Комиссар єаббасов



бет5/55
Дата22.12.2021
өлшемі3,8 Mb.
#380
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Семей қаласы, 1946 – 1948

1977 жылы өңделіп, толықтырылған.

КОМИССАР ҒАББАСОВ
4 актілі, 8 картиналы тарихи драма

Қатысушылар:

Сабыржан Ғаббасов – 29 жаста

Мәкіш - әйелі – 25 жаста

Самат Ғаббасов – інісі – 24 жаста

Мұқаметша – ағасы – 45 жаста

Асхат Жетекеев – қызыл командир

Шалтай Ыбраев – қызыл жауынгерлер

Антон Шляпин

Айғыз – жесір әйел

Әлімқан – қазақ кедейі, Сабыржанның серігі

Лиза – телеграфистка

Кирилл Литванов – ақтың офицері

Апошка

Рақымбай – қала байы



Жаролла – болыс

Ғинаш – полковник

Дмитрий Лебервароф – атаман

Сидиров – ақтар штабының бастығы, есаул

Виноградов – капитан

Хамит Тоқтамышев – подполковник

Партизан

Олжабай – қайықшы

Шаруа – ауыл адамы, кедей шаруа

Гүлжанат – татар байының қызы

Қалипа – үй шаруасындағы әйел

Фазылжан – Алашорда офицері

Құмар – болыс

Мықтыбай – атқамінер

Адьютант

Жылқышы, қайықшылар, медсестра, солдаттар.


Оқиға 1918 жылғы июль айларында өтеді


ПРОЛОГ


Сахнада: Сабыржан, Айғыз, Олжабай, Шляпин, Мәкіш, Лиза, Мұқаметша, Шалтай, Әлімхан, Партизан, Шаруа, Жетекеев. Бәрі де қару-жарақтарымен.

Сабыржан. Осыдан 60 жыл бұрын, қарабастың қамы үшін шықпадық біз қан майданға! Езілген еңбек елін азаптан құтқарып, азаттыққа жеткізу – мұрат - Мақсатымыз еді біздің.

Келер ұрпақтың бақыты үшін, басымызды құрбандыққа байладық! Қидық жас жанымызды! Мен ол шақта 28 жаста едім.

Әлімхан. Аякөз алқабына, Ғаббасов бастаған, большевиктер тіккен қызыл ту шұғыласын шашты. Көңілімізді оятты, көзімізді ашты! Қара -шаруа, кедей - жалшы: «Ежелгі жау ел болмас» деп, қол ұстасып, бел байлап, қару сайлап, бай - шонжарларға қарсы күреске шықтық!

Шляпин. Иван, Антон Шляпин - ағайынды екеу ек. Жатып ішер паразиттердің қорлығымен зорлығы, қазақ, татар бауырларымызбен табыстырды. Айнымас, айырылмастай достық жүрекпен табыстық! Революция жауларымен кескілескен күресте қанымыз бірге төгілді. Айқасқан достық құшақты өлім де айыра алмады. Айқасып жатты денеміз! Сол достық бізден соң да, достыққа достық ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі-бақи кетсе игі еді!

Шалтай. Кешегі 16 жылы бай мен болыс мені майданға айдады. Өз балаларының орнына өлімге байлады! Ақ патша, зұлым патша сенбеді бізге. Қолымызға қару орнына күрек берді. Сол күрекпен патшаға көр қаздық. Өз үкіметім, халық үкіметі – совет үкіметі қару берді қолыма. Кек ал деп жауыңнан. Ант еттім. Сертке жеттім! Бірақ, жас кеттім. Бостандықтың жолында шыбын жанды пида еттім! 22 жасымда қош айттым жас өмірге!

Лиза. Мен онда 18-де едім. Еркіндік еді арманым! Өнер-білім еді күткен сыбағам өмірден! Жалынды жас жүрек, бала көңіл, адал досқа ынтық еді. Көктемнің нұрлы күні еді күткенім... Апат қара дауыл, қызыл гүлімді қыршынынан қиып кетті! Жауға жалбарынбай, жағаласып, жанып өтті жас өмір!
Музыка. Перде түседі.


Каталог: repository -> history -> Ұжымдық%20жинақтар
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
Ұжымдық%20жинақтар -> Арман да, арман, шын арман
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> Хайруллина Ғайша- сафура Құзырғалиқызы Менің шыққан тегім, жанұям
Ұжымдық%20жинақтар -> Аудармалары
Ұжымдық%20жинақтар -> «алаш» баспасы
Ұжымдық%20жинақтар -> Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет