Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет44/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60

Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП- ның XX съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет — астық өндіруді 5 ece арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60- жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың жэне тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Бірақ та тың игерудің алғашқы жыл­дарында қол жеткен табыс одан эрі үштасып кете алмады. Өйткені, жаңадан игерілген тың жерлер 60- жылдардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан эрбір гектардан жоспарланған 14—15 ц. астық орнына 1954-1958 жылдары 7,4 ц. жиналса, 1961—1964 жылдары — 6,1 ц., ал 1964 жылы — 3,1 ц. ғана астық алынды. Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада, Арген­тина, Франциядан астық сатып алуға кіріседі.

Қазіргі таңда экономистер тың жэне тыңайған жерлерді игермей- ақ, астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы эр гектардан 1 ц. өсірсе, бүл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,— деген пікірде. Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саяса­ты елдегі демографиялық жағдайды одан эрі күрделендіріп, бүрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде түрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған бо­латын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954—1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның жэне т.б. республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30- жылдары жергілікті түрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша алатын үлесі 30%- ке дейін төмендеп кетті.

Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектеп­тер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елдімекеннің аты өзгертіліп, тарихи үлттық санаға шек қойылды.

Тарихта бүрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны тол- мас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің қүнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға үшырап үшып кетуі салдары­нан 18 млн. га астам жер эррозияғаүшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2—3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан үсақ мал өсіру қарқыны 3 ece азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы — 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 ece кеміді.

60- жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен болғандықтан еңбекке ынтасы болмады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өз деңгейінде қаржыланбады, ауыл шаруашылығы өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мәдениетін, топырақ қүнарлығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дүрыс жолға қойылмады. Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, климаттық ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді.

Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП OK 1965 жылдың наурыз, 1966 ж. мамыр пленум- дарында ашылып, оларды жоюдың шаралары белгіленді. Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау жоспарлауды жақсарту, колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу, еңбектің материалдық жэне моральдық қызығушылығын үштастыру міндеттері қойылды. Егістіктің аймақтық тиімді пайдалану жүйесі, тың өндіруге бейімделген техникалар ендіріле бастады. 1966—1970 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5 млрд. сом қаржы бөлінді. Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп, Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды. Оның үлесіне Одақтағы ауылшаруашылығы өнімінің 11% тиді. Мемлекеттік қорға республикадан эрбір 4- тонна жүн, 12- тонна ет жэне 5- тонна астық түсті.

Енді, қаралып отырған кезеңдегі өнеркәсіптегі жағдайға келер болсақ, соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралып, соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру базаларының біріне айналды. Оның соғыстан кейінгі даму жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жоғарғы Кеңестің бірінші cec- сиясында бекітілген "1946—1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру жэне одан эрі дамыту заңымен" белгіленді. Бесжылдықта республика халық шаруашылығын дамытуға 8,8 млрд. сом қаржы бөлініп, өнеркәсіп өнімін соғысқа дейінгі 1940 жылғы көрсеткіштен 2,2 ece асыру жоспарланды. Қазақ метал­лургия зауытдының қүрылысын аяқтау, Қараганды металлургия қүрылысын бастау көзделді.

Бесжылдықты мерзімінен бүрын орындау жолында социалистік жарыс кеңінен қанат жайып, әсіресе, қара металлургия саласы үлкен табыстарга жетті. Теміртаудагы қазақ металлургиялық зауытын- да 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі, Ақтөбе ферросплав зауытында өндірістің З-ші кезегі іске қосылды. Түсті металлургия саласында Өскемен қоргасын-мырыш комбинаты салынып, ол алгашқы мы- рышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон жэне Мүнайлы кәсіпшіліктері қатарга қосылып, мүнай өндіру согысқа дейінгі деңгеймен салыстырганда 52% артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен салыстырганда 2,3 ece өсті.

Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдагы тігін фабрика­сы, Жамбылдагы, Қызылордадагы, Павлодардагы тері зауыттары өз өнімдерін бере бастады. Осыған қарамастан түтыну тауарла- ры халықтың сүранысын қанағаттандыра алмады. 1950 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда түтыну заттарын өндіретін 65 қана өнеркэсіп орны болды. Республикада мақта, түбіт, тері көп мөлшерде орталыққа жіберіліп, одан дайындалған дайын мақта өнімінің 0,1%, түбіт өнімінің 1,4%, тері аяқ-киімнің 1,7% ғана пайдаланды. Өйткені, қаржының басым бөлігі бүрынғысынша әскери-өнеркәсіп салалары- на жүмсалды.

50- жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақ- станның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның XX съезінде қабылданған халық шаруашылы- ғын дамытудың 6- бесжылдық, 1959 жылы XXI съезде қабылдан- ған 1959—1965 жылдарға арналған жетіжылдық жэне 1966 ж. XXIII съезде қабылданған 8- бесжылдық жоспарлармен белгіленді. 60- жылдардың өзінде ғана 700-дей кэсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станция- сы, Бүқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбина­ты, Павлодар трактор зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жам- был былғары аяқ-киім комбинаты жэне т.б. болды. "Қазақсельмаш" зауыты ауылшаруашылық машиналары бөлшектерін шығаруға ма- мандандырылып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жүмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз ететін жаңа машиналар мен жабдықтар шығара бастады.

Соғыс жылдары Қазақстанда соғыс түтқындарын қабылдау үшін мынадай лагерьлер қүрылған болатын: Балхаш қаласындағы № 37, Жезқазғандағы № 39, Қарағандыға жақын Спасск қала- сындағы № 99. Бүл лагерьлерде 1947 жылғы мәлімет бойынша 35375 неміс әскери түтқындары, 3615 жапон түтқындары болды. Бүл түтқындар Қарағанды, Саран, Теміртау, Майқүдық, Пришах- тинск, Балхаш, Ақмола облысындағы өнеркәсіп орындарында да еңбектенді. 1945—1950 жылдары № 99 лагерьдегі түтқындар саны 118 923 адамғакөбейді. Лагерь «Қарағанды көмір", «Шахтақүрылыс", «Жилдорқүрылыс", «Жилқүрылыс" жэне т.б. өнеркәсіп орында­рын ақысыз жүмыс күшімен қамтамасыз етті. 1948 жылы халық шаруашылығында әскери түтқындар саны 1 035 339-ға жетті. Олар 16 халық комиссариаттары салаларында еңбектенді. Яғни, жинақ қоры ГУЛАГ жүйесіндегі түтқындардың ақысыз еңбегі есебінен толықтырылып отырды. Қазақстан аумағындағы әскери түтқындар 1945 жылдан бастап біртіндеп еліне қайтарыла бастайды.

Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс кешенінің ба­сым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да эскери өнеркэсіп кешендері көптеп қүрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1948 жылы KCPO Министрлер Кеңесінің қаулысымен Семей полиго­ны салынды. Осы полигонда 1949—1963- жылдар аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бастап Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала бастады. Сынақтар нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ядролық сынақтар жүргізілген жылдары үкімет тарапынан халықты радиациядан қорғау шарала- ры жүргізілмеді, керісінше, радиация тараған аумақта медициналық тексеруге тыйым салынып, радиация зардаптары айтылмады.

1950 жылдыц басында Байқоцыр ғарыш айлағы салынды. Бүл қүрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Раке­та үшқандағы жарылыстан 4,6 млн. га жерге жанармай шашырап, зиянды жанармай aya қабаттарын, жердегі cy, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде cy жүмсайтындықтан, Сыр­дария өзенініц децгейі жылдан-жылға азая түсті.

Сталин қайтыс болғаннан кейін Хрущев түсында «қырғи-қабақ соғыс" өршіп, жеціл жэне тамақ өндіріс салаларына тежеу жаса- лынып, шикізат пен отын өндірілетін салалар жедел қарқынмен дамығандықтан, халықтыц материалдық жағдайы төмен қалпында қала берді. Республикада 200-дей жаца өндіріс орындары салынды.

Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол қүрылысы жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты — Шу темір жол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оцтүстік Қазақстан мен Орта Азияны байланыстырған Павлодар темір жолы ашылды. Ал Қазақстанныц мүнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау-Астрахань, Бейнеу-Қоцырат секілді темір жол жүйелері салынды. Халық шаруашылығын дамытуда темір жол транспортымен бірге респу­бликада автомобиль, қүбыр, әуе, cy жолдары да негізгі рөл атқарды. Алматыда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде жаца ipi автомобиль жөндеу зауыттары қайта қүрылды. Республикада 60- жылдары қүбыр транспорты Мацгыстау түбегініц мүнай байлыгын игеру­ге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев мүнай қүбырлары іске қосылды. Транспорттагы бүл нәтижелерге қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қатынасымен қамтылудыц жеткіліксіздігі байқалды.

Өнеркәсіптегі прогресс Қазақстандағы индустрия саласында жүмысшы табының өсуіне мүмкіндік жасады. 1970 жылы 3,4 млн. жүмысшы болды, бүл 1940 жылдан 5 ece көп еді. Жүмысшы табы ipi кәсіпорындарда көптеп шоғырланды. Мысалы, Қарағанды металлур­гия жэне Ащысай полиметалл комбинаттары жүмысшылардың көп шоғырланған ортасы болды. Бірақ та экономикалық реформалардың сәтсіздігі қоғамның элеуметтік қүрамына жэне түрмыс жағдайына өз эсерін тигізді. Жергілікті үлт өкілдерінен маман жүмысшы кад- рларын даярлауға қамқорлық жасалмағандықтан, 1957—1973 жыл­дар жүмысшылар арасында қазақтардың алатын үлесі 17,4 %-тен, 11,7 %-ке дейін төмендеді. 1970 жылдың басында қазақтар тек мүнай жэне газ саласында ғана басым болды.

Осыған қарамастан республикада машина жасау жеткіліксіз қарқынмен дамыды, өнеркәсіп өндірісінде оның үлес салмағы 1961 жылы — 10,4%, 1970 жылы — 10,6% дейін ғана өсті. Республиканың машина, қүрал-жабдықтар жөніндегі қүрамының 72% басқа респу- бликалардан әкелу арқылы шешілді. Республика өндірісінің дамуы негізінен шаруашылық айналымға шикізаттың жаңа көздерін қосу арқылы қамтамасыз етіліп, өнеркәсіптің шығарушы жэне өңдеуші салалары арасындағы алшақтық тереңдей түсті.

60- жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады. 1959 жылы түсті металлургияның барлық кәсіпорындары Қазақстан- ның қарамағына берілді. КОКП OK 1965 жылғы қыркүйек плену- мында экономикадағы экімшілдік айыпталып, өндіріс басшылығын салалық принцип бойынша үйымдастыру қажет деп табылып, өндірістің салалары бойынша одақтық, республикалық жэне жалпыодақтық министрліктер қүру жөнінде шешім қабылданады. Өндіріс орындарына біршама өзіндік еркіндік беріліп, жаңаша жоспарлау мен экономикалық ынталандыруға көше бастады. Халықшаруашылық кеңестері жойылып, жаңадан қүрылған министрліктердің қызмет ауқымы кеңейді. Әр министрлік өз ca- ласын қаржыландыру, басқару, шикізат пен жабдықты бөлу, өнім сапасын қадағалау жэне т.б. күрделі міндеттерді атқарды. Өндіріс орындарына да біршама еркіндік берілгендіктен, оларға өзін-өзі қаржыландыруға, жүмысшылардың сапалы еңбегіне төленетін еңбекақы көлемін көтеруге рүқсат берілді. Сонымен бірге өнеркәсіп ынтасын арттыру үшін еңбекақы қорында өнеркәсіп кірісінің жар- тысы қалдырылды. Бүл жағдай еңбек сапасын, өнім сапасын өсі- руге, шикізатты үнемді пайдалануға жол ашты. 60- жылдардың соңына қарай жаңа жоспарлау жүйесіне 1467 өнеркәсіп немесе барлық өнеркәсіп орнының 80% көшті.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет