I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Қазан теңкерісінен кейінгі кезең



бет60/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Қазан теңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды. Қоғамдық емірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақ,талуы, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада т. б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматика жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормапарының тұрақталуына саналы түрде арапасу жан-жақты сипат алды. Соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге бөліп қарауға болады.


83. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілге тән қандай ерекшеліктерді білесіз? Функционалдық-стильдік тармақтар туралы не айтуға болады?

Сөз еткелі отырған дәуір – бізге ең жақын кезең: ол бар болғаны бұдан 150-160 жыл бұрынғы тілімізден хабар береді. Бұл кезеңде де басты-басты морфологиялық тәсілдердің көрінісі қазіргідей: сөзді септеу, жіктеу, тәуелдеу, көпше тұлғада өзгерту тәртібі (парадигмасы); сөздердің қиысу, қабысу, жанасу, меңгеру тәсілдері: етістіктердің рай, етіс категорияларында қолданылуы: сын есімнің шырай түрлері негізінен осы күнгі нормаға сай келеді. Бірақ кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі мен сыртқы көрінісі жағынан ерекшелігі жоқ емес. Ол ерекшеліктер, бір жағынан, тілдің нормалану процесіне тіреліп жатса, екінші жағынан, белгілі бір функционалдық стиль белгілерін танытады.


Ең алдымен, грамматикада варианттылық (жарыспалылық) құбылысы бар екенін атауға болады. Жарыспалылық екі-үш салада көрінеді: бірі- морфологиялық тұлғалардың қызметінде, екіншісі – сыртқы формасында, үшіншілері қиысу, меңгеру т.б. амалдарында.
Белгілі бір грамматикалық категорияның қызметін екі тұлғаның жарыса атқару фактісі бар. Мысалы, шаққа бейтарап, әрдайым болып жататын іс-әрекетті есімшенің –ар (-ер, -р) жұрнақты түрімен және ауыспалы шақ тұлғасымен (-ады) беру көзге түседі. Бұл – бұрыннан келе жатқан варианттылық. Айырмасы – алдыңғы кезеңдерде –ар тұлғасымен білдіру жиірек байқалса, ХІХ ғасырдан бастап сөз иелері екінші вариантын да реті келген тұста қиналмай қолданады:
Екі кісі тең барса,
Оңды төре береді
Ақылы жетік би адам (Махамбет)
Жарыспалылық әсіресе –арға мен –уға тұлғаларының қолданысында күшті сезіледі. Осы күнде –уға (баруға, келуге) түрінде берілетін амал ХІХ ғасырда әлі де –арға вариантында жиі кездеседі:
Өлең айтып толғандым,
Көкірегімді басарға (Махамбет)
Келесі варианттар қатарын етістіктің ашық райдағы –ма+й+мын және –ман аффиксті тұлғалары түзеді. Біз сөз етіп отырған кезеңдегі көркем әдебиет тілінде ауыспалы осы шақтың І жақта жекеше болымсыз аспектіде қолданылатын –ма+й+мын қосымшалы түрінің орнына көбінесе ықшамдалған –ман жұрнақты варианты қолданылады. Мысалы, Махамбет аталған категорияны білдіру үшін тек қана осы тұлғаға жүгінеді: Мен кеткенмен, тек кетпен... Ар-намысым қашырман...
Аталған тұлғаны стильдік қолданыспен байланыстырып, оны айтылмақ ойға қайсарлық, жігерлілік реңкін білдіретін құрал деп танушылық бар. Бірқатар өлеңдердің контексіне қарағанда, мұндай стильдік қызметін жоққа шығаруға да болмас (мысалы, осы тұлғамен келетін Махамбет жолдарын қараңыз), дегенмен –ман аффиксті тұлғаны белігілі бір кезеңдердегі поэзия тілі үшін жалпы норма деп таныған дұрыс, өйткені мұның –маймын қосымшалы қатары кемде-кем ұшырасады, тіпті жоққа тән.
Тұлғалық варианттар қатарына –тұғын-тын; -соң-ғансын, -дай-дайын, менен-мен, дүр-ды параллельдері де жатады.
Сөйтіп, біз талдап отырған дәуірдегі қазақ тілі грамматикасының көзге түсетін сипатты бір белгісі функционалдық және тұлғалық варианттардың орын алуы. Мұны, бір жағынан, нормалану процесіне қатысты қарау керек. Дәлірек айтсақ, грамматикалық бір категорияның екі-үш түрлі тұлғамен білдірілуі- әлі де біреуінің нормаға айналмағандығын танытады. Екіншіден, вариант тұлғалардың, әсіресе толық-ықшам қатарлардың орын алуын поэзия тіліне тән, өлең шарттарына қарай күні бүгінге дейін қолданылатын құбылыс деп тану керек.
ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілі грамматикасында байқалатын, нормаға түсіп болмаған көріністің тағы бірі – қиысуда байқалады. Ең алдымен, осы кезеңнен бастап, қазақ поэзиясында етістіктің сыпайы түрде –ңыз –ңіз, -сыз сіз жалғауымен жіктеліп қолданылуы активтене бастайды. Бұл тұлғамен тек сыпайылық емес, көбінесе сыпайы көпшелік, не тіпті тек қана көпшелік ұғымды білдірген. Сыпайы, көпше тұлғадағы етістікпен есімдіктің формалық қиысуы әрдайым орын алмайды. Мысалы, Шортанбай: Жалғанда досым сіз едің, Аяй көрме ақылды – дейді. Мұнда есімдік сыпайы түрде келсе, соған қатысты етістік анайы (-ныз аффиксін жалғамай) түрде берілген: сіз едіңіз, көрмеңіз деудің орнына сіз едің, көрме.
Осы кезеңнен бастап ІІ жақтағы жіктеулі етістіктерге көптік жалғауын қосып қолдану фактісі орын ала бастаған: Қызмет етіп жүріңдер (Алмажан)
Келесі ерекшелік септік жалғауларын түсіріп қолдану саласында. Белгілі бір сәттерде ілік, барыс, табыс септіктеріндегі сөздердің жалғауларын түсіріп айту құбылысы бар екендігі мәлім (кітап беттері – кітаптың беттері)
Өлең шарттарынан туатын тағы бір ерекшелікті атауға болады. Ол – тиісті жіктік жалғауының түсірілуі. Махамбеттің: Мен тауда ойнаған қарт марал... І жақтағы бастауыш пен баяндауыш қиыспаған,яғни қарт маралмын деп айтылуға тиіс. Осы заңдылық сақталмаған. Бұл да таза өлең шарттарына қатысты синтаксистік ауытқу.
Алдыңғы дәуірдегі әдебиет үлгілеріндегідей, бұл кезең қаламгерлерінде де –ған жұрнақты есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалу тәсілі өте актив: ел қонбаған көл, соғып кеткен жел, қайғы ойлаған жамандар т.т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет