Жекелеп-даралап оқыту технологиясына жүзеге асыруға бағытталған желілік технологиялар. Желілік технология


Интернеттің негізгі ақпараттық ресурстарына мыналар жатады



бет3/12
Дата21.10.2022
өлшемі3,58 Mb.
#154395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
9 Тап- 13 тап дейін
вопросы, 1n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттері, Printzipy-ratzionalnojj-farmakoterapii-bolnykh
Интернеттің негізгі ақпараттық ресурстарына мыналар жатады:
* электрондық пошта;
* Usenet телеконференция жүйесі;
* FTP файлдық архивтер жүйесі;
* WWW ақпараттық желісі;
* Gopher ақпараттық жүйесі;
* WAIS ақпараттық жүйесі;
* LISTSERV ақпараттық ресурстары;
* X. 500 анықтамалық кітаптары;
* WHOIS анықтама қызметі;
* Mailbase және TRICKLE ақпараттық ресурстары.

Интернеттің ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің негізгі режимі – бұл on-line. Тіпті электрондық пошта серверлері SMTP арқылы интерактивті түрде өзара ақпарат алмасады.


Электрондық пошта-Интернеттің маңызды ақпараттық ресурстарының бірі. Бұл электронды коммуникацияның ең танымал құралы. Интернетті пайдаланушылардың кез-келгенінде желіде өзінің пошта жәшігі бар. Егер Интернет арқылы тағы екі ондаған халықаралық компьютерлік желілерге хабарлама қабылдауға немесе жіберуге болатындығын ескеретін болсақ, олардың кейбіреулерінде on-line қызметі мүлдем жоқ, ол түсінікті болады, пошта белгілі бір мағынада интернеттің ақпараттық қызметіне қарағанда кеңірек мүмкіндіктер береді. Электрондық пошта осы Нұсқаулықтың 4-бөлімінде толығырақ сипатталған.
Usenet-бұл интернеттің телеконференция жүйесі. Ол кез-келген қолданушы өз ақпаратын Usenet жаңалықтар тобының біріне орналастыра алатын және осы ақпарат осы жаңалықтар тобына жазылған басқа пайдаланушыларға қол жетімді болатын электрондық тақталар, жарнамалар принципіне негізделген. Интернет-хабарламалардың көпшілігі, мысалы, жиі қойылатын сұрақтар тізімі (FAQ) немесе бағдарламалық өнімдердің жарнамасы осы жолмен таратылады. Бірақ Usenet арқылы сіз өзіңіздің пошта мекен-жайыңызға келетін барлық нәрсеге тапсырыс беріп, шығарып алсаңыз, вирус ала аласыз. Usenet-халықаралық конференциялар мен семинарларды жариялау үшін жақсы орын.
Білім беру бойынша кейбір негізгі телеконференциялар ретінде мыналарды атауға болады:

· http://www.mailbase.ac.uk/kovacs / - білім беру мәселелері бойынша пікірталастар тізімі. Педагог-ғалымдарға арналған бірқатар конференциялардан тұрады;


· http://www.edunet.com/evendex.html -білім беру жүйесі қызметкерлерінің конференциялары;
· http://www.tile.net/tile / - білім беру тарату тізімдері;
· http://eric.uoregon.edu / - білім беру мәселелері бойынша қолданыстағы Usenet телеконференцияларының қысқаша сипаттамасы бар тізбе;
· http://www.globalcomputing.com/universy.html -студенттердің, оқытушылар мен түлектердің телекөпірі, американдық оқу орындарын талқылау;
· misc.education-білім беру мәселелері бойынша пікірталастар;
· alt.education.alternative-оқытудың балама тәсілдері бойынша пікірталастар.
· http://www.bdp.it/comeniusspase / - Италия, Ұлыбритания және Швеция желісі. Білім беру саласындағы коммуникациялық мәселелерді талқылау;
· soc.college-колледж оқытушылары мен студенттерінің қарым-қатынасы.

№10 Тақырып Зияткерлік тапсырмалар топтамасын құру



«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» – дейді В. Кириллова.


Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.


Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
2.1. Логика ұғымына түсінік.
Логика (гр. λογική – «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») -ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

* Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
* Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу;
* Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.

Баланың іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз –баланы ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек.


Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын (шығармашылығын) дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді, іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. Әйтседе бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерлмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалпайды.

Шығармашылық жаттығулар ұсынылғанда, балалардың алдында мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдаят пайда болып, ол баланың интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында бала жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс-әрекеттер орындауға талпынады.


Шығармашылық тапсырмалар балалардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
1 сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше айқын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.
Талдау– бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.
Мысалы, балаларды қандай да бір өсімдіктермен таныстыруда оның құрамын көрсетуден бастаймыз. (тамыры,сабағы,жапырағы). Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцяларына ұштаспаса,онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі.
Біріктіру –бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттермен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі,бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады.
Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдау мен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды,буыннан сөз,сөзден-сөйлем,сөйлемдерді біріктіріп мәтін мазмұнын шығарады.
Салыстыру – әрқандай заттар мен құбылыстардың, не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой әрекеті.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал.
Оқушылардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады.

1. Қабылдау


2. Түсіну
3. Есте сақтау
4. Қорыту және жүйелеу.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
•Қызығушылығын арттыру;
•Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
•Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1.Машық. Сергіту;


2.Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизм- дерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
3.Іздену тапсырмаларын орындату;
4.Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:


1.Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).
Логикалық жаттығулар:
1.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен
Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың
әрқайсысының әкелерінің аты кім?
(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)
2. Үш ағайынды.
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян
Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?
(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)
3. Қай ауылдың балалары?
Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –Қосқұдықтан, екіншісі –
Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.
Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де
Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -үштөбеден.)
Қызықты әзіл-есептер.
1.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін
бе?
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл
қалай?
3.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:


• Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
• Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
• Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушыны логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста.
• Ақыл-ой әрекеті үстінде; Білімді меңгеру; Тіл үйрену; Жылдам есептеу.
Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:
Затты әрекеттік. Көрнекі-бейнелі. Сөздік логикалы.
Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:

1. Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.


2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.
3. «Су тартылған жерде қай құс жүреді?». Торғай – 3, оляпка – 4, сауысқан –
5 -6 +7 -6 +5 -4
Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:
1.Пәнге қызығушылығы артады;
2.Ой-өрісі дамиды;
3.Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.
Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырма-ларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.
Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі:«Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.

Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.


«Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.
«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.
«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.
«Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, мыс: «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.
«Заттардың қасиеті». Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендеген атаймыз» Аталған сапаларды қайталауға болмайды.

№11 Тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру формаларына кесте құрастыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет