай  шаттанбасқа?!  Қалибек 

Деріпсалдин,  Бақытжан  Сәуекенов  сынды  атақты  сазгерлердің  ӛнер  тарландарының  әндері  шарта-

рапқа таралып, орындалып жүр. Туған ӛлкеміз тұнып тұрған шежіре.    

Сайып  келгенде  аты  аңызға  айналған    дулыға  дала  дарабоздары  Шақшақ  Жәнібек,  Мадияр 

Жауғаштыұлы,  Кейкі  батыр,Әлібек  Жангелдин,  Амангелді  Иманов  ел  тағдырын  ӛз  тағдырынан  биік 

қойған,  ұлтының  тұтастығын,  жерінің  бүтіндігін  мұрат  еткен  қазақ  батырлары  ел  тарихының  әр 

белесінде  тұлғалық  деңгейге  кӛтеріліп  отырған.  Қостанайдың  әр  қаласы  жеке-жеке  бір  дастан. 

Қойнауы  кенге  толы    Рудный  қаласының  қарышты  қадаммен  дамуы  Қазақстанның  ӛнеркәсіпті 

ӛркендеуіне ӛз үлесін қосуда. Қостанай облысы 

кен байлықтарына

 

ӛте бай. Мұнда 



магнетиттік

  

және 



темір

 

кендерінің, 



бокситтің

алтынның



,   

никельдің

,   

асбестің


қоңыр  кӛмірдің

құрылыс  материалдары-



ның

  (


цементтің

флюстік



 

әктастың


), 

доломиттің

,  

отқа 


 

тӛзімді 


балшықтың

, қыш және 

кірпіш

 

балшықта-



рының,  

әйнектік,  құмның

,  

граниттің



,   

диориттің

,   

құмтастың



,  т.б.  мол   

қоры 


 

бар.  Арқалық  қаймана 

қазақтың  қаймағы  бұзылмаған  қала.  Қостанай  қаласында  аспанмен  таласқан  үйлер  болмаса  да, 

келбеті келіскен, сәні жарасқан әсем ғимараттар кӛз тартады. Тағылымды тәрбие, ӛнер мекені. Ӛткен 

заман  зиялылығы  мен  кемеңгерлерінің  асқар  шыңы,қазақтың  тамаша  дәстүрлерінен  нәр  алған, 

құшағын айқара ашқан қонақжайлылығы бір басқа. Дертке дауа  ауасы Жайлау, Сосновый бор, емге 

шипа  шипажайлары,  жұпар  иісті  алуан  түрлі  гүлдері  кӛңіліне  серпін  беріп  сергіте  түседі.  Құт  мекен 

Қостанайдың ӛркенін ӛсірер талай азаматтар әлі де шығары хақ. Бұнда жігерлі жастар, ӛршіл рухты, 

талмай еңбек ететіндер бар. Табиғаты кӛрікті, ӛз заманында озық ойлы  терең сырлы табиғи талант 

иелері,  сан  ғасырлар  ӛтседе,  алдыңғы  қатардан  орын  алары  сӛзсіз.  Бар  жақсылықтың  нұры    осы 

мекеннен    таралған.  Қазақтың  қазыналы  кӛмбесі,  астықтың  атамекені.  Қазақтың  ата-баба  дәстүрі, 

қазақтың қатпарлы тарихы жатыр емес пе? Заманның жарқын болашағын, бақытты тұрмысын арман 

тілегін  кӛксейді.  Байлықта,  береке  де  халықтың  игілігінде  болсын  деп  армандаймыз.  Ақын  тіл 

найзасын қадаса, жүйріктер сӛз саптасынан ақ аңғаруға болады. Сӛз ӛнерінің үздік үлгісі  де қасиетті 

Торғай топырағынан шыққан.сӛз маржандарын еркін тӛккен. Тәттіқара жырау орақ тілді жырларымен, 

ғасырлар  қазынасын  шежіре  еткен,  ортағасырлық  поэзия  үні  естіледі.  Қазақ  әдебиетінде  «Қамыстың 

басы майда, түбі сайда» деп басталатын жалынды жырымен әйгілі Тәтіқара жырауымыз бар. Ол тек 

Қостанайдың  ғана  жерін  қорғаған  жоқ,  жоңғарды  қазақ  жерінен  мүлдем  кетірген  даңқты  қолбасшы-

ларымыздың  бірі.  Манаш  Қозыбаев,  Сейіт  Кенжеахметов  сынды  тарландардарымыз  да  бар.  Айтыс 

ақтаңгерлері  Әсия  Беркенова,  Қонысбай  Әбілов,  Әлфия  Орманшина,  Айбек  Қалиев  айтыс  мазмұ-

нының жаңаруына ғана емес, мақамына  да жаңалық енгізген топтың майталмандары. Айтыскерлері-

міздің  мақамдары  жеке  дара,  алды-артындағылардың  ешқайсысын  қайталаған  жоқ.  Жаңарып, 

жаңғырған, қайта түлеген айтыстың дамуына зор үлес қосқан ақындар. 

Облысымыз  ӛзінің  мол  жер  асты  байлығының  арқасында  ӛмірге  келіп,  ӛсімі  тараған    ӛңір. 

Қостанай  облысының  туристік  мүмкіншіліктері   даму  тарихына  үңілер  болсақ,  қадау-қадау  іргелі 

істердің  куәсі  боласың.  Аймақтың  шапшаң  игерілуіне  бірден-бір  себепкер  болған  оның  мол  табиғи 

байлықтары  еді.  Жылдан  жылға  облыстық  орталықтың  сыртқы  келбетінде  кӛптеген  жағымды 

ӛзгерістер  пайда  болды.  Жаңа  үйлердің  қабаттары  кӛбейіп,  саябақтар  мен  бақтар  кӛркейді,  жолдар 

мен қалалық аулалар қалпына келтірілді.   

Қостанайдың келбеті қандай кӛркем, тұнған мәуелі жеміс-жидегі қандай десеңші шіркін!Кӛркем 

шығармалардан, тарихи дастандардан Торғай, Қостанай тарих тұңғиығымен астасып жатыр.  

Халқымыз қадірлеп, әрі  жас буын біздер 80 жылдық мерейтой  деген, тарихты тойлап жатыр, 

дүбірлетіп.  Барды  бағаласақ,  ардақтау,  әрқайсымыздың  перзенттік  парызымыз  ғой.Той  шаттығының 

еселеген алтын арайлы күндері шапақ нұрын сепкендей. Той қарасаңында барша атырап жаңғыртып 

жеткізіп жатырғандай. Қостанай туралы әсем ӛрнекті  ӛлең жырларсыз елестету мүмкін емес.  Биылғы 

жыл рухани уызды жыл деп есептеймін. Ӛткенге тағылым жасамай, келешекке қадам жасау неғайбіл? 

Облысымыз    жаңа  заман  келбетімен  ірілене  түскендей.  Рухани  аймақтың    ӛзге  аймақтарға  үлкен  ой 

тастайды.  Астықты  ӛлкенің  сыры,  менің  болашаққа  кӛз  жүгірте  отыра,  Қостанай  сандық-

мультимедиялық  немесе  нано  технология  орталығы,  оқушылар  мен  жастардың  сауықтыру  әрі  игі 

бастамаларды  іске  асыратын  үйлестіруші  қала  әрі  қолданбалы  қолӛнер  туындыларынан  кӛрме 

орталығы болса, сонда сырттан келген шетелдіктерге қазақтың қандай ӛркениет ӛнер туындысын паш 

етер едік деген  арманым да бар. Қостанай  жастардың қаласы, мәдени орталық, ұлттық мәдениеттің 

алтын бесігі, айшықты қалалардың бірі. Мен оны мақтан етемін. 

 

Солтүстіктің  кең ӛлкесі арайлы, 



Халқың сүйіп, шырқау биіктерге балайды. 

Ғазал жырдың шапақ нұры шашылып, 

Шуақ тӛгіп жүректерге тарайды. 

 


ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

113 


 

Кӛк аспанда  қыран құстай қалқыдың

Жырларында найзағайдың жарқылы. 

Аялайды сан ғасырлар кӛтеріп, 

Заңғар биік тау тұлғалы алыбын. 

 

Ән мен жырдың мекеніне айналған, 



Дүлдүлдердің еңбектері атағына сай болған.   

Ӛршіл рухты Қостанай жерінде,  

Тағы да дүбірлі той болады. 

 

Астықты ӛлкеден бастау алған,  



Даңқы шыққан ӛнерлісі аймақтың. 

Құттықтап 80 жылдық тойыңызбен, 

            

Келіп тұр басын иіп бүгінгі ұрпақ, 

-

деген жыр шумақтарыммен шашу шашып, қыран құстай еркіндік, биік белес,елдің жерұйығы болсын 



деп тілеймін. 

 

 



 

О ЧЕЛОВЕКЕ С БОЛЬШОЙ БУКВЫ 

 

 

Байкунирова С.В. - учитель географии и истории  Михайловская средняя школа                                                                                      

Статья рассказывает о человеке труда, первом директоре Михайловской средней школы. О его 

жизни и деятельности, человека с большой буквы. 

Ключевые слова:  известный человек, учитель математики, мемориальная доска

             

      

Природа-мать!                                                                                                                 



     

Когда б таких людей                                                                                                                 

    

Ты иногда не посылала миру,                                                                                                                 



    

Заглохла б нива жизни… 

 

Закат догорал над зеркальной гладью воды. Узкой лентой тянется 



река через центр села. Высоко в небе пролетает стая журавлей, издавая 

свой прощальный  крик. Это они  прощаются с маленьким селом, которое 

находится  на  севере  Костанайской  области.    Это  село  знаменито  не 

только  богатыми  урожаями,  но  и  богато  оно  на  добрых  и  трудолюбивых 

людей.  В своей статье я хочу рассказать об известном человеке в нашем 

селе, первом директоре школы Радченко Василии Никитовиче. Отличник 

народного  просвещения  КАЗССР    и  СССР.  Его  имя  знает  не  только 

каждый  житель  нашего  село  ,  но  оно  известно  и  далеко  за  пределами 

района.  К  своему  сожалению  я  не  была  знакома  с  этим  человеком.  В  тот 

год,  когда  я  пришла  работать  в  нашу  школу,  он  умер.  Но  память  о  нем  живет  в  его  учениках  и  в 

здании нашей школы, которую он построил.  

Радченко  Василий  Никитович  родился  26.12.1923  года.  Родился  он  с  семье  лесника  (п.  Владими-

ровка, Затобольского района Кустанайской области). Отец, никита Ефимович работал лесником. Мать 

Дана Андреевна воспитывала пятерых детей: Ивана, Василия, Шуру, Владимира и Николая.   В 1926 

году  семья,  по  случаю  инвалидности  отца,  вынуждена  была  переехать  в  село  Михайловка 

Мендыкаринского района. В 1930 году Василий пошел в школу. Первую учительницу, Петрову Любовь 

Ивановну, он запомнил на всю жизнь. Учился Василий хорошо.  

После окончания Михайловской СШ в 1937 году, где он проучился до 10 класса, Василий идет 

на работу учителем математики в Михайловскую СШ. 

Он знакомится с молодой учительницей Надеждой Ивановной и в 1941 году женится на ней.  

Началась Великая Отечественная война. У молодого учителя был еще непризывной возраст, 

и он по-прежнему работал в школе. В 1942 году у него родился сын Володя.  

В марте 1942 года Василия направляют в Калининское военно-химическое училище. Василий 

его  окончил  в  1943  году  и  в  звании  лейтенанта  оказывается  в  химических  войсках.  Служил  по 

Сталинградом, а конец войны встретил в Минске. 


ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

114 


 

После  демобилизаций  из  войск  советской 

Армии  поступил  работать  военруком  в  Михайлов-

скую  среднюю  школу  и  заочно  учился  в  государст-

венном  педагогическом  институте.  Окончив  в  1948 

году  Кустанайский  учительский  институт,  после 

возвращения  в  Михайловку,  Василия  15  августа 

1948  года  назначают  завучем  школы  с  преподава-

нием физики и математики в 8-9 классах. 20 декабря 

в  1948  году  его  назначают  директором  Михайлов-

ской  средней  школы.  В  50-е  годы  училось  600  уча-

щихся из Ивановки, Степановки, Борков, Архиповки. 

Классов не хватало, хотя в 1961 году было открыто 

здание с 5 классами.  

У Василия Никитовича родилась мечта, пост-

роить  новую  двухэтажную  школу.  Василий  Ники-

тович  подобрал  проект  школы  и  начал  планировку 

фундамента. Многие выпускники 66-67 годов помнят 

мозоль от  лопат, когда они рыли траншеи под  фун-

дамент.  Хотя  прорабом  был  Пирогов,  а  строила 

школу  «Дикая  бригада»,  всем  распоряжался  Ва-

силий Никитович. Он  успевал везде  и поэтому шко-

лы, простояв 45 лет, до сих пор с крепкими стенами 

и  полами.  16  декабря  1969  года  состоялось  откры-

тие  нового  здания  школы.  Она  стала  памятником  деятельности  этого  удивительного  директора.  Не 

случайно  весь  педколлектив  и  жители  Михайловки  хотели  бы,  чтобы  она  носила  имя  Радченко 

Василия Никитовича. Сейчас на школе висит мемориальная доска, на которой написано, что здесь он 

работал директором. 

Уже много лет прошло, как нет рядом с нами Василия Никитовича, но старые учителя очень 

часто вспоминают его советы, его шутки, его удивительное внимание ко всем им. 

Многое  можно  вспомнить  о  нем,  человека  с  большой  буквы.  Он  явился  учителем  всех 

учителей его поколения. Светлая память о нем не угасает. Он жил, живет и будет жить в сердцах и 

делах его учеников.  

В  школьном  музее  много  писем  адресованных  Василию  Никитовичу  от  выпускников, 

выражавших  ему  благодарность.  Ученица  Ряскина  Галина  Василиевна  написала  эссе  о  Василие 

Никитовиче.  Ученик  Василия  Никитовича  Фролов  Алексей  Антонович  Написал  книгу,  которую 

посвятил Василию Никитовичу и Надежде Ивановне. 

В школьные музеи собран богатейший материал о жизни и деятельности Василия Никитовича. 

Семья передала документы и фотографии в дар школьному музею.  

Летят журавли. И своим прощальным криком посылают привет людям, живущим в маленьком 

селе, что на севере Костанайской области 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет