Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет15/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сайдақметова Л. «Ұлттық тәлім үрдісіндегі қазақ әйелдерінің орны».- Қазақстан мектебі, 9-2004

2.Бейсенханова Б. «Этнопедагогика ғылымының туу және қалыптасу тарихынан» - Қазақстан мектебі 2- 2006 58 б.

3.Қурсабаев М. «Ұлттық тәрбиенің тағдыры, болашағы».- 3-2006.


Наурыз мейрамы
Ш.Ниязова, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. Г.Қ.Рысбаева

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні Наурыз бұған дейін шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз мерекесі Орта Азия, Қазақстан және шығыстың көптеген халықтарының ортақ мерекесі, ортақ күнтізбесіне айналған. Наурыз сөзі иран тілінің нау«жаңа», руз – «күн» яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан. Наурыз мейрамының шығуы туралы парсы аңызы бойынша адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, фервердин айының бірі күні жаралған. Ол кезде Күн жазғытұрғы күн мен түннің теңелу нүктесінде болған. Осы аңызға сүйеніп, парсылар фервердиннің бірін жыл басы етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні – наурыз деп атайды. Қазақтың наурызы осыдан шыққан. Күн мен түннің күзгі теңелуін парсылар меһран деген, бұдан қазақтың «мейрам» сөзі жасалған. Наурыз бен меһран парсылардың негізгі мейрамдары болған. «Ай мен Күн – аспанның екі көзі, наурыз бен меһран – уақыттың екі көзі» деп жырлаған парсы ақындары [1,185 б.].

Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Ә.Фердауси, Ә.Науаи, Омар Хаямнан бастап қазақтың ақын-жазушылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған.

Көрнекті ақын-жазушы Міржақып Дулатов былай деген: «Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз». Ал, С.Дөнентаев наурыз жөнінде былай деген: «Аурулар сауығамын деп, аштар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін дегендей жұрттың бәрінде үміт, әркімде жылы шырай сезіле бастап, «бәрімізде табиғаттың бергеніне ортақпыз» дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын».

Наурыз күнін түркі халықтары үлкен дайындықпен қарсы алады. Наурыз күндері халықтар әр жерге от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайын болжайды, көнетоз киімдерін, ескі ыдыс-аяқтарын тастайды. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. Үйдің ауласы сыпырылып, ағаштар түбі әктеліп, жас талдар, гүлдер отырғызылады.

Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайрымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Ұлыстың ұлы күні елдің бәрі мәре-сәре қуаныш құшағында:

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен –

деп үлкен-кіші, ер-әйел демей құшақтасып-көрісіп, бірін-бірі жаңа жылымен құттықтап, жақсы тілектер айтады.

«Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар, айдан аман, жылдан есен өтейік» деп тіршіліктеріне, сау-саламат, көріскендеріне шүкіршілік етеді.

Наурызда «Наурызнама» думаны көбінесе үйде өтетін болған. «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, науырызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен» /Абай/. Наурызнаманың ойын-сауығы әдетте «Қалтырауық қамыр кемпір» және «Ақ боран» деп аталатын дәстүрлі ойынан басталады. Бұл ойын екі топтың бәсекесі, тартысы арқылы қыстың бой жаздырмас қаталдығының жеңілгенін бейнелейді. Әрі қарай өнер жарысына ұласып кетеді. Жеке ақындардың айтысы яғни «Наурыз айтысы», «Наурыз бата», «Наурыз жыры», «Наурыз жұмбақ», «Наурыз тілек» т.б. әзіл-қалжың, арнау, мадақтау өлеңдері айтылады.

Ұлыс күні «наурыз жұмбақ» айтылады. Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең. Мысалы:

Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,

Ол екеуін біледі дүние жүзі,

Ұлы түнде ұйықтайды, қызы күндіз

Білінбейді жүргенде басқан ізі.

Айтып тұр деп бөгелмен қай баланы,

Жұмбағыңа жауабым сай болады,

Айтқан үлкен үйіңіз бүкіл әлем,

Ұлыңыз – Күн, қызыңыз – Ай болады.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауады», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, үлпілдек болады да, «ақша қар» немесе «наурызша» аталады. Осыған орай тілімізде мінезі балдай, сұлу қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар.

Наурыз мейрамына арналған өлеңдер де баршылық: «Наурыз – думан», «Наурыз жыры», «Наурыз», «Наурызға наз», «Наурыз тал», т.б. Ұлыс күні Наурызда немесе наурыз айында туылған сәбилерді халық бақытты, ерекше болады деп ұғынған. Сондықтан оларға «Наурыз есімін» беретін болған. Наурыз, Наурызбай, Наурызбек, Наурызәлі, Наурызгүл, Мейрам, Мейрамгүл, Жылбек, Жылкелді деген адам аттары жиі кездеседі.

Наурыз күні халық ұлттық ойындар ойнайды: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, бағанаға өрмелеу, арқан тартыс, жаяу жарыс, ақсүйек, тоғызқұмалақ, асық ойны, т.б.

Наурыз айында күн ұзарады. Оны қазақтар «ұзын сары» дейді. «Жуанның созылып, жіңішкенің үзілетін кезі» болғандықтан дейді, қуатты тағамдарын халық осы кезге әдейі сақтап отырады. Күн жылынып, қар ериді. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.

Наурыз күнді қазақтар – тіршіліктің басы, ұлыс күні деп атағандығын мынадан байқауға болады. Наурызда жыл құстары келе бастаған кезде қазақтар «Ілгері салым күндерге жеттік» деп қуанады. Жаңа жылдың алғашқы күндері жер бетіне көгеріп жасыл шөптер шыға бастайды. Осыны «көк» деуге болады. Көктем шыға жаңадан өсіп келе жатқан гүлдерді ертеде «шешек» деп атаған. Көктемнің алғашқы күндері «бәйшешек», «жауқазын», «қызғалдақ» секілді гүлдер өседі. Жазушы З.Ахметованың сөзімен айтқанда жылдың алғашқы күндері жер бетіне көгеріп өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді «Наурызшешек» деп, наурыз айында ұшып келетін кіп-кішкентай көктем құсын «Наурызкөк» деп атайды. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді [2,5-6 бб.].



«Самарқанның көк тасы жібиді» немесе «Самарқанның көк тасы еріген күн» деп те айтылатын тіркес наурыз күніне байланысты туындаған. Осыған байланысты бірнеше аңыз бар. Біріншісі, әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көктасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмеске «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеген.

Наурыз мейрамымен байланысты «Қыдыр түні». Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз (март) күні даланы жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қыдыр (Қызыр) ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Қыдыр адамдарға дәулет таратып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Қыдыр ата – жақсылықтың символы.

Ертең Наурыз деген түнде әрбір шаңырақ үйінің төріне шырақ жағып:

Е, құдайым оңдасын,

Қызыр келіп қолдасын,

Бас аман, мал түгел боп,

Береке-бірлік орнасын –

деп Қыдыр ата түнін күзетіп тілек тілеген. «Қыдыр түні» оты маздап, жарығы жанып тұрған үйге Қыдыр атаның мейірімі түседі, көз қырын салады, назарынан тыс қалдырмай сол үйге құт-береке қонады деп сенім білдірген.

«Қыдыр түнін» күткенде, жақсылыққа жаны құмар халқымыздың тағы бір мәнді ырымы болған: ыдыстарға сүт, айран, бұлақ суынан құйып, бидай, тары, арпа, сұлы, күріш секілді дәндерді салады. Бұл, «Көктен жаудырсын, жерден өндірсін, ақ мол болсын, іргемізге ырыс ұяласын» деген пәк көңіл, шын жүректің тілеуі айтылады.

«Қыдыр түнін» күтерден бұрын жасы үлкен әжелер адыраспан немесе аршаны темір ыдысқа салып от жағып түтіндетіп:

Уа, пәлекет, пәлекет,

Еріп аққан сумен кет,

Көтерілген бумен кет,

Қызарып батқан күнмен кет,

Қарайып батқан түнмен кет,

Жақындамай мал-басқа,

Тау-таста өлген аңмен кет! –

деп, үйдің іші-сыртын, мал қораны түгелімен аластап шығады. Және кетік ыдыс, сынық ожау секілді қыстан қалған ұсқынсыз нәрселерді отқа жағады.

Қыдыр сөзінен қыдып келу, қыдыр қону секілді сөз тіркестері өрбіген. Мысалы, Қыдыр келу – «Қызыр Ілияс пайғамбардың көмегі тию, бақытты болу». Дәулет құсы қонды басыңыа, Қыдыр келді қасыңа /Бұхар/. Қыдыр қону – «бақ қону». Тілеуің қабыл болған басыңа, қыдыр қонған, Ұмыттың ба соны, Абылай (Үмбетей).

Науырыз мейрамының бір символы - ата-баба аруағына арнап құрбандық шалу. Наурыз мейрамында, жыл басында ата-баба аруағына арнап мал сойып, ас беру бұрынғы замандардан келе жатқан дәстүр. Мәселен, Кіші жүз Шақшақ Жәнібек кенже қызын бір досының баласына берген. Жәнібек өлгенде сол қыз келіп әкесін жоқтапты. Соның ішінде наурыз турасында мынадай өлең айтылады:

Айналайын әке-кем!

Неге бердің кедейге?

Қанша ақылды десең де,

Кедейді кедей демей ме?

Байға берсең, әке-кем!

Қазысы қарыс айғырды,

Сүбесі сүйем қошқарды,

Ұлыс күні соймас па ем?

Тамам сорлы тоймас па ең?

Ұлыс сайын басына

Жұп шырақ жағып қоймас па ем [/«Таң», 1925, №4, 122 б.].

Өлең шумағындағы жұп шырақ жағу яғни қос шырақ жағу рәсімі зороастризммен байланысты деуге болады, оны мына мақал «Жалғыз шам – сәуле болмас, жалғыз шырақ тәубе болмас» толықтай түседі. Демек, зороастризмнің негізі – отқа табынудың бір көрнісі екенін дәлелдейді.

Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні ежелгі Наурыз тойының символға толы ең бір шешуші сәті – өгіз сойып, қазан көтеру. Қазақтардың Наурызда өгізді құрбандыққа шалуы – олардың бұрынғы замандардан келе жатқан астрономиялық түсініктерімен байланысты. Аспан көгіндегі дәл осы көріністі Қазақстан жартастарына шимайланған петроглифтерден – мүйізімен Күн көтеріп тұрған алып Көк өгіздердің суреттерінен көруге болады. Біздіңше, бұл сцена арқылы ежелгі түріктер аспан белдеуіндегі Күннің жолы Жерге келген Жаңа жылдың символын бейнелеген.

Наурыз аты бір-ақ күнді бейнелесе де ол толық ай атын иеленген. Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Күн жылынып, қар ериді. Мал төлдеп, жыл құстары келе бастайды. Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңеседі, жаңа жыл келеді. Сондықтан осы күнді наурыз айы деп атаған.

Наурыз мерекесінде: «Амансыз ба, Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!», «Наурыз құтты болсын!», «Ұлыс күні береке берсін, Бәле-жала жерге енсін!», «Ұлыс бақты болсын, Төрт түлігі ақты болсын!», «Ұлыс күні құтты болсын, Төрт түлік сүтті болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Қызыр дарысын», «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлыс күні ұлы кісіден бата алса, ол жылы олжалы жыл болар», «Бақ қонсын», т.б. деген секілді жүрек жарды тілектерді айтып амандасады.

Тілімізде Наурызға қатысты «Жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы» – жылқышы торғай (нәуірзек, наурыз торғай, көктұмсық торғай) келген күн, «Көк құт көзін (өсімдік) ашқан күн», «Жылдың жерге түскен күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді сөз тіркестері сақталған.

Көшелерде Наурыз мейрамы күні мынадай ұрандар жазылады: «Наурыз құтты болсын!», «Наурыз құт әкелсін!», «Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Құт-береке мейрамы – Наурыз жасасын!», «Ежелгі Күн мейрамы – Наурыз жасасын!», «Жыл басы – Ұлыс тойы жасасын!», т.с.с.



Наурыз мерекесінде әрбір үй «Наурыз көже» жасайды. Наурыз көжеге су мен тұздан басқа жеті түрлі дәм салады. Бұл жерде мынадай ғана дәм салу керек деп кесіп айтып, шектеуге болмайды. Әркім қолында бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны 7 магиялық санмен қатысты жетеу болу керек.

Мысалы, ирандықтар наурыз күні «Күн» сөзінің бас әрпі – «шин»-мен басталатын 7 затты дастарғанға қояды: 1.шарап; 2.шир (сүт); 3.шырын (тәттілер); 4.шекер (қант); 5.шербет; 6.шам; 7.шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – тірілу (возрождение), сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қоңыржайлық, шам – отқа табыну, тарақ - әйел затының сұлулық символы. Ал арабтар мейрам салтын өзгерту үшін бас әрпі «Ай» сөзінің басқы әрпі – «син»-нен басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: «сир» – сарымсақ, «сабза» – көк шөп, «сирке» – сірке суы, «санджит» – жиде, «сиб» – алма, «сипанд» – рут шөбі және «суманак» – бидай. Сондай-ақ қырғыздар жеті түрлі дәннен қосып «сюмелек» дайындаса, татарлар наурыз күні үстелге 7 түрлі тағам қояды: 1. «Семени» (жидкая каша из пшеничного солода и муки); 2. «Ярме» (крупяная каша); 3. «Унаш» (домашняя лапша); 4. «Кеже» (каша) (готовится из пшеничной); 5. «Мешеке» (машевый суп); 6. «Суйтли аш» (молочная каша); 7. «Гайнадылан юмурта» (вареные яйца)» (Шарафутдинов).

Қазақ халқы болса қыстан сақталған соғымнан қалған сүр ет, бидай, арпа, тары, күріш, бұршақ, жүгері, атбұршақ, т.б. дәндерден, сүт, айран, езген құрт секілді ақтардан қазан толы «наурыз көже» пісіреді. Наурыз көженің қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен яғни етпен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, айран, құрт) қауышудың мәнісін білдіреді. Ал наурыз көжені тойып ішу – «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымға саяды.

Әдетте Наурыз күнгі қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады:

«Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда» /М.Мақатаев/.

Наурыздың бір символы – Аластау (Аластоо) ырымы. Түркі тілдес халықтар қазақтар, өзбектер, қырғыздар, ұйғырларда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрі, ырым-жырымдары ұқсас болып келеді. Мәселен, қырғыздар Наурыздың бір символы – Аластау (Аластоо) ырымын жасайды. Аластаған кезде: «Алас, алас, әр пәледен халас» // «Алас алас, ар балэден калас» деп тұтаған от түтінімен үйді, үйдің барлық бөлмелерін, ауланы түгел аластап, шын-шайтандардан қорғауды тілейді.

Наурыз мерекесінің тағы бір символы - «От жағу» (костер жағу). Жаңа жыл басында да (наурыздың 22 күні) от жағылып, бүкіл ауыл адамдары жас ерекшеліктеріне қарай топ-топ болып от ортасынан өтіп бара жатып қолдарындағы басына майлы шүберек ораған таяқтарын тұтатады. «Алас, алас, әр бәледен қалас!» деп хормен өлең айтып, айнала төңіректі отпен тазалап шығады, жастар жағы жанған оттан секіреді. Сол сияқты секірудің де мән-мағынасы жоқ емес. Қырсық, кесапаттан тазару, аластату үшін жасаған.

Наурыз күні халық ұлттық ойындар ойнайды: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, бағанаға өрмелеу, арқан тартыс, жаяу жарыс, ақсүйек, тоғызқұмалақ, асық ойны, т.б.

Жалпы, 2010 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтілетін болды. Осы жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.



Әдебиеттер:

1. М.Исқақов. Халық календары. А., 1980, 185-б.

2. З.Ахметова. Ұлыстың ұлы күні Наурыз. А.,1998, 5-б.

3 Г.Қ.Рысбаева. Көне зорастризм дінінің түркі тілдеріндегі қалдықтары. //ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 2005. №2. 3-10 бб.


Ертегі мен мултьфильмдердің бала тәрбиесіне әсері және жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу
Ж.П. Нсанбаева, ҚазМемҚызПУ 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы П.А. Байтимбетова


Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарған күрделі шығармасының бірі - ертегілер. Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар туралы ертегілер;

2) қиял-ғажайып ертегілер; батырлық ертегілер;

3) хикаялық ертегілер; сатиралық ертегілер:

Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халыктық та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.

Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әрқайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау , аяқтау. Бастама -әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау- қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең:әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертегіні өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегінің композициясы -бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады және белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі, тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайып көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайып етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы -ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Ертегіде қиял мен ғажайып идеялық мақсатта қолданылады. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар ,идеологиялық та қызмет атқарады. Ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен гөрі композицияның рөлі артығырақ.

Сонымен қатар, ертегілер жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені де дәріптейді. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азамат,жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру- көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Біз ертегілерді көп айтып, ертегілер туралы кітаптарды көп оқыту арқылы адамгершіліке, жақсылыққа, қайырымдылыққа, отанға деген сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді дәріптеуге , тілін, елін құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.

Атақты педагог Сухомлинский; "Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады"- дейді. Сондықтан да ертегінің бала санасы мен тәрбиесіне әсері мол.

Бала тәрбиесіне әсер ететін ертегілердегі кейіпкерлердің жанданған түрі-мултьфильмдер болып табылады. Халықтың санасын, идеясын қалыптастыруда, алға қарай адымдап дамуында теледидардың алатын орны ерекше. "Ол қазақтың өзін-өзі тануына жәрдемдеседі. Ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ол ұлттық идеяны қалыптастырудың да негізгі қайнар көзі болып табылады", – дейді телеарна журналистері. Бірақ, ой тоқтатып, тереңірек саралап көрсеңіз, расында, бұл олай емес екеніне көзіңіз жеткендей болады. Бұлай деуімізге де негіз жоқ емес сияқты. Ендеше, дәлел келтіріп, нақты деректерге жүгініп көрелік. Әсіресе, қазіргі кезде бүлдіршіндерге көрсетіліп жатқан шетелдік мультфильмдерді алалық.

Анимация Қазақстанға алғаш рет, 1967 жылы келген еді. Анимация саласы ең алғаш рет көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, Римде, Қытайда пайда болған дейді. Сол кезде олар көлеңкемен ойнауды дамытқан. Анимация – «анима» жан беру деген мағына береді. Сол кезден бері ағылып келе жатқан саланы шетелдіктер бара-бара адамдарды қызықтыратын жаңа түрін тауып алып, бүкіл әлемге ұсынып отыр. Бұны алғаш рет World Disney қолға алып, 1920 жылдардан бастап телеарналардан көрсете бастады. Оған әлі ешкім қолданбаған дыбыс пен музыканы енгізді.

Қазақстанда жүзден аса мультфильмдер бар екен. Бірақ оның тең жартысы Ресей архивтерінде сақталған. Қазіргі кездің мультфильмдерінің кейіпкерлері өте қорқынышты, ұятсыз. Мәселен, ер мен әйелдің бейнесін, тұлғасын анық, ашық,сондай-ақ олардың арасындағы қатынасты анайы түрде көрсетеді. Кейіпкерлері қатігез, бір-біріне деген адамгершілік қасиеттерден жұрдай болады. Айталық, Том және Джериде тышқан мен мысықтың бір-біріне өшпенділігі балаларды кекшілдікке үйретеді. Шректе мейірімді әйелдің бір сәтте жауыз әйелге айналуы қыздарымызға не өнеге, не үлгі береді?! Бір эпизодында әйелдің өлеңді айғайлап айтқан даусынан жұмыртқа басып отырған құс жарылып өледі. Содан соң өлген құстың жұмыртқаларын қуырып жеуі адам жанын түршіктірерлік көрініс. Бұлай санай берсек, мыңдаған мысалдар келтіруге болады.

Шет елден келіп жатқан саны көп сапасыз мультфильмдердің пайда бермейтінін біле тұра, қанша миллион қаржымызды далаға шашқанша, неге өзіміздің көптеген жақсы құнды дүниелеріміз – халық ертегілерін мультфильм түрінде бүлдіршіндерге тарту етпеске? Неге солай ата дәстүрдің қайнар көзінен сусындатып, тұнығының нәрін бойына дарытпасқа?!

Осы ертегі мен мултфильмдер арқылы жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу қажет. Өйткені адамгершілік- рухани тәрбиенің маңыздылығы. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру -оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде ертегілер мен мултьфильмдердің рөлі зор.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Қазіргі кезде жастардың бойында адамгершілік қасиет жойылып барады. Әрине ,оған өзіміз кінәліміз ,балаларымыздың санасын шетелдің мултьфильмдерімен улануына жол берудеміз. Жастар болашағымыз болғандықтан ,балаларымыздың теледидардан көретін нәрселерін қатаң қадағалауымыз қажет.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа,қайырымдылықа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру - тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет