География пәнінен экологиялық білім берудe диалогтық ОҚыту әдісінің маңыздылығЫ


СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП



бет7/8
Дата13.08.2017
өлшемі1,76 Mb.
#23336
1   2   3   4   5   6   7   8

3 СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП
1. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.

Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – студенттердің өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан студенттерге бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек [3].

Мәселен, географияны оқытуда студенттерді:

• суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;

• негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;

• қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салыстыру және талқылауға;

• анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады. Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.

2. Осы мәселелерді қарастыруда «География» мамандығының 3-курс студенттеріне «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы тақырыптарды алдым. Сол тақырыптарды ашу кезінде сын тұрғысынан ойлау модулінің стратегияларын пайдаландым.

Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Осы ойларды дәлелдеу мақсатында топтағы студенттердің тақырыпты талқылаудағы ойларынан байқауға болады.

Енді осы тақырыптарды студенттер өзара талқылап, постерге түсіру кезінде әртүрлі фигуралар, кескіндер сыза бастады. Жаттығуларды орындауға қажетті ресурстарды таңдағанда: флипчарт парақтары, маркер, стикерлер, нұсқаулықтар ұсынылды. Осы ресурстарды таңдау арқылы студенттер өз ойларын нақты, көрнекі, жан-жақты талдау, болжамдауға үйренеді.

Қарастырылатын сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында АКТ арқылы «Табиғатты пайдалану экономикасы» анықтауға көмектесетін, нақтырақ айтатын болсақ «Тиімді табиғат пайдалану ісін экологиялық-экономикалық ынталандыру» атты тақырыптардың мазмұнын ашатындай слайдтар таңдалып берілді. Студенттер слайдтарға сын тұрғысынан қарап, слайдтағы әрбір сөзге мән берді. Осы көрсетілген слайдқа қарап, педагогикадан өткен мағұлматтарды еске түсіру арқылы, бүгінгі тақырыптың жалпы тиімді табиғат пайдалануға арналатынын анықтады.



Осы, үдерісті сырттай бақылап тұрып менде бұл кескіндер, суреттер не үшін, олар қандай мағына береді, неліктен бұл фигураларды таңдап алды, қандай ой айтқысы келді деген мәселелер туды. Оларды төменде көрсетілген суреттерден байқауға болады (суреттер-16,17,18,19).



Сурет -16,17,18,19. Студенттерінің өзара ақылдасып топтық жұмыста қолданған фигуралары, кескіндері бейнеленген


Студенттерінің өзара ақылдасып топтық жұмыста қолданған фигуралары, кескіндерді бейнеленгенде, қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін тізіп жазып орындаған Н, А, Г, Ш, К атты студенттердің 1 топ тақырыбы: Климаттың өзгеруі (19- сурет) постерге күн және одан шашыраған сәулелерді сызғандығын былай деп түсіндірді, ауа райының жылынуынан келесі жағдайлар туындауы мүмкін деген болжам бар: оны күн, одан тарайтын жағдайлар сәулелер бейнесінде келтірген. Мәселен:

  1. Дауылдар су тасқындарының жиілігі өседі

  2. Антарктида мен Гренландияның еруі

  3. Мұздықтардың еруі барысында дүниежүзілік мұхиттардың деңгейі 2300 жылдары 2,5 м жоғарлауы мүмкін

  4. Азық –түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды

  5. Арктика мұздықтарының еруі ақ аюлардың өлуіне алып келеді

  6. Ормандарға, шөлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді

  7. Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстрим еруі Еуропаның суынуына алып келеді деп ой қортындылады.

Екінші көрініспен қарағандағы бейнелерінде, үш түрлі түспен толқындарды бейнелеу арқылы мұхитқа жан-жақты сипаттама берген.

1. Мұхит деңгейінің өзгеруі

2. О2-нің теңіз суларындағы концентрациясы

3. СО2 –нің антарктикалық мұздығындағы концентрациясы

4. Климаттың өзгеруіне байланысты өткізілген конференциялар:

- 1979 жылы Торонтада

- Нью-Йорк 1999 ж 12 наурыз Киото хаттамасы

- БҰҰ Бас ассамблеясы 1990 ж «Климаттың ғаламдық өзгеруі жөнінде шектелмелі конвенция». Осы ойларды айта отырып студенттер өздерінің білімін бағалайды.

Осы болдамжамдарды таба білуімізге жол көрсетіп бағыт-бағдар беріп отырған оқытушымыз, біз үшін күнмен тең, ал сәулелер біздің, олардан алатын біліміміз, ал ол білім біздің өмірімізде тәжірбеде пайдаланатын, көмектесетін бағыттаушы, нұсқаушымыз-деп жауап берді. Әрине бұл теңеу, олардың оқытушыға берген бағасы.

Студенттердің берілген тапсырмаға логикалық тұрғыдан талдап, ойларын қорытындылауға, нақты фактілерге сүйеніп дәлелдеуге және рефлексияны жүзеге асырып, сын тұрғысынан ойлауға жетелегені көрініп тұр.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді саралай отырып, студенттердің тапсырманы орындау барысында бір жақты дамуға бағытталатынын байқадым, себебі топтық жұмысты жасау барысында кімнің қолынан сызу, әрлеу, тақырыпты ашу, болжау келетін болса сол тапсырманы алуға ыңғайланады, ал бұл өз кезегінде студенттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін сияқты. Бұдан шығудың жолы, барлық студенттерді бірдей нәтижеге жету үшін, студенттің бойындағы жоқ қасиеттерін анықтап, оқытушы соған сәйкес тапсырмаларды бөліп берсе тиімді болар еді.

Тақырыпты талдауда студенттердің ойдарынан түсінгенім не сәтті, не сәттсіз болды деген ойға келдім.

Сәттсіз болған тақырып ретінде төмендегі тақырыпты дәлел ретінде ұсынар едім.

Студенттер Т, Н атты студенттердің 3 топ тақырыбы: Азық-түлік проблемасы (16-сурет) постерге «Әлемдік азық-түлік» күніне сәйкес мәселелерге тоқтала келіп, мынандай ойларды жеткізе білді.

Қазақстан бойынша:

- Шұжық өнімдері

- Тұрмыстық өнімдер, көкөніс-29 пайыз

- Өзбекстан, қырғызстан жеміс-жидектері, мақта май-43 пайыз

- АҚШ ет,тауық еті, фасфуттар-40 пайыз

- Балық, уылдырық теңіз өнімдері



    1. дар аралығындағы өнімдердің өсімі:

- Сүт өнімдері: 2,7 пайызға кеміген

- Жұмыртқа 2,3 пайызға өскен

- Ет өнімдері: 97 пайызға өскен

БҰҰ –ы 2050 жылдарға қарай азық-түлік проблемасын шешу үшін 61,2 млрд доллар арналған бағдарламма ұсынды.

- 840 миллион адам аш жатады

- 1996 жылы әлемдік жоғары дәрежелі азық-түлік мәселесіне арналған басқосуда 2015 жылға шейін ашаршылықты азайту қаралды.

- Қазанның 16-сы БҰҰ –ы «Әлемдік азық-түлік күні» деп жариялады.

Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып студенттер әлемдік азық-түлік тақырыбын жан-жақты дәлдікпен аша алмаған сияқты.

Ал келесі тақырыпта, сәтті және сәттсіз жағыда кездеседі.

Студенттер Т атты студенттің 4 топ тақырыбы: ҒТП (19-сурет) постерге сыни тұрғыдан ойлай отырып, ҒТП–тің басты белгілерін анықтап, пайдасы мен зиянын дәйкетерге сүйене отырып жеткізген, мысалы:

- Әмбебаптылығы, ауқымдылығы

- Ғылыми техникалық өзгерістердің жеделдеуі

- Ғылымға негізделген өндірістің дамуы

Құрамдас бөліктері:

- Ғылым мен техника

- Техника мен технология

- Өндіріс

- Басқару

ҒТП–нің пайдасы:

- Жұмыс істеуді жеңілдетеді

- Өндіріс, өнеркәсіп саласын дамытады

- Жұмыс күшінің сапасы жақсарады

- Ел экономикасының әсері

- Уақытты үнемдеу

ҒТП–нің зияны:

- Автокөлік санының көбеюі

- Ауаның ластануы

- Жұмыссыздықты тудырады

- Адамның денсаулығына әсері

- Ауыз су тапшылығы

Келесі этапта топ жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау тапсырылды, яғни, жұмыстың ең жұлдызды сәтін және оны әрі қарай жақсарту мақсатында тілектерін жазу керек еді, бірақ, бағалауды талдай отырып, әлі де болса студенттердің бағалауға сын тұрғысынан қарай алмайтындығын байқадым, себебі, студенттер, «Тақырып өте жақсы ашылған», «Сурет жақсы салынған», «Керемет» деген сөздермен шектелгендігін байқадым. Сондықтан студенттерге сөйлеу дағдыларын үйрету керектігін ұғындым.

Төменде студенттердің басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сыныпта жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:

1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпаратпен танысу.

2. Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, -әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе гипотезаларды түсіну.

3. Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдау.

4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру және зерттеу.

5. Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, жинақтау.

6. Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылық тудыратынын бағалау.

7. Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған біліміңізді қолдану.

8. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеу [4].


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет