География пәнінен экологиялық білім берудe диалогтық ОҚыту әдісінің маңыздылығЫ



бет8/8
Дата13.08.2017
өлшемі1,76 Mb.
#23336
1   2   3   4   5   6   7   8

4 БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП

1. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік)-ОүБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін студенттер және олардың оқытушылары қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды бағалау (суммативті)-тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Оқуды бағалау кезінде бір студенттің жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық (суммативті) мақсат арасындағы айырмашылық 1960ж жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған [4].



Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александр, 2001) деген құнды пікірі төңірегінде ойлану керек екендігін түсіндім.

Осы бағытта жұмыс істеу мақсатында тәжірибе кезінде өтілген тақырыптарды бағалауда жиынтық бағалауды ашу мақсатын қойдым. Бұл мақсатта:

- қалыптастырушы бағалау жайлы сұрақтар қою;

- қара жәшік ішіндегі жұмысты түсіну;

- қалыптастырушы бағалау жүргізу тәсілдерін біледі.

Табыс критерийлері:

- сұрақтарға жауап береді, мәтінді оқиды;

- талдайды;

- кері байланыс береді;

- өзара және ӨӨБ;

Негізгі жаттығулар:

- жалған және ақиқат жаттығуы арқылы тексеру;

- Джигсо әдісі арқылы бір-бірін оқыту;

- екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы кері байланыс алу.

Табыс критерийлеріне қол жеткізгенін қалай бағалаймыз?

- Жауап алу, ақиқатын табу;

- қарсы топқа барып, өз тараушасын түсіндіру арқылы;

- екі жетістігі мен бір ұсыныс беру.

Ресурстар:

- интерактивті тақта;

- үлестірмелі материал (Мәтін 3 апта, 64-82), плакат, маркер, стикерлер пайдаланды.

2. «География» мамандығының 3-курс студенттеріне «Табиғатты пайдалану экономикасы» атты тізбектелген жұмыс жоспарындағы «ҒТП және табиғат пайдалану» екінші тақырыпты алдым, сол тақырыпты алған себебім қазіргі таңда ҒТП-ті табиғатты пайдалануда қалай жүзеге асырылуда екендігін білу үшін, анықтау мақсатында төмендегідей табыс критерийлері анықталды.



  1. Табиғатты пайдалану экономикасына анықтама бере алады;

  2. Табиғатты пайдалану экономикасы түсініктеріне талдау жасай алады;

  3. Табиғатты пайдалану экономикасын оқыту ҒТП-ті қандай әдістерін аша алады;

  4. Табиғатты пайдалану экономикасын оқыту әдістерін жіктеуге сипаттама бере алады.

Студенттер осы аталған тақырыптарды орындағанда ҒТП-ң табиғатты пайдалануда қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы ойларын нақты мысалдармен келтіреді деп күттім.

Студенттерді ұйымдастыруда, алдымен тақырыпты беріп оқып танысуын тапсырдым, сосын жұмысты жүргізу үшін қажетті ресурстармен (флипчарт парақтары, маркер, стикерлер, нұсқаулықтар) қамтамасыз еттім.

Студенттер тақырыпты қуана қарсы алып, талқылауға бірден кірісіп кетті, тапсырмаларды жылдам бөліп алып, әрқайсысы өз жұмыстарына кірісіп, ынталанып, ойға беріліп тапсырманы жасауға бастады.

Алдыма қойған мақсатым, тақырыпты сипаттап, талдап, әдістерді қолданып тақырыпты ашу, оқыту әдістерін жіктеуге сипаттама бере алады,-деп ойладым. Ал, студенттер басты белгілерін, құрамдас бөліктерін анықтап, пайдасы мен зиянын дәйектерге сүйене отырып жеткізген.

Сондықтан, мақсатыма мынандай өзгерістер енгізер едім, ғылымға негізделген өндірістің дамуына нақты дәлелдер, мысалдар келтіргенде нақты болар еді.

Т атты студенттің 2 топ тақырыбы: ҒТП (20-сурет) постерге сыни



Сурет-20. Т атты студенттің 2 топ тақырыбы: ҒТП-ы түсіндіруде


тұрғыдан ойлай отырып, ҒТП–тің басты белгілерін анықтап, пайдасы мен зиянын дәйкетерге сүйене отырып жеткізген.

Студенттердің берілген тапсырмаға логикалық тұрғыдан талдап, ойларын қорытындылауға, нақты фактілерге сүйеніп дәлелдеуге және рефлексияны жүзеге асырып, сын тұрғысынан ойлауға жетелегені көрініп тұр.

Келесі этапта топ жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау тапсырылды, яғни, жұмыстың ең жұлдызды сәтін және оны әрі қарай жақсарту мақсатында тілектерін жазу керек еді, бірақ, бағалауды талдай отырып, әлі де болса студенттердің бағалауға сын тұрғысынан қарай алмайтындығын байқадым, себебі, студенттер, «Тақырып өте жақсы ашылған», «Сурет жақсы салынған», «Керемет» деген сөздермен шектелгендігін байқадым. Сондықтан студенттерге сөйлеу дағдыларын үйрету керектігін ұғындым.

Студенттер осы аталған тақырыптар бойынша постерлерге өз ойларын түсірді, осы топтық жұмысты бағалау мақсатында, студенттерге алдын ала дайындалған табыс өлшемдері таратылды. Онда студенттер өз жұмыстарына және басқа топтың жұмысына баға берді, ол келесі дәлелдемелерде студенттердің өзара бағалауын тексеру сәті бейнелеген көріністен көруге болады, (21- сурет, кесте -1).



Сурет-21. Студенттер тақырыпты бағалауда Кесте-1. Бағалау өлшемдері




Өлшемдер

Өте жақсы

(3 балл)


Жақсы

(2 балл)


Қанағатттандырарлық (1 балл)

  1. Тапсырманы шығармашылық тұрғыдан рәсімдеу










  1. Берілген тақырыпты толықтай ашылуы (тақырып мазмұныны ашу)










  1. Презентациялау дағдылары (өздеріне берілген тақырыпты топтың қорғап шығуы, сөйлеу мәдениеті)










  1. Регламентті сақтау (уақыт)









Топтың құрамы:

1.Тұрар

2.Назым


3.Назгүл

4.Айнұр


Бұл тaпсырмaны орындaу бaрысында байқaғаным тoппен жұмыстa студенттердің бiр – бiрімен тaлқылауы, яғни бeлсeнділік деңгейі жоғары болды.

Үшінші тапсырма кері байланыс ретінде, тест түрінде орындалды, тапсырма он сұрақты қамтыды, бұл жұмыс кезінде бағалау критерийі ұсынылды.



Келесі этапта топ жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау тапсырылды, яғни, жұмыстың ең жұлдызды сәтін және оны әрі қарай жақсарту мақсатында тілектерін жазу керек еді, бірақ, бағалауды талдай отырып, әлі де болса студенттердің бағалауға сын тұрғысынан қарай алмайтындығын байқадым, себебі, студенттер, «Тақырып өте жақсы ашылған», «Сурет жақсы салынған», «Керемет» деген сөздермен шектелгендігін байқадым (22 - сурет).

Сурет-22. Студенттер топтық тақырыпты бағалауда


Сондықтан студенттерге сөйлеу дағдыларын үйрету керектігін ұғындым. Үй тапсырмасын тексеру кезінде диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталды. Өткен сабақты сұрақ – жауап арқылы талқылау, география ғылымында табиғатты пайдалану экономикасының дамуына үлес қосқан ғалымдар, экономикалық түсініктер мен табиғатты пайдалануға арналған терминдер туралы мәліметтер қарастырылды. Ал, бақылау барысында сұраққа жауап бере алмаған студенттерді байқап, ciлтeмeні келесі топ студенттерге бағыттадым, ал жауап бере алмаған студенттерді анықтап, келесі сабақта мiндеттi түрдe осы студенттермен көбірек жұмыс жүргізу керектігін ұқтым.

Студенттердің білім алуын қолдау үшін сұрақтар анағұрлым толық, өз ойларын анық білдіруге, өз идеясын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы және сұрақтар тапсырманы орындау барысында студенттерге бағдар беріп, қайта бағытталатындай болуы қажет.

Оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа студенттер ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа студенттердің көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы студент бойындағы үрейленуді басады және оқытушы «төрешілік» қызметінен босатылады, студент бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ СОНЫҢ ІШІНДЕ ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП
1. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы Үшінші деңгей бағдарламасының аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.



Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс (Eyre and Lowe, 2002).

Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?

Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Мәселен, Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және адамдық ортаның арасындағы өзара байланыс» сияқты мамандандырылған ерекше пәндік салаларды да, сондай-ақ сенімді қарым-қатынасқа түсу, шығармашылық және ойлаудағы бірегейлік, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын бақылау парағын құрастырды.

Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) Выготский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр теорияның осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және проблемаларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.



Осындай балаларға мұғалім не ұсына алады?

Талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады.

Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін.

Балаларға сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі [4].

2. Ғалымдардың пікірлерінің дұрыстығын практика жүзінде дәлелдеу мақсатында «География» мамандығының 3-курс студенттеріне «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы келесі тақырыптарын ескеруге тырыстым.

Топтардағы топ басшысының міндеті сабаққа белсене қатысқан және топ мүшесінің қайсысы қай тапсырманы орындағанын бақылау және тапсырманы тексеру барысында жұмыстың дұрыс – бұрыстығын бағалау. Мен осы күнгі сабақты үй жұмыстарын тексеруден бастадым, кейбір студенттердің үй жұмыстарын орындамай келмегенін байқадым, үй тапсырмасын орындамай келген студенттерге сабақ үстінде қосымша уақыт бере отырып үй жұмысын орындаттым, топ мүшелері өз серіктестеріне көмектесті, бұдан мен студенттердің өз құрбыларына деген жылы сезімдерін байқадым, ынтымақтастық ортаны көрдім. Сабақтың келесі бөлімінде өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып төмендегідей жұмыс түрін жүргіздім. Барлық топқа бірдей тапсырмалар берілді, жұмыс уақыт мөлшерінде жүргізілді, 3 топ мүшелері берілген уақыт шеңберінен ерте бітірді, байқағаным ынтымақтастық орнаған екі топта жұмыс оң нәтижеге ие болды, осы топтағы А және Вдеңгейлі студенттер бастапқы топта да кейінгі топта да көшбасшыға айналды. Ал қалған топ берілген уақыт шеңберінде аяқтады, 2 топтағы С студент көшбасшы болмасада белсенділік танытты. Ерте біткен топ арасынан бір студент тапсырманы әрі қарай орындады, жауаптары тексерілді, топ басшысы бағалау жүргізді, ұпай саны тақтаға жазылып отырды. Келесі тапсырма сәйкестендіру болатын, бұл тапсырмада 5 минут уақыт ішінде жүргізілді, бұл жұмыста орындалып тексерілді. Үшінші тапсырма Блум таксономиясындағы жинақтау деңгейіне сәйкес студенттер үйде және аудиторияда жасаған сабақ жоспарларын біріктірді, тапсырма он бес минут шеңберіне берілді, уақыт аяқталысымен, тапсырма жиналып, сағат тілінің бағытымен тексерілді, әр топтан жеке студенттер шығып, жоспардың жасалу жолын тақтада талдап, түсіндірді.

Бағалау кезеңінде топ басшыларына сөз берілді, олар өздерінің бақылау нәтижелерін ұсынды, дайын күйдегі критериймен салыстырғанда кейбір (1,3 топта) топтарда біршама алшақтықтар болды, топ мүшелерінің басшыларымен келіспеушіліктері болып отырды, бірақ топ басшылары қойған бағаларын дәлелдеп бергеннен кейін, топ басшысының ойымен келісті.

Сабақта бағалаудың мадақтау түрі және берілген тапсырма бойынша бағалау критерийі ұсынылды (кесте 1).

Кесте-1. Бағалау критерийі

Тапсырма



Сұрақтар

Саны


1

2

3

4

5

1

10 (әр тапсырма 1 ұпай)

7

8

10

7

10

2

8 (әр тапсырма 1 ұпай)

8

7

8

6

8

3

5 (әр есеп 5 ұпай)

10

15

20

15

20

Σ

43 ұпай

25

30

38

28

38

43-38 ұпай «5»; 37-30 ұпай «4»; 29- 15 ұпай «3»

Сабақта кері байланыс жасауды БББ кестесін, сұрақ – жауап түрінде бірлесе отырып толтырдық, бұл кестені толтыру себебім оқушылардың өткен сабақ пен жаңа тақырып арасындағы байланысын, жаңа тақырып бойынша не білгісі келетінін және түсінгендіген анықтау, студенттердің білім деңгейін анықтай отырып, осы кесте арқылы өзімнің алдағы сабағымда студенттермен нені қамту керектігін ойладым.

Әр топқа тақырыпқа байланысы жекелей тапсырмалар берілді, ол тапсырманы орындау барысында оқулықты, компьютер, ұялы телефондарындағы интернет желісін пайдалануға рұқсат етілді, себебі берілген тапсырмаларда қосымша материалдарды пайдалана отырып постер дайындау болатын және топтар арасында сұрақ – жауап ұйымдастырылды.

Осы тұста «АКТ оқушыларға ғылыми ұстанымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді» деген идеяны басшылыққа алдық [САН 110-бет].

Сабақта АКТ-ны кеңінен қолданылды. Бұл, өз кезегінде студенттердің берілген тапсырмаларды интернет желісі арқылы орындау, өз мүмкіндіктерін пайдалануға, студенттердің жұмыстарын жеңілдетуге және материалды есте сақтауына септігін тигізді, бұл жұмыс олардың қызығушылығын туғызды. Әрбір топ прeзeнтaциясын қорғау барысында студенттердің диaлoгқa түсуі, oлaрдың aрaсындa жaғымды қарым-қатынас туғызды, сондай-ақ зерттеушілік әңгімелер арқылы оқушылардың бір–бірін тыңдауға, сұрақ қою мәдениеттерін қалыптастыруға септігін тигізді.

Топ мүшелері презентация соңында кері байланысты сұрақ – жауап түрінде ұйымдастырды, бұл жерде оқушылардың шығармашылық қабілеті байқалды.

Сабақты қорытындылау стикердегі диалог арқылы жүзеге асты, яғни топ арасында стикерге сұрақ жазып бір – біріне бағыттау арқылы іске асты. Бұл жерде бақылап отырып, мен мынаны байқадым А және В деңгейлі студенттердің тақырыпты тез қабылдағанын, сұраққа жауапты жылдам беретіндігін байқадым, оның себебі осы аталған оқушылардың білім деңгейінің жоғары болуында, ал С деңгейлі студенттердің осы сабаққа дейінгі белсенділігі төмен болса, осы әдістер мен тәсілдерді қолдану нәтижесінде олардың да пәнге деген қызығушылықтарының артқанын, сондай ақ, өз ойларын еркін айта алу дәрежесіне жеткендігін байқадым, бұдан түйгенім әліде болса сыныптағы С деңгейлі студенттермен жұмыс жүргізу керектігін, тәжірибені әрі қарай жалғастыру қажет екендігін ұқтым.

Сонымен, аудиторияда және сыныпта отырған төмен, орта, жоғары деңгейдегі студенттерді анықтау үшін деңгейлік тапсырмаларды орындату тиімді деп ойлаймын, себебі әрбір студент түрлі түсті стикерлерге жазылған тапсырмаларды орындау барысында, олар да әлі де болса білімдерін жетілдіру керектігін айтпай-ақ түсінеді.

Сабақ кезінде Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмалардың ара жігін ажыратуды үйрету керек. Мысалы, 1-деңгейлік тапсырмалар: тану, түсіну, қолдануға бағытталған тапсырмалар. Бұл тапсырмалар негізгі мәтінде мазмұнды ашуға негізгі түсініктерді игеруге, түрі өзгертілмеген тапсырмалар жатады. Көбіне бұл тапсырмалар Қашан? Кім? Қайда? –деген сұрақтарға жауапқа негізделген.



2-деңгейлік тапсырмалар: түсіну, қолдау, талдауға бағытталған тапсырмалар. Бұл тапсырмалар негізгі мәтіннің мәнін, оқиғаның себебін, неліктен екендігін анықтауға, салыстыруға, анықтауға, ерекшелігін түсінуге бағытталған. Көбіне бұл тапсырмалар Неліктен? Өйткені, Егер де ...? деген жауаптарға негізделген.

3-деңгейлік тапсырмалар: синтездеу мен бағалауға бағытталған тапсырмалар. Бұл тапсырмалар мәтінге қосымша сабақтан тыс берілген жұмысқа, терең ойлауға, оқушының қорытынды шығара білу мен альтернативті ойлауға итермелейтін тапсырмалар. Көбіне бұл тапсырмалар: Сіздің ойыңызша, Қалай ойлайсыз, Қандай оқиғамен салыстыра аласыз, Өз ойыңызды дәлелдеңіз деген тапсырмалардан тұрады.

Мысалы: Сабақтың екінші кезеңінде теориялық материалды пайдалана отырып қолдану деңгейінде кескін картамен жұмыс жасауға кірістік, ол талдау деңгейінде жүзеге асырылды. Топтар «Климаттың өзгеруі», «ҒТП», «Азық-түлік проблемасы» тобы студенттерді шығару керек болды. Топқа 3 тапсырма берілді, тапсырма құрылымы бірдей және жеңілден қиынға қарай бағытталды, әрбір шығарылған 3 тапсырма санына байланысты критерийлер жасалынған, студенттер жинақталған есептер санына байланысты бағаланды.

Бұдан шығатын қорытынды, деңгейлік тапсырмаларды сабақта күнделікті пайдаланса студенттер өз ойлары мен пікірлерін сынып алдында ашық жеткізуге, нақты жауап беруге дағдыланады, себебі, әрбір студент өзін сенімді сезінеді, өйткені, әрқайсысы өз денгейінің тапсырмасына жауап береді. Осы тәсілді пайдалану кезінде үнсіз, енжар отыратын студенттер күннeн-күнгe ашылып, caбаққа қaтысуы жaқсaрaды деген ойдамын.

Оқушыларға экологиялық білім беру - деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.



Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде еуропалық Ян Амос Коменский (1592-1670), [9, 31], Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), [11, 26] сынды ұлы педагогтар атап көрсеткен болатын.

Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбиелеу, дүние-танымын дамытуды қазақ халқының ағартушы ғалымдары мен ақын-жазушылары Ш.Уалиханов, [8,18], Абай Құнанбаев, [6,59], Ш.Құдайбердиев, [71], А.Байтұрсынов, [72], М.Дулатов, Ы.Алтынсарин [7, 45], Ж.Аймаутов өз еңбектерінде тілге тиек етті.

А. Құнанбаевтың 38-ші қара сөзіндегі табиғат туралы философиялық ой-пікірлері мен табиғат заңдылығын пайымдай алумен бірге, оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады [6, 98 б]. «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз емес пе? Нақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен: ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі дәндерді өсіріп жемістерді өндіріп, көзге көрік көңілге рахат гүл бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі нәбатәттәрды өстіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендерін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар: балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жібегін - һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде, бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі - адам баласына таусылмас азық» [6, 89 б].

Осы 38-ші қара сөзді қорытындылай келетін болсақ: Ол табиғаттың бар байлығын адам баласына азық болып отырғандығын көрсете келіп, жас өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге шақырады.

Оқушыларға экологиялық білім беру - деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.

Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде еуропалық Ян Амос Коменский (1592-1670), [9, 31], Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), [11, 26] сынды ұлы педагогтар атап көрсеткен болатын.

Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбиелеу, дүние-танымын дамытуды қазақ халқының ағартушы ғалымдары мен ақын-жазушылары Ш.Уалиханов, [8,18], Абай Құнанбаев, [6,59], Ш.Құдайбердиев, [71], А.Байтұрсынов, [72], М.Дулатов, Ы.Алтынсарин [7, 45], Ж.Аймаутов өз еңбектерінде тілге тиек етті.

А. Құнанбаевтың 38-ші қара сөзіндегі табиғат туралы философиялық ой-пікірлері мен табиғат заңдылығын пайымдай алумен бірге, оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады [6, 98 б]. «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз емес пе? Нақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен: ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі дәндерді өсіріп жемістерді өндіріп, көзге көрік көңілге рахат гүл бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі нәбатәттәрды өстіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендерін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар: балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жібегін - һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде, бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі - адам баласына таусылмас азық» [6, 89 б].

Осы 38-ші қара сөзді қорытындылай келетін болсақ: Ол табиғаттың бар байлығын адам баласына азық болып отырғандығын көрсете келіп, жас өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге шақырады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет