Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет54/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60

Міне, осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру ба- рысында2000—2002 жылдарыреспубликадатүрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды. Тек соңғы 3 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 42,9 пайызды қүрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мүнай-газ өндірісі елеулі орын алып, ол жал­пы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды. Бүл жылдары тек газ- мүнай шығару салаларын дамытуға 9,5 млрд. доллар шетел инвести- циясы тартылды. Қазір де мүнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды.

Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мүнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мүнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жамбыл об­лысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жүмысы бастал­ды. Каспий қүрлықтық мүнай қүбырының бірінші кезегін іске қосу еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мүнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нүсқалары — Атырау-Баку- Жейһан, Қазақстан-Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай бағыттарын да үлкен болашақ күтіп түр.

Соңгы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шекаралық өткелін жэне Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін қайта жаңалау жүмысы, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол қүрылысы аяқталды. Алтынсарин-Хромтау арасындағы теміржол қүрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алматы-Астана автожолын жаңалау жүмысы 2003 жылы аяқталды. Алматыдағы әуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жылы бүрынғы 2001 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты.

90- жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағдарысты бастан кешірді. Оның басты себебі — ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа үшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай жэне тез арада жекешелендірунауқаныныңүлкензардабытиді.БүрынбОО-денастам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шүғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей қүс фабрикасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айы- рылып қалды. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, ма- териалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналды- py жэне т.б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жүмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, үқсататын ca- лаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жүмыстардың көлемі азай- ып кетті. Агроөнеркэсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған жэне басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді.

Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауылшаруашылық өнімі 1992—1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 мил­лион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы — мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен қүстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарла- уынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелен- діру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе ауыл түрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ipi қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті.

2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000—2002 жылдары ipi қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%- ке, қүс өсіру 25%-ке артты. Қазір республикадағы мал басының 90%- тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған.

Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнді- рісін үлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл ша- руашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд. теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкісі тара- пынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие болінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығына жүмсалды. Тек 1996 жылы 630 егін жэне 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отырды.

  1. жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жүмсалды.

Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты.

  1. жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы қүрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі жэне 60 жекеменшік кәсіпорын жүмыс істеді. Сөйтіп, 1999—2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің "Жаңа кезең — жаңа экономика" атты лекция- сында атап көрсеткендей "Рынокқа берік бағдарланған фермер- лер табы пайда болды"(Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004 ж.). Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нәтижесінде ондірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік қүрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауылшаруашылығы қүрылымдарының бүрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5—6 жылға эрі қарай үзартылды.

Қазір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды түлға бизне- спен айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан асты. "Астық үшін айқас" кезеңдері үмытылды. Соңғы жылдары Қазақстан миллиард пүттан астам дэнді дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жүмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жүмсап-ақ жинап қамбаға қүйып алатын болдық.

Ауыл шаруашылығын одан эрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бүл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу жэне ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бүл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының пробле- маларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла­нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мы­салы, 2003 жылы 40 млрд. тенге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жүмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен — 50 млрд., 2005 жылы — 55 млрд. теңге бөлінді.

Кейінгі жылдары Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестици- ялар 3 еседен астам үлғайды. Бүл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ау­ылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тау­ар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққан- дағы көлемі мен үн экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 ece дерлік артты. Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын түрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті түрып жатыр.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жол- дың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету жэне жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Укра- инадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр жэне оның ба­сты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан — 2030" стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бүл мәселелерді шешуде темір жол қүрылымын жетілдіру ерекше орын алады. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың жэне Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік "Қазақстан темір жолы" кәсіпорны қүрылды. Ал 2002 жылы бүл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен "Қазақстан темір жолы үлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.

2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың үзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін қүруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Ко­рея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек 2002 жылдың өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті.

"Қазақстан — 2030" бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихын- да Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол қүрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы үзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканың эртүрлі аудандарынан 1500 жүмыс- шы қатынасты, қүрылысқа 6,5 млрд. тенге жүмсалды. Бүл жол елдің Солтүстік жэне Шығыс облыстарының арасындағы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысының Ақсу жэне Май ay- дандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.

Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол қүрылысы Қостанай облысындағы Алтынсарин станциясы мен

Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың үзындығы 387 шақырым, қүрылыс жүмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бүл жол Қазақстанның Солтүстік жэне Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты жэне елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бүл жол- мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск жэне Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген.

Республиканың темір жол қатынасын одан эрі дамытуда оның aca қажетті магистральдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы 10—12 жыл ішінде бүл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жүмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не­месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет