I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты. Лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдаңыз



бет61/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
84. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты. Лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдаңыз.
Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Осы ғасырдан кейінгі жылдары қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты қалыптасты.
XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады.
Әдеби тілдің XVIII-ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара, Шал ақын-жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар); Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. т. Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. XVIII ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мұң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау epic алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.


85. Бұхар жыраудың жаңашылдығы неде? Жырау тілінің тазалығын не арқылы дәлелдеуге болады? Шығармаларындағы көркемдеуіш элементтердің, тұрақты эпитеттердің қолданылуына нақты мысалдар келтіріңіз.
Төмендегі мәліметтер Сейілбек Исаевтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (Алматы, 1996) еңбегі бойынша










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет