I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Көне қыпшақтық элементтер қандай шығармаларда кездеседі, мысалдар келтіріңіз



бет67/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
89. Көне қыпшақтық элементтер қандай шығармаларда кездеседі, мысалдар келтіріңіз.
Көне қыпшақ тілі туралы ең алғаш мәлімет берген автор – М.Қашқари. «Диуан лұғат ит – түрік» атты еңбегінде қыпшақ тілінің кейбір грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін талдап көрсетеді. М.Қашқари түркі тілдерін зерттей келе ХІ ғасырда жеке қолданылған “қыпшақ тілі” болғандығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол “қырғыз, қыпшақ, гуз, тухси, яғма, чығыл, арғу, йаруқ тайпалары – бәрі бірдей түрікше бір тілде сөйледі” деп жазады. Белгілі ғалым Н.Т.Сауранбаев осы деректерге сүйене келіп “бұл аталған тайпалар тілдері өзара бірігіп кетіп, бірегей тілге айналған да, ортасынан бір топтан қыпшақ тілін шығарған” дейді[4,18б]. Шынында да ХІІ ғасырларда қыпшақ тайпаларының салмағы саяси аренада арта түсті. Қыпшақтардың мемлекеттік одағына әр алуан тайпалар бірікті. Қыпшақ тілі сондықтан аралас тіл болды. Бірақ басқа тайпалардың тілінен гөрі үстем тайпа қыпшақтардың тілі гегемондық роль атқарды.
М.Қашқари түркі тілдерінің лексикалық ұқсастықтарын айта отырып, олардың дыбысталу жүйесіндегі кейбір айырмашылықтарды ашып көрсетті. Қыпшақ тілінің мынадай басты фонетикалық ерекшеліктерін назарға ұсынды:
й дыбысының орнына дж(ж) дыбысын қолданады: йанджу емес джанджу (шуда).
ш дыбысының орнына с дыбысын айту: талыс, қысыр.
Д дыбысының орнына т дыбысын қолдану: дәуә емес тәуә (түйе), бүгде емес бүкте (қанжар).
д дыбысының орнына й дыбысын қолдану: қадық емес қайық.
ғ дыбысының айтылмай түсіп қалуы: чумғақ емес чумуқ (шымшық торғай, қара торғай), тамғақ емес тамақ.
Демек, ХІ ғасырдың ортасында қолданылған қыпшақ тілінің фонетикалық негізгі көрсеткіші – дж(ж), с, т, й дыбыстарының қолданылуы мен ғ(г) дыбысының айтылмай түсіп қалуы болып отыр.
Осы фонетикалық ерекшеліктер бүгінгі қазақ тілінің бойында сақталған.
Көне қыпшақ жазба ескерткіштерін жүйелеу де маңызды мәселе. Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер негізінен ХІ-ХҮІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Оларды жазу үлгісіне қарай бес топқа бөлінеді:
Готикалық көне шрифтімен жазылған ескерткіштер (ХІІІ – ХІҮ ғасырлар).
Араб әрпімен жазылған мұралар (ХІ — ХІҮ ғасырлар).
Армян жазуымен берілген мұралар ( ХҮ – ХҮІ ғасырлар).
Орыс әліпбиімен жазылып қалған деректер (ХІ—ХІІІ).
Шығыс Европа аймағын мекендейтін кейбір халықтардың тілінде сақталып қалған және сол елдердің өзіндік жазу үлгілерімен берілген сөздер (адам аттары мен жер-су аттары т.б.).
Сонымен қатар ескерткіштер белгілі бір саяси — әкімшілік орталықтарда туып, солардың талап-тілектеріне сай жазылып отырғандықтан, қазақ ғалымдары (Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М.) шартты түрде мынадай топтарға бөліп қарастырады: куман қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, половец қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Орта Азия қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Мамлюк қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Армян колониясының тілінде жазылған ескерткіштер.
Көне қыпшақ ауызекі тілінде жазылған ескерткіштері тобына өз заманының ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін бойына жинақтаған, қыпшақтардың тарих сахнасына шығып, гегемондық рөл атқарып тұрған кезінде ХІІ – ХІҮ ғасырларда жазылған «Кодекс Куманикус» (Кумандардың кітабы), «Терджуман турки уа араби» (Түркіше – арабша тәржіма ), «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап)., «Китаб ат-туһба аз-закия фи луғат ат-туркийа» (Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық), «Китаб-бұлғат әл-муштақ фи-лұғат ат-түрік вал-қыпшақ» (Түрік пен қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренушілер үшін жазылған кітап»), «Әл-каванин әл-күллия ли-дабт әл-лұғат ат-түркия» (Түркі тілдерін үйрену үшін жазылған толық құрал), «Китаб ад-дурра ал-мудия фил-лұғат ат-түркия алат-тамам вал-камал» (Түркі тілі туралы жан-жақты және толық аяқталған інжу-маржан кітабы), «Аш –Шудур ад-даһабия вал-қита ал-ахмадия фил-луғат ат-түркия» (Түркі тілдері туралы жазылған алтын тізбе»). т.б. жәдігерліктерді жатқызамыз.
Көне қыпшақ жазба ескерткіштері қатарына Алтын Орда дәуірінің құнды әдеби мұрасы, Низамидың парсы тілінде жазған осы аттас поэмасының еркін аудармасы, Құтып ақын жырлаған «Хұсрау мен Шырын» поэмасын жатқызуға болады. А. Зайончковский «Хұсрау мен Шырын» поэмасының тілі қыпшақ диалектісінде жазылған деп тұжырымдаған. Ескерткіштің тілінде қыпшақ элементі өте айқын көрінеді деген пікірді А.М.Щербактан да кездестіреміз. Алтын Орда әдебиетінің ХIY ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі Сайф Сарайидың «Гүлстан бит-түрки» поэмасы да осы топқа кіреді. Белгілі түріктанушы Э.Н.Наджип ақын өз шығармаларын қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қазақ халқының негізін құраған ру тайпаларынан шыққанын ерекше атап көрсетеді. Алтын Орда дәуірінде ХІҮ ғасырда дүниеге келген құнды жәдігерліктің бірі Хорезмидің «Мұхаббат наме» поэмасы да осы қатарда. Аталмыш поэма қазақ тіл білімінде аз да болса зерттеліп көне түркі жазба ескірткіштерінің тіліне, жалпы тіл тарихына арналған кітаптарда біраз пікірлер жинақталды. Ал өзбек әдебиетінің тарихында өзбек әдебиетінің көркем туындыларының бірі ретінде қарастырылды. Ғылымда бұл поэманың тілі туралы сан түрлі пікірлер орын алған. Мәселен, Кюпрюлюзаде алтынордалық-шағатай тілі десе, А.Н.Самойлович Хорезм мен Алтын Ордадағы Жошы ұлысының әдеби тілі дейді. Ал Э.Н.Наджип ұйғыр, оғыз тілдерінің әсеріне ұшыраған қыпшақ тілі десе, С.А.Аманжолов А.Яссауи тіліне жақын, қазіргі өзбек және қазақ тілінің аралығындағы тіл деп таныса, А.М.Щербак ескі өзбек әдеби тілінің бір түрі деп топшылайды. Біздің пікірімізше «Мұхаббат-Наме» тілінде қараханидтік жазба әдеби тілінің азын-аулақ ықпалы байқалғанмен, көне қыпшақ тілінде жазылған. Бұл мұрағаттың қазақ тіліне жақындығы мен басқа түркі тілдермен байланысын анықтауда лексикалық, морфологиялық, фонетикалық белгілерге ерекше көңіл бөлген жөн.
Қыпшақ тобындағы тілдерге тән сөздер: бақлан (бағлан) Хұсрау Шырында; басын- (басын-) ХШ; бақыр (жез) ХШ; байағы (баяғы) Г; болмачы (болмашы) ХШ; ентик- (ентік-) ХШ; ем (ем) ХШ, НФ; ерик- (ерік-) ХШ; ен- (ен-) ХШ, НФ, Мн; еңра- (еңіре-) ХШ, Мн; иркил- (іркіл-) ХШ, НФ; йимән- (имен-) ХШ; күң (күн) ХШ; кери (кері) ХШ, Г; сүңгү (сүңгі) ХШ, Г,НФ; чық (шық) ХШ; сал- (сал-) ХШ, Г, Мн, НФ; таңсұқ (таңсық) ХШ, Г; тый- (тый-) ХШ, Г; тәбрән- (тебірен-) ХШ, Г; талпы- (талпын-) ХШ, НФ; таңырқа- (таңырқа-) ХШ; тун (түн) ХШ, НФ; үрк- (үрік-) ХШ, Г; қавурт (қауырт) ХШ, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет