Әож 908 (063) Қ68 Редакциялық кеңес: Техника ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет27/92
Дата11.11.2019
өлшемі10,09 Mb.
#51560
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16
19 Асанбаева

 

Әдебиеттер тізімі: 

1. «География және табиғат», №2, 2007 ж., 10-14-беттер. 

2. 

Ғылыми-методикалық журнал-Мектептегі география, 2004-2006ж.ж. 



3. Әбішова З.М, Жұмаділов А.Р. Туризмнің географиялық ортасы 

4. Барагина Т.М. Особо охраняемые природные территории Казахстана и перспективы  

организации экологической сети. Костанай  2007ж., 165-бет. 

5. Макаров Л. Национальный парк создан, но (Экология устойчивое развитие) 2004ж. №4. 48-58-

беттер. 

 

 



 

ТҦҒЫРЫ БИІК ТУҒАН ӚЛКЕМ 

 

 

Бегжанова Г.К. - Аққұдық негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 

 

 

Мақалада Қостанай облысының  жері,  қалалары,  ауылдары,  ӛндіріс  ошақтары  туралы  жа-

зылған. Қостанай қаласының тарихы мен архитектуралық ерекшеліктеріне тоқталып, облыстың 

әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы жазылған. 

Негізгі сӛздер: туған жер, Қостанай ,тарих. 

 

…Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, 



ата мекенім — Қостанай облысы, Әулиекӛл ауданы. Халық даналығы «Әркімге ӛз туған жері - Мысыр 

шаһары» деп бекерге айтпаған. 

           

Туған жерін  жырға қоспаған, туған жері  жайлы  толғанбаған ақын-жазушылар  жер  бетінде  жоқ 

шығар.  Мен  де бүгін  қолыма қыл қаламымды алып, жазушы болмасам да, ӛзің жайлы толғанбақпын, 

Туған жер! 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

125 


 

           

Қасиетті,  елім  менің!  Сенің  кең  жазиралы  тӛсіңде еліміздің  сан  ғасырлық  шежіресін  баян-

дайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр.  

           

Туған жер – адам ӛмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен,  ӛткенмен және бо-

лашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген 

махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан  ошақ басынан басталады: туған жер, туған кӛше, туған 

қала. 

           



Біздің  еліміз  қаншылықты  ұлы,  саналуан  және  бай  екендігін  кӛз  алдыма  толық  елестете 

аламын.  Оның  кеңістігіне,  табиғатының  сұлулығына  және  ұшы-қиырсыз  жолдар  алдыңа  кӛлденең 

тартатын жаңа құрылыстарына кӛз үйреткен де секілдімін. Дегенмен бұл жазира даланы, кӛздің жауын 

алар  әсемдікті  тағы  бір  рет  кӛргенде  жаның  рахат  тауып,  дүниенің  бәрін  ұмытып,  тек  осы  ғажайып 

жердің күдіретіне тамсанып қарай бергің келеді. 

Кейде тіпті кӛрші орналасқан облыстарды қатар қойып салыстырып кӛрсең, олардың   бір-біріне мүлде 

ұқсамайтынын байқайсың. Ал Қостанай облысының ӛзгешелігі, менің ойымша — оның ӛз бойына бүкіл 

Қазақстанның  барлық  басты  белгілері  мен  ерекшеліктерін  жинап  тұрғаны.  Шынында  да,  республи-

каның  кең  жазира  даласы  туралы  сӛз  болғанда,  кӛз  алдына  біздің  кӛкжиегіне  кӛз  жетпес  алқап-

тарымыз елестейді. Солтүстк пен оңтүстікке тән ӛсімдіктердің, жан-жануарлар мен кұстардың барлық 

түрлері  бір  жерге  жиналғаны,  бұрын  соңды  кездестірмеген  табиғи  байлығы  таң  қалдырады.  Ал 

Қазақстанды  берекелі,  алтын  ас-  тықты  мемлекет  ретінде  қарастыратын  болсақ,  ең  алдымен  есіңе 

елдің басты астық қоймасы атағын лайықты иеленген Қостанай ӛңірі түседі. 

          

Қостанай  ӛңірі  минералдық-шикізат  негізінің  байлығымен  анықталады.  Бұл  салада  да  біздің 

аймақ  негізгі  және  стратегиялық  саналады.  Ӛңірде  біркатар  аса  ірі  отандық  ӛндіріс  орындары 

орналасқан.  Біздің  қуатты  тау-кен  ӛндіру  және  ӛңдеу  кӛсіпорындары  жер  қойнауының  теңдессіз 

жомарттығын тиімді пайдаланады. Алтын, полиметалл кені, сирек кездесетін металдар, асбест - бӛрін 

атап  шығу  мүмкін  емес.  Ӛлкенің  индустриалдық  қуатына  жаңа  технологиялар  мен  инвестициялар 

сенімді тірек болуда. Ал оның жер қойна- уындағы байлығы шын мәнінде шексіз.  

         

Қостанай  ӛңірі  солтүстік  кӛрші  Ресеймен  шекара  жанындағы  сауда  кӛлемін  жылдан-  жылға 

ӛсіріп  келеді.  Облысымыз  кӛп  ұлтты.  Осы  бір  ежелгі  казак  жерінде  жүзден  астам  ұлт  ӛкілдері  тату-

тәтті ӛмір сүруде. Халық  бойындағы  дәстүрлі  еңбексүйгіштік жаңа  мүмкіндіктерге арка сүйеген кезде 

тамаша нәтиже бере бастады. Күні кеше ғана азын- аулақты қанағат тұтқандар бүгін алдарына биік те 

жаркын  мақсаттар  қояды.  Егер  олар  астық  ексе  —  міндетті  түрде  тек  жоғары  кӛрсеткіштерге  қол 

жеткізуге  тиіс.  Егер  жаңа  цех  ашса  —  ол  қазіргі  заманғы  ең  жетілген  ӛбзелдермен  жабдықталады. 

Егер білім алса — ең үздік, сапалысы таңдалады...  

Мен күннен-күнге жерлестер жанарынан ӛз күшіне деген сенімді, ӛз тұрмысына деген қанағат және ӛз 

ісі үшін мақтаныш сезімін кӛріп жүрмі. 

 

23  қыркүйек  күні  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Қостанай  облысына  іс-сапармен  келді. 



Президент  ӛңірдің  ӛндіріс  орындарын  аралап,  елімізде  құрастырылған  электромобильді  тізгін-

деді. Мемлекет  басшысы,  сонымен  қатар  облыстың  кәсіпорын  басшыларымен  кездесті.  Кездесу 

барысында  президент  бірқатар  маңызды  жобаларға  баса  назар  аудартты.  "Қостанай   облысы  ауыл 

шаруашылығы  тауарын  ең  кӛп  кӛлемде  шығаратын  ӛңір  болып  саналады.  Мемлекет  ауыл  шаруа-

шылығына қолдау кӛрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін 

ескеріп,  озық  шетелдік  тәжірибені  зерделей  отырып  жетілдіру  қажет.  Бұл  ауыл  шаруашылығын 

сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге кӛтеруге мүмкіндік береді", – деді мемлекет басшысы. 

            

Қостанай Қазақстанның ең кӛркем қалалардың бірі болып табылады.  Қостанайдың тарихы да 

есте қаларлық. Қаланың тез және кең құрылысына таң қалған ӛткен ғасыр баспалары оның қарқынды 

ӛсуін  американдық  Чикаго  қаласына  теңестірді.  Қостанай  бұл  атауға  бірден  ие  болған  жоқ.  Болашақ 

қаланы алғашқы болып жобалаған Орынбор архитекторы Вебель ӛз сызбаларына  – «Ново-Тобольск 

жобасы»  деген  атау  берген  болатын.  1871  жылы  жаңа  қалаға  қоныстанғысы  келгендердің  сұрауын 

қабылдауға бұйрық берген Орынбор ӛлкесінің әскери губернаторы Н.А. Крыжановский қаланы Орда-

бай  деп  атаған  (бастапқыда  құрылыс  үшін  Ордабай-Торғай  шатқалы  таңдалған  еді).  Торғай  облы-

сының  әскери  генерал-губернаторы  А.П.  Константинович,  дәрігер  Неймарк  және  оларға  кӛмектескен 

шенеуніктер  қаланың  Қостанай  Сай  ӛткелінде  орналасуына  шешім  қабылдап,  оған  ресми  түрде 

Николаевск  деген  атау  берді.  Сондықтан  жергілікті  «Қостанай»  атауы  әкімшілік  ниетіне  қарсы 

бекітілді. «Қостанай» сӛзінің пайда болуы жайлы аңыздар кӛп. 

             

Бірі  Қос-Танай  шатқалының  атауын  қайтыс  болған  сұлу  әпкелер  Қос  және  Танай  есімімен 

байланыстырса,  екіншісі  дәл  сондай  есімге  ие  болған  ғашықтармен  байланыстырады.  «Қостанай  » 

сӛзінің пайда болуы туралы болжамдарының бірі «Кос Тней Сай» атауы этимологиясын кӛрсетіп, бұл 

жерлерді қыпшақ тайпасынан шыққан Ұзын тармағының, Алтынбас руымен байланыстырады. Мүмкін 

бұл гипотеза ең тиімдісі шығар, себебі біздің қаламыз, бұрын қала шекарасы болған, ал қазір тарихи 

орталықты  тұйықтайтын  екі  сайды  әлі  күнге  дейін  сақтап  отыр.  Қостанай  ӛте  тез  ӛсті.  1892  жылы 

журналист  және  саяхатшы  В.Дедлов  былай  деп  атап  ӛткен:  «…  Кӛптеген  мың  еркектер  Қостанайды 

аңсады. 


ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

126 


 

Жер – ғұшыр үшін жылына 30 тиын… Ары орманнан он шақырым жерде құрылыс жасау қажет. 

Малды  кез  келген  жерде  тегін  бағуға  болады.  Тобылдағы  шӛп  3  күн  шапсаң,  бір  қысқа  жетеді. 

Бидайдан 300 пұт шығады … Сондықтан да алғашқы екі жер үйге келесі жылы тағы да 20-сы қосылды. 

Одан  кейінгі  жылға  –  жүзі.  10  жыл  ӛткен  соң  шіркеуі,  дәріханасы,  тас  қоймалары  бар  қала  ӛседі. 

Алайда,  ӛркениет  игіліктеріне  үйренген  және  салынып  жатқан  қалада  уақыт  ӛткізуге  тура  келген, 

Дедлов ӛзінің «Переселенцы и новые места» кітабында біздің қала туралы онша қуана пікір білдірген 

жоқ. 


«Міне  ол  жұмақ,  жаңа  қала,  ерікті  қала,  Қостанай!  Үстел  сияқты  тегіс,  шаңды  жайлауда, 

жартылай  кеуіп  жатқан  Тобыл  жағасында  Қостанай  тұр…  Кең  кӛшелер  ӛзара  қиылысып  жатыр. 

Орталығында  –  бір  мемлекетке  тең  келетін  алаң  орналасқан.  Кӛшелерде,  алаңда  4,  5  терезесі  бар 

жерүйлер, шағын үйшіктер және үйлер тұрғызылған. Қала ортасында қамалға ұқсас 2-3 тас үй: қалың 

қабырғалар, алып тас қақпалар, амбарлар және қоймалар. 

 

 

 

Қасиетті Никольск шіркеуі маңындағы базар алаңы, ХХ ғасырдың басы 

 

  

Қостанай  қаласы  қорқынышты  қала!  Апта  бойы  жайлауда  боран  және  күнді  шаң  басады  … 



Шаңнан құтыла алмайсың, адам кӛрінбейді және елсіз жер. Бала-бақша, газет, телефон, жақсы шіркеу 

жоқ …». 


Қаланың кӛркем сипаттамасы Қостанай тарихи-ӛлкетану мұражайында сақталған ескі тұрғын-

дардың  естеліктерінде  күмән  туғызбайды,  мұнда  шаңды  бораңдар  туралы  да,  кӛптеген  кабактар 

туралы  да  айтылған.  Бір  кездері  шағын  қалаға  41  ішімдік  жасайтын  мекеме  тиесілі  еді!  Алайда 

жамандық тілейтін Дедловтың ӛзі қала заман талабына сай принциптерге тұрғызылғанын атап кетпей 

алмады  –  «  Кең  кӛшелер  ӛзара  қиылысып  жатыр.  Орталығында  –  бір  мемлекетке  тең  келетін  алаң 

орналасқан».  Алғашқы  қала  билеушілері  «мұжық  қаланы»  дұрыс  тіке  кӛшелері,  саябақтары, 

шіркеулері  және  мешіттері  бар  кӛрікті  шет  аймақтық  қалашыққа  айналдыру  үшін  біршама  тер  тӛкті. 

Мысалы, қала ортасындағы участкілерді құрылыс тұрғызу үшін жеребе бойынша бӛлген жоқ, оларды 

қазына мекемесі ретінде бӛлді немесе «ӛз бейнесімен қаланы кӛрікті ете алатын ғимарат тұрғызылуы 

тиіс» деген шартты қоя отырып, бай қала тұрғындарына сатты. Құрылыс салу Тобыл ӛзеңінен бастау 

алды.  Набережная  кӛшесінің  ХІХ  ғасырдан  бері  ӛз  атауын  сақтап  қалуы  кездейсоқ  емес.  Кең, 

кӛгалданған бау-бақшасы, биік қоңырауханасы бар – Михайлово-Архангельск шіркеуі және 1895 жылы 

тұрғызылған Қасиетті Никольск шіркеуі  - қала тұрғындарының ерекше мақтанышы еді.  Шіркеуді 1898 

жылы  жергілікті  кірпіштен  тұрғызды,  бұл  жұмысты  орындау  үшін  ақша,  Жоғарғы  императорлық  жар-

ғыға  сәйкес,  бүкіл  Ресей  империясында  жазылым  бойынша  жиналды.  Никольск  шіркеуінің  алтынмен 

жалатылған күмбезі шалғай жерден кӛрінетін, сондықтан ол ӛзінің монуметтік формаларымен орталық 

алаңды  қалыптастырып  қана  қоймай,  негізгі  қалалық  бағдар  рӛлін  де  атқарды.  Саяхатшылардың, 

саудагерлердің,  егіншілердің  қамқоршысы  –  Қасиетті  Николай-әулиені  қоныс  аударушылар  қаласы 

үшін  таңдау  жайдан  болмаған  шығар.  Жай  күндері  де,  мейрамда  да  оның  маңында  қызу  ӛмір  жүріп 

жатты. 


Орталық кӛше Соборный деп аталды, Большой (қазіргі Әл-Фараби) және Пушкин кӛшелерімен 

қатар  ол  ең  марапатты  болып  саналды,  оның  бойында  ең  ауқатты  және  атақты  қала  тұрғындары 

үйлерін  тұрғызды.  Сонымен  қатар  шіркеу  Базар  алаңына  жалғасты,  мұнда  жексенбі  күндері  қызу 

сауда-саттық  жүріп  жатты.  1930-ншы  жылдары  шіркеуді  бұзу  шешімі  қабылданды,  алайда  ерекше 

кірпіштен  жасалған  құрылыс  қирауға  кӛнбеді,  сондықтан  1938  жылы  шіркеу  жай  ғана  жарылды.  Сау 

қалған  кірпіштерді  облыстық  атқарушы  коммитетінің  ғимараты  құрылысына  пайдаланды  (қазіргі 

А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  бас  корпусы).  Қазіргі  Орталық  нарық  орнында  болған  Михайловс 


ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

127 


 

шіркеуін  атақты  қала  тұрғындары  арасында  сұлулығы  мен  әйгілігі  үшін  халық  оны  «кӛпестік».  деп 

атаған. 1920-ншы жылдары шіркеудің қоңыраулары алынды, кейін шіркеудің ӛзі ӛртенді. 

 

 



 

Михайлово-Архангельск шіркеуі 

 

         

Қостанайда  Ивер  әйелдер  монастыры  да  болды.  Оны  1970-нші  жылы  бұрын  болған  христиан 

қауымы  негізінде  бекітті.  Монастырьді  қостанайлықтар  басқарды  және  мұнда  2  игемуеньи  ерекше 

кӛзге  түсті.  Монастырь  шаруашылығын  егде  жастағы  және  әлсіз  игуменьи  Анна  басқарған  еді,  оған 

кӛмекші  ретінде  1915  жылы  жас,  әрі  шапшаң  игуменьи  Рафаиланы  бекітті.  Нәтижесінде  1916  жылы 

Ивер  монастырьнде  27  монахинь,  132  послушница,  қыздар-жетімдер  үшін  приют  және  шіркеулік 

аурухана болды. Қазіргі кезде бұл жерде телемұнара орналасқан.Сонымен қатар, 3 христиандық дұға 

үйлері, ал мұсылмандар үшін 2 мешіт – Ақмешіт және Татар мешіті (қазіргі Нариман ауданы) бар еді.. 

Кәдімгі  жаңа  үйлердің  пайда  болуының  ӛзі  қаланың  гүлденгенін  кӛрсетеді.  Кӛбіне  тұрақты 

жәрмеңкелердің  ӛткізілуі  бұған  ӛз  септігін  тигізді.  Ақша  ағымы  шіркеулерді  тұрғызуға,  мектептерді 

ашуға  мүмкіндік  берді  және  әрине  де  біршама  қаражат  негізгі  кӛпестік  мекендерде  қалды.Орталық 

кӛше  Большая  деп  аталды, қазіргі Әл-Фараби  даңғылы. Қазіргідей сияқты бұл ойын-сауықтың  сүйікті 

орын  болып  саналған  еді.  Алайда  ӛзінің  «Большая  »  –  атауына  қарама-қарсы  ол  Тобылдың 

құламасынан қазіргі Чехова кӛшесіне дейін созылып жатты. Кӛпес Яушевтердің үй онымен қиылысқан 

еді.  Басқа  жағынан  кӛпес  Бакировтың  дүкені  тұрды.  Ӛкінішке  орай,  мұнда  тұрған  Романовтар  үйінің 

300-

жылдығына  арналған  Ротонда  (орталық  алаң)  және  Ӛрт  мұнарасы  (қазір  мұнда  облыстық 



әкімшілік тұр) сақталмады. 

 

 

 

Большая кӛшесі, ХХ ғасырдың басы (алдыңғы кӛріністе – ӛрт бақылайтын мҧнара) 

 

Құрылыс Қостанайда айтарлықтай қарқынды жүргеніне қарамастан, абаттандыру артта қалды. 



Жаңбырлы  күндері  кӛшелер  батпаққа  бататын.  Александр  әйелдер  прогимназиясы  бастығының 

бӛренелі ӛтулерді орнату туралы сұрауы мұрағаттарда сақталған 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

128 


 

 

 

Соборная кӛшесі (қазіргі А.Байтҧрсын), ХІХ ғасырдың аяғы 

 

           



Біздің  қаламыз  бірден  кӛгалданбаған  еді,  алайда  1912  жылы  ағаш  отырғызу  мейрамы  кезінде 

Михайловск  алаңында  қоғамдық  бақша  тұрғызылды.  Сол  кездері  ашылған  мектептердің  кӛбі  ӛте 

жақсы  жабдықталған  еді.  Қазіргі  кӛркемӛнер  мектебінде  (бұрыңғы  қалалық  ерлердің  тӛртсыныпты 

училищесінде)  ескі  дәуір  жайлылықтары  әлі  күнге  дейін  сезіледі.  Кірпіш  үй,  әдетте,  жылы,  кірпіш 

жабындысын біріктіретін әктас ерітіндісі уақыт ӛте келе тек қатая түседі. Сыртқы келбеті де кӛптеген 

заман  талабына  сай  ғимараттармен  тайталыса  алады.  Ӛзінің  бастапқы  атауын  сақтап  қалған  кӛше-

лердің  бірі  –  Пушкинская.  Мұнда  ғасырға  жауық  ӛзінің  архитектуралық  шешімі  бойынша  ӛте  тамаша 

кешендер  тұр.  Кӛпестер,  әдетте,  үйлерінің  маңында  қоймалар,  амбарлар,  атқоралар,  биік  қақпалар 

тұрғызды.. Кӛпестердің  қаншалықты  білімді  болғанын  айту  қиын.  Алайда,  Алтынсарин  кӛшесіндегі 

Сенокосов  үйі  де,  оның  жанындағы  Давлеткадиев  үйі  де  кеңістікте  ӛте  жақсы  орналасқан.  Үйдің 

кӛшеге  қарайтын  кейпін  қалай  дұрыс  кӛрсету  қажет  екендігін  архитекторлар  сезіне  білді.  Ӛкінішке 

орай, қазіргі үйлердің бірде бірі бұрыңғы үйлердің айқындығымен, сұлулығымен және үйлесімділігімен 

теңдесе  алмайды.Қала  тұрғындарының  дәулеттілігі  ӛсті,  яғни  қала  да  байи  түсті.  1895  жылы 

Қостанайда бар болғаны  38 тас (яғни кірпіш  үйлер), ал 1910 жылға қарай олардың саны 900 болды. 

Қаланың ескі орталығы ортақ ансамбль ретінде кӛрінді, әрбір ғимарат бірегей болып қала берді. Қала 

тұрғындары ӛз қаласын жақсы кӛрді, ӛз болашағына сенді және ғасырларға құрылыс тұрғызды… 

          

Қостанай қаласы 1879 жылы құрылды.20 ғасырдың басында қала Азия мен Ресейді байланыс-

тыратын  жолдың  маңызды  бӛлімінің  бірі  болатын,  ірі  сауда  орталығы  болған.  Сол кезде  Қостанай 

үлкен жәрмеңке сияқты болған, екі қабатты ағаш үйлер, ауа шанды, және құммен жабылған кӛшелер 

бопды.  Бірак  бұған  карамастан,  швейцариялық  азамат  Оңтүстік  Оралдың  аймағында  және  қазіргі 

Қазақстанның  аумағында  сыра  шығаратын  ірі  зауытты  салды,  сыра  ол кезде  ӛте  сирек  болатын, 

арнайы  істеп  шығарылған  фирмалық  бӛтелкелерге  құйылатын..  1950-ші  тың  жерлерін  игерумен 

банланысты каланың және облыстың хақы біршама ӛсе түсті. Соғыс уақытынан бастап қазіргі уақытқа 

дейін  Қостанай облысының  аумағында  дәнді  дақылдардың  орасан  зор астығы  жиналуда.  Қаланың 

шығыс  кіру  жағында,  Тобыл  ӛзенінің  жағынан бес  метрлі  сандармен  жазу  орнатылған,  мынаған 

ұқсас «385 мың тонна астық», тонна саны әр апта сайын жаңартылып тұрған. 

                

1868  ж. -  Торғай  облысы  құрылды,  оған  4  уезд  кірді -  Илецк,  Иргиз,  Торгай  және  Николаевск 

(кейін - Кустанай). 

        

21  қыркүйек  1868 ж -  «Орал,  Торгай,  Ақмола  және  Семей  облыстарында  баскару  туралы― 

уақытша  ережеге  Оренбург  және  Сібір  ведомстволардың    ―Қазақтармен   басқаруды   жаңадан  құру 

туралы» жарлық шығарылды. 

         

1869  ж. -  Тобылда  қаланы  салу  туралы  мәселе  кӛтерілді,  бірақ  ол он жыл ӛткенсоң  ғана 

толығымен шешілді. 

         

1870 ж. жазы - далада Урдобай - Тоғай елді мекенніңуез қаласынсалу үшін жер таңдап алынды. 

Сол кезде келешек қаланы Ново - Николаевск деп атау жорамалданды. 

         

1879  ж.  -  патша  үкіметі «Жаңа  Урдобай  қ.  құру  туралы» генерал-губернатор  Н.  А.  Крыжанов-

скийдің ұсынысын мақұлдады. 

         

1879  ж.  жазы -  облыстың  әскери  губернаторы  генерал  А.  П.  Константитонович   Урдобай-Тоғай 

елді мекенін қарап шықты. Ол оны  «гигиеналық жақтан ыңғайсыз» деп санады да қаланың құрылысы 

үшін басқа жерді - Тобыл ӛзенінің жағасында  9 шақырымдай  жерде Кустанай елді мекенін тандады. 

Таңдау ӛлкенің басты бастығымен мақұлданды. 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

129 


 

         

1879 ж. - қаланың негізін салу туралы шешім қабылданды. 1879ж. жазында белгіленген құрылыс 

жеріне  Оренбургтен  1000  астам  қоныс  аударған  кісілердің  бірінші  тобы  келді.  Келгендер  Тобылдың 

сол жағасындагы  Кустанай  елді  мекеннің  үстіртінде  жайғасты,  oл  ағынды  судың  жақындығымен, 

шабындық  алкаптарда  тамаша  шӛптердің  молшылығымен  және  құрылысқа  қажетті  жабайы  тастар 

мен плитняктың бай кен орындарымен ерекшеленді. 

        1880 

ж. -  қаланын,  құрылысы  мен ел қондырылуы  басталды.  Қала  мен қала  тұрғындары    үшін 

басында жердің 13, ал содан кейін 40 мың ондығы бӛлінді. 

         

1881  ж. -  Большая  кӛшесі (қазір -  Әл-Фараби  даңғылы)  және  бірнеше  қатар  жатқан  кӛшелер 

пайда  болды.  Кейінірек  Шакировская  слободка (бүгінде  Наримановка)  салына  бастады.  Елді  мекен 

басында Ново - Николаевск, ал кейін Кустанай деп аталды. 

         

1884 ж. - Ы. Алтынсарин Қостанай қаласында 2-сыныптық училище ашты. 

         

1885 ж. - Қостанай қаласында бірінші дәріхана ашылды. 

         

1 қазан 1893 ж. - елді мекен Николаевск деп аталған қаланың мәртебесіне кӛтерілді. 

         

8 ақпан 1895 ж. - Николаевск қаласына «Кустанай― атауын беру туралы жоғары бұйрық» берілді. 

         

1895 ж. - Кустанай уезінің құрылуы. 

         

1899 ж. - Қостанайда 73 тас және 1673 ағаш үйлер болды. 

         

1913 ж. - Кустанай мен Оралды байланыстыратын темір жолы салынды. 

         1916-

1917 жж. - Кустанайда халық кӛтерілісі. 

         

25 желтоқсан 1917 ж. - Кустанай қаласында Кенес ӛкіметі орнады. 

        

1 сәүір 1921 ж. - 7 аудан құрамындә Кустанай гyбepниясы құрылды. 

        1921-

1922  жж. -  бірінші  әлемдік  және  азамат  соғыстарының  оқиғаларымен  орайлас,  Кустанай 

губерниясындағы аштық. 

         

27 маусым 1936 ж. - Қостанәй облысының құрылуы. 

        


1936 ж. -Қостанай қ.- Қостанай облысының әкімшілік орталығы. 

        1941-

1945 жж. -ҰOC жылдарында 9 мыңнан астам қостанайлықтар майданға аттаңды және   3475 

қайта оралмады. 

        

1954 ж. коктемі - қала тың және тыңайған жерлердің игеруі жүргізілген плацддармға айналды. 

        

1967 ж. - қала кеңесінің аткару комитеті ―Қостанай қ. Құрметті азаматы» атағы орнатылды. 

        

1997  ж. -  Қаэақстан  Республикасының  Елбасының  Жарлығымен «Кустанай―  қаласының  транс-

крипциясы ―Қостанай» қаласы деп ӛзгертілді. 

         

Мен ӛзіміздің барлық әлеуеттеріміз бен осыған дейін атқарған істеріміз, үмітіміз бен күш-жігеріміз 

кӛп  ұзамай-ақ  мол  жемісін  беретініне  сенемін.  Біздің  ортақ  табысымыздың  осы  мақалаға  енген 

тарихы, аталарымыз бен әкелеріміз және біз ӛзіміз атқарған, біздің балаларымыз мен немерелеріміз 

жүзеге асыруға тиіс игі істер туралы ылғи да есімізге салып тұратын болсын! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет