Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла



бет7/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Жалпыхалықтық сипаттағы кəсіби сөздер. Бұл топқа əдеби тілде норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық сипатта қолданы- лып жүрген жүгері, қияр, қарбыз, сəбіз, жүзім, дақыл, бидай, арпа, сулы, мақта, бекіре, шортан сияқты сөздер жатады.
Диалектілік сипаттағы кəсіби сөздер. Бұл топқа жалпы халық- тың қолдануынан орын ала алмай жүрген, бірақ əдеби тілді байытуға аса қажетті сөздермен қатар əдеби тілде баламасы бар, сол себепті əдеби тілдің лексикасына кіре алмайтын кəсіби сөздер жатады. Мы- салы, жалпыхалықтық дəрежеге жете алмай жүрген, бірақ əдеби тілдің лексикасына аса қажетті сөздер тобына анар (гранат), жиде (ұсақ сарғыштау жеміс), морда (балық аулайтын құрал), шанақ (мақта өсімдігінің қалқаны) сияқты сөздер жатады. Ал əдеби тілде баламасы бар, əдеби тілдің лексикасын шұбарлайтын сөздер тобы- на чаңбыр (шалғам), аскелді (асқабақ), көмбеқонақ (жүгері), бəдірең (қияр), борми//порми (жүгері) сияқты сөздер жатады. Кəсіби сөздердің көпшілігінің əдеби тілде баламалары жоқ. Олардың басым көпшілігі əлі де болса əдеби тіл дəрежесіне, жалпыхалықтық қолданылу дə- режесіне дейін көтеріле алмай келеді. Ал бұлар əдеби лексикамыз- ды байыта түсетін, тілімізге аса қажетті сөздер, «Кен асылы жер- де, сөз асылы елде» деген. Осындай кəсіби сөздерді жиып-теріп көркем шығарма, газет-журналдарда молырақ пайдаланып, əртүрлі сөздіктерге енгізіп, оларды уағыздап, көпшілік қауымның игілігіне айналдыруымыз керек.
Балық шаруашылығына байланысты кəсіби сөздер. Балық атаулары. Торта. Қаракез балық (вобла). Ақ балық түстес кішкене балық.
Қаяз. Сүген (усач). Еті ірі тікенді, үстінде қабыршағы, аузының төменгі екі жағында мұрты бар, түсі көкшіл, ақ шұбар, үлкен балық. Еті дəмді.
Табан (лещ). Денесі жалпақ, іші шығыңқы, терісі қабыршақты, қы- зыл қанат кіші балық.
Қызылқанат (красноперка). Торта тəріздес кіші денелі, ұсақ қа- быршақты, тікенді балық.
Асман. Таулы жерлердің өзен, көлдерінде болатын мұртты балық.
Карбол//гарбол. Сазанның ең кішісі, салмағы 100-150 гр. Шалқарда
қарабурге, Аралда мөңке, Каспийде торман дейді.
Таутан. Сазан. Іле бойындағы балықшылар таутан деп сазанды айтады. Балқаш балықшылары таутан деп алабұғаны айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет