I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Академик Нығмет Тіләнұлы Сауранбаев



бет63/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Академик Нығмет Тіләнұлы Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі:
1. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысына дейіңгі дәуір.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысынан ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейінгі дәуір.
3. Советтік дәуір.
Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық к өркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады. Ол қазақ әдеби тілін тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:
1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл.
2. Қазіргі әдеби тіл.
Мәулен Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:
1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.
3. ХІХ ғасырдың басы.
4. Совет дәуірі.
Ал Мәулен Балақаев, Рәбиға Сыздықова, Ербол Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі болатынын, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған  мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет