Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет4/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Зерделіой
Оралханның прозасы өзінің терең өмір шеңдігімен құнды. Ол - өз оқырманын ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы.
Айгүл Кемелбаева


Пікірлесейік

  1. Оралхан Бөкейдің шығармалары туралы пікірің қандай?

  2. Оралхан прозадан басқа қандай салаға қалам тартты?

  3. Қаламгер шығармалары несімен ерекшеленеді?

  4. Жазушының шығармашылығы лайықты бағасын алдыма?




Себебін анықта



  1. Не себепті Оралхан Бөкейді қазақ әдебиетіне өз жолымен, өз жаңалығымен келген жазушы дейміз?

  2. Қаламгер неліктен Алтайдың шабытты жыршысы саналады?

Тобыңда талдап көр
Оралхан Бөкей шығармаларындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтап, талдаңдар.
Дәптеріңе орында
Жазушының өмірін «Кеңейтілген тізім» әдісі (статистикалық деректер, уақыт желісі, қарапайым фактілер) бойынша дәптеріңе жаз.
Түйінде

  • «Борт журналы» әдісімен кестені толтыр.

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Жазушы туралы қандай жаңалық білдім?



  • Жазушы қазір қандай тақырыптарға шығарма жазуы мүмкін еді?

Үйде орыңда
«Оралхан - тума дарын, туа біткен журналист. Ол көркем әдебиетке журналистика арқылы келді. Бөкей - қазақ журналистикасына төңкеріс әкелген қаламгер. Ол бұрыннан қалыптасқан сеңді бұзды, тоңды талқандады. Бөкейше кетті. Оқырман алғашында аңырып қалды, жүре-бара аузын ашып, көзін жұмды. Ол көркем шығармаға «ауыз салғанда» да журналистиканың публицистика жанрын оққағар етті, өзегіне айналдырды» деген Қалихан Ысқақтың сөзіне қосымша әдебиеттерден дәлел ізде.
«Атау-кере» романы
(«Қауіпті будан»)
Жазушы Бөкеев – туған өлкесі – әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы!
Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес.
Рабиға Сыздық
Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романына эпиграф ретінде берілген «Ара жасаған қоғамдық өмірдің деңгейіне жету үшін адам баласының алдында әлі талай ұзақ жол жатыр» (Матерлинк), «Көптен кеткен көмусіз қалар» (Халық нақылынан) деген екі афоризм шығарма сюжетінің өрісін танытады. Шығар- маның өзегі бас кейіпкер Ерік деген омарташы айналасында өрбиді. Шығар- мада төрт негізгі кейіпкер бар. Еріктің бар есіл-дерті - ақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызғағашық болу. Айна - табиғаты момын, адам- гершілігі, мейірім-шапағаты мол адам. Таған - аспирант, ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз кешкен маскүнем. Ал Нүрке (Нюра) кемпір осы үш адамға қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісін бір-бірімен байланыстырып, дамытып отырады.
Романның «Атау-кере» аталуында да үлкен мағына бар, өйткені «атау- кере» адамның өлер алдындағы ең соңғы асы, дәмі деген мағынаны білдіреді. Қазақ арасында қатты ашуланып, ұрсысып қалған жағдайда «Атау-кереңді ішкір» деген сөз қарғыс түрінде тұрақты тіркеске айналған.
Еріктің ара шаруашылығынан басқа оннан аса сиыры, бес-алты жылқысы, елу шақты қойы бар. Әкесі Қандауыр Еріктің ес білмеген шағында қайтыс болып кетеді. Ол әділетті, шыншыл адам ретінде суреттеледі. Шешесі Нюра Фадеевна (ауылдастары Нүрке деп атайды) - мыңдап марал өсіріп, пантысын (дәрі жасау үшін қолданылатын жас мүйіз) Қытайға сатқан сан жетпес омар- тасы бар кержақ-орыстың ең шонжары болған Фадейдің қызы. Нюраның шешесі Анна Филимоновнаның жадылайтын сұңғыла өнері болғандықтан, жұрт одан қорыққан. «Дұғаны оқыған кезде қара суды теріс ағызатын адам еді» деп суреттеледі.

Ене мен келін ынтымағы
Басынан небір азапты күндерді өткізген Нюра Еріктің қолында, сал ауруына ұшырағандықтан, орнынан тұра алмайды. Оған Еріктің әйелі Айна қарайды. Ерік пен Айна Алматыда танысқан. Қолаң шашы тізесіне түскен өте өңді Айна қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетіне түскенімен, белгілі бір себептермен оқуын аяқтай алмай, Алматы мақта-мата комбинатына орналасады. Осы кезде сұңғақ бойлы, көгілдір көзді, бұйра шашты денешынықтыру мамандығында оқитын ересек жігіт Ерікпен танысады. Екеуі қатар жүргенде жұрттың бәрі тамашалап қарайтын әдемі жұп болады. Ерік спорт мектебінде, Айна интернат тәрбиешісі болып, аудан орталығында он жыл жұмыс істейді.
Шығарма экспозициясы бас кейіпкердің қазақтар Бек-алқа, орыстар Фадиха деп атап кеткен, ол жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын ауылға сапарынан басталады. Бұл - Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма мен Катонқарағай өзендерінің жағасында орналасқан шұрайлы жерлерінің бірі.
Жазушы Ерік туған өлкені «Атақты «Мұзтау» деп аталатын шың Алтайдың мәңгі жығылмас, шаңырағы шайқалмас ақ отауы сынды еді. Осынау шілденің ми қайнатар ыстығында пұшпағы шетінемей жататын, мұз құрсаулы шыңның алқымынан бұлақ болып басталып, арыны қатты арқыраған өзенге айналатын суды жергілікті қазақтар «Қатын суы» деп атағалы қа-а-а-ша-ан, одан бері де мың жыл өткен шығар-ау. Сол, әсіресе, бас жағы ақ айран болып басталып, Таулы Алтай өлкесіне жақындағанда, тау-таудың омырауынан сандаған бұлақ саулап қосылып, мөлдірленіп барып Обьқа құятын ағынды өзеннің солтүстігін алтайлықтар, оңтүстігін қазақтар жайлайтын. Катонқарағай ауданы мен оған іргелес Үлкен Нарын ауданының үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы, табын-табын сиыры жаз бойы емін-еркін шүйгіндеп, тау басына алғашқы қар түскенде ғана, етекке мамырлай көшуші еді. Міне, сол Қатын суына Тихой (Тихая) өзені келіп құятын» деп сипаттайды. Оның ауылға жылына бір-ақ рет қатынайтын себебі - жол ұзақ әрі тау ішінен атпен түскенде бір күнде жететін ауыр жол. Қыстың күні ауыл арасымен мүлде қатынас болмайды. Ерік бір жыл жинап, дайындаған ара балын Бекзат деген сатушы әйелге өткізіп, ақшасын алып қайту үшін келеді. Осындай кейінгі бір сапарында оған мектепте бірге оқыған Таған деген сыныптасы жолығады. Ішкілікке салынып, үсті-басы кір-қожалақ, әбден азып-тозған Тағанды оның «Әй, Қарабауыр» деген сөзінен кейін ғана таниды. Өйткені «Қарабауыр» деген сөзді оған кезінде Таған ғана айта алатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет