Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Заттың сынын, сыр-сипатын білдіретін сөздер



бет14/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Заттың сынын, сыр-сипатын білдіретін сөздер. Сөйленістерде кездесетін сын есімдерді мағынасына қарай сапалық жəне қатыстық сын есімдер деп, екі үлкен топқа бөлуге болады. Сөйленістерде сапа- лық сын есімдерге қарағанда қатыстық сын есімдер мол кездеседі. Заттың түсін, сапасын білдіретін қызыл, көк, сары, ақ, қара, қызғылт, жасыл сияқты негізгі сын есімдердің бəрі де əдеби тілдегідей. Олар- дың құрамында диалектілік ерекшеліктер байқалмайды.
Сапалық сын есімдер. Қазақ сөйленістерінде үлкен, зор сөздері- нің синонимі ретінде қолданылатын сөздер өте көп. Мысалы, Қазақ- станның оңтүстік-шығыс облыстары тұрғындарының тілінде шоң/чоң сөзі жиі қолданылады. Мысалы, ол чоң кісі болған дейді (Сем., Үрд.).
Білегі арыстанның білегіндей, Жүрегі жолбарыстың жүрегіндей.
Шоң желке, кең жауырын, жазық маңдай, Тұрпаты Түркістанның түбегіндей (Н.Бекежанов)
Бұл сөзден басқа сөйленістерде үлкен, зор мағынасында дығал, дырау, нəн, нəнбай, əйдік сияқты сөздер қолданылады. Нəн, нəнбай сөздері батыс қазақтарының тілінде жиі кездеседі. Тонау нəн түйета- уықты қарашы (Түрікм., Таш.). Қарсы алдымнан нəн сүңгуір кезде- се кетті. Қос ауызды ала сала басып қалғанымда, ұшып түсті (Ақт., Маңғ.). Қопаның ішінде бір əйдік өгіз жүр (Ақт., Ырғ.). Ол да бір əйдік ауыл екен (Орын., Ад.). Жетісу, Шығыс Қазақстан тұрғындары- ның тілінде шоян//жоян//ноян создері үлкен, зор мағынасында қол- данылады. Бір ноян жігіт үйге кіріп келді (Алм., Талд.). Ол жоян ыдыспен қымыз ішті (Сем., Ақс.). Сыртынан қарағанда жоян жігіт көрінеді (Моңғ., қаз.). Дырау сөзі үлкен, зор мағынасында батыс қа- зақтарының тілінде жиі қолданылады. Мысалы: Ол дырау бір жігітті ертіп келді (Орал, Жымп.) Қайтер ең аяулыңды алса дырау (X. Ерға- лиев). Бұлардың бірқатары дып-дырау, дып-дырдай болып, күшейткіш буын қабылдап та қолданылады. Батыс аймақтарда ыссы, ыссыладым десе, оңтүстік аймақтарда ыстық, ыстықтадым дейді. Солтүстік- батыста ащы тамақ, ал Жетісу жəне Шығыс Қазақстанның кейбір ау- дандарында ашты тамақ дейді. Мысалы, Тамаққа тұз көп салынған ба, тым ашты ғой (Алм., Шел.).
Қиын сөзі сөйленістерде екі мағынада қолданылады. Солтүстік аудандарда қиын жақсы (өте жақсы) деп, бұл сөзді өте, аса сияқты күшейтпелі үстеу мағынасында қолданса, шығыс аудандарда ол өлең- ді қиын айтады (ол өлеңді жақсы айтады) деп, жақсы мағынасында да қолданады.
Ірəбасқа сөзі Орал облысында жақсы, керемет жəне лайықты де- ген мағыналарда қолданылады. Мына көйлек балаларға ірəбасқа екен (Орал, Чап.). Батыс қазақтарының тілінде шандоз деген сөз жақсы, əдемі, керемет жəне кербез мағыналарында жұмсалады. Мы- салы: Аттың небір шандозын, Үкілі құйрық, майда жал, Отанымды қорғауға Өсірді, күтті, баптады (Н. Байғанин). Кер миығым, кербезім, Керіскендей шандозым (Махамбет).
Үр жаңа. Су жаңа, Совхоз үр жаңа машина алып келіпті (Орын., Ад.).
Шынжау. Жіңішке, нəзік. Шынжау қозы пышаққа жарамас (Гур.,
Маңғ.).
Сабу. Саябыр, баяу. Бүгін жел сабу (Гур., Маңғ.).
Тенік. Əумесер, есерсоқ. Жұмыс істемей, арақ ішіп тенік болып кетіпті (Моңғ., қаз.).
Арзу. Ынтық, ынтызар. Арзу адам (Гур., Маңғ.).
Мияз (адам). Паңданып сөйлейтін кербез адам. Асқар бір мияз
адам ғой (Орал, Жымп.).
Даңғайыр. Даңғыл. Даңғайыр жол (Гур., Маңғ.).
Тақыл. Тəуір, жақсы. Тақыл мата. Сырқосы кешегіден гөрі тақыл- дау (Гур., Маңғ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет