Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет21/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60

Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге эрекеттенеді. Ал бүл уақытта подполковник Геккенің басшылығын- да 700-дей казак-орыс эскері, 2 зеңбірек жэне 400 адамнан түратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін үстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды үстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды жэне ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсы- рылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ та жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған түсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мэжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды үстай алмады. Исатайдың жанында сенімді серіктері Махамбет, Тінэлі, Иса, Сарт Қабыланбай, Төлеген, Есенгелді от- басыларымен, Тәни, Үбі, Мэстек Ахметүлы көтерісшілер қалып, олар басшыларын барынша қорғауға тырысады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар даласынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сәтті күтеді.

Губернатор Перовский болса Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сүлтан Баймағамбет Айшуақов- қа Исатайдың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын-ала тапсырады. Губернатордың бүйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшей- тіледі. Баймағанбет сүлтан өз қарауындағы елдің билері мен сүлтандарына Исатай келсе тез арада үстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 желтоқсан күні таңсәріде Қүраң Маябасовтың бастауымен Исатайдың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды бақылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бүл кезде Исатайдың жігіттерінің көпшілігі өткелден өтіп, тек бірнеше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақтығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дай- ын түрған Баймағамбет, Мүхамедқали Таукинге хабар береді. Бүл жасаққа жүзбасылар Попов пен Понамаревтің жазалаушы отряды қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартүлының балалары Ерше мен Нүрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалау- шыларды адастырып кетеді.

Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші жэне екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне жэне оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған үлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы түста Кіші жүздегі Жо­ламан Тіленшіүлы бастаған көтеріліс те өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады.

Бүл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Иса- тайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жэңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перов­ский болса Кіші жүздегі көтерілісті басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбүлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70- 80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы әскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне оты­рып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын үсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу үрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап түрып ата­ды. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ep қанішерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірі- гіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың үйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі.

Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісүлы біраз адамдар- мен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор экімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сүлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.

И.Тайманүлы мен М.Өтемісүлы бастаған көтерілісті үш кезең- ге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең — 1833—1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең — 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы ат- тануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске үшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең — 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбүлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске үшырауына дейінгі уақытты қамтиды.

Исатай Тайманүлы мен Махамбет Өтемісүлы бастаған көтеріліс — қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының

Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бүл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.

4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс



Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан эрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымүлы баста- ған үлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың XVIII—XIX ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымүлы бастаған үлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бүқара халқы түгелге дерлік катысты. Бүл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Ке­несары күресінің өзіне тэн саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843—1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кене- сарыны анағүрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жап- пас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне py басылары мен билер жэне басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мүса Шорманов жэне т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің бірі оның эпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туы- стары сүлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.

Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан түсындағы қазақ хандығының аумақтық түтастығын қалпына келтіру, Ресейдің қүрамына кірмеген қазақ жерлерінің тэуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бүрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жа­сады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бүзуды, орыс эскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: «Ата- бабаларымыз мүра еткен Есіл, Нүра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы,

Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Қүсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша түсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен түргындарды өте қиын жағдайға үшыратуда. Бүл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті»,— деп көрсетеді. Бірақ, Кенесарының бүл хаттары патша экімшілігі тарапынан жау- апсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак от- рядына шабуыл жасайды.

1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дэріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сүлтан полковник Қоңырқүлжа Қүдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін түтқындап, қару-жарақтарын олжалады.

1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губерна- торлығына қарасты Ырғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф ВА.Перовский алгашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешу- ге тырысқан еді. Арадагы келіссөздер барысында ВА.Перовский Кенесарыга көмектесетін болады. Жылдың аягында Кенесары мен ВА.Перовский арасында уақытша бітім жасауга қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаган көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауга уэде береді. Бүл тыныштық 1842 жылга дейін созыл- ды. Бірақ, уақытша тыныштық орнаган түста Батыс Сібір генерал- губернаторлыгының эскери отрядтарымен қарулы қақтыгыстар тоқталган жоқ болатын.

1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналган ықпалды билер мен сүлтандар Кенесары Қасымүлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандыгы қайта қүрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ре­сей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындагы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне

Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік қүрылыс қайта үйымдастырылды. Хан Кеңесі қүрылып, оған батырлар, билер, сүлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді. Дипломатиялық қызмет үйымдастырылды. Хан жарлықтары мен Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп жэне орындалуын талап етіп отыратын арнайы басқарма қүрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Әскери мэселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң әскери тэртіптегі мыңдықтар жэне жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайына ыңғайлы жасақтар үйымдастырылды.

Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген- нен кейін, 1841—1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бүл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алына- ды. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге мэжбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нүрмүхамедүлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.

  1. жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Пе- тербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборга генерал- губернатор болып Обручев тагайындалады. Обручевтің Перовский- ге қараганда Кенесарымен арадагы мэселені шешуде көзқарасы басқаша болды. Ондай жагдайды пайдаланган Сібір губернаторы Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуга Сотннковтың басқаруымен отряд жібереді. Нэтнжесінде, Орынбор экімшілігімен жасалган бітім Горчаковтың тарапынан бүзылды. Ал, 1843 жылдың 27 маусымында патша Николай I Кенесары Қасымүлы бастаган күресті басу үшін қазақ даласына ipi көлемдегі әскери жорық үйымдастыру туралы бүйрық шыгарды. Сонымен қатар, Кенесары ханның басын кесіп экелген адамга 3000 сом сыйлық тагайындады.

  2. жылдың көктемінде патша экімшілігі қазақ даласына үш отрядты бірдей жіберуді үйгарды. Ол отрядтарга Op бекінісінен, ¥лытаудан жэне Тобыл озені бойынан бір уақытта аттанып, Ке­несары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауга алып, шешуші соққы беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оган қоса, Батыс Сібір генерал-губернаторлыгынан старшина Лебедевтің жэне қазақ сүлтандары A. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылыгымен қүрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қосымша отрядтар жасақталды. Кенесары ханның әскеріне қарсы соғыс операция- сын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ол кезде Кенесарының 20 мыңдай әскері бар еді. Кенесары хан патшаның жа­залаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке- жеке соққы беруді ойластырды. Ол өз жасақтарының бір бөлігін Ба­тыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар ¥лытауға қарай шегіне шайқас жүргізіп, жазалаушы отрядты басқа жаққа қарай бүрып әкетеді. Ал, кейіннен Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен дәрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға шақыртылып, қызметінен босатылып, сотқа тартылады. Кенесары болса, бүл кезде өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісіне шабуыл жасап, 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің бойында Ахмет Жантөриннің отрядын қоршауға алып талқандайды.

    Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
    Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
    Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
    Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
    Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
    Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
    Resource -> 6 саяси режимдер
    Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
    Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
    Resource -> Көркем әдебиет стилі


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет