Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Ау, құрал-сайман атаулары



бет8/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Ау, құрал-сайман атаулары. Аламан. Майшабақ аулайтын аудың бір түрі. Торының кеңдігі 8 мм, үсті толған қалтқы, астында табан- дығы бар, оның астына шығыршық арқылы арқан өткізіледі.
Тоспай. Жазғытұрым иірімде балық ұстайтын сүзекі. Тоспайдың аузы шеңбер тəріздес дөңгелек, талдан иіліп жасалады.
Итерқұл. Балықтарды аударыстыратын құрал. Шан, мөйкідегі ба- лықтарды итерқұлмен араластырады.
Əттік. Қармақтың тілі. Əттік жақсы болса, түскен балық қазан- дық қой (Каспий).
Балберкі. Төрт бұрышты, екі жақ шетінде жіп өткізуге қолайлы тесігі бар, көлденеңі 10-15 см, ені 7-8 см ағаш қалтқы. Құмсыз жер болмас, балберкісіз ау болмас (Мақал).
Морда. Ау құралының бір түрі. Жас талдан тоқып жасайды.

Балықтан жасалған ас, тағам атаулары.


Бөкпен. Балықтың майлы сорпасына пияз, бұрыш қосып, нан ту- рап, бөктіріп істейтін тағам.
Бөрек. Қайнатып пісірілген балықты қылтанынан тазартып, оның үстіне ұсақтап нан турап, бұрыш, пияз қосып істелетін тағам.
Бітеу. Балықтың сыртқы қабыршағын аршып, ішіндегі торсылдақ, уылдырығын, ішек-қарнын алып тастап, оның орнына нан, пияз, кар- топ салып, табаға тұтасымен пісірген тағам.
Қалқы. Балық еті бір қайнағаннан кейін оның сүйектерін алып тас- тап, үстіне нан салып, пісірген тамақ. Оны ет сияқты тұздықтап жейді. Қарма. Балықтан істелген тағамның бір түрі, зерттеу еңбектерде қарманы даярлаудың екі əдісі көрсетілген: біріншісі, балықтың ішіндегісін алып, сыртын қырып тазалайды да, оған май қосып, қарып пісіреді. Екіншісі, балықтың қабыршағын қырып, тазартып, ішіндегі торсылдақ, ішек, қарын, уылдырығын алып тастап, қазанға қуырып, келіге түйіп жасайды. Бұл əдісті Ырғыз, Торғай балықшылары қол-
данады. Егіншілікпен, балық шаруашылығымен шұғылданатын Қы- зылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кейбір аудандарында (Торғай, Ырғыз, Қарабұтақ, Арал, Қазалы т. б.) тұратын тұрғын қазақ- тардың тілінде «Балықшының баласы қарма жейді, егіншінің баласы жарма жейді» деген мақал да бар. Кейбір жерлерде қарма деп қазанға пісірілген нанды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет