Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла



бет9/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Жер суландыруға байланысты сөздер. Бұл атауларға əсіресе оңтүстік-шығыс өлкелер бай. Ирригацияға байланысты сөздердің ба- сым көпшілігі, басқа кəсіби сөздер сияқты, əдеби тіл лексикасының баюына аса қажетті.
Əнер. Үлкен, бас арық. Егінге əнерден су жібердік (Шымк. обл.).
Жан арық. Егістік жердегі оқ арықтан тарайтын арық. Жан арық
деген егіске жақын жүреді (Шығ. Қаз.).
Қарық (Қ. орда, Қарм.) Ұсақ арық, бақша ішіне жіберілетін кіші- леу арық.
Қолшық. Кішкене арықшалар. Бұл қарықтан да кіші болады
(Жамб. обл.).
Қол арық. Ең кішкене арық. Суды оман арықтан қол арыққа бұр- дық (Қарағ., Шет).
Оман арық. Үлкен, бас арық. Оман арықтың суын егінге байла- дық (Қарағ., Шет).
Құлақ арық//құлақ. Егінге су жіберетін арықтың аузы, жолы. Егінге құлақты кең ашпаса, су жақсы тарамайды (Шығ. Қаз. обл.). Кейбір атыздардың су жүретін құлағына қазық қағып, талдырғылап тас- тапты. Ескі суы қашыртқылануда («Ленин жолы», 26. 08. 59).
Ата жап. Егіс басына үлкен арықтан су жеткізетін кіші арық. Ата жаптан қауын аралығына арық арқылы су тарайды (Қ. орда. Тер.). Бұдан басқа да толып жатқан бау арық, оқ арық, жанама арық, атыз арық, қазына арық, көл арық, желке арық сияқты түрлері бар. Енді бір топ сөздер егінге су жіберу əдісі, мерзімімен байланысты қолда- нылады. Олардың көпшілігі су сөзімен тіркесіп келеді. Мысалы:
Жер суы. Егіндік жерді жыртпастан бұрын берілетін су. Былтыр
80 гектар жерге жер суын бердік (Алм. обл.).
Желке суы (Алм. обл.). Егіннің екінші рет суарылуы. Семей облы- сында қайрақ суы дейді.
Қайрақ суы. Егінді екінші рет суару. Егінге енді қайрақ суын
жіберуім керек (Сем., Мақ.).
Орақ суы. Егінді орудан 15-20 күндей бұрын жіберілетін су. Егін- ге орақ суын жіберіп келдік (Сем., Үрж.).
Құлақ су (Сем., Үрж.). Бір байлам, яғни бір бөгеумен егіннің мөл- шерлі бір бөліміне жіберілетін су. Мұның басқа үлкен су деген
түрі бар. Бұл колхозға қарасты құлақ су бар, бірақ оны дұрыс пайда- ланбағандықтан су далаға кетіп жатыр («Қызыл жұлдыз», 23.06.40).
Топырақ суы (Алм. обл.). Егіннің бірінші рет суарылуы.
Баспа құлақ су. Бірнеше құлақ су. Бүгін егінге бір баспа құлақ су
жібердік (Сем. обл.).
Бір иін су. Жарты күндік су.
Жердің өлшеміне байланысты төмендегі сөздер кездеседі: бір ке- сім жер (гектардың сегізден бір бөлігі), бір қос жер (1 гектарға жақын жер), бір қайтым жер (ширек гектар жер), бір танап жер, бір мойын жер т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет