Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет14/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

  2. “Технология” журналы

  3. “Қазақстан мектебі” журналы

  4. Қазақ Совет энциклопедиясы

  5. Жоғары педагогикалық оқу орындарында студенттерді кәсіби еңбекке баулуда қолдану жолдары мен әдістерін Е.С.Асылханов

РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются вопросы формирования национальной культуры молодого поколения на основе изделий прикладного искусства.


Жасөспірімді шығармашылық өнерде жеке тұлға ретінде зерттеудегі даму үдерісін жобалау
Г.А.Қалдыбаева,

Кәсіптік білім кафедрасының магистранты


Қазақстан Республикасы дамыған мемлекет ретінде, қоғам алдында жас өспірімдерді жаңа заман талабына сай жан-жақты жоғары білімді, мәдениетті, өнерлі, елжанды етіп жеке тұлға ретінде тәрбиелеу міндеті тұр. Осыған орай білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі жас ұрпақ пен жас өспірімдердің болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын жас өспірімдердің сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы зор. Оған тікелей әсер ететін біздің білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде еңбек етіп жатқан педагогика мамандардың қосқан үлестері мен қызметтері өте көп. Сонымен қатар болашақ заманымызға сай білімді әрі тәрбиелі педагогика мамандар дайындау мемлекетіміздің қойып отырған міндеті мен мақсаты. Сондықтан қазіргі таңда ұлт саясатын жүзеге асыруда, жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістерге байланысты жас өспірімдерге көркем білім мен тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі уақытта білім беру саласына жас өспірімдердің бойына кәсібилік, белсенділік, патриоттық, экологиялық тәрбиелерді қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. Осы міндеттердің орындалуына мектепте өтілетін пәндердің арасынан себебін тигізетін пәннің бірі бейнелеу өнері.

Сондықтан орта мектепте бейнелеу өнері сабағының өз деңгейінде жүргізілуіне мән беріп, педагог маман асқан жауапкершілікпен сабақты жүргізуі қажет. Сапалы өтілген бейнелеу өнері сабағынан жас өспірімдер қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстауларын үйреніп, сол педагог маманнан үлгі алып үйренеді.

Бейнелеу өнері сабағында пән мұғалімі оқушыларға сурет салғызуды үйретумен шектелмей, тәрбиелік мағынада жұмыс істеп отыруы қажет.

Егеменді еліміздің қоғамдық, мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық деңгейін жетілдіруде маңызды рөл атқаратын болашақ шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізі қойылып отырған талап. Ендеше жас өспірімдердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда бейнелеу өнерінің оқыту немесе шығармашылық еңбекке баулу талабын баса арту қажет.

Шығармашылық пен шығармашылық еңбек адамзат баласының рухани мәдениеті мен өнерінің, қоғамдық санасы мен көркемдік танымының айырықша түрі.

Шығармашылық еңбек адамзаттың жасампаздық рухының жемісі. Жас өспірім жеке даму үдерісіндегі шығармашылық еңбегі өнер туындысы емес, оны жасау жобасындағы жас өспірім суреткердің шығармашылықтағы еңбегінің әрекеті. Шығармашылық еңбек немесе бейнелеу өнеріндегі шығармашылық дегеніміз- жас өспірімнің жеке өнер тұлғасы ретінде зерттеу немесе жеке даму үдерісі болып табылады. Шығармашылық- жас өспірім суреткердің өнерді танудағы, мәдени байлықты жасаушы ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғаннан бастап, оның аяқталуына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы немесе жекеленген даму үдерісінің заңдылық процесі.

Бейнелеу өнерін оқыту немесе оқушылардың шығармашылдық белсенділігін жақсы даму үшін бірнеше талаптарды ескеру қажет. Мұндай талаптардың бірі-сурет салу заңдылықтарын шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету, оқушылар суретті қалай салатын нұсқаға өз бетінше талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтай білу.

Әсіресе жас өспірім балалар шығармашылық тақырыптық суреттерді өз бетінше композициялық құрылымын және түс қатынастары арқылы үйлесімдік заңдылықтарын дұрыс шеше білгені маңызды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда еркін тақырыпта сурет салу тапсырмасын кеңірек беру нәтижесі оқушыларға шығармашылық жұмыстарда қайсарлықты, тұрақтылықты, реңдік эмоциялық пен композициялық бүтінділікті дамытуға жағдай жасайды.

Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі үнемі шыдамдылықпен сурет салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар бақылау тұлғаның қоршаған әлемді таныуының белсенді формасы. Оқушылардың көркем шығармашылық дамуының жетістік жолдары оқытушының психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерімен әсер етуіне тікелей байланысты. Бала үшін көру сезімдері мен заттың материалдықтығын сезіне білуді жетілдіру, болашақ педагог маман баланың бойындағы сезімталдық және көру қасиеттерін аса тәжірибелікпен жетілдіре алуы міндетті. Көру сезімдері жас өспірімдердің байқағыштық қасиеттеріне тікелей байланысты. Әсіресе табиғаттың реңге тола құбылысын, адам тұлғасымен жанының сұлулығын, заттардың түстік қатынастағы формасы мен бүтін композициясын және көркем туындыларды сезіне білуі оқушының көру сезімінің жетіліп дамыуына үлкен әсерін тигізеді. Шығармашылық сурет салу оқушылардың көркемдік бейнелердің және идеялардың пайда болуын шабыттанған сәттерінде іске асыра алады. Шығармашылық іздену үдерісінде шабыттылықпен жігерлік басты рөл атқарады.

Оқушының шығармашылық іздену мүмкіндіктері жас ерекшеліктеріне байланысты жан-жақты ауқымды дамиды. Оқушының дарынды және кемелді болуы жеке дара қабілетіне байланысты. Бұл мүмкіндіктер түрлі психологиялық үдерістердің даму жолдары арқылы қалыптасады.

Атап айтқанда білу, құштарлану, көре білу,танып түсіну, ынталану, жігерлену, талпыну, есте сақтау, ойлау, армандау, қиялдау т.б.үдерістер мен мүмкіндіктер арқылы іске асады. Оқушы қабілеті тұқым қуалаушылыққа, теориялық және практикалық білім алуға және қоршаған ортамен өзіндік ізденуіне байланысты. Шығармашылық іздемпаздық қабілеттің дұрыс қалыптасуы жас өспірімнің мінезіне және табиғи дарындылыққа да байланысты болып келеді. Ал мінез оқушының жүріс –тұрысынан, әдет өнегесінен, қоршаған ортаға көз қарасына және шығармашылық еңбек ету әрекетіне байланысты. Жігерлі әрекетте әрдайым шығармашылық жетістік, қанағаттану сезімі, белгілі нәтиже шығару сияқты мүмкіндіктер пайда болады. Кез келген көркем шығарма тудыру, жаңаша ой туғызу арқылы қызу сезімге берілумен шешіледі. Қызу сезім дегеніміз суретшінің бойындағы табиғи шабыттану қасиетінің күшеюі.

Оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуда көркемдік білім беруде олардың пәнге байланысты сөз қорының бай болуы өте маңызды рөл атқарады. Яғни сөз мәнері оқушылардың бейнелеу іскерлігі мен көркем дағдыларын қалыптастыруда көмегін тигізеді.

Өнер жасөспірім балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез–құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің негізі болып саналып, келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді.



Әдебиеттер тізімі:

1.Аманжолов С.А. Бейнелеу өнерін оқыту әдітемесінің теориясы және технологиясы. Астана:ЕҰУ,2009-9бет.

2. Ісмақова А.Шығармашылық психологиясы/ Қазақ әдебиеті. Энциклопедия.-Алматы. Баспа үйі,1999,-750б.

3.ТәжібаевТ.Жалпы психология.Оқу құралы.Алматы, Қазақ унивеситеті.1993-93б.


Жастар үшін отансүйгіш маңызды

Қ.Икматова, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі Б. Матай
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдары идеялары туралы еліміздің Президенті Н.Назарбаев бір жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере былай деп жазды: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше,оның өткенін біліп,болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз алға баспайды...» Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса,оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе,сонда ғана президентіміздің қойған мақсатының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматтарын тәрбиелейміз.

Тәрбие қоғам талабына сәйкес болу керек. Егер қоғам құқықтық-демократиялық мемлекет құрып жатса,соған сәйкес адамды азаматтық рухында,құқықты және тәртіп нормаларын сыйлауға тәрбиелеу қажет.

Қазіргі тәрбиелеу адамгершілікті,әлеуметтік­­-мәдени және қатысты жеке өмірдегі бағыттырды көрсетеді. Мұндай тәрбиелеу технологиялықпен, эмоционалдықпен, диалогиялықпен, ситуактивтікпен, болашақтық пен ерекшеленеді.

Тәрбие – ортақ мақсаттарды іске асыру үрдісінде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекетін қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған жағдайларда тұлғаның мақсатты бағытталған үрдісі.



С.Ғ.Тәжібаев, қазақ баласын тәрбиелеу – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде,өзін-өзі тәрбиелеуде,өздігінен білім алуда ата-ананың көмегімен,оқушылардың жеке көзқарасымен,іске асатын адамгершілік нормасы,жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс-әрекеттері.

К.Ушинский «Халықтың тәжірибесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ» дейді. Ал Аристотель «Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз» деп жазады.

Қ.Жарықбаев «Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрып пен салт-санасында көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінез болып, енді қой мінезі болған жуас, намыссыз халық емеспіз» деп тұжырымдайды.

Тәрбиелеу мақсаттары қоғам дамуы қажеттілігімен анықталады және әлеуметтік,техникалық үрдістің дамуына, қоғамның, ересектер мен балалардың қабілеттілігіне байланысты болады.

Тәрбиелеу міндеттерін шешу тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тәрбиелеу әрекеті тәрбиеші жұмысының жеке саласы болуы немесе оқыту үрдісіне,не болмаса енуі мүмкін.



Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек»деген екен.

Бала би:

«Жерден ауыр дегенім – ақыл білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі!»

Л.Толстой: «мұғалімнің өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі жинақталса ғана ол – нағыз ұстаз»,-деген.

Оқудан тыс уақытта оқушылар «қарым-қатынас мәдениеті», «Өзін-өзі тану», «өзін-өзі бағалау», «темперамент», «мінез», «эмоциялар», «эмпатия» сияқты түсініктермен басқа адамды тану құралы ретінде танысады.

Оқудан тыс уақытта тәрбие жұмысының әр түрлі фрамаларын іске асыруға болады: адамгершілік мәселесіне,өнерге,ұлттық мәдениетке.

Тұлғаның отансүйгіштік және азаматтығының қалыптасуы. Оқу уақытында бұл бағыт бірінші кезекте әлеуметтік ізгіліктік цикл пәндерін меңгеруде және адамгершілік сезінуде іске асады. Мұнда көбінесе дискуссия, диспут, дебат, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел»,т.б. сияқты оқу үрдісін ұйымдастыру формалары талап етіледі.

Тәрбие жұмысы бойынша Кеңес негізгі коллегиялық орган болып табылады.

Тәрбиелеу – педогогикалық процесс жағдайында білім беру мақсатын жүзеге асыру бойынша педагоктар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті қарастырылатын күрделі процесс.

Тәрбиелеу технологиясының тиімділігі көп жағдайда олар жүзеге асырылытын педагогикалық жағдайға тәуелді.

А.С.Макаренко: тәрбиелеу мақсатын анықтау немесе қою –педагогикадағы үнемі пікірталас тудыратын күрделі проблемелардың бірі әсіресе тәрбиелеу теориясы ең алдымен өз орны бар ғылым.

Г.К.Селевко: тәрбиелеу сипаты оның балаға деген қатынастарына тәуелді. Олар ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлық немесе бағдардағы деп аталатын типтерін анықтайды.

Қазіргі қазақстандық оқушылар – нарықтық реформа және өзгерген қоғамдық қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Бұл жастардың құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізді. Қоғамдық өмірге жеке қатысуды жастар өз қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып түсінуге тырысады;болып жатқан,өздерінің таңдырына әсері бар саяси-экономикалық, әлеуметтік,мәдениеттік үрдістерінің маңыздылығын түсіну олардың бұл үрдістер туралы аз хабардар болуымен қатар жүреді.

Жоғарыда айтылғандардан жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбиелеу-бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі оқытушы мен оқушының бірлесе өзін-өзі тәрбиелеуде,өздігінен білім алуда іске асатын оқушылардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы,жалпы мәдени және кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған іс-әрекеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Тәжібаев – Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. (Алматы 2008ж)

2.Д.Ержан – Мәдениеттану (Алматы 2007ж)

3.К.Толыстой – Тәрбиетану (Алматы 2004ж)

4.В.Тимошинов – Қазақстандағы тәрбие процестер (Алматы 2008ж)
Ағылшын және қазақ этномәдениетіндегі тәлімдік ой

үндестіктерінің мақал – мәтелдердегі көрінісі
А. Құрманқожа, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті.

Ғылыми жетекшісі Б. Матай


Қазіргі таңда өз тіліңнен басқа тілдерді де білу өте қатты даму үстінде. Білім берудің қазіргі заманға тән басты бір талабы - өзге мәдениетті тану,онымен жергілікті ұлт мәдениетін байланыстыра отырып байыту. Мәдениеттердің өзара байланысы жағдайында ғана олардың жекелеген мәдени ерекшеліктері айқындала түседі және танылады.Адам неғұрлым басқа елдің мәдени байлығын көбірек меңгерсе, соғұрлым рухани байлығы молая түседі. Осымен байланысты қазіргі уақытта көптеген бағдарламаларды, шет елдермен байланыс арқылы игеру дәстүрге айналып барады.Бұған дәл ретінде, Президентіміз қолдау көрсетіп отырған Қазағыстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Болашақ” бағдарламасын алуға болады. Мұндай жақсы дәстүр жастардың білімге деген қызығушылығын туғызып қана қоймайды, мәдени мұралар айналымын күшейтіп, сол арқылы екі елдің рухани баюына үлкен мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моралъдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық ұлттық мәдениеттердің қазыналары мен дербестігін мойындау” – деп атап көрсетілген.

Еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында бұл бағыттың халықтық педагогикаға негізделуі кездейсоқ емес. Себебі халықтық тәрбие ғасырлар сынына шыңдалып өткен, әр этноспен бірге жасап келе жатқан көне поцесс. Бүгінде жаһандасу процесінде көшу кезінде әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық дәстүрін пайдалана отырып, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін әлемдік өркениетке кіріктірудің жолын қарастыруға тура келеді.

Әйгілі ғылым Л.Н. Гумилев “Өзіңнің тарихында жете білмей, оған деген көзқарасынды әбден анықтап алмай тұрып, мәдениетінің де ешкашан дамыта алмайсың”,-деген болатын. Қайсы халықтың, салт дәстүрлерін білуі оның рухани байлығын өсіре түсетінін көрсетеді.

Халқымыздың ұлы перзенті Мұхтар Әуезов мәдениетті болудың бір тетігі өзге тілді білуді деп есептеледі. Сондықтан ол қазақ студентеріне: “Күн сәулесін аз алған өсімдіктің жетілуі қандай қиын болса, шет тілін білмеген қазақ жасының да мәдени өсуі сондай баяу болады”, - десе, Қазақстандық орыс және басқа ұлт студентіне: “Егер сендер орыс тілі мен орыс мәдениетінен басқа ештеңе білмейтін болсаңдар, әрине жақсы емес. Сондықтан мәдениет үстіне мәдениет, білім үстіне білім жалғай түскілерін келсе, ең бастысы - ұлы достығымыз әрі тереңдете бергілерің келсе, сендер қазақ тілін білуге, Қазақстан тарихын білуге тиістісіңдер. Қазір нақ осыған ұмтылатын шақтарын” деп ақыл берген болатын.

Американдық мәдениеттанушы Л.Уайт “Мәдениеттің символдық мағынасы бар және ол тек адам қауымдастығына ғана тән құбылыстардың өзіндік тобы, адамның әлемі-бұл оның мәдениетінің әлемі” депанықтама берді.

Әр халықтың өзіндік тарихи ерекшеліктері, мәдени мұрасы мен діні, ділі, салт-сана, әдет-ғұрыптары қаншалықты сан алуан болса, Ұлыбритания, АҚШ сияқты дамыған мемлекеттердің оқу-білім салаларында рухани- адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы озат тәжірибелерге негізделген және оны Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тиімді пайдалану білім көкжиегін кеңейте түсуге зор мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

Әрине, батыстық кұндылықтарды икемді қабылдау, қазақ мәдениетін әлемдік өркениеттілік қатарынан өзінің абыройлы орнын алуға оң себебін тигізетін фактор екені даусыз. Г.Н.Волковтың “Жалпыадамзаттық мәдениетке жетудің жолы ұлттық ерекшеліктерден безіну емес, осыны жақсы түсініп осылардың прогресшіл элементтерін қолдана білуде жатыр” деген тұжырымдасы осыны дәлелдейді.

Ағылшын халқының мәдениеті-ежелгі заманнан бері Британ аралдарында өмір сүрген тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ағылшын халқының ұлт болып қалыптасумен байланысты, олардың өзіне тән материалдық және рухани мәдениетінің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет ағылшын халқының аңыз-әңгімелерінен, ауыз әдебиеті мен көркем-өнердің түрлерінен, мәдени мұралардан (ескерткіштер, мүсін бейнелерден) ұлттық сезім-түсініктері, ой-пікірлері, көзқарастар айқындалып, ұлттық өзіндік қолтаңба ерекшелігімен көзге түседі.

Халықтың ауызекі шығармашылығы мағынасы жағынан өте терең және түрі жағынан жақсы қалыптасқан, әр түрлі туындыларға өте бай. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі бір жүйесінде жас буынның жадына біртіндеп сіндіріп отыратын арнаулы жолдары, тәсілдері бар Мысалы, мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат, өмір жайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Аңыздар. әңгімелер, ертегілер көзқарастың өрістетуіне, ой-пікірдің қисындылығына, сөз байлығының дамуына әсерін тигізеді. Халықтың ауызекі шығармашылығында ағарту-тәрбие беру ісінің, өнегелік, ақыл-ой, еңбектік, эстетикалық тәрбие берудің үлкен потенциалы және тәрбиеленушіге педагогикалық әсер ету принциптері жатыр.

Ағылшын елінде мақал-мәтелдерді ұқыптап жинау, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырдан қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Мәселен, ағылшын халқының мақал-мәтелдері қамтылған алғашқы Book of Proverbs in the Old Testament атты топтама V ғасырда-ақ жарық көрген. Бұл жинаққа өте көне ағылшын мақал-мәтелдері кірген. Ағылшын мақал-мәтелдерінің жеке жинақ болып басылғандарының ең көлемдісі атақты оқымысты Дезидериус Эрасмустікі. Ол бүкіл Еуропаны түгелге жуық аралай жүріп, ағылшын мақал-мәтелдерінің жинағын құрастырды. Дезидериус Эрасмустың мақал-мәтелдер жинағын 1500 жылы Collectanea, ал 1508 жылы Венецияда Chiliades деген атпен жарық көреді.

Мақал – мәтелдер – халық өміріндегі қарым- қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырым жасайтын, мән – мазымұнға бай ауыз әдебиетінің бір бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал – мәтелдер түрінде өз үлгі өнеге ретінде қалдырып отырған. Дейвид Мурисон: “Мақл – негізінен әлеуметтік құбылыс. Бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ауызша таралады”, – дейді.

Британ энциклопедиясында мақалға былай деп анықтама берілген: “Мақал – көпке ортақ ой мен көзқарасты білдіретін көпшілік қолданатын қысқа әрі нұсқа сөз. Мақалдар халық әдебиетіндегі жұмбақтар мен мысал әңгімелер түрлері тәрізді ауызша таралатын кез келген сөйлеу тілінің бөлігі”

Мақал-мәтелдер - кез келген ұлттың практикалық өмірінің жемісі. Өмірде нені көрді, нені білді, соның барлығын халық өзі тұжырымдап, ақыл таразысына салып дамытты. Ағылшын елінің ұлы президентініңбірі Лорд Бакон: “Ұлттың данышпандығы, даналығы мен рухы сол ұлттың мақалдарында айқындалады”, - деп тура айтқан. Сол себептен де мақал-мәтелдердің маңызы сол күнге дейін сақталып, халықтың сүбелі де көркем қазыналарының бірі болып отыр.

Сөз – адам үшін тәрбие құралы, мәдениет, өнер бастауы, ақыл – ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – төк тегін дүние көріп, онды –солды талғаусыз айта беру сөз қадірін кетіреді. Мәселен ағылшын халқы “A word spoken is past recallig”(Айтылған сөзді қайта шақыра алмайсың). “First think then speak”(Әуелі ойлан, сосын сөйле), “The tongue is not steel6 yet is cuts” (Тіл жез болмаса да кесе алады). “Promise little6 but do much”(Аз уәде бер, көп орында) десе, қазақ халқы да “Айтылған сөз – атылған оқ”, “Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі”, “Таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйерсің”, “Жүйелі сөз жүйесін табар”, “Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле”- деп дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің үлкен өнер екенін ұрпақ біткенге үнемі ұқыптап келген. Бұл – халқымыздың тіл құдіретін танып, әрі өте ардақтағанын көрсетеді. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы Атқаратын қызметіне, сөйлнсудің нарқына айрықша мән берген. Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білу, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рол атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор,білімі мол адам солай сөйлей алады. Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты әділ сөзді халық ұйып тыңдап, “тура сөз” деп уәжіне тоқтаған. Сөзге ұсталықты, шеберлікті, тапқырлықты, жүйріктікті – қазақ өнердің ең үлкені деп санаған. Жоңғар қалмақтарымен ұрыс кезінде ел кегін алмас қылыштың ұшымен емес, сөз құдыретінің күшімен қайтарған Қаз дауысты Қазбек бабамыздың ақылды, тапқырлығын мадақтаған Жарықты жауды жайратқан сөз, Тіл қылыштан да өткір деген мәтелдерін шығуы да тегін емес. Қиыннан қиыстырылған, әсерлі, орамды мақал-мәтелдерді де өте жоғары бағалайды. Мұны халықтың: «Өнер алды-қызыл тіл». Сөздің көркі-мақал деген сөздерінен-ақ аңғаруға болады.

Мақал-мәтелдер қамтымайтын қоғам өмірі, шаруашылық, халықтың рухани тұрмысының саласы кемде кем. Еңбек, шаруашылық, адамның күнделікті тұрмысы, салт-санасы-бәрі де мақалдарда молынан бейнеленеді. Халық сөз өрнегін байыта, ұстарта отырып, оның ең таңдаулы үлгі-нұсқаларын еңбек сүйгіштік, адалдық, талаптылық сияқты адамгершілік сипаттарды мадақтап уағыздауға арнаған. Қай халық болмасын өз еңбегімен күнелткенді жақсы көреді, сондықтан да халықтың ауыз әдебиетінде еңбек тәрбиесін ерекше орын алады. Мәселен, қазақ халқы: « Бейнет түбі-зейнет», «Еңбектің көзін тапқан байлықтың өзін табады», «Еңбек, қиындықтың бәрін де жеңбек» деп адал еңбекті дәріптейді. Екі халықтың еңбекті бағалаудағы көзқарастары да ұқсас келеді. Ағылшындардың еңбекке байланысты мақал-мәтелдері өсиет түрінде айтылады. Ағылшындар жұмысқа деген ұқыптылықты, тиянақтылықты, адалдықты, еңбекқорлықты өте жоғары бағалайды. Мәселен, Don’t put of till tomorrow what can you do today (Бүгін жасайтын істі ертенге қалдырма), If a thing is worth doing it is worth doing well (Орындауға тұрарлық болса қалауын тауып жұмыс қыл), Never do things by halves(Ешуақытты жұмысты орта жолдан тастама), No paint, no gains (Бейнетсіз ақша жоқ) деп ағылшын халқы еңбекті жеке адамның өз қажетіне жұмсаудың, тұрмысын түзетудің тетігі ғана емес, еңбек ету зор адамшылық қасиет, еңбек – қоғам өмірінің тірегі деп білген.

Қазақ халқының : «Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». «Жүйесін тауып жұмыс қыл, жерін тауып тыныс қыл». «Шыдамды еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой», «Еңбек етсең – емерсің», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Орайы келсе, орақ ор» деген мақалдары жүздеген жылдар бойындағы еңбек тәжірибесін қорытындылаған халық көзқарасын білдіреді. Тұрмыс негізі еңбек екенін көрсету, аянбай адал еңбек етуге шақыру идеясы қоғамдық тәрбиеден үлкен орын алған.

Сонымен қатар дүние мен байлықтың адамға берер мүмкіндіктері туралы да ағылшындар мен қазақтарда мынадай ұқсас мақал-мәтелдер кездеседі. A golden key opens every door (Алтын кілт бар есікті ашады), An ass loaded with gold climbs to the top of the castle (Алтын артқан есек қамалдың үстіне де шығады) деп ағылшындар мақалдаса, қазақ даналығы. Ақша ашпайтын құлып жоқ, Байлық не дегізбес. Жоқтық не жегізбес. Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін, Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда дейді. Әйткенімен, қазақ халқының Байлықмұрат емес, жоқтық ұят емес, Жарлы болсаң да, арлы бол деген мақалдары халықтың тұрмыс, бейнеттің қанша азабын тартса да зор адамдық қасиетті байлық, дәулеттен жоғары қоятынын танылады.

Қазақтың халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи тәжрибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл – аймақ, Отанның арнамысын қорғай білетін арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жырау, әнші күйші, термеші сияқты өнер адмдарының бәрі белсене қтынасатын ұжымдық тәрбиен ісін жүргізущілер болып келгені аян. Әсіресе, қазақтың жыр, дастан, терме, толғауларының мазұмынына ой жүгіртсек, онда ақыл – нақыл, өсиет - өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екнін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулыпөсірпуді мақұсат етті.

Гуманизм мен патриотизм – кез келген ұрпақтың халықтың тәрбиесінің басты қағидаларының бірі. Себебі, қай халық болмасын, өзінің туып - өскен ата мекенін, кір жуып, кіндік кескен жерін бағалаған.


Ұлттық тәлім үрдісіндегі ұрпақ тәрбиесі
М.Нарбекова, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі Б. Матай


Қай заманда болсада, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі -болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақты тәрбиелеуді әр халықтың салт дәстүрі дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгі сақталанатын, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген, тәлім-тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол-халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасынан басталып, ел-жұрт, ауыл –аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. Және солай болып қалады да. Ұлттық педагогиканың жас ұрпақты тәрбиелеуде және олардың болашағы үшін аса маңызды орын алары сөзсіз.

Қазақ елінің сан ғасырлар бойы отар болып, салт-дәстүрінің, мәдениетінің, ұлттық тағылымдардың тұншығып кенгені белгелі.

Бүгінгі таңда сол салт-дәстүрдің, мәдениеттің, ұлттық тағылымдардың қайта жаңғыруы ұрпақ үшін, болашақ үшін аса құнды мәртебеге ие болуда.

ХХІ ғасырдың табалдырығын Қазақ елі өркениетті тәуелсіз мемлекет ретінде және бұрын соңды болмаған ауқымды әлеуметтік–экономикалық реформалар мен айтулы жетістіктермен атттады.

АЛЛАға шүкір, ұлттық болмысымыдың шаңырағы биіктеп, оның алатын тұғыры мен керегесі бұрыннан бетер нұрлана түскендей.

Ол рас па!

Қазақ елінің бұл жандануын көрші мемлекеттерді ғана емес, әлем көз тігерлік дәрәжеге жетті деп айтуға болады. Соның нәтижесінде бізге алыс жақын елдер Ұлы дала көшпенділерінің соңғы тұяғы қазақ этносының бүгінгі рухани, мәдени, тарихи һәм әлеуметтік- экономикалық жетістіктері жайлы естіп-біліп, бір жағынан таңдана, бір жағынан қызғана қарайтыны сезіліпте жатады.

Кешегі көне арий тайпаларының құт мекені, әрі ордасы болған Сарыарқа төсінде киелі қазақ топырағындағы жусан мен селеудей, жауқазын мен қызғалдақтай жайқалып, алып самұрық ұя салып, көк аспанмен теңдескен зәулім байтерек бой көтерген сұлу да әсем Астананың, кешегі ұлы жібек жолының алтын көпірі болып ырыс пен берекенің, молшылық пен қанағаттың, ғылым мен білім ордасына айналған, заңғыр таулармен баурап алған, гулзар саябағымен көздің жауын алған арайлы Алматыны адам жанын тербеткен, жанымызды кеңейткен келбеті кім-кімді болсын бейжай қалдыруы мүмкін емес. Осындай кең байтақ даланы білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы тәрбиелі, білімді, ұлт тағылымын бойына сіңіріп өскен ұрпақ болуы тиіс. Ұрпақ бойына ата баба дәстүрін, ұлжандылығын сіңіруде халық педагогикасының маңызы зор.

Кешегі қиын-қыстау күнде ел қамын ойлаған ата бабаларының, біртуар дара дарындары Абай, Шәкәрім, Ілияс, Мағжан шығармалары ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды, нағыз ұлттық тәлім үрдісінің қайнар көзі десек қателеспейміз.

Сол бабаларымның елінің ертеңі үшін, елінін болашағы үшін, ұрпағы үшін артына қара сөзбен із қалдырды. Сол бабаларымыздың қаны мен көз жасының арқасында бүгінгі ұрпақ Тәуелсіз Қазақстан дейтін елде бейбіт тербелмелі тыныш өмір сүруде.

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Ендеше жастарынымызды осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоты болуы тиіс. Елінің символдары: көк байрағы, әнұраны, Елтаңбасы еліміздің әр азаматы үшін қымбат және ешқашан да басқа біреудің белден басып, таптап өтуге болмайтын қасиеттері деп санауға тиіс. Елі үшін тер төгіп, еңбек ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орны мен еңбегінен, олардың өшпес өнерінен, ғуламаларымыздың өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған жастарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді. Ұлтжандылық жеке адамның белгілі бір ұлтқа тәуелді екенін түсініп, өз ұлтының қасиеттерін, салт дәстүрі мен мәдениетін бойынша сіңіріп және оны қастерлеп, қадір тұтып, қорғап сақтауға дайып болуы.

«Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе» деген ұлттың тәлімнің мөлдір қайнар көзі болар кешегі Қорқыт бабамыздың сөзі текке айтылмаса керек.

Сонау ғылым білімнің, сана сезімнің бүгінгідей дамымаған кезінің өзінде-ақ, көшпелі өмір сүрген ата бабаларымыз қызын қылықты, ұлын нағыз ер-азамат етіп өсірді емес пе?

Оған куә тарихта өткен ер жүрек, шамамен, дана, ақылғой, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініп шешіп, әділдіктен бөлліп айтып, елінің бейбіршілігін сақтаған бабаларымыздың ерлік істері».

«Ұлт болам десең бесігіңді түзе» деп бір ауыз сөздің аясына тәлім тәрбиенің сан үлгісін сидырған қаймана қара қазақтың ұрпағы емеспіз бе? Ендеше жастарымызды ұлттық тәлім тәрбиесімен тәрбиелеп, ата дәстүрін бетке ұстап болашаққа сап түзесек ешқашан жолдан жаңылыспаймыз.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет