Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет57/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мэдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ici республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.

Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назар- баевтың 2000 жылды — Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауы- ныңүлкенмаңызыболды.Бүлжылымэдениетмекемелеріндамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жүмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде жэне Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бүл үлкен тойды дайындау жэне өткізу ба­рысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Әзірет Сүлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕ­СКО деңгейінде атап өтілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде үлтымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында үлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мүхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1997 жыл жалпыүлттық татулық жэне саяси қуғын- сүргін қүрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл

  • Халық бірлігі мен үлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ipi-ipi ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика үлттық ғылым академиясы тарихында түңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемала- рына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, "Жібек жолы жэне Қазақстан", "А.Байтүрсынов — ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері", "Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дэуірі" сияқты халықаралық жэне көптеген республикалық ғылыми кон- ференциялар жоғары деңгейде үйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудан- дарына ipi-ipi 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи- мэдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл

  • ¥рпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осы- мен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мэдени- тарихи мүраны сақтап, оны жинақтап келешек үрпақтың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүниежүзілік мүраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.

Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мүраларды, элем эдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары "Қазақстан үлттық энциклопедия- сының" 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында", "Сын- дарлы он жыл" т.б. еңбектері, 10 томдық "Тарихи жэне мәдени ескерткіштер" жинағы, Мүстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мүрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, "Алаш мүрасы" атты көп томдық серияларын, Ә.Марғүлан еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды.

Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті түр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев "Ішкі жэне сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын "Мәдени- тарихи мүраны сақтау" деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған:

Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мүрасын, соның ішінде осы заманғы үлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрі мен салтын зерделеудің біртүтас жүйесін жасау;

Екіншіден, үлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени- тарихи жэне сэулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

Үшіншіден, үлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін қорыту жэне кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау;

Төртіншіден, мемлекеттік тілде элемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен эдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.

Қорытып айтқанда, мүның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған түста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.

5. Қазақстан — әлемдік қауымдастықта



Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мэселеге ерекше назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бүрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мүхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жэне АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономика- лық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өрке- ниетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асы­рылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты жэне болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі — көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол — еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40- тан астам дипломатиялық жэне консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық жэне үлтаралық үйымдардың ондаған өкілдігі жү- мыс істейді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын жэне ipi көрші мемлекеттер — солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық жэне өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27- сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мэні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан эрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мэңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу жэне Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан эрі жетілдіре түсуге жете мэн берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел apa- сында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық жэне халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екіжақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫ¥ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы ел- дер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табы- латыны атап көрсетілді.

2003 жыл — Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мүның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда түтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ доллары- нан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.

Тэуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мем­лекет — Қытай Халық Республикасымен тату көршілік жэне достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мүхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым- қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Ре­спубликасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жол­дарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған ece өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан жэне Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мүнай қүбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жүмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мүның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.

1998—1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қы- тай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның үлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.

Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі ба­рысында 5 қүжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы "Қазақстан

Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық жэне ынтымақтастық туралы шарт" болып та­былады. Сондай-ақ, бүдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық лаңкестікпен, сепаратизммен жэне экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті эскери әрекетті болдырмау туралы жэне т.б. қүжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы түрақты қүбылысқа ай- налды.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасы- ның маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мем­лекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мем­лекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев жэне басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жэне қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э.Назарбаев Америка Қүрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың бары­сында: "Сауда қатынастары жөніндегі келісім", "Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт", "Қазақстан Республикасы жэне АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум", "Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мэлімдемелерге" қол қойылды. Сөйтіп, екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-қүқылық негіздері қаланды.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет