Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Туыстық атауларға байланысты сөздер



бет2/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Туыстық атауларға байланысты сөздер. Сой. Тұқым, тек. Бұл сөз Батыс Қазақстан өлкелерінде кездеседі. Ақсақты алсаң сау қуар, соқырды алсаң сой қуар (Орал, Чап.). Біздің бой-сойымыз шамалас екен (Орал, Қазт.). Баласы ана сойына не ата сойына тартпауы мүмкін («Ауыл шаруашылығы», Москва, 1929, 29-бет). Бұл сөз батыс аймақтарында туып-өскен жазушылардың тілінде де кездеседі. Мы- салы:
Сұрасаң арғы түбі аға сойдан,
Негізі беріш ұлы ағатайдан (X.Ерғалиев).
Кемпес. Кемпір. Кемпес, бері келіп кетші (Орал, Орда). – Кемпес, ə,
кемпес, – деп, Зағипа жеңгейге қарады (Ғ.Сланов).
Құдағай. Құдағи. Көршілердің құдағайы келіп жатыр (Орал, Чап.). Бар барын айтады, жоқ – зарын айтады. Құда базына айтады, Құдағай назын айтады (Мақал).
Тума. Туысқан, жекжат. Кеше біздің көптен бері күтіп жүрген ту- маларымыз келді (Орал, Чап.).
Халық қызық көрген күн,
Тумаға тума сенген күн (Н.Байғанин).
Таға. Нағашы. Оның тағасы келіп, мейман болып жатыр (Шымк.,
Сарыағ.).
Қоңсы. Көрші. Бұл кісі біздің қоңсымыз (Шымк., Сарыағ.). Жаман туыстан жақсы қоңсы артық (Қарақалпақ қаз.). Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас (Қарақалпақ қаз.).
Ақа. Аға. Бұл сөз Орал облысының батыс аудандарында айтыла- ды. Ақа, қалаға барасыңыз ғой, мен де барсам қайтеді (Орал, Орда).
Жам. Ру, ата. Жағалбайлы бірнеше жамға бөлінеді. Неше жам- сыңдар? (Орын., Ад.).
Үріптес. Ағайындас, туыстас. Иманғали менің үріптесім (Гур.,
Маңғ.). Біз манағы келіп жеткен жігітпен үріптеспіз (Орын., Ад.).
Қабыз. Нəсіл, ұрпақ. Олардың арғы қабзы бір (Гур., Маңғ.).
Аданас. Туысқан, тума. Қалада менің екі аданасым жұмыс жасай- ды (Орал, Қазт.). Аданастар, келіңіз, дем алайық (И.Бейсин. Дұрыс жазу қағидалары, 1914).
Əпше//əпке//əкпе. Апа. Əпшесі қалада оқуда (Шымк., Сарыағ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет