Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет47/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60

КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бүл шешіміне ре­спубликада түратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар "Қазақстаннан шаңырақ сүрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, o бастағы "ата" қоныстан ірге көтереміз",— деп отырып алды. Бүл жерде еске салып кететін жағдай: бүрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград жэне Саратов облыстарының аумағында неміс автономиялық облы­сы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия әскерлері KCPO- ға басып кіргеннен кейін Кеңес үкіметінің шешімімен таратылып, оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мэжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын қүру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Бүл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді (бүл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) жэне тіпті экімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республиканың басшылығы жэне Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстра­ция туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жүмсады. Баспасөз беттерінде бүл оқиғалар туралы ештеңе жазылған жоқ.

Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді. Сырдария жэне Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыру- да жіберілген стратегиялық қателіктер, жер жэне cy қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта қүрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының түздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен түтастай айырылды. Оның үстіне қүрғап қалған теңіз түбінен түз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы табиғи орта тепе-теңдігінің бүзылуы халықтың түрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді. Адам өлімі, әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ түрғындарының 80%-і эртүрлі сырқаттарға шалдықты. Бүл экологиялық апат ic жүзінде үлттың генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мэжбүр етті, өйткені Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы — қазақтар мекендейтін аудан.

Осындай ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей жэне басқа полигондарда барлығы 500-ден aca ядролық қарулар жарыл- ды. Бүл жарылыстардың халықтың денсаулығына жэне қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі түрғындары ионды радиацияның сэулесіне үшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975—1985 жж. бүл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 ece өсті, бала туу азайғаны, жын- данып aypy жэне өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей поли- гонынан басқа эр жылдарда Республика аумағында 27 жерде қуаты эртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бүндай жарылыстар, әсіресе, Атырау облысында көбірек болды, мүнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі по­лигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан об- лыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.

70—80- жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жү- мыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар үжымы істеді. Ауыл-село түрғындарының түрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бүрынғыдан кобірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мэдени дәрежесі сан жэне сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70- жылдардың басында 45 жоғары жэне арнайы орта білімі бар маманнан келді.

1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстары- на дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 бағдарлама орталығы жэне осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын та- рататын жэне қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық жэне 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, үйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976 жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллнон кино көрерменіне қызмет көрсетті.

Халық ағарту ici де бірсыпыра алға басты. Мысалы, pec- публиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70- жылдары жап­пай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен үштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мек- тептерге партиялық эмір күшейе түсті. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу про- цестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқүрайды қа- рауы қосылды. ¥лттық мектептерді қысқарту үрдісі күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бүрмалаулардың көрі- нісі еді.

1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары жэне 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студент- тер 160 мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумда- рында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы респу­бликада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техни- кумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының эрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.

XX ғ. 70—80 жж. қазақ әдебиеті I. Есенберлиннің, Ә.Нүршайы- қовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, O. Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекіл- баевтың, О.Бөкеевтің жэне басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тілендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мэдениетінің алтын қорына кірді.

"Ботакөз", "Аққан жүлдыз", "Менің атым Қожа", "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Бейбарыс сүлтан" кино-фильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындыла- ры деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың; режиссерлар ШАймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың жэне басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты.

Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен эн өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті.

70—80- жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеуле- рін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.ӘАйтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие бол­ды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда жэне Орал- Ембі атырабында мүнай мен газдың ipi кендерін игеруге, Ертіс- Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық "Қазақ KCP тарихы", он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі", он бір томдық "Қазақстанның металлогениясы", тоғыз кітаптан түратын "Қазақстанның сүт қоректілері", тоғыз томдық "Қазақстанның өсімдіктері" жэне диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мүраларының зерттеліп басы- лып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды.

Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшы- лықтары мен шешілмеген ipi проблемалары да болды. Машина жа­сау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми- техникалық прогрестің aca маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау жэне ғылыми мекемелерді үйымдастыру кен- же қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы жэне салалық ғылымды нашар үштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың aca маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жүмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт томендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі ece томендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде қүрылған ғылыми-өндірістік кешендердің қүрамына кіре алмады.

Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау қүбылыстары қоғам өмірінің мэдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қоймады. Мәдени салалардың мэселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны "қалдықты" принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді.

Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мэдениетте, адамдар арасындағы қарым- қатынаста жэне т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, 70- жылдардың аяғы мен 80- жылдардың бас кезінде бүл жағдай барған сайын өрши түсті.

3. Қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құруға бағыт



XX ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985 жылы на- урыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хат­шы болып M.C. Горбачев сайланды. Ол сол жылдыц сәуір айында өзінің "қайта қүру" бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта қүруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформа­тор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985—1989 жж.) жеделдету түжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік қүрылымды, қүрал- жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы үсынылды. Бүл идеяны үсынушылар — академик-экономист А.Г. Аганбегян жэне т.б. түтыну жабдықтарын сатып алуға бөлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау өнімін сатып алуға жүмсауды үсынды. Жоба авторлары бүл шара 1990 ж. қарай қүрал-жабдық жэне машина жасаудың азаматтық салаларының қүрал-саймандарының 90% әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп, жеделдетуге алып барады деп сенді. Аграрлық салада да ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ендіру ауылшаруашылық өндірісін жеделдетеді деп есептеді.

Бірақ та, ic жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық-қанды ендірілмеуі жеделдету түжырымдамасын қиялға ай- налдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы зауыттар мен фабрикаларды өндіріс қүрал-жабдықтарын жаңартуға ынталан- дырмады. Өйткені тауардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сүранысты жоққа шығарды. Сондықтан да зауыттар мен фабри- калар шетелдік қүрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға сатып алынған қүрал-жабдықтар іске асы- рылмай, зауыттар мен фабрикалар алаңында, темір жол станцияла- ры мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты.

Жеделдету түжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауыл ша- руашылығында да көрсетті. Бүл салада оның жүзеге асырыл- мауының басты себебі — меншікке байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дэрменсіз болды. Жалға беру әдістерін енгізу ең- беккерлердің қаржы мен еңбек нэтижелерін иемдену, табылған та- бысты бөлу принципін өзгертпеді. Өндіріс қүрал-жабдықтары мен еңбек нэтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерле- рінің еңбек өнімділігін арттыруға қүлқы болмады.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет