Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет15/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Аңыз-әңгіме: Қыдырша Жылқыбайұлы - сынықшы, емші.Жылқыбай деген кісінің сегіз баласы болған. Сол сегіз баланың кенжесі екен. Ол сынықты қолымен ұстап салмаған. Қандай күрделі сынық болса да, ол босағадан аттағанда сынық орнына түседі екен. Ол кезде көбіне сынықтар шыңырау тазалағанда, аттан жығылғанда ұшырасқан. Неше күндік жолдан Қыдырша ата сыныққа жүріп бастағаннан сынық орнына түсе бастайды екен, келгенше тас-талқан болып қалған сынған жерлері біртіндеп түсіп, сүйегі сынған адам тыныш ұйқыда жататын болған. Бірде қырықмылтықтың баласы Жылқайдардың аяғы ортан жілігі үзіліп түсті дейді аттан құлап. Содан Қыдыршаны алып кел деп екі атпен адам жібереді. Сол атты адам Қыдыршаның жанына жетті-ау деген кезде баяғы зар еңіреп жатқан адам ұйықтады дейді. Қыдырша ата келіп басқа үйге түседі. Сол түнде аяғын қимылдатады. Содан келгесін ал болды енді бір мал садақа тарата қой депті. Ауылына бір мал сойып, еті енді пісті-ау деген кезде, ал енді Жылқайдарды оятыңдар дейді. Ау ол қалай келеді, ортан жілігі үзіліп жатқан адам, демей ме. Әй, оята беріңдер, тұрады ғой деген. Оятқан кезде тұрып келіп бірден қолға су құяды.

Бірде Қыдырша атамыз Сәтей бидің ауылының қасында бір топ жолдастары бар, түс қайта қыдырып келіп түсіп жатады, ауыл жігіттері ат байлайды. Қыдырша атамыздың атын сол кезде жас жігіт Абантай Текешұлы байлайды, Қыдырша атамызға бұл жігіттің қимыл-әрекеті, кішіпейілділігі ұнап қалады. Ертесіне аттанарда Абантай Қыдырша атамызды атқа мінгізеді, сол кезде ата аттан қайта түсіп жерге отыра кетіп, Абантайға бата береді. Абантай Қыдырша атамыз кеткесін үш-төрт күннен соң-ақ сынық сала бастайды. Бұл кісі де құдай берген адам еді, сынықшы, із кеседі, құмалақ салады.



Ата әруағы ұрпақтарына жалғасып келеді. Қыдырша атаның баласы Аяған атаның да әулиесіне түнегендердің сынығы орнына келеді дейді. Бірде Алматылық атақты күйші, композитор Шәміл Әбілтаев ол туралы естіп, аяғын сындырып алып балдақпен жүргенде, Аяған ата басына келіп түнеп, балдағын тастап кеткен (1993 ж.) Қыдырша ата 1915 жылы қайтыс болған.

Дерек көзі:

  1. Маңғыстау МТМҚ ММмұрағат материалдары;

  2. «Белгілі ерден Бегей бар (Бегей ата шежіресі)» Алматы-2007 ж.

Қыз әулие кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Есет селосынан 7 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет